ӘДЕБИЕТТАНУШЫ ҒАЛЫМ, ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ С.ЖӘМБЕКТІҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН БІРЕР СӨЗ
Аннотация: мақала С.Жәмбетің ғылыми шығармашылық жолына арналған. Мақаланың
қарастыратын материалы автордың бір пьесас, әдебиеттану саласын зерттеген ұлттық және
шетел әдебиеті жазушыларының мерейлі даталарына арналған мақалаларға ғылыми шолу
жасалды.
С.Жәмбектің «Шоқан боп сүйген жүрек» атты пьесасына талдау жасау үшін
пьеса оқылды, зерделенді ой елегінен өткізілді. Шығарма 14 көріністен тұрады. Қатысушы
кейіпкерлер саны 8.С.Жәмбек аталмыш шығармада өзіндік ерекшелік драма жанрының
табиғатына тибиғи қабыса кеткен «параллельді» құбылысты енгізуі. Автор қазіргі заман
талабына сай, пьесаны шағын, яғни камералық сипатта жазған.
«Е.Ысмайылов – кемел ойлы, парасатты әдебиеттанушы ғалым». Автор ғалым,
әдебиеттанушы Е.Ысмайловтың салиқалы, қажырлы әдебиттану саласындағы
еңбектеріне шолу жасайды.Ғалым Пушкиннің 200-жылдық мерей тоына арналған
мақаласында Пушкиннің қазақ сахарасына Абай шығармашылығымен келенін айтады.
«Әулие Георгий» бейнесін мифтік, фольклорлық мотивте қарастырады. Автордың ғылыми
зерттеулерінен орыс жазушсы Нобель сыйлығының игері М.А.Шолохов шығармашылығыда
тыс қалмаған.
Тірек сөздер: пьеса, фольклор, зерттеу, ғылым, ғалым, камералық, ғұмырнам
Қазақ әдебиеттану ғылымына өзіндік өрнегімен келген, барлық саналы ғұмырын
әдебиет деген телегей теңізге арнаған ғалым, ұстаз, жазушы, драматург Сәбит
Нұрмағамбетұлы Жәмбек шығармашылығы туралы бірер сөз.
С.Жәмбектің «Шоқан боп сүйген жүрек» атты пьесасына талдау жасау үшін пьеса
оқылды, зерделенді ой елегінен өткізілді.
38
Шығарма 14 көріністен тұрады. Қатысушы кейіпкерлер саны 8. Барлық оқиға
Шоқанның Петербург саяхатына құрылған және сол жерде Шоқанның орыс география
қоғамына алынуы сөз болады. Шоқанның саяхатынан басқа, еліне жасаған қамқорлығы,
патшалық Ресей өкіметінің саяси ақуалдары қазақ халқаның мыңжылдық тарихы мен
әдебиеті де аталмыш пьесада бейжай қалмайды. Шоқанның жетістіктерін пьеса кейіпкерлері
аузынан көрерменнің құйма құлағына сыңғырлай жеткізіліп отырған. [1]
Пьесаннның алғашқы көрінісі Айғанымның усадьбасы, ой үстінде, «баласы бәйгеге
шапса, анасы тақымын қысады» демекші «Абылай ұрпағы, Уәлихан немересі», Айғаным
ханшаның Шоқаны қазақта суырылып, топ алдына орыс патша ағзамның алдына шығып,
қазақ халқының ахуалымен қоса ғылыми жаңалықтар туралы баяндама жасамақ, бұл
жаңалық барлық Уәли хан ұрпағы тіпті, қазақ жұрты үшін үлкен жаңалық, қазіргі заман
зияткерлері топшылағандай «алғашқы» қазақ ғылым мен ғалымының томағасы сыпырылып,
тұсауы кесілмек, осындай топтама ойлар мен тарихи болған оқиғалы көріністерді автор
Айғанымның монологымен беріп, бүтінен бөлшек, барлық қазақ аналарының соның ішінде
Абайдың ұлы анасы Зере қазақ қоғамының атақты ұлдарынының тәрбиесін ана өзі тізгіндеп
ұлты мен елі жеріне деген махаббатты ұялатқандығына басымдыққа көрініс арнаған.
Айғаным Шоқанды «Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы атың Мұхамед Қанапия» деп
Шоқан туралы пьеса барынша тарихи ғұмынрнамалық шығарма екенініне және шығармада
алынған кейіпкерлердің барлығы тарихта із қалдырған жандар екенін айқындай түскен. [1]
Дарама теоретигі Н.Ғабдуллин жалпы драма табиғаты мен тақырыбы идеясына қарай бес
түрге бөледі. [2 ,174]
Соның бірі ғұмырнамалық пьеса, автордың бұл пьесасының әр бір персонажы қазақ
тарихына өзіндік орыны бар тарихи адамдар, бұл кейіпкерлердің күнделікті өмір задын
өзгертіп жазасада, халыққа танымал өмір жолдарын, алғашқы фактіні оқиғаның өзегі ете
жазу, автордың басты ескерер қағидасы, драматургия жанры тарапынан тарих
ғұмырнамалық пьесаларға қойылатын талап деп көрсеткен драма теоретигі Р.Нұрғали. [2
,192]
Шоқан шығармашылғы мен тарихи саяси өміріне арнап, шығарма жазған авторлар
жеткілікті, қазақтың қарымды қаламгерлері өз қарымыныша қалам тартты десек те,
С.Жәмбек аталмыш шығармада өзіндік ерекшелік драма жанрының табиғатына тибиғи
қабыса кеткен «параллельді» құбылысты енгізуі, оқырманы немесе көрерменіне онсызда
жете таныс тақырыпты түрлендіріп, интелектуалды тереңдете түскендей. «Параллельді»
әлемде Шоқан әжесін медет тұтуы, әжесі Айғанымның аналық мейрімі мен немересіне деген
ұлы сенімі пьесаның басқада Шоқанға арналған шығармалардан басты ерекшелігі. Сондай
ақ, пьесаның өн бойынан байқағанымыздай Шоқанның махаббаты әйел затыныа деген
сүйіспеншілгі өзінше көрініс тапқан, Шоқанның алдында үлбіреп үзіліп түскелі тұрған қыз,
Шоқанды ол тек капиталды текті тұқымның «ханзадасы» деп баға бермейді, ол Шоқанның
интелектуалыды қажыры, қайраты мол, болашағын көп күттіретін адам ретінде таниды. Ол
да патша ағзамның алдына ілуде біреу шығатын біледі, және бұратана халықтың өкілі, орыс
ғылыми географиялық қоғамының ортасынан өз орнын тауып баяндама жасамақ, халқының
жай күйін, әлеуметтік хал ақуалын, әлемде өзіндік тарихы бар ордалы ұлт екенін жетгізгені
жас сұлу Анастасия Николаевна Голицынаны қызықтырады. Шоқаның парасаттылығы, ерге
тән әйел затын сыйлай білуі, биік европалық өнерді тарата танып сүйуі жас сұлу үшін
ерекше әсер, таңданыс пен тану [1].
Алдыңғы көріністерде Шоқанның түркі жұртына жасаған қажырлы еңбегі Орыс
географиялық қоғамындағы баяндамасы, татар оқымыстысы Х. Файызхан аузынан шыққан
берекелі монологке айналады, Шоқанның ғылым жолындағы ерекше орны мен түркі
жұртының Орыс патшасының бодан елдерінің ішіндегі ерен еңбегі терең әңгіме болып,
таңғалыу мен таңданыста ерекше басымдыққа ие болып, жоғары бағасын алады.
Жалпы, тарихта Шоқан Черняев отрядынан бас тартып, қазақ жұртына жасалған
қиянатқа шыдай алмай бөлек кетеді. Ал тарихтың осы беттері пьесада Черняевтің мына
монологі «сен бұратана халықтың ұлысың», «сендерде болашақ жоқ», «болашақ біздікі»,
39
«империя мүддесі мәңгілік» деген сөздер жанына батады, асқақ гуманистік ойыларының
тауы шағылып, қағажу сезім үстінде, махаббаты, сүйікті Настя есіне түседі.
Пьесаның соңғы көріністерінде, автор сүйген жүрек Шоқан мен Настя ойлары алыстан
іштей үндесуі мен ұғынысуы, алыстан тілдесу, ішкі ой монолог арқылы, өздерінің бір сәт
толастамаған махаббаттарына беріктігін көрермені мен оқырманына паш етеді. Бұл
көріністердің бәрін автор өзі таңдап алған немесе өзіндік әдіс паралледік шешіммен
көрсетеді.
Зерттей келе, пьесаның ерекшеліктері тарихи ғұмырнамалық пьесаларына сай келеді,
басты кейіпкердің халыққа танымал, тарихта белгілі тұсынан алына отырып, басқада бас
кейіпкердің басынан өткен тарихққа танымал оқиғалар шығарманың басты материалына
айналады десек, автор аталмыш шығармасында осы әдісті асқан шеберлікпен көрсете білген
дегім келеді. Бұл тұста ескере басым айтылар ой - пьесаның басты идеясы Шоқан болып
сүйген жүрек тек әйел затына деген махаббат қана емес, еліне, жеріне, туған халқына деген,
сонымен қоса өнерге деген ұлы сүйіспеншілік шығарманың бойында драма жанрына тән
ерекше сұлу ұтымды монологтар мен диалогтар түрінде өрілгендігі шығарманың
өміршеңдігінің белгісі іспеттес. Шығармада ерекше көзге түстін нәрсе жазушының жоғары
деңгейдегі энциклапедиялық білімі, эрудициясы, әлем әдеби және мәдени даму
процестерінің қыр сырын өте жақсы білетіндігі драмалық жанрдың өзіндік ерекшелік тәсілі
монологтар мен диологтардың шебер құрылуынан айқын көрініс тапқан. Тағыда айта кететін
жайт, автор қазіргі заман талабына сай, пьесаны шағын, яғни камералық сипатта жазған. [4]
Шығарманың талғамы мен көрермендік талабы биік жұртшылыққа арналғандығының дәлелі.
Әдебиеттанушы ғалым С.Жәмбек өзінің шығармашылығын тек драма жанрында қалам
тарты деу аздық етер, осы тұста ғалымның әдебиеттану саласында соның ішінде тарихы мен
теориясында қатар алып жүріп, белгілі сөз шеберлерімен, әдебиет зерттеуші ғалымдардың
мерейлі даталарына да зерттеуші ретінде мәнді де ұтымды зерттеулер жүргізді.
Кез келген әдебиет деген түпсіз терең тұңғиық дүниеге кәсіби деңгейде үңілген,
әсіресе қазақ әдебиеттану ғылымны өзінің өмірлік жолына айналыдрған жандар үшін
Е.Ысмайыловтың есімі етене таныс. Е.Ысмайлов қалам сермемемеген әдебиеттану саласы
кемде кем. Осы орайда, зерттеуші С.Жәмбек қазақ совет немесе жалпы қазақ әдебиеті
сынын кәсіби деңгейде қалыптастырған, қазақ әдебиеттану саласын еркін меңгерген,
қарымды, танымы мол мұра қалдырған Е.Ысмайылов жайлы да өз ғылыми
шығармашылығында пікір білдірген.
Автордың ғалым, сыншы әдебиеттану ғылымының білгірі Е.Ысмайылов жайлы
еңбегінде: «Е.Ысмайылов – кемел ойлы, парасатты әдебиеттанушы ғалым» десе жылма жыл
шыққан ғылыми шығармаларын көрсете отырып: «ХХ ғасырдың 30-40 жылдары қазақ орта
мектептерін қазақ әдебиетіне байланысты оқулық, оқу құралдарымен қамтамасыз ету өмір
талабы, практикалық қажеттілікке айналды. Осы зәру мәселеге Е.Ысмайылов ден қойып,
ғылыми-зерттеушілік өрісін күн тәртібіндегі оқулық, оқу құралдарын жасаудағы
ізденістерімен сабақтастырды» деп өз ойын ортаға салады.
Қазақ әдебиеттану саласында мол мұра қалдырған, соның ішінде С.Сейфуллин
шығармашылығын зерттеген және ғалым ретінде де автор өз ойын былай білдіреді:
«Қазақтың ақиық ақыны Сәкен Сейфуллиннің өнерпаздық тұлғасын «Ақын және
революция» (1940) атты еңбегінде терең білім, білгірлікпен талдап, зерттеп, Сәкентану
ілімінің қалыптасып, ілгерілеуіне атсалысты. Сәкентануға қатысты құнды, ғылыми
тұжырымдар жасады».
Автор ғалым, әдебиеттанушы Е.Ысмайловтың салиқалы, қажырлы әдебиттану
саласындағы еңбектеріне шолу жасай отырып өз ойын сөз соңында былай өрнектеген:
«Дәуірінің асқан суреткері Мұхтар Әуезовтің: «Мен сені қазақ әдебиетінің, әдебиет
ғылымының айнымас, қажымас, жылдар жүрсе арымас жегіндісі – еңбек торысы деймін. Сол
үшін сүйемін де, бек бағалаймын» - деген сөзін келтіргім келеді», дей келе, ғалымның
барлық шығармашылығын былай түйіндейді: «Рухани жасай беретін Е.Ысмайыловтың
тұлғасына берілген ғылыми көпшілік қауымның да көкейінде жүрген әділ түйіні, қорытынды
40
бағасы деп білгеніміз жөн» деп ойын аяқтайды. Автордың осы орайда айтылған ойын
өзіміздің аз маз ғылыми мақаламыздың дің, түйініміз дегім келеді.
С.Жәмбектің тағы бір елеулі еңбектерінің бірі: А.С.Пушкиннің туғанына 200 жыл толу
қарсаңында жазған «Сахарадағы Пушкин үні атты» мақаласы.
Аталмыш мақалада автор ұлы орыс ақынының есімі қазақ жұртшылығына етене таныс
екенін баяндай отырып, ақынды ұлы Сахараға данышпан Абай әкелгендігіне басты назар
аудара отырып, екі ақынның шығармашылығы мен поэзиялық түйдек сөз арқылы байланысы
барлығына баса айтады. Және Абай шығармашылығындағы Пушкин туындыларының
аударылуы мен өзіндік баға алынып, зерттелуіде автордың қырағы көзінен таса қалмаған.
Автор тек өзінің топшылау мен зерттеуіне ғана сүйенбей Абай шығармашылығын зерттеген
қазақтың ұлы сөз шебері М.Әуезовтің «Қазақ халқының ұлы ақыны» деген ғылыми
ойларын тілге тиек еткен. Және мына фактіні алға тартқан «Абай Пушкинді басқа орыс
ақындарына қараған да сирек аударған» деген пікірді де, осы еңбектен байқап, түсініктеме
берген. Екі ақынның шығармашылықтарындағы эмоциялық, талғамдық, шығармашылық әдіс
тәсілдеріненде ортақ тәсілдер іздейді. Мәселен, «лирикалық ойға шомылу», «табиғат суретін
реалистік тұрғыдан беру», «лирикалық кейіпкерлерге жан бітіре суреттеу», «әйел жүрегіне
терең түйсіну», «әлеуметтік, азаматтық сарындар» және т.б. Тағыда басымдап айта кететін
нәрсе, автор қазіргі аудама әдебиет мәселерінде назардан тыс қалдымай, қазақ әдебиетіндегі
аударма мәселелерінде сөз етеді.
Автордың мақаласындағы басты мәселе Пушкиннің «Евгении Онегин» поэмасынның
қазақ жұршылығына, яғни қазақ сахарасына Абай шығармашылығы арқылы келгендігі
туралы айта отырып, мынандай фактілер барын жазады. Пушкиннің бұл поэмасы 5446 өлең
жолдарынан тұрса, Абайдың еркін аудармасы тұрғысында 376 жолдан жасақталған. Абай
романның ең ұтымды деген жерін, ұрымтал тұстарын ғана аударған. Абай
шығармашылығында «Егении Онегин» романы басқаша көрініс тауып, ұлттық нақыш пен
колоритке енгенін автор басымдықпен көрсете білген. Автор «Пушкиннің ғажайып
туындысы қазақ арасына ғашықтық сырын қозғайтын сыршыл ән болып тарады» дей келе,
«Өлеңмен жазылған орыстың ұлы ақынының бұл романына Абай өзіндік тың шешім,
көзқарас, дүниетаным, ұлттық тәжірибе тұрғысынан келді» деп ойын нақтылай түседі.
Зерттеуші «Бұл- Абайдай дара ұлы ақынның пешенесіне бұйырған тәнірі сыйлап, шалқыған
ұлылық еді. Пушкиннің «Евгений Онегині» арқылы Абай қазақ поэзиясына әсерлі теңеу
оралымдар, сырлы сурет, көркем образдар әкелді» дей отырып, «Пушкин – тонның ішкі
бауындай ыстық, таныс аяулы есім» деп ойын түйіндейді. Мақаланы зерттей отырып,
түйіндер тұсымызда ойымызды автордың осы сөзіне алып қосарымыз жоқ ау деген
тұжырымға келеміз.
Зерттеушінің қазақ әдебиетіндегі аударма әдебиет мәселесі тақырыбын зерттеуі туралы
тағы бірер сөз қозғасақ, автордың «Жеңімпаз Әулие Георгий қалайша орыс фольклорының
қаһарманына айналды?» атты мақаласына шолу жасау артықтық етпес деген ой орамаға
келеді.
Мәселен, автор мақалада қазақ фольклорында исламдық арабтық дін мен дәстүрдің
өзіндік орын алып, ұлттық дәстүр ғұрып қазанында біте қайнасып жатқанын тілге тиек ете
отырып, орыс фольклорындағы «діни мотвтерге» зер салады. Әулие Георгий туралы діни
сюжеттің өмірге келуін «Георгий Победонец» аталатын діни әулие жайындағы аңызбен
ұштастыра отырып, Әулие Георгийдің канондық өмірбаянына үңіледі. Автор Әулие
Георгийдің Христос іліміне бой ұрып, әскери қызметін тастап, байлығын кедей-
кепшікке үлестіріп, христиан сенімін уағыздаушы болады, Рим империясы тарпынан
қуғынға ұшырайды, таңдаған жолынан қайтпайды, сондықтан жазаға ұшырайды, Христиан
шіркеуі оны әулиелердің қатарына қосады, дей келе діни мотивтік сюжет туындағанын
мақаласына басты арқау еткен. Және де Әулие Георгиидің есімі патшалық Ресейде орыс
жауынгерлерінің символы ретінде әспеттеледігін айтады. Жалпы автор мақаласында Әулие
Георгийдің орыс мифологиясына, дүниетанымы мен фольклорына келу тарихына жіті және
41
құнды зерттеу арнаған. Сондай ақ қазақ соның ішінде түркілік танымда да, Әулие Георгийдің
бейнсінің сілемдірі барын да аса бір зерттушілік ыжадаһаттылықпен сөз еткен.
С.Жәмбектің аударма мәселесіне қарасты және әлемдік есімі танымал жазушылардың
шығармашылығына арнаған мақалалары өз алдына бір төбе, Солардың бірі Нобель
сыйлығының иегері М.Шолоховтың 100 жылдық мерейтойына арналған мақаласы. Автор
жазушының шығармашылқ жолына шолу жасай отырып, оның ірі және елге танымал,
экрандалынған шығармаларына ерекше тоқталады. Мәселен, зерттеуші: «Осы еңбегі үшін
М.А.Шолохов кеңестік әдебиетте тұңғыш рет Халықаралық Нобель сыйлығына ие
болды.”Тынық Дон” эпопеясында адамзат соғысының тарихи шындығы басты кейіпкер
,ақтың офицері Григорий Мелеховтің қилы тағдыр-талайы, қимыл-әрекеті арқылы
ашылады», дей отырып басты кейіпекрдің талайлы тағдыры романның басты тақрыбы
болғандығын сөз етеді. Және де «Тағдыр тәлкегіне ұшыраған бір тұлғаның ащы трагизмі
жатыр» деп өзіндік зерттеушілік позициясын білдіреді.
Зерттеуші «М.А.Шолоховтың “Көтерілген тың”, ”Олар Отан үшін шайқасты”
романдары белгілі бір идеологиялық талап-тілектер тұрғысында жазылса да шынайы
туындылар. Мұндағы басты нәрсе-халықтың белгілі бір идеалдарға деген сенімі мен сол
жолда адасуы, трагедиялық өткелдерден өтуі. Жазушының терең реализмі заман ақиқатын
бүкпесіз аша білген» деген баға береді.
Тағыда бір М.А.Шолоховтың үлкен шеберлікпен жазылған туындылары ”Әке” және
“Адам тағдыры” туралы автор: «Азамат соғысы тұтас бір елді, ұлтты, халықты екіге жарып,
бөліп қана қойған жоқ, ол бір отбасын да бөліп қойды. Бір қан, бір жаннан құралған
адамдардың өздері дүниені екіге бөлген таптық идеалогияның бодауында кетіп, бір-біріне
жау болды» дей келе «Бұл - шын мәніндегі халықтық трагедия еді» деп баға берді.
С.Жәмбек орыс суреткерінің «Адам тағдыры» әңгімесін қарастыра отырып: «жазушы
екінші дүниежүзілік соғыс өртінің шындығын Андрей Соколовтың отбасы арқылы, бақытсыз
әкенің аянышты қилы тағдырын суреттеген. Қайғылы әке, жетім қалған бала,талайсыз
тағдырлар-соғыс өртіне шалдыққан мындаған отбасылардың басындағы аянышты халін,
тұтас дәуірдің трагедиясын» бір әңгіме аясына сыйдыра білуі Шолоховтың қаламының
құдіреттілігі, жазушының данышпандығы деп зерттеушілік өз ойын білдіреді.
Автор М.А.Шолоховтың қазақ жұртына жат емес екенін де аталмыш мақаласында сөз
етеді.
Әдебиеттанушы
ғалым,
драматург,
жазушы
С.Жәмбектің
шығармашылық
лабороториясына бір қыдыру көз жүгіртіп, шолу жүргіздік. Байқағанымыздай С.Жәмбек
қалам тербеген әдебиеттану саласында өзіндік үн, терең ой, шығарма мен шығармашылыққа
деген салиқалы зерттеулерді көрдік.
Және ғалымның Әдебиет деген ұлттық жан дүниеге берері әлі
де мол, қаламыңыз ұшқыр болысын деп «Әдебиеттанушы ғалым, жазушы, драматург С.Жәмбектің
шығармашылығына арнаған бірер сөз» мақалам осымен тәмәм.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 C. Жәмбек. Себезгі сырлар үзігі. Шығармалар жинағы. – Көкшетау, 2018 ж.
2 Ғабдуллин Н. Ғабит Мүсірепов – драматург. – Алматы: Өнер, 1982. – 192 б.
3 Нұрғалиев Р. Трагедия табиғаты. – Алматы: Жазушы, 1968. – 174 б.
4
https://ru.wikipedia.org › wiki› Камерный_театр
ӘОЖ 801.55 (5k)
ЖУМАГУЛОВА ОМИРГУЛЬ АКАНОВНА,
42
КАИРБЕКОВА ИБАГУЛЬ СУЛЕЙМЕНКЫЗЫ
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Көкшетау, Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |