АНТОНИМДІК АУДАРМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Н.О.Тухметов,
Ш.О. Султанкулова-
Абай атындағы ҚазҰПУ Ағылшын miлі кафедрасының
аға оқытушылары
Аударма - бұл адамдар шығармашылығының ең ежелгі түрі», онсыз мыңдаған және
көптілді халықтар орналасқан үлкен мемлекеттердің құрылуы, әлеуметтік беделге міндетті
түрде ие болатын билеуші топтардың қалыптасуы, діни және әлеуметтік ілімдердің таралуы
сияқты белгілі тарихи деректерді көзге елестетудің өзі қиын. Ол халықтар арасындағы
қарым-қатынас құралы ретінде үлкен рөл атқарады.
Ғасырлар бойы лингвистер көркем аударманың негізгі мәселелерін талқылап,оларды
шешуге ат салысты. Олар аударма теориясы мен практикасына көп көңіл бөлді.
Аудармашылар өмірде кездесетін қиындықтарды шешуге көмек көрсету мақсатында
аударма ісін зерттеп, көптеген өзгерістер енгізді.Сол көріністердің бірі - аудармалық
трансформация лар. Бұл мәселені дұрыс айқындау үшін біз әртүрлі аудармалық
трансформацияларды, соның ішінде лексикалық ,семантикалық және сөйлем құрылысының
өзгеруін саралап қарастырдық. Мақалада осындай трансформациялардың біреуін, соның
ішінде болымды сөйлемдерді болымсыз сөйлемдермен, болымсыз сөйлемдерді болымды
сөйлемдермен ауыстырудың ерекшеліктеріне зор мән бердік.
Осы мақсатпен Л.C. Бархударов пен В.Н. Комиссаровтың т.б. ғалымдардың
тұжырымдамаларын басшылыққа ала отырып зерттедік. Антонимия құбылысы дербес және
көмекші сөздер арқылы берілетін семантикалық қарама-қарсылықты білдіреді. Антонимия
көркем әдебиетте антитеза сияқты әр түрлі стильдік фигураларды жасап, экспрессия үшін
қолданылады.
Көбінесе антонимдік аудармаға жүгіну себебіміз, аударылатын тілде дәлме-дәл
65
Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г.
құрылымның немесе орамның болмауынан емес,оны контекстің талап етуінен немесе
стилистикалық норманы ұстану қажеттілігінен туындайды. Мысалы, Aren’t you... don’t
you... haven’t you және тағы басқа сөз тіркестерінен басталатын болымсыз түрдегі сұраулы
сөйлемдердің тек қана эмоциялық сезім; таңқалғандықты немесе түсінбеушілікті, ренішті
ғана білдіріп қана қоймай, сонымен қатар қарым-қатынас жасау үшін қолдауды немесе
растауды дәлелдеу үшін қолданатындықтан бұл сұрақтардың қандай қызмет атқаратынын
тек қана контекст анықтап бере алады.
Мысалы. Aren’t you going to forgive me. - Сіз мені кешіресіз ғой.
We’ll hang the picture here. Don’t you think it is a good idea
Бұл суретті біз мына жерге іліп қоямыз. Қалай ойлайсыз,бұл дұрыс қой.
Жоғарыда келтірілген мысалдарда болымсыз түрдегі сұраулы сөйлемдер арқылы
қолдауды дәлелдеп тұрмыз. Енді келесі сөйлемді аудару кезінде біз стилистикалық себепті
басшылық аламыз: Не stayed awake after reading this letter.Хатты оқып шыққан соң,ол көпке
дейін көз ілмеді.
Көркем аудармаға деген қызығушылық жалпы алғанда мәдениетке деген
қызығушылықтың өсуіне тура пропорционалды болып келеді, Көркем аударма
шығармашылық процесс болғандықтан, біз оны осы тұрғыдан қарастыруымыз керек.
Көркем аударманың шығармашылық мәні - түпнұсқаның мән-жайын ашатын болғандықтан,
ол келесі тұжырымда айқындалады.: «Близость к подлиннику состоит в передании не буквы,
а духа сознания. Соответствующий образ, также как и соответствующая фраза состоят не
всегда в видимой соответственности слов: чтобы внутренняя жизнь переводного выражения
соответствовала внутренней жизни оригинального выражения. Антонимдік аударма қарама -
қарсы мғынадағы сөздің өзін ғана емес, сонымен катар соған мағынасы жағынан жақын
сөздерді қолдануды да қамтиды. Мұндай сөздер де антонимдік сәйкестіктер болып
табылады. Мысалы, «exclude» «шығарып тастау» етістігіне антонимдік сәйкестік тек
«кіргізу» етістігі ғана емес, сонымен қатар, «қабылдау», «енгізу» және« жол беру» сияқты
етістіктер жатады. Мысалы, У.Фостердің «Очерк политической истории Америки» (Outline
Political History of Americans) атты кітабында мынандай фраза берілген: «The railroad Unions
have been a hotbet of Jim Crow - even the America Railroad Union, headed by Eugene V.Debs,
excluded negroes from its membership»./?/
1953 жылғы баспада бұл сөйлем былай аударылған: «Теміржол одақтары ежелден
нәсілдік шовинизмнің орталығы болып табылады,тіпті Юджин Дебс басқарған
теміржолшылар кәсіподағының өзі де өз қатарына (негрлерді) афро- американдықтарды
қабылдамаған».
Антонимдік аударма мақсаты - түпнұсқадағы ойды аударылатын тілде дәлме-дәл етіп
жеткізу. Мысалы: «Әскерлерді тек қана төтенше жағдайда қолдану» керек деген сөйлемді.
«The troops shall be used only in cases of emergency» деп аударуға болады. Әрине, бұл дұрыс
адекватты аударма.Осы сөйлемді басқа жолмен де тәржімалауға болады.Тһе troops shall.not
be used except for emergency. Екінші нұсқаның түпнұсқадан айырмашылығы- болымсыз
түрде болуы (shall not be used), бірақ сөйлемнің мағынасы өзгермеген. Сөйлемнің болымды,
болымсыз болуына байланысты лексикалық өзгерістер де бар (бірінші сөйлемде- only,
екіншісінде-ехсерt for).Аудармадағы антонимдік әдіс тек шартты түрде ғана қолданылған:
жалпы мағынаны жеткізуге келсек, онда ешқандай да антоним жоқ- Мұндай құбылыс әрбір
нақты тілде әртүрлі іс-қимылды білдіру әдісінің қалыптасуына байланысты. Кей сәттерде
антонимдік аударма бірден - бір тиімді әдіс болып табылады.Ағылшын -қазақ сөздіктерінде
тұрақты сөз тіркестерінің баламасы ретіндегі мысалдарды көрсетуге болады. Тек қана
(негізінен) антонимдік аударма қолданылатын лексика - фразеологиялық сөз тіркестері және
грамматикалық құрылымдар бар. Мысалы: to keep out, keep down, keep away, stay out, stay
away, be out, be away, hold off етістіктері қазақ тілінде көп жағдайда антонимдік әдіс
арқылы беріледі:
Мысалы, Keep the child out of the sun! Баланы көлеңкеде ұстаңыз!
Keep off the grass! Газонмен жүруге болмайды.
The government tried hard to keep down taxes.
Салықтың көтерілмеуі үшін өкімет көп күш жұмсады.
Aigul stayed out of the kitchen . Айгүл ас бөлмеге кірген жоқ.
The rain is holding off. Жаңбыр жаумай тұр.
Hang on, please! Трубканы тастамаңыз!
Stay out of the sun! Күнде( ыстықта)көп жатуға болмайды!
Keep clear of the door! Есікке сүйенбеңіздер!
Don’t get me wrong! Мені дұрыс түсініңіз!
66
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж.
Көптеген жағдайда till, until, unless жалғаулығы, етістіктің алдында келетін nearly
және almost үстеулері, to be nothing but фразалық синтаксистік құрылымы бар сөйлемдер
антонимдік құрылыммен аударылуға тиісті:
Do not make a move unless you have a foolproof plan.
Нақты жоспарларыңыз болмайынша, ешқандай әрекет жасамаңыздар.
Oh, I nearly forgot. Here are some sweets for the children.
Ұмытып кете жаздаппын ғой. Мына кәмпитті балаларға әкелген едім.
‘You are nothing but a little child’ she told him.
‘Сен тек қана кішкентай баласың гой’ деді ол.
В.Н. Комиссаровтың, тұжырымдауынша,антонимдік аударма -аударма кезіндегі
мағыналық дамудың ең соңғы дәрежесі.Антонимдік аударманың мәні- аудару кезінде
түпнұсқада берілген сөздің немесе сөз тіркесінің ағылшын тіліндегі қарама-қарсы
мағынасын қолдану болып табылады. Осы себептер мен тұжырымдарды студенттермен оқу
үрдісінде пайдалана отырып , практикалық сабақтар өткізу барысында көркем әдеби
шығармаларды аудару кезінде қолданылған сөйлемдерді сіздердің назарларыңызға ұсынып
отырмыз.Бұл мысалдар «Туған жер» газет мақаласынан және «Қазақстанның ежелгі
көшпенділері» мәтінінен алынған: Ағылшын тілінен қазақ тіліне антонимдік аударма
1.
1 am not against it Opposite me, Yuri Grachev, an employee at the Zoological Institute
in Almaty, sternly looks up from behind his glasses the decision has been made. Қарсы алдымда
отырған Юрий Грачев, көзілдірігін жарқ еткізіп маған қарады да...Мен тек кана қолдаймын”
деді. Қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару барысында қолданылған антонимдік аударма
тәсіліне мән берейік.
2.
Жазушы үшін оқушының ұнатқанынан артық сыйлық жоқ- The reader’s
appreciation of the book is the best present for the writer.
3.
Кейіпкерлердің бәрі дерлік өз атымен алынды.-No names of almost
all the characters of the novel are changed. Тылдағы ерлікті мен майдандағы ерліктен кем
санамаймын. I think the bravery in the home front is as important as the one in the front.
4.
Ананың жалғыздығына, баланың жастығына қарамады.-It ignored totally if mother is
childless or child doesn't reach.
Сондай-ақ, ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару кезінде түпнұсқада сөйлемнің
болымсыз түрі терістік префиксті сөзбен келген кезде де тек антонимдік аударма
қолданылады. She is not unworthy of your attention. Сіз оған көңіл бөлуіңіз қажет. I don’t
disbelieve you. Мен сізге толық сенемін. It is not an unfavorable moment to abolish all military
pacts. Бүкіл соғыс (әскери тактілердің көзін құртатын қолайлы жағдай туды. Жоғарыда
келтірілген мысалдарда сөйлемдердің семантикалық мағынасы толық сақтаған.
Сонымен қатар антонимдік аударма басқа да жолдармен, яғни without немесе fail
сөздері арқылы да өрнектеледі. He never come home without bringing something for the kids.
Үйге келгенде ол әрқашан балаларға бірнәрсе ала келетін. They failed to reach agreement.
Олар ымыраға (мәмлеге) келе алмады.
Аударма жұмысы үлкен онерді ізденімпаздық пен табандылықты талап етеді.
Аударманың саласы әрдайым аудармашының білім деңгейіне байланысты,аудармашы
бірнеше тілді терең меңгеруге міндетті..Алайда екі тілді де жетік меңгеру кейде салалы
аударманың көрінісін бере алмайды.Бұл арада« фондық деректер.фондық білім,ұлттық
фондық
ақпараттар»аудармада
үлкен
рөл
атқарады.
Осы
орайда
ғалым
А.В.Федоров:«Совокупность представлений о том,что составляет реальный фон,на котором
развивается картина жизни другой страны,другого народа »-дейді.4 Демек, аударма
процесінде аудармашы тек сюжетпен мазмұнды қуалап кетпей. Сол тақырыпқа қатысты
қосымша мәліметтерді қарап толықтыру қажет. Олардың құрамындағы компоненттердің
байланысу тәсілдері әр тілде әр басқа.Сондықтан да оларды бір тілден екінші тілге
аударғанда ұлттық ерекшеліктеріне көңіл бөлуіміз қажет.
Мақалада сіздер антонимдік аударма әдісінің- аударма кезіндегі ең тиімді тәсілдердің
бірі екеніне көздеріңіз жетті. Бұл әдісті дұрыс қолдана білсек,мағына толығырақ,әрі
дұрысырақ беріледі және түпнұсқадағы айтылатын ой анықталады. Дегенмен,бұл тәсілді
қолдану
алдында
түпнұсқа
мәтініне
жете
мән
беріп,аударылатын
тілдің
ерекшеліктерін,тілдік нормасын, стилистикасын ұстану керектігін естен шығармау керек.
Әрине, бір мақалада қарастырылып зерттелген мәселені толық қамту мүмкін емес. Қазақ
аудиторияларына арналған аударма теориясы мен практика мәселесі әлі де толық
зерттелмеген.
Сондықтан осы тақырып бойынша әлі зерттейміз деген ойдамыз.Өйткені бұл тақырып
қазақ
аудиторияларына
арналған
ағылшын-қазақ,қазақ-ағылшын
тіліндегі
67
Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г.
сөздіктер,теориялық курстар және шет тілінен қазақ тіліне аудару мәселесі бойынша оқу-
әдістемелік құралдар шығаруға мол көмегін тигізеді.
1.
Бархударов Л.С. Язык и перевод.-М., 1975.
2.
Комиссаров
В.Н.,Коралова А.Л.Практикум по переводу с английского языка
на русский - М., 1990.
3.
Tengri.Almaty.2006. «Қазақстанның ежелгі көшпенділері» «Туған жер»
4.
А.В.Федоров Основы общей теорий перевода.-М.,1983.
Резюме
В этой статье рассматривается проблема антонимического перевода, одного из
способов трансформаций, который способствует преоделению трудностей в процессе
перевода, его важности и отличительных черт, и правильного применения.
Summary
This article deals with one of the methods of transformation-antonymous translation which
is to contribute to overcome difficulties in the course of translation process. The importance,
peculiarities and proper usage are also mentioned here.
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУ
Л.Қ. Тұрабаева -
филол.ғыл.к.
Оқу үрдісінде инновациялық технологияны тиімді пайдалану бұл еліміздегі түрлі сала
бойынша білім алып жатқан оқушылар мен студенттерді болашақ бәсекеге қабілетті маман
ретінде дайындап шығару. Педагогтар инновациялық технологияны тиімді пайдалану
арқылы оқушылар мен студенттердің өз ойларын жеткізе білуін, шығармашылық ойлау
қабілетін арттыруды, бір-бірімен оқушы немесе студент ретінде ғана емес, іскерлік қарым-
қатынаста болашақ маман ретінде қызмет барысында туындаған өзекті мәселелерді бірлесіп
шешу жолдарын, ақпаратты қалай тиімді пайдалану әдістерін үйретеді.
Бүгінгі таңда білім беру орындарында теориялық және практикалық инновация
технологияларының нұсқалары қолдануда. Осы мәселемен А.Я. Савельев, В.М. Максимов,
Г.К. Селенко секілді ғалымдар айналысты.
В.М. Максимов өзінің зерттеулері бойынша келесі жіктеулерді ұсынады:
құрылымдық логикалық технология, интеграциялық технология (әртүрлі пәндік білімдердің
бір-бірімен байланысы), ойындар технологиясы, тренингтік технология, ақпараттык
технология, диалогтық технология. [1]
Осы жіктеулер қазіргі кезде кең қолданылуда. Себебі, білім берудің негізгі жолы -
оқыту. Оқыту - ұстаз бен оқушы белгілі бір мақсатты жүзеге асыратын біртұтас
педагогикалық үрдіс. Ал белгілі бір мақсатты толық жүзеге асыру оқытуды тиімді
ұйымдастырумен сипатталады.
Оқытудың білім беру, тәрбиелік, дамыту функцияларын кеңінен қолдану қажет.
Әрбір педагогикалық технология және тұлганың жеке өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік
шығармашылық қабілеттерін арттыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті
әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.
Электронды оқу құралдарының қайсысы болса да, оқу үрдісін жандандыруда,
оқушылар мен студенттердің білім меңгеру сапасын жақсартуда оқытушыға зор көмекшілік
қызмет атқарады. Дегенмен, ғылыми-техникалық прогрестің дами түсуі оқытудың жаңа әдіс-
68
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж.
тәсілдерін, техникалық құралдарын, басқаша айтқанда, оқытудың жаңа технологияларын
іздестіріп, ұтымды пайдалануды талап етеді. Осыған байланысты, орыс бөлімдерінде қазақ
тілін оқытуда тиімді болатын түрлерін бөліп алу қажет.
Яғни орыс бөлімдерінде қазақ тілін окытуда компьютерді қолдану өте тиімді екен
деген пікірге келдік. Мұның бірнеше себебі бар:
-
біріншіден, компьютердің дидактикалық мүмкіншіліктері, басқа құралдарға
қарағанда мол екендігі байқалады;
-
екіншіден, компьютер өндірісте бар, ғылыми-техникалық прогрестің
талаптарына, сонымен бірге, оқытудың жаңа технологияларына сай келеді;
-
үшіншіден, бұл құралдардың кейбіреуін аудиторияда ғана емес, үйде де
қолдану мүмкіндігі бар. Ал бұл өзге тілде сөйлейтін оқушылардың қазақ тілін өз бетінше,
саналы және тез үйренуі үшін өте маңызды;
-
төртіншіден, техникалық жағынан пайдалану қиын емес.
Орыс тілді оқушылардың қазақ тілін үйрену сапасын арттыруда өзіндік жұмыстың
маңызы зор. Себебі, нәтижеге өз бетімен еңбектеніп жететіндіктен, оқушы немесе студент
материалды саналы түрде меңгереді. Еңбекте оқушының және студенттің берілген мәліметті
ұмытпауына, оның әрі қарай толықтырып, бекіте түсінуіне мүмкіндік жасайтын
аудиториядан тыс өзіндік жұмыс түрі ұсынылады. Өзіндік жұмысты үйде орындауға
мүмкіндік беретін құрал компьютер болғандықтан, аталмыш жұмыстың компьютердің
көмегімен орындалатын түрлері көрсетіледі. Бұл өзіндік жұмыстың ерекшелігі: сыныпта,
аудиторияда оқылған материалды олардың ұмытып қалмауына, керісінше, оны әрі қарай
толықтыруға, нығайтуға септігін тигізеді, өзіндік жұмыс бір лексикалық тақырып
төңірегінде құрылады. Мұның пайдасын былайша түсіндіруге болады: тақырып арқылы
сөйлеуге үйрету, біріншіден, тіл үйренушілерге не туралы айту керек екенін аңғартса,
екіншіден, қалай айту керек, қандай сөздерді білу керектігіне назар аудартады және соған
қатысты өмірлік жағдайды меңгертуге жәрдем береді.
Электронды оқулықтар арқылы монологтық айтылым, сұхбаттық айтылым,
тыңдап түсіну, оқылым, жазылым сияқты айтылымның барлық түрін қамтитын
жұмыстар жүргізіледі. Сонда студент немесе мектеп оқушылар өтілген материалдар
негізінде белгілі бір лексикалық минимум көлемінде әңгіме жүргізе алуы және ол
толыққанды хабар жасай алуы қажет. [2]
Студенттер мен мектеп оқушылары сабақ соңында:
таныс грамматикалық және лексикалық материалдар негізінде құралған іскери
мәтінде қысқаша, немесе толық оқып, тыңдап түсінгенін баяндай білуі;
-
өтілген тақырып бойынша хабарлама жасай алуы;
-
жоспарға, тірек сөздерге сүйеніп және сүйенбей оқылған іскери мәтін
үзіндісінің мазмұнын айтуы;
-
бейнефильмге коментарий беруі;
осы курстың лексика-грамматикалық материалдары негізінде презентация
жасауы; компания және фирманың тарихы мен оның әрекеттерін және
өнімдерін сипаттай білуі
қажет;
Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиямен камтамасыз
ету жұмыстары іске асырылып, енді сол ақпараттық технологияны қолдану мен оны
мектептерге енгізу саласында, оқушылардың ақпараттық мәдениетін көтеру мақсатында
оқытуды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.
Соңғы уақытта білім беру саласында ақпаратты технологияларды енгізуге, оқу
бағдарламаларын және электронды оқулықтарды жасауға, электронды кітапханаларды
құруға, желідік құрылымының дамуына, сонымен қатар дистанциялық білім беруге көп
көңіл бөлінуде.
Қазіргі уақытта электронды оқулықтар мен оқу құралдарын жасау мәселесі өзекті
мәселе болып отыр. Толық өңделіп жасалған электронды оқулық сабақ өткізу барысында
қосымша құрал, компьютерлік кластарда өзіндік жұмыстарды орындау үшін - қосымша
көмек беру, емтихан алушы алдында немесе тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған
әдістемелік нұсқау ретінде қызмет атқара алады. Электронды оқулықтар әрбір
пайдаланушының білім алуын немесе қабілеттілігін көтеруді, біліктілігін калыптастыруды
жетілдіру үшін үлкен қызмет көрсетеді,
Оқушылардың программалау біліктілігінің жүйелі қалыптасуы соңғы уақытта пайда
бола бастаған Электронды окулықтармен оқып үйренуіне кеңінен қолдануында, сонымен
қатар электронды оқулықтарды білім беру процесін ақпараттандыру құралының бірі деуге
69
Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г.
болады. [3]
Электронды оқулық - бұл оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұны көрсетілген магнитгі
тасымалдаушыда (қатты немесе иілгіш дискідс) орналасқан, компьютер көмегі арқылы өз
бетінше немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын меңгеру мүмкіндігін қамтамасыз
ететін программалық-әдістемелік кешен.
Электронды оқулық жасалғанда ол негізінен үш компоненттен тұруы керек, яғни
•
курстың негізгі ақпараттық бөлігін беретін - презентациялық;
•
алынған білімді бекітетін - жаттығулар;
•
білімгердің білімін бағалауға арналған - тестілеу.
Сонымен, технологияны ұйымдастыру үнемі жаңғырту жайында ұстап тұрып қана
мектеп өз бағытын нығайта алады. Сондықтан да мекеме басшылары үнемі өзгерістің болып
тұруы бірден-бір дұрыс факт екенін мойындаулары қажет. Жаңалық енгізу кез-келген білім
беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.
Заман ағымына сай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,
компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Бұндай қондырғылар оқушылардың
қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей калған сәттерін
қайталап көруге, тындауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Әсіресе,
олардың тиімділігі:
1.
Қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
2.
Қажеггі ақпаратты жедел түрде шешу мүмкіндігі;
3.
Білім сапасына әсері зор. Әсіресе, тіл сабақтарын игеруде (азақ, ағылшын,
орыс, т.б. тілдерді) айқын сезіледі;
4.
Іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде
(би өнері, қол еңбек, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);
5.
Қарапайым көзбен қарап, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әр түрлі физикалық,
химиялық, биологиялық, тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
Инновациялық технология оқушылардың кәсіби шеберлігін шыңдай түседі,
атап айтқанда, оқытудың интерактивті әдісі арқылы тек оқушының кәсіби шеберлігі
ғана емес, сондай-ақ ол өзін қоршаған ортаға білімін жария ете алады.
Сондықтан да компьютер арқылы электронды оқулық орыс бөлімдерінде қазақ тілін
оқыту үрдісінде жандандырып, сапасын арттырады дей аламыз.
Қорыта айтқанда, оқыту үрдісінде инновациялық технологияны тиімді пайдалану
арқылы оқытушылар білімді, қабілетті жастарды, болашақ мамандарды дайындайды.
1.
Мид М. Культура и мир детства. -М., 1988.
2.
Курулеико Э.А. Историческая эволюция детства. Социо-кулътурный аспект. //
Вестник Сам ГУ., 1998.
3.
Васильев Л.С. Культы. Религии. Традиции в Китае. -М., 1970.
4.
Ахметов А.К. Принципы технологии и содержание образовательной
программы.-Алматы,
1995.
5.
Завязинский В.А. Инновационные процессы в образовании и педагогическая
наука. Инновационные процессы в образавании. -Тюмень, 1990,
Резюме
В этой статье рассматриваются методы новых инновационных технологий, а так же
виды работы с электронными учебниками в школах и вузах.
Summary
This article research methods new technology and kind of works with electronic textbook in
school and universities.
УДК 82.09: 894.342
Достарыңызбен бөлісу: |