Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет74/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

басын   шайқаса  да,   әр-берден  соң  «Ә,   ол   мүмкін»   деп   қолды  қоя


берді. Балташ ақша жұмысына онша жетік емес еді; параграф
бартал,   декрет,   секрет   —   дегендер   көбейіп   кетіп,   солардың
кілтипанына   миы   жете   алмай   жүр   еді.   Жауапты   қызметкер
болған соң, бір жерімнен мүлт кете ме деп, сақтанушы еді; бірақ
қай жерінен мүлт кетіп жүргенін өзі де білмеуші еді. Анығында
пәлендей тіресетін де мәселелер емес еді. Алайда Балташ әуелі бір
тіресіп,   бетін   қайырып   алуды   әдет   қып   еді:   ісі   пәлші   болса
алғашқы дүрсе қоя бергенде, беті қайтар, дұрыс болса, безектер,
дәлел табар деген өлшеуіші болушы еді. Бірдемештеин кеткен соң,
басын бір сипап:
—   Шортты   ызнат!   Сыболыштар   қайдағы   жоқ   пәлені   тауып,
ақша алады,— деді.
Балташ   өкшесін   тіреп,   орнынан   бір   көтерілеңкіреп,   орындығын
ұмтылтып, орны беріктігін сезгендей, қайта нығарлана отырып,
келген адамдарға түйіле қарап, біріне қол сермеп, бірінің қағазына
қолын орақтатып, аяғына бір тартып қап жатты.
Бір мезетте Тыпаң кіріп кеп, жайраңдап бас изеп, жұп-жұмсақ
қолымен кемесерінің қолын ғашық жарының қолындай, жақсылап
қысып:
— Сәлемет пе...— деп, ақырын жымың етті. Өйткені кеше қызу
үстінде қаттырақ кеттім ба, бірдеңе деп қойдым ба деп, ұйықтап
тұрғалы   зәресі   жоқ   еді.   Мынау   майда   амандасу   —   соның
майдалауы еді. Майдалап болған соң, енді бір састырайын — деген
кісіше; — Бүгін сіздің баяндамаңыз болады екен, — бір жапырақ
қағазды ұсынды.
Балташтың тоқ шегі қылып өте түсті. Қорқақтықтан дейсіз бе?
Жоқ.   Өз   жұмысын   білмейтіндіктен   дейсіз   бе?   Жоқ.   Бір   тықыр
таянды ма? Жоқ. Баяндаманы талай істеген, орны да, арты да
мықты.   Сонда   да   баяндамасы   түскір   кісіге   бір   қыпыл   кіргізбей
қоймайды. Қашан соны істеп, жауап беріп, айтысып, тартысып,
аман-есен өткенше, көтіңе қыл батпайды, қыл көпір тәрізденеді
де тұрады.
Балташ:


— Барлық материалды жинап, реттеп беріңіз,— деді.
— Болады, — деп Тыпаң иек қақты да шығып кетті. Әйтсе де,
манағыдай   емес,   Балташтың   сүреңі   келіңкіремеді.   Сөйтіп
отырғанда таңқы мұрын, бадырақ жігіт кіріп келді. Келе:
— Амансыз ба, жолдас?— деп үстелден асыла қолын созды.
Өзі сүреңі бұзылып отырған кісі, мына қыр қазағының омыраулап
келіп, қолын созғанын жаратпайды:
— Аман, — деп көзінің қырын түсірді.
Бұ келген Мұқаш еді.
Мұқаштың неге  келгенін   Балташ  та  біліп   отыр.   Қанша  жақсы
көрген кісің болса да, қайта-қайта келіп мазаңды ала берсе, ілтің
пәлені   тәуір   көрмейді   ғой.   Және   Мұқаштың   материалы
тексерілсін; оған дейін қызмет берілмесін деп, кеше Ақбала бар,
бәрі   қаулы   қылысқан.   Сондықтан   Балташ   оған   отыр   деп   те
айтқан жоқ, қараған да жоқ. Мұқаш өзі барып жақын орындыққа
отырды. Балташ көз қырымен тағы бір қарап қойды. Мұқаштың
кеудесі күпсиген, көзі— ежірейген.  «Тындырып  келдім» деп түрі
айтып тұр. Онымен де қойған жоқ, отырар-отырмастан:
—   Кәне,   жолдас!   Мені   не   қылатын   болдыңыздар?—   деді.   Не
боларына   көзі   жеткендей-ақ.   Өйткені   ол   бюрода   мақтау   алған
ғой; орынға қой деп, Балташқа тапсырған ғой.
— Сен немене?.. Қандай қызметке тұрғың келеді?— деді Балташ,
не сұрарын білмей, көзін жұмыңқырап:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет