Байланысты: zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte
(жалқы есімдер),бір-санар, бір-тартар, бу-тартар, ат шабар, бес-атар, құс-қонбас, ит-кірмес, жел-кесер (жалпы есімдер). 3. Дүдəмəлдігі ашылмастай орындарда сондай дүдəмəл-
дік ашылған орындағы тəжірибе бағытымен жазу. Мəселен:
«аспан ба?», «асбан ба?» – дүдəмəл екен, жоғарыдағы ай-
тылған жолмен айқынға шығарып алу болмайды екен. Сол
сияқты сөздер өте көп болмағанмен, қазақ тілінде ұшырайды:
дұспан-дұсбан, оқпан-оқбан, кетпен-кетбен, шекпен-шекбен тағысын тағылар.
Бұларды «п» мен «б» дүдəмəл болған орындағы ашылуы
ылғи «б» жағына болғандықтан, «б» - мен жазу. Түбін қарап
тексергенде де, солардың көбі «б» - мен жазылуға тиіс болып
шығады. Мəселен: «асбан», «дұсбан», «данышбан», «кет- бен» деген сөздер «асман», «дұшман», «данышман», «кет- мен» деген сөздерден шыққан: «м» дыбысы «б» дыбысымен
алмасып отырады. «қақбан», «қақба», «қақбақ», «өкбе», «оқыбан» секілді сөздерде «қақбан» «қақба», «қақбақ», «өкбе», «обқан» дегеннен дыбыстары алмасу мен «б» дыбы-
сты сөз екені көрініп тұр.
4. «ы» əрпі бітеу буындарда да қалмай жазылу, «қарт- қарыт», «арт-арыт», «жұрт-жұрыт», «сырт-сырыт», «құрт-құрыт» дегендегі сызықша мен қосақтап қатарлап
қойған сөздердің айтылуы бірдей емес. Бітеу буынға «ы» жазсақ, бұлар бірдей жазылатын болады: бірдей жазылса,
бірдей естіледі деген болып шығады.
5. «Асыу», «алыу», «барыу», «келіу» деген сөздерді «сұу»,