Хабаршы вестник


СӨЗ МАҒЫНАСЫ, МЕТАФОРАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата08.01.2017
өлшемі1,79 Mb.
#1396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

СӨЗ МАҒЫНАСЫ, МЕТАФОРАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ 
Б.Қасым - 
ф.ғ.д., профессор, мемлекеттік тіл кафедрасыныц меңгерушісі, 
Абай атындағы Қаз ҰПУ 
 
            Сөз  -  өте  күрделі  құбылыс.  Сөздің  лексикалық  мағынасы  тіл  жүйесіндегі 
(парадигмалық, синтагмалық) қатынастарды қамтиды. Сөз өзінің сыртқы тұлғасы дыбыстық 
тіркесіміне  де  тәуелді.  Тілдегі  сөздер  бір-бірімен  дыбыстық  ерекшелігі  мен  құрылым-
құрылысы жағынан ғана емес, білдіретін мағынасы жағынан да қилы-қилы. Сөз - дыбысталу 
мен мағынаның бірлігінен тұрады. Әрбір сөз - белгілі бір құбылыстың атауы. Сол себептен, 
олардың  әрқайсына  тән  белгі,  мағынасы  бар.  Бірақ  бұл  мағыналар  өзі  білдіретін  зат  пен 
құбылысты табиғи жолмен емес, сол ұғымды білдіретін белгі ретінде жұмсалады да, тілдегі 
сөздер  зат  пен  құбылыстың  атауын  білдіреді.  Заттың  атауына  негізделген  лексикалық 
мағынаны білдіруі. Белгі бір ұғым тілдегі сөздердің негізінде туады және сол арқылы тілде 
өмір сүреді. Құбылыстар мен заттардың бәрі де белгілі бір сөздермен аталады. Атаусыз сөз 
жоқ,  сөз  болмаған  жерде  атау  да  жоқ.  Сондықтан  сөз  тарихы  тіл  тарихымен,  тіл  тарихы 
халық тарихымен байланысты. 
Сөз  -  заттың  таңбасы  дегенде  аталатын  сөз  сол  заттың  я  кұбылыстың  бір  белгісіне 
негізделеді. Осыдан байырғы сөз ауыспалы мағынада колданылып, жаңа үғым туады. 

Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 
 
Сөз  мағынасының  өзгеру  себептері  мен  ауыспалы  мағынада  қолданылу 
тәсілдері. 
Сөздің - әр түрлі мағынаға ие болуы оның мағынасының өзгеруі ауыспалы мағынада 
қолданылу нәтижесінде жүзеге асады. Сөз мағынасының өзгеруінің, оның жаңа мағынаға ие 
болуының екі түрлі себебі бар: 

 
    сөз мағынасының өзгеруінің тілден тыс немесе сыртқы себептері. 

 
тілдік  немесе  лингвистикалық  себептер.  Бұл  себептердің  біріншісі  екіншісіне 
қарағанда көбірек зерттелген. 
Сөздің  қолдану  аясының  өзгеруі,  мысалы  бір  тілдік  деңгейден  екінші  бір  тілдік 
деңгейге ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді. Егер сөз кең колданыстан екінші 
тар немесе арнаулы бір колданысқа, жалпыхалыктық лексикадан арнаулы лексикаға ауысса, 
оның мағынасы нақтылана түседі де, белгілі бір үғымды білдіреді детерминдік мағынаға ие 
болады.  Мысалы:  «түбір»  -  деген  сөз  жалпыхалықтық  лексикада  «күллі  өсімдік 
атауларының  жерде  қалған  тамыры  мен  түбі»  дегенді  білдірсе,  лингвистикалық 
терминалогияда  түбірлес  сөздердің  ары  қарай  бөлшектеуге  келмейтін  бөлшегін  морфема 
деген терминдік мағынаны білдіреді. 
Сөз - мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсауы әр түрлі тәсілдер арқылы 
іске  асады.  Сөздің  ауыспалы,  келтірінді  мағынада,  қолданылуы  бірде  метафора  мен 
метонимия  тәсілі  арқылы  болады,  бірде  қызмет  бірлігімен  синекдоха  тәсілдері  арқылы 
болады. 
Метафора  тәсілі  аркылы  атауға  ауысуы  белгіленетін  заттардың  тұлға,  түс,  қимыл 
ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді. 
Метафора  -  грек  тілінің  metaphora  «ауысу»  деген  сөзі  бойынша  жасалған  термин. 
Белгілерінің  ұксастығына  қарай  бір  заттың  немесе  құбылыстың  атауы  мен  аталуының 
негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады мысалы: Орыстың ғылымы, өнері 
-  дүниенің  кілті,  оны  білгенге  дүние  арзанырақ  түседі  (Абай)  деген  сөйлемдегі  кілт  сөзі 
«ашатын  кұрал»  дегенді  емес  (бұл  -  оның  негізгі  мағынасы),  «шешуші»  деген  мағынаны 
білдіреді  .  Бұл  мағына  кілт  сөзінің  номинативті  мағынасында  да  (ашатын  құрал)  негізінде 
жасалған туынды мағына Мәселенің кілті деген сөз тіркесіндегі кілт сөзінің мағынасы да 
осы аталған мағына мен барабар. («Шешуші»-деген мағынаны білдіреді). 
Метафора - әр түрлі тілдердің бәрінде де бар құбылыс.Тіл-тілде сөз мағыналарының 
ауысу тәсілдерінің ішінде өте жиі кездесетіні және ең бастысы - метафора тәсілі. Метафора - 
құбылысының  сөздің  мағынасынан  орын  алуы  соншалық,  метафораның  негізінде  туған 
туынды  мағынаның  көп  жағдайда  туынды,  келтірінді  мағына  екені  бірден  аңғарыла 
бермейді. 
Метафораның  негізінде  туған  келтірінді  мағына,  әдетте  сөздің  туынды  мағынасы 
ретінде  қарастырылып  орнығып  кетеді.  Мұндайда  метафораның  негізінде  туған  мағына 
сөздің  сөздіктегі  мағыналық  мазмұнына  еніп,  оның  туынды  мағыналарының  бірі  ретінде 
қаралады,  Мысалы:  істің  төркіні,  мәселенің  төркіні,  сөздің  төркіні,  қыздың  төркіні 
дегендегі  «төркін»  сөзінің  синтагмалық  қатарын  қарастырсақ,  соңғы  мысалда  бұл  сөз 
«қыздың  ата-анасы,  туған  -  туыстары  дегенді  білдіреді  де,  алдыңғы  мысалдарда  «түп 
негіздегі,  мәнісі,  сыры»  дегенді  білдіреді,  сонда  бұл  мағына  («түп  негізі,  мәнісі,  сыры») 
төркін  сөзінің  негізгі  мағынасымен  іштей  байланысты  туған  қосымша  туынды  мағына 
болып  саналады  да,  осы  сөздің  қалыптасқан,  орнықты  лексикалық  мағыналарының  бірі 
ретінде ұғынылады. Осы туынды мағынасында оны бүкіл халық қолданады. Сондықтан бұл 
туынды мағына «төркін» сөзінің негізгі мағынасымен -қатар сөздікте көрсетіледі. 
Метафора  -  көркем  шығарма  стилінде  бейнеленуші,  мәнерлеуші,  көркемдеуші, 
әсерлеуші  тәсілі  ретінде  айрықша  қызмет  атқарады.  Бірақ  жеке  ақын-жазушылардың 
тіліндегі  метафоралардың  барлығы  бірдей  жалпы  халықтық  сипатқа  ие  бола  бермейді. 
Жазушылар  кейде  сөздерді  айрықша  мәнерлеп,  көркемдеп  айту  мақсатымен  дағдылы 
қалпынан  басқаша  етіп  тіркестіреді  де  соның  нәтижесінде  сөз  әртүрлі  реңкке  ие  болады. 
Ондай  реңк  жалпы халыктық  сипатқа  ие  болғанда  ғана  мағына  ретінде  үғынылады,  Сөздің 
сөздіктегі тілдік мағыналық мазмұнына енеді. Ал егер ол жалпы халықтық сипат ала алмаса, 
онда  жазушының  сөз  қолдану  ерекшелігінің  бірі  ретінде  ғана  ұғынылады.  Ондай  реңкті 
дербес  мағына  деп  есептеуге  болмайды,  ол  сол  мәтіндегі  тек  қолданыстық  функционалдық 
қызметте жұмсалған мағына. 
Ғ.Қалиев, Ә.Болғанбаев еңбектерінде метафораны тілдегі қолдану сипатына қарай: 

 
тілдік (сөздік) метафора, 

 
поэтикалық (контекстік) метафора', 

 
жеке қолданыстағы (индивидуальная) метафора деп бөліп қарастырады [1,90 б.]. 
Тілдік  метафора  -  сөзге  жаңа  мағына  қосып  оның  семантикалық  өрісін  кеңейтіп 
үнемі  үздіксіз  дамытып  отырады.  Тұрақты  метафора  тіліміздегі  көпмағыналы  тілдік 

Абай атындагы ҚачҮ11У-дың Хабаршысы. «Филология гылымдары» серияси, МЬ2 (і2).2010ж. 
 
бірліктердің  саны  мен  қатарының  өсуі  осы  тәсіл  арқылы  жүзеге  асады  [2].  Тіліміздегі 
көпмағыналы тілдік метафораның жалпы халықтық сипатына карай дәстүрлі метафора деп те 
жұмсалады.  Дәстүрлі  метафораның  тәсілі  бойынша  ұқсату  заңына  сүйеніп  қазақ  тілінде 
мынадай көпмағыналы шыққан. 
Мысалы:  Тау  бұлағы  да  ағады,  Ой  бұлағы  да  ағады.  Әрқайсысы  өзінше  тепкілейді 
жағаны.  Бірі  жылжып барады,  бірі  мөңкіп  барады,  Бәрісі  де,  не  шара,  аға  алмайды  жоғары 
[М.Мақатаев].  Осындағы  may  бұлағы  мен  ой  бұлағы  немесе  бұлақ,  аяқ  деген  сөздердің  ең 
алғашқы  заттық  мағынасы:  кішігірім  ағатын  су,  адам  мен  жануардың  жүріп-тұру  қызметін 
атқаратын  мүшесі.  Мұнан  кейінгі  мағынасы  жансыз  заттардың  төрттағаны,  тіреуіші  де  аяқ 
деп  ұқсастырып  айтқан.  Кез  келген  сөз  метафора  тәсілімен  ауыспалы  мағынада  аталым 
жасай  алмайды.  Тілдегі  заттар  мен  құбылыстар  атын  іс-әрекетін,  сапа  мен  белгілерін 
білдіретін сөздер ғана жасайды. 
Бір  затқа,  құбылысқа,  сапаға  қанша  қасиет,  неше  ерекше  белгі  болса  соларды 
ұқсастырып  айтудан  бір  сөз  арқылы  бірнеше  ұғымды  танып  білуге  болады.  Мысалы: 
«қалың»  деген  сапалық  ұғымды  білдіретін  сын  есімнен  мынадай  ерекше  белгілер 
аңғарылады.  Қалың  нәрсе  «жуан»  болады,  оның  үстіне  ол тығыз,  әрі  жиі,  әрі  көп  болады. 
Бұл  сөздің  бойына  сыйған  осыншалық  ерекшеліктердің  әрқайсысы  сөйлемде  жеке-жеке 
дербес  мағына  тудырып  бас-басына  сараланып  көрінеді.  Мысалы:  1.  қалың  деген  сөздің 
жуан, толық деген мағынаны білдіреді. Қалың денелі әйелде тұрақты сезім сирек болады. 
(М.Әуезов).  2.  қалың  деген  сөздің  көп,  мол  деген  мағынада  жұмсалуы.  Қалың  жұрттың 
алдында  сөйлеп  көрген  пенде  емес  едім.  (М.Шаханов)  3.  қалың  деген  сөздің  жиі,  тығыз, 
бітік  деген  мағынада  қолданылуы.  Екеуі  бір  таса  жерге,  калың  шөптің  арасына  барып 
жатты. (Ы.Алтынсарин). 
Сөзге  қосылған  үстеме  (туында)  мағына  заттың  құбылыстың  бойында  бар  сан  алуан 
ерекше белгілерінің негізінде ауыстырып колдану арқылы жасалады. Сондықтан бір сөзден 
тұратын қосымшалар бір сөз табына да , кейде әр сөз табына қатынасты болып келеді. Шыны 
зат  есімнің  (әйнек  ұғымында)  де  метафора  тәсілі  арқылы  жасалған  ауыспалы  мағынасы 
сындық ұғымды білдіреді. Мысалы: шыны май, шыны қар, шыны көз т.б. Сол тәрізді сын 
есімге қатысты сөздердің метафоралық ауыспалы мағыналарын да кейде заттық үғым тудыра 
береді.  Мысалы:  суық,  шала,  сынық  тәрізді  сын  есімдер  белгілі  бір  контексте  заттық 
мағынада  қолданылады.  Мысалы:  кұрт  езген,  я  сүзбе,  қатқан  ыстық  сорпа  суыққа 
тоңдырмайды.  Жанып  таусылуға  айналған  шалалардың  басы  күлге  көмілді.  (С.Мұқанов). 
Аталған  сөздердің  метафоралық  ауыспалы  мағыналары  белгілі  бір  мәтінде  бірде  зат  атауы 
(шыны)  сындық  мағынада,  бірде  сындық  атау  (суық,  шала,  сынық)  заттық  мағынада 
жұмсалып тұрғанмен, бұларды әр сөз табына жатқызып, омоним ретінде қарауға болмайды. 
Бұл тәрізді сөздердің ең алғашқы лексикалық тура мағынасы қай сөз табына қатысты болса, 
сонда өрбіген туынды мағыналарды да сол сөз табына жатқызуға болады. Бұл пікір олардың 
мағыналарының  шығу  тегі  бір  екені,  бір  негізгі  мағынадан  таралғандығын  айқындап 
көрсетеді.  Метафораның  негізінде  келтірілген  мағына  сөздің  сөздіктегі  мағынасына  еніп, 
оның  туынды  мағыналарының  қатарында  қаралды.  М:  астар-киімнің  астары,  сөздің 
астары.Сөздікте  астар  сөзінің  тұрақтанылған  үйреншікті  ,  лексикалық  мағыналарының  бірі 
екені көрсетіледі. 
Тұрақты  метафора  -  ойды  естен  кетпестей  түсінікте  етіп  тыңдаушыға  жеткізу  үшін 
қажет.  Ой  неғұрлым  көркем  құралса,  соғұрлым  тыңдаушыға  түсінікті,  әрі  әсерлі  болады. 
Ойдың көркемдігі жалпы халыққа таныс суретке құрылуымен тығыз байланысты. Адамның 
күнделікті  өмірден  көріп,  біліп,  әбден  таныс  болған  дүниелерімен  жазушылардың  ойы 
қабысып,  үйлесіп  тұрса  шығарманың  тілі  де  соншалықты  тартымды  болмақ.  Тұрақты 
метафоралар  көбіне  ақындардың,  айтыс  ақындарының  шығармаларында  жиі  ұшырасады. 
Мысалы:  «ақындық  өткір  тілім  сын  семсерін  тауып,  дәл  төбесінен  танып,  түйреп» 
(«Айтыс»). Баладай екі өркеші шөл кемесі - түйем де басқа малдан кем түспейді. («Айтыс»). 
Ақындар  айтыс  өнерінде  өткір  тілді  -  сын  семсерге,  түйені  -  шөл  кемеге  теңеу,  балау 
арқылы  өз  ойын  тыңдаушыға  әрі,  соншама  әсерлі  етіп  жеткізіп  берудің  жолы.  Бұл 
қолданыстар  жалпы  халықтыкққа  көшіп,  тілге  әбден  сіңісіп,  халықтың  тілдік  қазынасына 
айналады.  Сөйтіп,  тілдегі  сөздің  бейнелі  кұралдары  ретінде  тілдік  қолданыста  қызмет 
атқарады, тілдік қорда сақталады. 
Мәселен,  бидайды  -  ақ  маржан,  мақтаны  -  ақ  алтынға,  көмірді,  мұнайды  -  қара 
алтынға  теңеп,  жай  колданған  болсақ,  бүгінгі  таңда  осы  метафоралық  теңеулер  әдеби 
нормаға  айналып,  тілдік  қолданыста  кызмет  атқарады.  Жеке  авторлық  колданыстан,  қазір 
жалпы  халықтық  қолданысқа  белсенді  түрде  енді.  Тілдік  бірліктер  өз  семантикалық  өрісін 
кеңейтіп,  жұртшылықтың  қажетін,  сұранысын  атқаратын  метафораларды:  тұрақты 
метафораға  жатады.  Тұрақты  мерафора  барлық  жерде  жалпылама  кездесе  бермейді, 
көбінесе  белгілі  бір  жанрға  тиісті.  Әсіресе  поэзияда  жиі  кездеседі.  Сондықтан  тұрақты 
метафораны  кейде  поэтикалық  метафора  деп  атайды.  Мысалы:  ақындар  поэзияда:  ағаш-

Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 
 
адам,  гүл-  адам,  темір-адам,  жүрегі  –  оттай  ақсұңқар  болат  ,  алмас  сияқты  сөздерге 
балау дегендерді жиі пайдаланады. Мысалы: 
Ағаш-адам, гүл-адам, темір-адам 
Жолықтырды өмірде бәрін маған [Е. Шаймерденұлы]. 
...Қайың-адам, тал-адам, терек-адам, 
Жапырақ жүрек жайқалған желек-адам. 
Жүрегі - от, жаны – пәк, ойы - зерек, 
Бәрінен де сол болар керек адам [Е.Шаймерденұлы], Сөйтіп, тұрақты метафора сөздің 
келтірінді мағынасы ретінде мәтіннің мазмұнына енеді. 
Жеке  қолданыстық  метафора  мен  тұрақты  метафора  өзара  тығыз  байланысты. 
Алғашқы соңғысының үлгісімен жасалады да белгілі бір ақынның я жазушының белгілі бір 
туындысында өмір сүреді. Бұлар сөздікте тілдік аталым ретінде енбеседе, мәтіннің мазмұнын 
ашуға,  автордың  ойын  берудің  кұралы.  Белгі  мәтінде  ғана  жұмсалатын  сөздің  келтірінді 
мағынасы  қашан  да  әр  ақынның  тілдік  сөз  қолданыс  ерекшелігін  көрсетеді.  Сондықтан 
келтірінді мағына өзгеріп, құбылмалы болады. 
Сусыны жоқ жолаушыдай кезерген, 
Сусыным бір қанбай қойды ежелден. 
Ол - жүректің шөлдегені сезем мен; 
Төрт аяғын тағалатып буырылдың 
Бұрқыратып, кең өлкемді кезер ме ем? [М.Мақатаев]. 
Жазғырма мені жан аға, 
Жаманға мүлде балама 
Бұлаққа барсаң, жалғыз түп, 
Талшыбық тұрар жағада. 
Шыбық деп мені бағала [М.Мақатаев]. 
Осындағы  жүректің  шөлдегені,  шыбық  деген  метафоралық  қолданыстар  әр 
ақынның  өзіндік  қолтаңбасын  танытады.  Сондықтан  бұл  тәрізді  метафоралар  жалпы 
халықтық емес, жеке қолданыстық метафораларға жатады. 
1.
 
Қалиев  Ғ.,  Болғанбаев  Ә.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен 
фразеологиясы. -Алматы: Сөздік-словарь, 2006. -264 б. 
2.
 
Қасым Б. Сөзжасам: Семантика. Уәждеме, -4лматы, 2007. -167 б. 
Резюме 
В этой статье рассматривается функций метафоры о значение слов
Summary 
The  article  is  considered  the  meaning  of  the  word  and  the  function  of  the  metaphor.  The 
names of Kazakh national domestic games are considered in this article. 
ОӘК 801 
«ЕҢБЕК» АТАУЫНЫҢ КОГНИТИВТІ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ  
С.М.Қарымбаева - 
Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті, 
Тараз қаласы 
Қазақ мақалдарында қолданылатын іс-әрекет атауларының когнитивті-семантикалық 
кұрылымын  модельдеуге  кіріспес  бұрын  «іс-әрекет  атаулары»  түсінігін  едәуір  толығырақ 
ашайық және оларды меңгерудің негізгі аспектілерін талдайық. 
Кей жағдайларда еңбек әрекеті жалпылама айтылатын атаулар (еңбек, іс, жұмыс) іс-
әрекеттің  бірнеше  түрін  немесе  шұғылдану  шеңберіне  (дене  еңбегі,  әскери  қызмет,  егістік 
жұмысы)  жалпылама  белгіленеді,  сондай-ақ  еңбек  процесінің,  өнімі  мен  нәтижесінің 
конкретті мәнін береді. Іс атауы еңбек әрекетін білдіре отырып, сонымен қатар екі мағынаға 
да  ие  екендігіне  мән  берейік,  олар:  «ойлау  мен  сөзге  қарама-қарсы  практикалык  іс-әрекет, 
қимыл: істің адамы, сөзбен емес іспен көрсет» Сөзге шешен, іске мешел. Зерттеліп отыраған 
материалдарды, мақал-мәтелдік айтылымдарды талдауда этнографиялық, фольклорлық және 
тарихи зерттеулерге жүгінсек «еңбек» (еңбек әрекеті) концептісінің бір жағынан «демалу» - 

Абай атындагы ҚачҮ11У-дың Хабаршысы. «Филология гылымдары» серияси, МЬ2 (і2).2010ж. 
 
«қол  бостық»,  «дырду»  -  «жалқаулық»  концептілерімен  арадағы  қатынасын,  ал  екінші 
жағынан  халқымыздың  қалыптасқан  әдет-ғұрып,  тәртібі  мен  дүниетанулық  көзқарастары 
арқылы көпярусты жүйе жасалғанын көрсетті. 
Бір  жағынан алғанда әр түрлі  мәдениеттерде жан-жақты болып табылатын,  ал басқа 
жағынан  -  бірегей,  ұлтқа  ғана  тән,  немесе  белгілі  бір  графикалық,  тарихи  және  мәдени 
ерекшеліктермен  байланысты  болып  келетін  дәстүрлі  түрде  айтылатын  «еңбек»  және 
«жұмыссыздық»  -  «жалқаулық»  концептілерін  меңгеруге  көңіл  бөлдік.  «Еңбек» 
концептілерінің  негізінде  «еңбек  әрекеті»  ментальды  көрінісі  жатыр.  Зерттеушілер  бұл 
концептінің  «адам»  және  «адам  әрекеті»  суперконцептілерінен  шығатынына  еш  күмән 
келтірмейді./1/ 
Бір  атаулы  концептінің  негізіне  жататын  «әрекет»  түсінігінің  теңестірілуінің 
күрделілігі оның шамалық абстракцияға жататындығына байланысты болып отыр. 
Бұл  түсінікті  меңгеру  ежелден  келе  жатқан  тарихы  бола  тұрып  іс-әрекеттің  сипаты 
жөніндегі қазірге дейін басылған жоқ. Бұл таластың нәтижесі әрекеттің маңызды сипаттары 
бөлінуі болды. Оған жататындар: іс-әрекеттің заттануы; оның әлеуметтік, қоғамдық-тарихи 
табиғаты;  жанамалық  сипаты;  мақсаткерлікті  оны  құрайтын  қимылдың  жүйелілігі; 
өнімділігі;  сыртқы  (материалдық)  және  ішкі  (психикалық)  әрекеттің  құрылымның  бірлігі; 
ішкі  әрекеттің  интериозациолау  аркылы  сыртқы  әрекетінен  қалыптасуы;  ішкі  психикалық 
әрекеттің  қарулық  сипаты;  әрекеттің  үшмүшелік  кұрылымы  (операция  -  қимыл  -  өзіндік 
әрекеті);  әрекеттің  процессуалды  сипаты  және  оның  уақыттағы  өрістеуі;  әрекет 
уақытындағы  өрістейтін  орнын  басушылық/сабақтастық,  бірлікті  және  тұтастықты 
қамтамасыз ететін бейнелердің ерекше рөлі. Заттық әрекет бейнелер мен таңбалармен қатар 
әлемді репрезенттеу және модельдеудің толыққанды формасы ретінде қарастырылады./2/ 
Концептуалды  ерекшеліктерге  сәйкес  іс,  еңбек,  жұмыс  атаулары  және  белгілі  бір 
деңгейде  жұмыссыздық  айрықша  процессуальды  семантикаға  ие,  ал  демалу,  жалқаулық 
және  кей  жағдайларда  жұмыссыздық  атаулары  семантикасына  активті  әрекеттің  ішкі 
қарама-қарсы  әрекеті,  күйі,  белгілі  бір  белгілердің  кешені  сияқты  психикалық  әрекеттің 
ерекше түрі күрделі семантикалық комплекспен сипатталады. 
Біз  реттеп  отырған  іс,  жұмыс,  еңбек  атауларының  жасалуының  негізінде 
транспозиция  процестері  жатыр.  Бұл  атаулар  етістіктің  «гибридті  (буданды,  дүбара)» 
табиғаты мен субстанционалды бастауларын ажыратады. 
Отандық  лингвистикада  деривационды  (туынды)  процестердің  ерекшеліктері, 
біршама девербативтердің, етістіктен жасалған атаулардың семантикалык жэне синтаксистік 
ерекшеліктері, сондай-ақ номинализациялық көзқарас бойынша да толығымен айтылған./2/ 
Орыс  ғалымы  В.П.Казаков  «іс-әрекет  атаулары»  терминін  колданады.  Астарында 
«атаулық  сипаттағы  зат  есімнің  гибридті  класы  ғана  емес,  семантикалық,  морфологиялық 
белгілері  мен синтаксистік қасиеттердің әрекеттестігін анықтаған біртұтас жасалым» деген 
мән  бар.  Бұл  процессуальды  семантикасы  бар  атау  класы  етістіктен  және  басқа  да 
атаулардан да жасалады. 
Қазақ мақалдарында қолданылатын генерализді еңбек әрекетінің жалпы мазмұны бар 
өлшеулі  атаулар  тобын  қарастырамыз:  іс,  еңбек,  жұмыс.  Аталған  атауларды  біз  «іс-әрекет 
атаулары» деп атаймыз./3/ 
«Еңбек»  атауының  негізінде  жатқан  инвариантты  идеяны  немесе  инвариантты  біз 
«күшпен  (ыждаһатпен)  қиылысқан  жай-күй  мен  қимыл-әрекет»  ретінде  қалыптастырамыз. 
В.И.Даль «еңбекті» «дене және сана күшінің тартылысы», «ал, күшті (ыждаһатты) талпыныс 
пен қамқорлықтың бәрі» деп түсіндіреді. 
Бұл  инварианттың  мақалдық  айтылымдарда  дамуы  бірнеше  бағыттар  бойынша 
жүреді. Біз провербиальды мағыналардың екі басты қалыптасу бағытын ажыратамыз./4/ 
Бірінші  бағыт  маңызды  немесе  мақсатты  әрекет  мазмұнды  кешенмен  байланысты: 
Еңбек  етсең  емерсің.  Бейнетің  қатты  болса,  татқаның  тәтті  болар.  Мұнда  бұл 
мағына 
амал 
мен 
сипаттау-бағалау 
предикатының 
семантикалық 
рөлдерімен 
байланыстырылады. 
М.Фасмер  мен  П.Я.Черныхтың  этимологиялық  сөздіктерінде  еңбек  атауы  «ауыр 
жүк»,  «өкініш»,  «қасірет»  мәні  бар  ұғымдармен  байланыстырылғандығын  айта  кету  керек. 
Бұл  мағыналардың  негізінде  Дальдың  сөздіктерінде  белгіленген  «мұң»,  «қасірет»,  «ауру» 
сияқты мағыналар дамиды. Бұл мағынаның бөлшектері мына қазақ мақалдарында да жүзеге 
асқан: Еңбегі ештің, күні кеш. Әлім келсе, арыс суын байлар ем. Осылайша акциональды 
мәнді  еш  еңбек,  әлім  келсе  етістіктерімен  берілетін  провербиальды  мағынаға  «қайғы-
мұңмен» қиылысатын күш (ыждаһат) мазмұнды компонент жатады. 
Инвариант дамуының екінші бағытын «ыждаһатпен қиюласқан мақсатты бағытталған 
іс-әрекет» мазмұнды компонентпен біріккен провербиальды мағынаның екі блогын құрайды. 
Бірінші блок «адал, игі еңбек» туралы көрініске жауап беретін, ал екіншісі адамның 
жеке жетістіктері үшін еңбек туралы провербиальды мағыналарды біріктіреді./4/ 

Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 
 
Еңбек  бастапқыда  құдайдың  өсиеттерінің  орындалуын  болжайтын  әрекет  ретінде 
ұғынылады,  нәтижені  алу  амалдарының  «дұрыстығы»  айтылады:  Басты  «құдай»  береді, 
Малды  қайрат  береді.  Ерінбегеннің  еңбегі  оңады,  еңбегі  оңғанның  үйіне  қыдыр  қонады. 
Біріншісінде  бағалау  предикаты  беріледі,  ал  екіншісінде  беру  және  физиологиялық  қимыл 
предикатымен қосымша - бағалау белгілері жүзеге асқан. Бұл «дұрыстық» кей жағдайларда 
«нәтижесімен»  үйлеседі.  Адал,  игі  енбек  «дәулет  пен  несібе»  ретінде  бағаланады:  Адал 
еңбек  аздырмас,  Арамдық  бойды  жаздырмас.  «Еңбек  ет»  синтаксемасы  каузативті 
компонентті  жасайды:  Еңбексіз  тапқан  мал,  есепсіз  кетер.  Ұлы  Абайдың  әлеуметтік- 
экономикалық көзқарастарында келтірген сөзін салыстырайық: «Еңбек қылмай тапқан мал 
дәулет  болмас,  қардың  суы  секілді  тез  суалар»  (С.Ақатаев.  Абайдың  әлеуметтік 
позициясы)./5/ 
Енді  адамның  жеке  игілігіне  бағытталған  еңбек  әрекетімен  байланысты 
провербиальды мағыналарға мән берейік. 
Іс-әрекеттің  бұл  түрі  «дене  және  ой  күштерінің  шығынын  талап  ететін  адамның 
мақсатты жасампаз әрекеті» ретінде сипатталады. Салыстырайық: Қарманған қарап қалмас. 
Келген  дәулет,  кеткен  бейнет.  Бұл  мақалдарда  еңбек  атауы  әрекет  түрі  мәніндегі 
акциативтің  семантикалық  рөлін  көрсетеді.  Еңбек  жағымды  демалыстың  шарты  болып 
табылады:  Еңбек  ет  те  мақтан,  Ойнап  күл  де,  шаттан,  мұнда  әрекеттің  бір  түрінің 
екіншісінің шарты болуы. 
Нәтижеге  бағытталуы  бұл  әрекет  түрінің  сипатын  анықтаушы  болып  табылады. 
Еңбектің  нәтижелілігі  жоғары  бағаланады:  Еңбек  ет  те  міндет  ет.  Мақалдарда  ынталы 
әрекеттің нәтижеге қатыстылығы баса айтылады: Еңбегі аздың, өнбегі аз. Бейнетсіз рахат 
жоқ.  Еңбексіз  өмір,  сөнген  көмір.  Еңбекшіге  әр  күн  сәт,  еңбексізге  бір  күн  сәт.  Мұнда 
«Еңбексіз»-дің синтаксемасы кондитив мәнін береді. 
Жоғарыда  аталғандар  концептуальды  мазмұн  бейнелі  кешенмен  жасалған 
провербиальды мағынаның көмегімен жүзеге асады. 
Шаруалардың еңбек әрекеттері тіршілік көзі - азық пен киім өнімдерімен қамтамасыз 
етуге  бағытталған  болып  табылады.  Енбек  азықты  алудың  шарты  болып  табылады.  Еңбек 
етсең,  емерсің.  Кім  еңбек  етсе  -  сол  тоқ  -  мақалдарында  шартты-салдарлы  қатынас 
жасалған, мұнда бірінші предикат кәсіби- еңбек әрекет предикаты, ал екінші - өз иелігіне алу 
және мақсатқа жету сияқты біртұтас предикат болып табылады. 
Еңбегің сайлы болса, ішің майлы болар мақалында физиологиялық қимыл мен енбек 
әрекеті  процестерінің  салыстырылуы  кәсіптік-еңбек  әрекеті  предикаттарымен  және 
кимылдың  жүзеге  асырылуы  физиологиялық  қимылдың  біртұтас  предикатының  көмегімен 
жасалған. 
Еңбек туралы  мақалдарда еңбек әрекеті  үшін сыйақы жоғары бағаланады:  Еңбектің 
наны тәтті... 
Нәтиже  алуға  бағытталмаған  еңбек  әрекеті  қарама-қарсы  бағаланады:  Еңбегі  аздың 
өнбегі  аз.  Еңбегі  ештің  -  күні  кеш.  Мұнда  эксплицитті  берілген  бағалау  предикаты 
қолданылған. 
Атап  айту  керек,  еңбек  атауымен  тығыз  байланысты  мақалдар  халық  арасында 
қалыптасқан  азық  табудың  жолы  ретінде  мифтік  күш  туралы  көріністі  білдіреді:  Еңбек 
қылсаң  ерінбей,  тояды  қарның  тіленбей.  Кім  еңбек  етсе  -  сол  тоқ.  Еңбек  —  адамның 
екінші  анасы.Осылайша,  еңбек  және  жалқаулық  туралы  мақалды  талдаудың  негізінде, 
жасалған 
еңбек 
атауының 
когнитивті-семантикалық 
құрылымы 
«ыждаһатпен 
қиюластырылған  әрекет  пен  жай-күй»  инвариантына  негізделген.  Бұл  инвариантқа 
провербиальды  мағынаның  екі  басты  бағыттары  бағынады:  біріншісі  -  «мақсатты  әрекет, 
мәні  жоқ  ыждаһат»  мазмұнды  компонентімен,  екіншісі  -  ыждаһатпен  қиюласқан  мақсатты 
әрекет компонентімен. Екінші бағыт жіктеледі және провербиальды мағыналардың екі блогы 
жасалады.  Олардың  біріншісі  «адал  еңбек»  мазмұнды  компонентімен,  екіншісі  -  «адамның 
жеке басының игілігіне бағытталған» компонентімен байланысты./4/ 
Айта  кететін  маңызды  жайт,  провербиальды  мағынаның  әрқайсысы  барлық  жүйенің 
өкілі  ретінде  тұрады.  Бұдан  еңбек  атауының  барлық  мақалдық  айтылымдарда  ішкі 
«локализациясы»  бар  -  ішінара  бағытталған  субъект  ыждаһаты  бар  субъектілік  әрекеттің 
сипаттамасы туралы көріністі жасайтындығын түсінуге болады. 
1.
 
Гумбольдт  В.  Избранные  труды  по  языкознанию.  —  Москва:  Прогресс, 
1984. - 400 с. 
2.
 
Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. Минск: ТетраСист, 2004.-55с. 
3.
 
Қасьім  Б.  Когнитивті  лингвистиканың  теориялық  негіздері  //  Қазақ  тілі 
мен әдебиеті және инновация мәселелері. - Алматы, 2008. - 5-9 бб. 

Абай атындагы ҚачҮ11У-дың Хабаршысы. «Филология гылымдары» серияси, МЬ2 (і2).2010ж. 
 
4.
 
Қазақстан.  Ұлттық  энциклопедия.  (ҚҰЭ).  2  том.  -  Алматы:  Қазақ 
энциклопедиясы, 2002. - 720 б. 
5.
 
Абайдың тілдік тұлғасындағы этномәдени аппарат // Шоқан тағылымы - 
13. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - 2008. - Б.110-113. 
 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  вопросы  когнитивной  лингвистики  как  комплексной 
модели структурной языковой системы исследования в области познания человека и языка
Summary 
Some  problems  of  cognitive  linguistics  as  the  complex  model  of  structural  language 
cognition system of investigation in a sphere of man and language are. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет