82
Топпен бірге жұмыс жасау кезде қандайда бір істің атқарылуы маңыз-
ды емес, оның топпен қалай жасалғаны маңыздырақ. Бұл жағдайда жұ-
мыстың нәтижесі ғана бағаланбайды, сонымен қатар, жұмыс барысы да
бағалануы тиіс, өйткені, топта жұмыс істей білу баланы қалыптастыруда-
ғы өте маңызды құзыреттілік. Бұл жағдайда формативті бағалау оқу про-
цесінің бір бөлімі болып табылады, себебі, топпен бірге жұмыс істеу
арқылы шәкірттер бір-бірімен ақылдасып, сұрақтар қойып өзара байланыс
жасайды. Осы арада ұстаздың топтық жұмыс кезінде міндетті түрде баға-
лау керек еместігін есте ұстағаны жөн.Топтық жұмыс әдісімен мақсаттар
жетістіктерін қалай бағалауға болады? Оның бірнеше бағыттары: ұстаз-
дың әрбір топтың белсенділіктерін, белсенді қатысып отырған білім алу-
шыларды және өзін-өзі бағалауы. Топпен бірге жұмыс істеуді ұйымдас-
тырғанда мұғалім алдымен мынадай шарттармен таныстырып өтуі керек:
топтық жұмыстың мақсаттарын хабарлау және оның оқытылатын тақы-
рыпты оқыту әдісімен үйлесімділігі, соңында кім бағалайтыны жайлы
хабарлап алу. Ұстаздың топтық жұмысты бағалау кезінде топтағылардың
әрқайсысына әртүрлі баға қоюы ұсынылмайды, себебі, ол топтық жұмыс-
тың белсенділігіне кері әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: