бере алар ма екен?», «кете бере алмай отырғанымды-ау».
Осыларды бірге айтылғанына қарай, бір мағана көрсетуіне
қарай біріктіріп, тұтастырып айтып, естілуінше тұтастырып
жазу емлені оңайлатпайды. Сондықтан əрқайсысын түбір-
түбірімен айырып алып, оңаша шығарып айтып, сондағы
естілуінше жазамыз.
Осылай жазғанда үйренуге де, көз тануына да, басқа тү-
ріктер оңай түсінуіне жеп-жеңіл болады.
2. «Азған сөз» дегенде «үйтіп», «бүйтіп», «сүйтіп»,
«əйтседе»,»əйтпесе», «бұрнағы», «бүрсі», «белбеу» деген
сияқты сөздерді айтамын. Сөздің азып өзгеруі бар, айнып
өзгеруі бар. Соңғысы – дыбысы айнып, бірде олай, бірде
бұлай айтылуынан болатын өзгеріс. Алдыңғысы – ондай
емес, тұрлаулы өзгеріс. Солай болған соң сол күйінде айны-
май қалатын сөзді айтамыз.
3. «Үйлестікпен» дүдəмал естілетін дыбыстар деп б - п -
т - д - ж-ш - з- с - ш - з - ш - н сияқты айтылуында ұқсастық,
үйлестік бар дыбыстар жанындағы басқа дыбыстардың
əсерімен күңгейленіп немесе өздері қатар келіп, бірін-бірі
күңгейлеп не болмаса біріне-бірі үйлес болған соң бірінің
орнына бірін алмастырып айтуы мүмкін болатын орындар-
да қайсысы екені ашық естілмейді. Сондай орындарда
күңгейленбейтін айқын жерге келтіріп айтып, сондағы есті-
луінше жазу. Мəселен: «қасекең сау күндегі əнге басты»
дегенде «басты» деген жіктеу жалғауында «т» естіле
ме, «д» естіле ме? – Дүдəмал, ашық емес. Қасындағы «с»
дыбысының əсерімен күңгейленіп, анық естілмей тұр.
Күңгейлеп тұрған дыбыстар аулақ. Басқа жерге қойып
айтып көру керек. Мəселен, «қас екең сау күндегі əнге сал-
12
13
ды» десек, қай дыбыс екені анық естіледі. Сол сияқты септеу
жалғаулары да көмескі естіліп, дүдəмəлдік болады: Мəсе-
лен – бастың ба? - басдың ба? басты ма? - басды ма? бас-
та ма? - басда ма? бастан ба? - басдан ба? Дүдəмал, анық
емес. Мұнда да əлгідей жалғауларды əсер етіп тұрған дыбыс-
тан құтқару үшін аяғында əсер етпейтін дыбыс бар сөздерге
жалғап қарау керек. Мəселен, балдың, малдың, қардың, қаз-
дың, балды, малды, қазды, қарды, балда, малда, қарда, қазда,
балдан, малдан, қардан, қаздан. Қай дыбыс екені мұнда
анық естіліп тұр. Бұлар үйлес дыбыстар, басқа дыбыстардың
əсерімен күңгейленгенде болатын дүдəмəлдік.
Енді үйлес дыбыстардың əсерімен күңгейленгенде бо-
латын дүдəмəлікті мысалмен көрсетелік: «мылтық атты».
Мұнда да жіктеу жалғауы не болатыны дүдəмəл болып тұр:
- ты ма? - ды ма? белгісіз, анық емес. «қымыз ашшы», «су
кешше», «киім пішше», «құс ұшша», «құлын қашша» аяғына
қосылып тұрған рай белгісі дүдəмəл: ше ме? ша ма? са ма?
Бұлар үйлес дыбыстардың бірін-бірі күңгейлеуінің бір түрі.
Бұлардың анығына жету үшін алдыңғы айтылған əдіс істеледі.
Мəселен, «мылтық алды» десек, не жалғау екені ашыла-
ды. «қымызға қанса», «су сепсе», «киім кисе», «құс қонса»,
«құлын қуса» дегенде рай белгісінің қандай екені анық ашы-
лады. Үйлес дыбыстардың бірін-бірі күңгейлегенде бола-
тын дүдəмəлдіктің екінші түрі бар. Олар мынау сияқтылар:
«құрған тешше», «басқан ішше», «төккен тұсса», «тұздық
тұссыз», «қазан ашшы», «нан кешші», «көссіз көбелектей»,
«ішшілер ізіне түсті», «ішшілер ісін тоқтатты», «башшы-
лар баж басты», «башшылар алға түсті».
Сөздің бұл жалғауларында емес, негізіне əсер ету, негізін
күңгейлеу болғандықтан, сөздің негізін айқын шығарып, айт-
қандағы естілуінше жазу. Үйлес болғандықтан, бірінің ор-
нына бірі айтылу мүмкіндіктен болатын дүдəмəлдік мынау
сияқтылар: қорғам-бай-қорған-бай, Арғымбай-Арғынбай,
Тасқымбай-Тасқынбай, қоңған-қонған, жоңған-жонған, жаң-
ған-жанған, көңген-көнген, өңген-өнген, міңген-мінген, сең-
ген-сенген, күңге-күнге тағысын тағы сондай сөздер. Бұлар-
дың қайсысы дұрыс? əрине, соңғылары дұрыс. Үйткені «қор-
ғам», «арғым», «Тасқым» деген сөзден шықпағаны, қорған,
арғын, тасқын деген сөздерден шыққаны көрініп тұр. Онан
кейінгілеріне келсек, бұларда əсер етіп тұрған «ғ» мен «г»
дыбыстары. Олардың əсерінен құтылса болғаны, дүдəмəлдік
жоғалады. Мəселен: «қоныс», «қондық», «жону», «жон-
дым», «жанып», «жанды», «көніп», «көнді», «өніс», «өнім»,
«мініп», «мініс», «сеніп», «сенім», «күнде», «күндік» деген-
де, дүдəмəлдік жоғалып, «ң» емес, «н» екені ап-анық көрініп
тұр.
4. Қосымшалар дегеніміз – жұрнақтар мен жалғаулар.
Олар бұрын да солай (бірге) жазылатын.
5. Қосалқы сөздер (демеулер) білімпаздар съезіне дейін
қосарлық белгімен жазылып жүрді. Білімпаздар съезі бөлек
жазылсын деді. Оқу жағына қолайсыздық ететін болған соң
енді қосарлықпен (-) жазылуы қолайланып тұр. Қосарынан
айтылатын қос сөз, қосар сөз - бұлар бұрында қосарлық (-)
белгімен жазылатын. Бұлар туралы өзгеріс жоқ. Мəселен:
құрт-құмырсқа, бақа-шаян, аяқ-табақ, төсек-орын, бала-
шаға, келін-кепшек, қысылып-қымтынып, құрап-сұрап,
артып-тартып, ырғап-жырғап тағысын тағы сондай сөздер
бұрында осылай қосарлық (-) белгімен жазылатын.
Қосынды сөз бұрын «Тіл құралда» қос сөздің біріне сана-
лып, жалқылаушы қос сөз деп атанып келіп еді. Былтырдан
бері атын ықшамдау үшін, балаларға үйреткенде жеңіл болу
үшін қосынды деп атайтын болдық. Балалар үшін шығарған
«Тіл жұмсар» кітапшаларда солай аталған. Бұлар бір өңкей
болса, қосыла жазылатын. Бір өңкей болмаса, араларынан
қосарлық (-) белгісі қойылып жазылатын. Мəселен: қолғап,
жүк-аяқ, төсек-ағаш, тұс-киіз, тұстартпа, келі-саб, бал-
тасап, қаламсап, қаламбас, қазоты, Ақ-төбе, Ақмола,
Қызылжар, Атбасар тағысын тағы сондай сөздер. Енді
бұлардың бəрі де қосарлықпен (-) жазылады.
6. Жалғаулықтар бұрыннан бөлек жазылатын. Олардың
жазылу жағы солай қалады. Мұнда қосымша ескерту есебінде
айтылып отырған бөлек жазылуынан басқасы жалғау ереже-
сінше деген сөз. Олай айтылып отырғаны мынау: жалғаулық-
тардың кейбіреулері алдыңғы сөздіү аяғындағы дыбыстың
14
15
əсерінен жалғауларша айниды. Мəселен , «менен», «мен»,
«бенен», «бен» болып айтылғандай, бұлардың арасында дү-
дəмəлдік жоқ. «Бенен» «бен» алдындағы дыбыстың əсері
мен «пенен»,»пен» сияқты болып естілгенде дүдəмəлдік туа-
ды. Сондай жерде анығын жалғаулардың дүдəмəлдігін аша-
тын жолмен айыруымыз керек.
7. Үйір айтылатын сөздер бұрыннан бөлек жазылатын.
Мəселен: бұл ат ала байтал, ақ нар, құла құнан, тоз ше-
лек, жез құман, күміс жүзік тағысын тағы сондай сөздер.
Үйір сөзден қосындыға айналған сөздер туралы көрсетілген
белгілі жол жоқ еді. Сондықтан бұларды əркім əртүрлі жазуы
мүмкін еді. Енді бұларға да тəртіп жасау үшін ашық айтылып
отыр. Үйір сөздің қосындыға айналғаны да қосарлықпен жа-
зылады дегенде төмендегі сөздердің төмендегіше жазылуы
айтылып отыр: ақ-сақал, ала-бота, сасық-құрай, май-шағыр,
боз-жусан, боз-торғай, боз-бұға, қара-құс, көк-құтан, ақ-
қу, ала-қарға, қара-қарға, торы-ала қаз тағысын тағылары
осылай қосарлық (-) белгімен жазылады.
Шырай күшеткіштері деп таңдаулы шырайдың басына
сөздің өзінен алып күшейту үшін қосатын буындар айтылып
отыр.
Мəселен: қып-қызыл, сап-сары, үп-үлкен, ып-ықшам, ып-
ыңғайлы, біп-биік, сып-сида, шіп-шикі тағысын тағы сон-
дайлар. Бұлар бұрын да солай жазылатын, қосып жазу керек
деушілер болғаннан мұндай сөз болып отыр.
8. Көсемше, көмекші етістіктер бұрын бөлек жазыла-
тын. Онда өзгеріс жоқ. Тек бірге жазу керек деушілер бол-
ғандықтан, айырықша сөз болып отыр. Бұған қосымша түрде
айтып ескертіп өтетін нəрселер мыналар:
1. Лепестен, лебізден шыққан сөздер шыққан лепес пен
лебізіндегі айтылған қалпынан айнымай жазылу. Лепестен
шыққан сөздер деп одағаймен бірлесе айтылатын сөздерді
айтамыз. Мəселен: «Ой, пəлі!», «А, Құдай!», «А, пірім-ау!»,
«А, пірім-ай».
Лебізден шыққан сөздер деп «кет əрі», «əпер бақан»,
«көріпкел», ұр да жық, «барса келмес», «найзамды əпер»,
«шаш ал десе бас алар» деген сияқты сөздерді айтамыз.
2. Есімшелі қосынды сөздер де қосынды сөздерше қо-
сарлықпен (-) жазылады. Мəселен: қой-бағар, Тай-мінер,
Жылқы-айдар, қой-айдар, Тау-соғар, Көп-жасар, Ит-алмас
Достарыңызбен бөлісу: |