244
245
Жана осы күні түрік елі араб қарпі деген аты болмаса,
əр қайсысы өзіне əліппені ықшамдап алып отыр. Паблобыш
мұны білмегенге ұқсайды.
Елге ескішілер өнер білім таратқысы келмейді дегеніне
келсек бұл арасы бір түрлі ұғымсыздау.
Ескі деп бұрынғы молдаларды айтсақ, олардың кітабы,
жазуы кəзір қалпынша өзгеріп кетіп отыр. Осы күнгі бірен-
саран тірі молдалардан басқа ол кітаптарды оқитұн кісі
аз, оқу үшін оған көп білім керек. Бұл кітаптарды түбінде
Мəскеу арқиолектері оқыр.
Осы күнгі түрік əдебиеттерін алсақ, əсіресе, Іресейде
тазарған, бір түрлі жаңарған. Кəзіргі Аурыпа тəртібіне қо-
йылған. Бар айбыны оңнан солға қарай жазылады.
Осы мен де қалықты қанағаттандырарлық. Ол арасы кө-
рініп де отыр. Мəселен қазағыстанда. Қазақтың жалпақ
қара тілін араб қарпі мен қалай басып, қалай жазуғада бола-
ды. Қалықты іреболұтсие жолы мен ілгері қарай дамытуға
еш бір қырсығы жоқ. Паблобыштың «ескішілдер» деп
ұрысып отырғандарының, айтса айтатұны осы. Латын қар-
пі деген артық нəрсе. Ленін айтқандай қалықтың қалай қара-
уында байқау керек. Аса артық келтіріп жатқан пайдасы
көрілмегеннен кейін босқа əбігерліктің керегі жоқ, артта қал-
ған елдің одан басқа кемшіліктері де аз емес. Басқа жағын
түзеп алайық деген сөз.
Ілиас Ақымет ұлы
Достарыңызбен бөлісу: