Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет90/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

Күйеуі   Ақберген   екеуі   ана   жақта   қаршығаларын   айналдырып
жатқанда, Ақбілек бесіктегі бөбегін тырбиған саусағынан сүйіп,
арқалығына асылып, еміреніп, емізіп отырады. Ағасы атқа мініп
кеткенде,   басына   үкілі   тақия   кигізіп,   бөбегін   алып   алдынан
шығады. «Ағаңды қарашы, шыбыным!» дегенде, бөбегі ұмтылады:
ағасы бөбегін жоғары көтеріп, насыбайынан иіскейді...
Бұдан да сұлу, бұдан да тәтті қиялдарда жатып, Ақбілектің көзі
ілінеді...
Таңертең Ұрқия келгенде Ақбілек:
— Кетіп қалды ма? — деп сұрады.
— Кетіп қалды,— деді.
Өйткені   кешегі   хатта   күйеуін   шақырғаны   ұят   болғандығы
артынан есіне түсіп еді.
Арада төрт-бес күн өтті ме, қалай.
Ақсақал   үйде   жоқ   еді.   Ақбілек   Сарасын   қолынан   ұстап,   әйнек
алдында тұр еді. Малшылар мал қоралатып, малшы қатын сиыр
сауып жатыр еді. Қораның жоғарғы бұрышынан әйелдің жаулығы
ағараң етті. Ұрқия екен.
— Қалқам, құлағыңды әкелші,— деді.
— Шын ба?
— Шын емей...
Ақбілек   сіңілісін   Қажікенді   шақырып   кел   деп   жіберді   де,   аузы
жабыса қалды.
— Енді қайтеміз?
— Біздікіне түсет те.
— Ағайдан ұят емес пе?


— Жоқ, ойбай! Екеуіңнен бөлек онда не ой бар дейсің.
— Біздікінен бір тоқты сойыңдар.
—   Шырайлым-ау!   О   не   дегенің...   Оған   бір   қонақ   асы   бере
алмағанымыз ба?..
Ақбілектің  жүрегі алып-ұшып  барады.   Үйге  кірді.   Шам  жақты.
Шәй жасады. Алашаның қайырылған жерін жазды. Жайнамазды
дұрыстап ілді, әйтеуір бір жерде байыз тауып отыра алмай, оған
да,  бұған   да  алаңдай   берді.  Ол  бейне   бір   осы  үйдің  ішін  көруге,
сынауға, мінеуге келген кісі: бәрі де жинақ, таза, ретті болса екен
дейді. Самаурын да, Қажікеннің жеңі де, малшы қатынның бет-
аузы да, дастарқан, орамал да кір тәрізді.
— Қарағым-ау! Жеңін салтақ-салтақ боп кетіпті ғой! Мұрыныңды
сүртпесейші, әлде кімнің баласына ұқсап,— деп, Қажікеңді иегінен
қақты...
Қажікен   Сараның   қолыңдағы   бауырсағын   қағып   түсіріп,   Сара
ыңылдап жылағалы келе жатыр еді:
— Айналайын, күнім!.. Қой қой енді... бауырыңа тимесейші! Сенің
есің бар ғой!— деп, екі бауырын уатып басалқа айтты.
—   Үрбие-ау!   Бетіңді   кішкене   жуып   жүрсейші!—   деп,   қазаншы
қатынның   алдына   бір   уыс   бауырсақ   тастады.   Жаулығы   тозып
кеткенін жаңа көргендей, апасының ескі кимешегін бермек болды.
— Күн сайын далада жүргенде іштерің пыспай ма?— деп, қойшыға
да тіл қатты.
— «Бұ қай сөзі!» дегендей, қойшы таңырқап:
— Неге пысады? — деді.
Ақбілек бәрінің қамқор анасы өзіндей, бәрін де қанаты астындағы
балапандай, бауырына басып, жылытқысы келеді. Бәрін де өзіндей
қуанышты,   бақытты   болса   екен   дейді.   Ешкімді   ренжітетін,
ешкімге   жамандық   ойлайтын   түр   жоқ.   «Неге   пысады?»   деп
қойшының қоңырайғанын да жарастықты көрді. «Қайтсін пақыр!
Шаршап келеді ғой!..» деп ойлады.
Шәй күндегідей ұзақ ішілген тәрізді. Сараның ұйқысы келмейтін
тәрізді. Қарадан қарап отырып асыға берді. Шәй жиылысымен,


балалардың төсегін салды. Тысқа шықты. Ac үйдегі Үрбиеге барып
қазанды тезірек қайнат ертерек жатамыз, ұйқымыз кеп отыр,—
деді.   Қайтып   кеп   жұпар   сабынын   бұрқыратып,   бетін,   мойнын,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет