Хабаршы вестник


СӘБИТ МҰҚАНОВ ШОҚАН IЗIMEH



Pdf көрінісі
бет13/21
Дата08.01.2017
өлшемі1,79 Mb.
#1396
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

СӘБИТ МҰҚАНОВ ШОҚАН IЗIMEH 
K.C. Ахмет - 
қазақ әдебиеті кафедрасының доценті әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университетінің  
филология факультеті. 
«Жол таптым бар қазақтың жүрегіне»- дел жырлаған қазақ әдебиетінің классигі Сәбит 
Мұқанов  бір  кісідей-ақ  саяхатшы  болған.  Шығыс  елдеріне  де  ат  басын  бұрған.  Сондай 
сапарларының бірі- Қытай елін аралауы. 
Табиғаттың  барлық  тыныс-  тіршілігіне  жан  бітірген  көктемнің  бір  сәтті  күнінде 
жазушының инабатымен қатар келген хабарды Сәбит Мұқанов: «1956 жылы майдың 14 күні 
почтальон  келді.  Қолында  маған  деген  телеграмма.  Ашып  оқысам,  одақтың  жазушылар 
ұйымынан, Москваға тез жетіңіз, бір топ жазушылармен қытайға саяхатқа барасыз - депті. 
Бұл  хабарға  мен  қуанып  кеттім.  Өйтуіме  екі  себеп  болды,  бірінші  себеп-  советтік 
Отанымыздың  көп  жерін  көрген  менің  Қытайға  бұл  баруым  -  шет  мемлекетке  бірінші 
шығуым,... екінші себеп - өзге шет елге емес Қытайға бару маған ерекше қуаныш! ...» дейді. 
Қытайға кеңестер одағы бойынша Мәскеуден үш жазушы аттанбақшы болады. Олар: 
орыс  жазушысы  Вера  Казимировна  Кетлинская,  украин  жазушысы  Вадим  Николаевич 
Собко болса, Қазақстаннан Сәбит Мұқанов. 
Осы сапарға шығар алдында Сәбит Мұқанов мықтап дайындалғанға ұқсайды. Авторға 
сөз берейік:  «... тарихына үңіле бастасам жер шарындағы ең ескі  халықтың бірі саналатын 
Қытай  Айсадан  әлденеше  мың  жыл  бұрын  мәлім  болып,  талай  заманның  сұрапыл 
дауылдарын  басынан  кешірген  екен.  Бірақ,  бұдан  102  жыл  бұрын  Шоқан  Уәлиханов 
айтқандай,-  көрші  халықтар  Қытайды  талай  рет  жаулап  билеген,  одан  тек  Қытайдың 
әкімдері ғана ауысып, халқы мызғымастан, қытайлық қалпын бұзбастан тұра берген, жаулап 
алушылар Қытайды өзіне айналдырудың орнына, өздері  оның терең теңізіне батып, Қытай 
болып кеткен» дегеніне көзбен көріп отырғандықтан таңғалмаймыз. 
Сәбит  Мұқанов  қытай  еліне  Шоқан  Уәлихановтан  соң  қайтапанғалы  тұрған  сапарға 
үлкен жауапкершілікпен қараған. 
«Ил-12  ұшағымен»  Москва-  Свердлов-  Омбы-  Новосібір-  Краснояр-  Иркут- 
Уланбатор-  Пекинге  әр  әуежайға  қонған  уақыттарын  есептемегенде  табаны  күректей  22 
сағат, яғни бір тәуліктей ұшақ ішінде болған. 
Жолшыбай басып өткен елді- мекен қалалардың, елдердің, өзен, көлдердің тарихына 
дейін  мөлдіретіп  айтқанда,  жазушының  тектен-тек  классик  еместігіне  таң  каласың  да,  кім- 
кімге де үлгі болғандай географиялық біліміне қызығасың. 
Қазақ ауылдарынан, одақтас республикалардан Сәбеңнің ескі  танысы кездесіп үйіне 
шақырыпты  десе,  оған  ешкім  таң  кала  қоймас.  Ал,  өмірінде  бірінші  peт  ат  басын  тіреген 
Қытайдай алып елде Сәбит Мұқановты ұлты Хансу, ескі танысы іздеп келіп, сырласып, шер 
тарқатып,  әрі  -  беріден  соң  үйіне  арнайы  достарымен  шақырып,  құрметті  қонақ  болу  кез- 
келгеннің маңдайына жазылмаған құрмет. Ол- Эми Сяо. Қытайда кездескен екінші танысы 
Павел  Феорович  Юридин.  Ол  -  Эми  Сяо  мен  Сәбит  Мұқановқа  Мәскеуде  сабақ  берген 
профессор. Қытайдағы қызметі - Совет өкілдігінің басшысы. 
Ал  Эми  Сяо  1931-33  жылдары  Москвада,  Кызыл  профессорлар  институтының 
әдебиет  бөлімінде  бір  партада  отырып  оқыған  досы.  Алғашқы  бір  ай  Хонькоу,  Кантон, 
Шанхайдың  іші-  сыртын,  төңірегін  аралауға  кеткен  соң,  делегация  екі  бөлініп  Кетлинская 
мен Собко орыстар мен  қытайлар көбірек араласқан  Мукден мен Харбин  жағын,  ал  Сәбит 
Мұқанов ұйғыры мен қазағы көп Синьцзянді аралайтын болып шешеді. Синьцзянға июньнің 
19 күні ертемен ұшып, жолда екі- үш жерге тоқтап, сол күні кешке Ланчжоу қаласына жетіп 
қонады. 
«Достық»  деп  аталып  Ақтоғай  -  Ланчжоу  темір  жолының  құрлысымен,  қала  және 
оның  төңірегімен  танысқаннан  кейін  Синьцзяннің  шығыс  жақ  шеттегі  қаласы  Құмұл 
(қытайша «Хами») арқылы Синьцзян орталығы Үрімші қаласына келеді. Есі кірген баладан 
егде тартқан ересектерінің гимніне айналған 

78
 
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж. 
 
 
«Тауы да алтын Алтайдың, 
Тасы да алтын» 
-
 
деген өңірге келгенде Сәбеңнің көлдей көңілі арнасынан тасып, жаны рахат сезімге 
бөленеді. 
Шыңжаңға  келгенге  дейін  қара  көз  қазақтарды  іштей  іздеумен  болған  Сәбит 
Мұқановтың көңілі сабасына түсіп, әр кімнің көкейіндегі, қазақтар қытайға қай кезде барған, 
деген сұраққа жауапты тарихтың тереңнен тартады. Сәбит Мұқановтың айтуына  қарағанда 
қазақтардың  алды  Қытай  өлкесіне  Абылай  заманында  өткен  сияқты.  Содан  бері  әр  кезде 
ауысқан қазақтың, Сәбең барған кездегі саны жарты милиондай екен. 
Ұйғыр  автономиялы  ауданына  «Шыңжаңға»  қарайтын  қазақтар  әкімшілік  жағынан 
үшке бөлініп қоныстанғанын айтады. Алтай: орталығы Сары Сүмбі қаласы, рулық жағынан 
басым  көпшілігі  керейлер;  Тарбағатай,-  орталығы  Шәуешек,  рулық  жағынан  көпшілігі 
наймандар: Іле- орталығы Құлжа, рулық жағынан басым көпшілігі үйсіндер. 
Шыңжаңда  халқының  көптігі  жағынан  үшінші  орында  монғолдар  тұратынын  да 
көпшілік оқырман Сәбит Мұқанов саяхатынан соң хабардар болғанға ұқсайды. 
Сәбит  Мұқанов  Шыңжандағы  күндерінде  бүгінгі  күні  аты  бізге  таныс  әдебиет  пен 
мәдениетке  бір  кісідей  қатысы  бар  Әсет  Найманбаев,  Танжарық  Жолдыұлы,  Бұхара 
Тышқанбаев т.б. көзі ашық, көкірегі ояу бауырларын назардан тыс қалдырмаған. 
Айта кететін бір жай Сәбең қытайдағы қазақтар туралы онша шешіліп («Алыптардың 
адымында»)  жаза  бермеген.  Жазған  болса  баспада  лито  қысқартқан.  Қазақ  әдебиетінің 
классигі Сәбит Мұқановтың осы сапары Шыңжаңдағы бауырларды да тек қуанышқа кенеліп 
қоймай,  қанаттандырғанға  ұқсайды.  Оның  нақты  дәлелі  Мұқанов  шығармаларының 
насихаты күні бүгінге дейін толастамауында. Яғни, Ресей - Қытайдай екі алып мемлекеттің 
50-60 жылдардағы қоян-  қолтық араласып, жан-  жақты қарым-  қатынаста болуы, ондағы аз 
ұлттардың бірі болып отырған қазақ бауырларға да дем бергендей. 
Жақсының  жүрген  жерінде  із  қаладының  нақты  дәлелі  де  осы  -  Сәбең  сапары. 
Қазақтың  ғана  емес,  кеңес  одағындай  алпауыт  елдің  санаулы  жазушыларының  бірі  болып 
Сәбит  Мұқановтың  келуі,  бауырлардың  да  мерейін  үстем,  қанатына  қанат  байлап  кеткен 
екен. 
Арғы  беттен  келген  жасамысы  бар,  жасы  бар  классик  жазушының  шығармаларын 
кезінде  ата-  әжелері,  одан  ата-аналары,  хат  тани  бастағанда  өздері  оқығанын,  мазмұнын 
тамылжыта айтып дәлелдесе, өлеңдерін жатқа айтып тамсандырады бүгін. 
Осы  сапарында Сәбит  Мұқанов Шоқан  Уәлихановты бір сәтте  есінен шығармағанға 
ұқсайды.  Оның  себебі  де  жоқ  емес,  Сәбең  бұл  кезде  Шоқан  Уәлиханов  жөнінде  көркем 
шығарма  жазуға  дайындалып  жүрген  болатын.  Сондықтанда  Шоқанның  ізімен  жүрген 
сәттерінде  тарихи-  этнографиялық  қазынасын  молайтып  жүрді.  Тіпті  Шоқанның 
Қашқарияда 10 ай 14 күн тұрғанын да ең алғаш айтқан Сәбит Мұқанов болатын. 
«Шоқан  Қашқарияда  10  ай  14  күн  тұрған  шағында  бұл  елдің  тарихы,  экономикасы, 
саяси  халі,  әдет-  ғұрпы,  салт-  санасы  туралы  қисапсыз  көп  материал  жинап,  сапарынан 
қайтқан  соң  бұл  тақырыпта  көптеген  енбек  жазған  адам»,  деп  алады  да,  аталған 
проблемаларды тарата баяндайды. Әсіресе ұйғыр халқының тарихы мен мәдениетіне, саяси 
жай-  күйіне  бей-  жай  қарамай,  идеологиялық  тіріліктің  өзегіне  қан  жүгірте  баяндаған. 
Шоканның саяхатына барлау жасаған. Қазақтың алғаш ағартушы- демократының Қытайдағы 
әрбір күніне мән берген. 
Әсіресе, ұйғырлардың тарихын тереңнен тартып, Шоқанмен алма- кезек пікір алысып 
отырғандай сөз етеді. «... Ұйғырлар біздің жыл санауымызға дейінгі 250 жылдан IX ғасырға 
дейін  буддизмге  бағынып  келсе,  мұсылмандыққа  VIII  ғасырдан  кіре  бастаған.  Қытай 
тарихшыларының айтуынша, ұйғырлар арабтармен қатты соғысып, күшінен асқан соң-ақ бас 
иген. Мауреннаһардағы (Аму мен Сыр арасы С.М.) арабтың бас әкімі Шаһмар (Шамар) осы 
соғыста  өлген.  IX  ғасырда  арабтың  мұсылман  діни  үгітшілері,  Хасан  Басри,  Әбунасыр 
Самани  келіп,  ұйғырларды  ислам  дініне  қаратқан»  деп  тереңнен  тартып,  Шоқанның 
тарихшылдығынан хабар береді. 
Сәбит Мұқанов талай оқиғаларды баяндай келіп, Шоқанның гуманистік ойын көрсете 
кетуді  де  ұмытпайды.  Өйткені  ұйғырлардың  азаттыққа  ұмтылған  қадамдары  ылғи 
сәтсіздікке ұшырай бергенін білген Шоқан «бұлардың қолы толық бостандыққа еш уақытта 
жеткен  ел  емес.  Сондай  құлдық  пен  тәуелділіктің  салдары  мінезіне  де  әсер  етіп,  олардың 
кескінінен ылғи көңілсіздік пен үмітсіздіктің ізі көрініп тұрады» деу арқылы өз халқының да 
жай-күйінен  емеурін  танытып  қояды.  Сөйтіп  Шоқанның  гумантистік  көзқарасынан  хабар 
береді. 
«Ғылым  атаулының  түп  қазығы  -  тіл»  дегеніне  азды-көпті  назар  аударған  уақытта 

79
 
Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 
 
 
шын мәніндегі ғалым академик С.Е.Маловтың «Жамбылдың тілі» деген диссертация жазған 
М.И.Ритман-Фетисовтің  қорғауына қарсы болғанда  «бір ұлттың жазушысының тілі  туралы 
еңбек жазу үшін сол ұлттың тілін жақсы білу керек» деген табиғи талаптың әлі күнге дейін 
орындалмай келе жатқаны ойландыруы тиіс. 
Осы  тұрғыдан  келгенде,  С.Мұқанов,  Шоқан  «қай  халықтың  тұрмысын  зерттесе  де, 
ғылымның қай тарауын сөз қылса да ең алдымен сол зерттеген обьектісіне байланысты тілді 
түсінуге,  білуге  тырысқан.  Бұл  жайда  оның  жетістіктері  де  аз  болмаған»  деп  ең  алдымен 
алғаш  оқуға  келгенде  орысшадан  бір  ауыз  сөз  білмей  келіп,  азғана  уақытта  жанындағы 
шәкірттерді  ғана  емес,  бастықтарды,  оқытушыларды  таң  қалдырғаны,  тіпті  кадет 
корпусында  оқымаған  француз,  неміс,  латынды  біліп  алғанын  дәлелге  келтіре  отырып, 
«барған  өлкесінің  жергілікті  тілін  білуге  Шоқанның  қатты  тырысқандығын  біз  оның  1856 
жылы  Құлжаға  барғанда  жазған  күнделіктерінен  білеміз»  деген  ойын  Иакинф  Бичураннің 
ғылыми ізденістерімен, жалпы Қытай тілі мен тарихына ұластырып жіберіп, Шоқанның шын 
ғалым екенін көзге көрсеткендей болады. «Шоқан - қазақтан шыққан бірінші синолог» деп 
қорытынды жасаған. 
Қашқарияда  болған  уақытта  ұйғыр  тілін  үйренгені,  сондай-ақ,  «Шоқанның  қолына 
архон  жазуы  түспегенмен,  Қашқарияда  тұрған  күндерінде  монғолдың  жазуы  мен  тілін 
үйренгені,  «Тарихи-Рашиди»  аталатын,  дүние  жүзіне  әйгілі  шығарманы»  оқығанын  жіпке 
тізіп көрсетеді. 
Шоқан еңбектеріне, әсіресе ғылыми ізденістерін әңгімелеген уақытта ұлы ғалымның 
ой-пікірін  келтіре  отырып,  өз  білігін  жарыстыра  отыруы  арқылы  тарихи  шындыққа  көз 
жеткізеді.  Мәселен  «Тарихи-  Рашидиді»  әңгімелеген  уақытта  оның  авторы  Мұхаммед-
Хайдар  Күрекапның  Қашқар  ханы  Абдул-  Рашидке  уәзір  болғанын,  оны  европалықтар 
білмейтіндігін  тілге  тиек  етеді  де,  атақты  «Тарихи-  Рашидидің»  түрікше  аудармасы  бар. 
Петербург  университетінің  кітапханасында  персиялық  қолжазбасы  бар.  Өкінішін  қоса 
айтқанда, академиялық данасы толық емес, ол  университетте сақталған жазбасында кеткен 
қателіктен аяқ алып жүруге болмайды. 
«Тарихи-Рашиди»  екі  жүйеге  бөлінеді:  бірінші  бөлімінде  Тұғылық  -  Темірден  (ұлы 
Монғолия империясын алғаш құрған, 1362 жылы өлген адам - С.М.) бастап, Рашидке (1554 
жыл)  дейінгі  Қашқар  хандарының  тарихы  сипатталады;  екінші  бөлім  естеліктер  (мемуар) 
түрінде  жазылған.  Хайдардың  өзі  атақты  Дулат  (Дулат  руы  -  С.М.)  тұқымынан  шыкқан. 
Оның Ұлысбек аталған ата-тегі Моғол ұлысында сондай роль ойнаған», -дегенді әрі тарихқа, 
әрі  шежіреге  жатқызуға  болатындықтан  «Тәзкирян  Хожақан»  (Қожалар  тарихын)  талдауы 
дәлелдейді.  Сондай  тарихи  еңбектерді  зерттей  отырып  «Шоқан  Қашқарияның  европалық 
мағынадағы бірінші тарихын жасайды» деген пікіріне еріксіз қол қоясыз. 
«Оның шұқшия зерттеген бір саласы - Қытай тарихы». Ол барлық жағдайларды еске 
ала келіп, 
1)
 
Қытайдың  мемлекет  боп  тіршілік  жасауы  үшін  бастаушы  идеясы  болу  керек;  2)  ішкі 
дүниесі, яғни ой- санасы берік халық еш уақытта жауына жеңдірмейді; 3) халықта мәдениет 
болу  керек»  деген  тұжырымның  шындығын  Қытай  халық  республикасы  бүгін  дәлелдеп, 
әлемге ықпал жасайтын күшке айналып отыр. 
Шоқан  осындай  сүбелі  ойларды  Орта  Азияның  жайсыз  тұрмыс-тіршіліктеріне 
байланыстырып, «Орта Азияны қайткенде қараңғыдан жарыққа шығару керек деген сауалға 
Шоқан  тура  жауап  бермей,  мәселені  орағытып  барып  шешкісі  келді»  деп  Шоқанның 
солқылдақ  позициясын  да  аңғартып  қояды.  Осы  тарихи  мәселелерді  әңгімелеген  уақытта 
Шоқанның  ғалымдық  және  адами  позициясы  «барлық  саясаттық  және  ғылымдық 
еңбектерінде  өзін  жұрт  алдына  орыс  саясатының,  орыс  ғылымының  өкілі  ғып  тартады  да 
отырады.  Туған  халқы  қазақ  туралы  айтқан  пікірлерінде  де  ол  орыс  саясатының,  орыс 
ғылымының өкілі болып отырудан танбайды» деген ойын жасырмайды. Ол диалектикалық 
заңдылыктардан туатын жай. Оны біздің өміріміздің қай кезі болсада нақты құбылыстармен 
дәлелдейді. 
Бұл  айтылғандардың  барлығы  Сәбит  Мұқанов  қытай  сапарынан  оралған  соң  Шокан 
ізімен жүрген сәттердегі ойына ой, іліміне ілім косқан құтты зерттеудің жемісі. Ең бастысы, 
Қытай  сапарынан  соң  Сәбит  Мұқанов  «Алыптардың  адымын»  жазды.  «Алыптардың 
адымын»  оқып  отырғанда  өзіңізде  Сәбит  Мұқановпен  қытай  елін  аралап  жүргендей 
болатыныңыз бір болса, екінші, қытай халқының өсіп- өркендеуінен бастап тарихымен терең 
танысып, эстетикалық- этнографиялық танымыңыз байи түседі. 
Сәбит  Мұқанов  Қытай  елін  екі  ай  аралағаннан  кейін  21  июль  күні  Құлжа  қаласы 
Қорғасқа  (орысша  «Харгос»,  қытайша  «Чимпанзе»)    келіп  қонған.  Шекара  қақпасында 
тұрып,  Бай  Хуа  Цифаң!  деп  қоштасып  496  беттік  күнделікпен  оралуы  тек  Сәбит 

80
 
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж. 
 
 
Мұқановтың ғана емес, бүкіл қазақ ұлтының баға жетпес мұрасы. 
1.
 
Сәбит Мұқанов. Алыптар адымы,- Алматы, 1959. 
2.
 
Сәбит Мұқанов. Жарқын жұлдыздар. -Алматы, 1964. 
Резюме 
В статье рассказывается о поездке выдающегося писателя Сабита Муканова в Китай. 
Summary 
This article tells us about an outstanding Sabit Mukhanov’s trip to China. 
А.С.ПУШКИН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ - С.СЕЙІТОВ ЕҢБЕГІНДЕ  
 
Ж.С.Әділханова - 
ҚазҰУ-ң аға оқытушысы. 
60-90  жылдардағы  әдебиетімізде  аударма  мәселесімен  саналы  түрде  айналысқан 
зерттеушілердің  көшбасында  С.  Сейітовтың  есімі  тұр.  Оның  қаламынан  туған  зерттеу 
еңбектерінің  дені  аударма  мәселесімен  тікелей  байланысты.  Ғалым,  әсіресе,  А.С.Пушкин, 
В.В.Маяковский  шығармаларының  қазақ  тіліне  аударылу  мәселесін  жан-жақты  талдап, 
таразыға тартып, әдеби- көркемдік тұрғыдан баға береді. Қазақ әдебиеті үшін А.С. Пушкин 
поэзиясының  орны  ерекше  екені  сөзсіз.  Абай  бастап  аударған  ұлы  орыс  ақынының 
шығармалары  аса  рухани  жақындықпен  қабылданып,  төл  тілімізге  сіңісіп  кеткені  ақиқат. 
Бірақ  аударма  деңгейі,  көркемдік  санасы  қандай  дегенде,  М.  Әуезовтың,  Қ.Жұмалиевтің, 
С.Сейітовтың, С.Қирабаевтың зерттеулерінде бірқатар озық ойлы пікірлерді кезіктіреміз. 
С. Сейітовтің «Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дәстүрі» атты зерттеу еңбегінің 
көтерер жүгі ауқымды, ғылыми маңызы жоғары. Бұл еңбек 1985 жылы «Ғылым» баспасынан 
жарық  көрді.  Көлемі  163  бет.  Мұнда  А.С.  Пушкиннің  лирикалық  шығармаларын  ана 
тілімізге  аударудың  бір  ғасырдай  уақыт  ішінде  қалыптасқан,  дамыған  дәстүрлері  ғылыми 
тұрғыдан  қарастырылады,  көркем  аударманың  кейбір  теориялық  мәселелері  сөз  болады. 
Ғалым  әдебиеттердің  өзара  байланысының,  оның  ішінде  шығармалардың  біріне-бірінің 
аударылуы арқылы әдебиеттің баюы, дамуы туралы терең талдаулар жасайды. Аударманың 
теориялық,  практикалық  мәселелерін  жан  -  жақты  сараптайды.  Сол  кезеңдегі  Кеңес 
жазушыларының  Бүкілодақтық  екінші  съезінде  (1954ж.)  Халықтар  әдебиетінің  көркем 
аудармасы  жөнінде  арнаулы  қосымша  баяндама  жасалып,  оның  кеңінен  талқылануы 
еліміздегі  ұлттардың  ынтымағын  арттыру,  олардың  арасындағы  рухани  алмасуға  молынан 
мүмкіндік  жасау  бағытында  көркем  аудармаға  айрықша  мән  берілетінін  айтқан  болатын. 
Реалистік  бағыттағы  әдебиеттің  көрнекті  өкілдері,  аударма  ісінің  беделді  теориктері  П. 
Г.Антокольскийдің,  М.О.  Әуезовтің,  М.Ф.Рыльскийдің  осы  жиында  айтылған  тың 
тұжырымдары  мен  пайымдаулары  көркем  аударманың  толғағы  жеткен  аса  маңызды 
мәселелерінің  бірі  болды.  Советтік  аударма  мектебінің  теоретиялық,  практикалық 
проблемалары  жөнінде  арнаулы  зерттеулері  мен  мақалалар  онда  аса  құнды  пікір  айтқан 
жазушылар мен ғалымдар К. Чуковский, М. Рыльский,  А. Федоров, И. Кашкин, М.Әуезов, 
А.Кундзич, Г. Гачечиладзе т.б. болды. 
С. Сейітов  өз  кезеңінде  бұл  тұрғыда  ауқымды  еңбектер  жазған  алғашқы 
ғалымдарымыздың  бірі  болды.  Аталған  еңбегінде  де  осы  ғылыми  таяздықты,  аударма 
саласындағы  сынның  кемшін  тұсын  толықтыру  үшін  жазғандығын  байқаймыз.  Ғалым  ол 
туралы  былай  дейді:  «  Бүкіл  дүниежүзінде  әдебиеттің  дамуына  зор  ықпал  жасаған  орыс 
классиктері  А.С.  Пушкин,  М.Ю.Лермонтов,  Н.А.Некрасов  тәрізді  данышпан  ақындардың 
негізгі  шығармалары  ана  тілімізге  аударылғалы  және  бірнеше  рет  қайта  басылымдары 
жарық  көргелі  қашан.  Кезінде  мерзімді  баспасөздерде  сиректеу  болса  да  жарияланатын 
азын-аулақ  рецензияларды  атамасақ,  бізде  әлгі  ақындардың  поэзиялық  дүниелерінің 
қазақшаға  қалай  аударылғанын  жүйелі  түрде  қарастыратын,ғылыми  тұрғыдан  толық 
талдайтын  еңбек  әзірше  көрінбей  келеді.  Біз  мұны  толғағы  жеткен  түбегейлі  мәселелердің 
бірі  деп  білеміз.  Сондықтан  да  әлемдік  әдебиет  алыптарының  бірі  А.С.Пушкин  мұрасын 
қазақ  ақындарының  әр  кезде  қалай  игергені,  жұртшылық  кәдесіне  жаратуға  қандай  күш 
жұмсағаны, жеткен межелері, ала алмаған асулары туралы ауқымды әңгіме қозғауды қажет 

81
 
Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 
 
 
деп  таптық.  Осының  өзінде  біз  ақынның  поэзиялық  шығармаларын  тұтас  алмай  тек 
лирикасына тоқталуды мақұл көрдік»,- Зерттеуші өзі айтып отырғандай, бұл еңбегінде А.С. 
Пушкиннің  лирикалық  шығармаларының  таңдаулыларын  ғана  іріктеп  алып,  жан-жақты 
сараптайды. Оның үстіне, бір өлеңнің әр жылдардағы бірнеше аудармасын жіті қарастырып, 
өзара салыстыру, алдыңғы аудармаға қарағанда соңғысында түпнұсқаның қандай дәрежеде 
игерілгенін  анықтау  -  айтуға  ғана  оңай  шаруа.  «Инемен  құдық  қазғандай»  көздің  майын 
тауыса,  тер  төккен  ғалым  шын  мәніндегі  мағыналы,  әрі  бағалы  еңбек  жазғанын  мойындау 
ләзім. 
Орыстың басқа ақындарына емес, Пушкинге неге тоқталды? Оның бірнеше себептері 
бар. Солардың ішінде бастысы - Пушкиннің қазақ топырағына жақындығы. С.Сейітовтің өзі 
мына мәселелерді атап етеді: біріншіден, Пушкиннің қазақ жерінде болуы, қазақ халқының 
тұрмыс  -  тіршілігімен  танысуы,  оның  мәдениетіне  ыстық  ықылас  білдіруі  болса,  екінші  - 
1823-24  жылдары  Одессада  айдауда  жүрген  кезінде  әйгілі  шығыстанушы  А.  Левшинмен 
достасып, қазақ елінің тұрмыс қалпы, әдет-ғұрпы жайында ұғым-түсінігін тереңдетіп, алған 
әсерін молайта түседі. 1933 жылы Пушкин атышулы Пугачев қозғалысы болған жерлерді өз 
көзімен  көру,  болашақ  кітабына  материалдар  жинау  мақсатымен  Орынбор  өлкесіне,  одан 
Батыс  Қазақстанға,  Орал  қаласына  келеді.  Сол  жылдың  21-23  сентябрінде  Оралда  болып, 
Жайық жағасындағы қаланы аралайды. Осы сапарында А.С. Пушкин «Қозы Көрпеш - Баян 
сұлу»  жырын  естіп,  қатты  қызыққан.  Жолсеріктеріне  жырдың  желісін  жаздырып  алған. 
Сонымен  қатар,  ұлы  орыс  ақының  мәдениетіміз  бен  әдебиетіміздің  шыңы  Абайдың  өзі  де 
аударып,  ұлтымыздың  рухани  баюына  зор  ықпал  еткені  мәлім.  Ғалым:  «Пушкин 
поэзиясының  ана  тілімізге  аударылуы  әдебиетіміздің  қорын  байытып  қана  қойған  жоқ, 
сонымен  бірге  ақындарымыз  үшін  үлкен  шеберлік  мектебіне  айналды.  Оның  лирикалары 
мен поэмаларын  аудару  поэзиямыздың тынысын кеңейтті, көркемдік дүниесін байытты, өз 
топырағымызда  бұрын-соңды  кездесіп  көрмеген  жаңа  суреттеу  құралдарын  табуымызға 
көмектесті»,- дейді. 
Пушкин мұрасын игеру, халқымыздың рухани игілігіне айналдыру - ғалымның басты 
мақсаты болды. Зерттеу еңбегі мынандай тараулардан тұрады: «Сөйлейді Пушкин қазақша», 
«Әңгіме  ахуалы  -  аударма  ахуалы»,  «Түпнұсқа:  тең  түсу  ме,  кем  түсу  ме?»,  «Тармақтар 
таразыға  тартылғанда»,  «Салалап  сөз  сарасын  салыстырсақ»,  «Талдаудан  туындайды 
тұжырымдар».  Керіп  отырғанымыздай,  монография  салмақты  мәселелерге  жауап  іздейді. 
Зерттеуші  кіріспеде  Пушкинге  неге  тоқталғанын  дәлелді  фактілермен  атап  көрсетсе,  енді 
оның  аудармаларына,  көркемдік  саласына  нақты  мысалдармен  сын  тұрғысынан  талдаулар 
жасайды. 
А.С.Пушкиннің шығармаларының қазақ тіліне ғана емес, басқа да туысқан халықтар 
тілінде  аударылғанын  санамалай  емес,  салыстыра  сипаттайды.  Мысалы,  украин  тіліне 
«Құзғынға құзғын кездесті» («Ворон к ворону летит»), өлеңі 1830 жылы, «Полтава» поэмасы 
1836  жылы  ақынның  тірі  кезінде  аударылғаны,  ал  «Евгений  Онегин»  романының  бірінші 
тарауын  П.А.  Грабовский  1831  жылы  Иркутск  түрмесінде  отырған  кезінде  аударғанын 
айтады.  «Пайғамбар»,  «Бұлбұл»,  «Бұлт»  өлеңдері  армян  тілінде  1843  жылы  жарық  көрсе, 
грузиннің  әйгілі  ақыны  Илья  Чавчавадзе  «Пайғамбарды»  1857  жылы  аударғанын  атап 
көрсетеді.  Азербайжанда  Пушкиннің  шығармалары  алғаш  1880-81  жылдардан  бастап 
аударыла бастайды. Татарстан жұртшылығы 1899 жылы «Бақшасарай фонтаны», 1901 жылы 
«Балықшы  мен  балық  туралы  ертегі»  тәржімаланады.  Ал  қазақ  әдебиеті  тарихында 
Пушкинді  аудару  ұлы  Абайдан  (1887-1889)  басталады.  Ол  дүниежүзілік  әдебиеттің  асыл 
ескерткіші «Евгений Онегинді» қазақша сөйлетті. Осы шығармалардың аударылуы туысқан 
халықтар әдебиетінің ортақ рухани байланысын таныта отырып, әлемдік әдебиеттің көшіне 
бет  бұрғандығын  байқатады.  Қазақ  әдебиетінде  аударма  саласы  ұлы  Абайдан  бастау 
алатыны сөзсіз. Осы еңбекте де С.Сейітов Абай аудармасының көркемдік сипаты мен нәрлі 
сөз айшықтарының оқырманды баурап алатын сиқырлы әсерін терең, әрі дәйекті дәлелдейді. 
Автор  Абай  аудармаларының  тағлым  аларлық  өнегесі  мен  еркін  аудармада  да  поэзия 
қасиетін  берік  сақтағанын  көрсетеді.  Абай  оқымаған,  сауаты  кенде  қауымның  ыңғайына 
бейімделмей,  әсіресе,  жастарды  өресі  биік,  өрісі  кең,  мәдениетті  поэзия  үлгісіне  қарай 
жетелейді.  Зерттеуші  Абайдың  оқымаған  өрендерді  тәрбиелеп,ойын  өсіріп,  әлемдік 
әдебиеттің  ірі  туындыларын  түсіну  дәрежесіне  жеткізудегі  мақсатын  танытуға  тырысады. 
Абайдан  кейін  Б.Өтетілеуовтің  «Жиған-терген»  жинағында  А.С.Пушкиннің  «Көктемнің 
келуі»,  «Жүрсем  де  қай  ортада,  қайсы  жақта»  деген  екі  өлеңі  аударылды.  Мұнда  ол 
Өтетілеуовтің  түпнұсқадан  пәлендей  ауытқымай,  ақындық  ойды  сол  күйінде  жеткізуге 
тырысқандығын  айта  келе,  Абайдан  кейінгі  Пушкин  шығармаларын  аударған 
қаламгерлердің  шығармаларын  салыстыра  сипаттайды.  Мысалы,  1915  жылы  «Айқап» 

82
 
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж. 
 
 
журналының  4-санында  «Пайғамбар»  өлеңінің  қазақша  аудармасы  жарық  кереді.  Оны 
тәржімалаған  сол  кездегі  19  жасар  жас  ақын  -  Қошке  Кемеңгерұлы.  Зерттеуші: 
«Қ.Кемеңгеров  «Пайғамбардың»  желісін  бұзбай,  лұғатын,  көркемдік  суреттеу  құралдарын 
қалпынан  айнытпай  түсіруге  тырысқан.  Түпнұсқаның  рухын  ұғынып,  көпшілікке  түсінікті, 
оқуға  жеңіл  болар  деген  ниетпен  ол  кәдімгі  11  буынды,  4  жолды  өлең  формасын  таңдап 
алған. Тәржіманың тілі жатық, сөз кестесі әжептәуір»,- дей келе, тәржіманың осал тұстарын 
да дөп басып көрсетеді. «Ақынның «Глаголом жги сердца людей» деп келетін ең мықты, ең 
негізгі түйінін жеріне жеткізе айта алмаған. Әсіресе, «күйдір» сөзі күшті де, дәл де емес. Ол 
« жандыр» мағынасында алынса әлдеқайда мағыналы болатын еді. Тәржіманың елеулі міні: 
кейбір тармақтардың түпнұсқадан алыстап кетуінде. Мәселен, төртінші шумақтың алғашқы 
екі  тармағы  орысшадағы  :  «  И  дальней  лозы  прозябане»  сөзінен  басқашалау  -  «Сай-сайды 
өрлеп  біткен  бала  қайың,  Толықсып  гүлденгенін  күн-күн  сайын»  болып  шыққан.  Осындай 
ауытқуларына  қарамастан  Пушкиннің  ең  бір  күрделі  де  көрікті  шығармасы  «Пайғамбар» 
тұңғыш рет ана тілімізге тәржімаланып, орыс поэзиясын насихаттау, оның жанды мұрасын 
игеру  бағытындағы  ортақ  іске  азды-көпті  себін  тигізді»  С.  Сейітов  әдеби  процестерге 
осылайша  салмақты,  ойлы  талдау  жасай  отырып,  қазақ  әдебиетінің  алғашқы  қалыптасу, 
даму кезеңіндегі аяқалысын, бағыт-бағдарын бақылап, жаңашырлықпен ұлттық руханиятқа 
зор үлес қосты. Ғалымның жан-жақты ізденімпаздығы мен тереңдігі талайды тәнті етті. Екі 
тілге  жүйрік  С.  Сейітов  зерттеулеріндегі  әсіресе,  аударма  саласы  туралы  терең,  мағыналы 
пікірлер  -  біздің  бүгінгі  әдебиетіміз  үшін  құнды  мұра  екені  белгілі.  Құндылығы  сол  -  бұл 
қазақ  әдебиетінің  енді  қалыптасып  жатқан  кезеңдегі,  әдебиет  алыптарының  М.Әуезов, 
С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров, С. Мұқанов сияқты тұлғалармен  йықтас  жүріп,  көзін көріп, өз 
құлағымен  естіген  тарихи  деректерге  толы  ғылыми  еңбектер.  Жалаң  сөзге  емес,  нақты 
дереккөздерге  сүйеніп,  жылнамаларды  дәл  келтіріп  айту  -  С.  Сейітов  шығармашылығына 
тән  басты  ерекшелік.  Әлемдік  әдебиеттен  орын  алған  А.С.  Пушкиннің  шығармашылығын 
терең  талдай,  жан-жақты  зерттеу  аса  білімділікті  талап  етеді.  XX  ғасырдың  басындағы 
әдебиетші қауымның Пушкиннің шығармашылығына соқпай өткені кем де кем. Бірақ оның 
бәрі асыл ма, жасық па? С. Сейітов зерттеулері осыны сараптайды. 
1949 жылы Пушкиннің туғанына 150 жыл толуына орай «Таңдамалы шығармалары» 
жарық  кереді.  Аударманың  редакциясын  басқарған  М.  Әуезов  пен  Ғ.  Мүсірепов  болды. 
Мұнда  Абай  аудармаларынан  бастап,  52  тәржіма  енеді.  Ал  1953-54  жылдары  Қазақтың 
мемлекеттік көркем әдебиет баспасы «Шығармалар» деген атпен Пушкиннің төрт томдығын 
шығарады.  Бұл  жинақта  біраз  өлеңдер  жаңадан  аударылды.  Aтап  айтқанда,  «Ағайынды 
қарақшылар»,  «Бақшасарай  фонтаны»  (аударған  -  Т.Әлімқұлов),  «Тазы  ит»  (аударған  - 
Ғ.Қайырбеков)  т.б.  Мұнан  басқа  жеке  басылымдарда  орыс  халқының  «Хан  Салтан  туралы 
ертегі»  (аударған  -  Ж.Молдағалиев),  «Балықшы  мен  балық  туралы  ертегі»  (аударған  -  3. 
Қабдолов) жарық көреді. Осылайша Пушкин шығармалары ана тілімізге аударылуы арқылы 
халқымыздың көркем сөз қазынасы байи түсті. Ұлы Абайдан  бастау  алған аударма  саласы 
туралы  қазақтың  көрнекті  қаламгері  С.  Сейітов  осы  асыл  қазыналардың  құндылығын 
құнттап,  өз  уақытында  әділ  баға  беруге  ақын  ретінде  де,  ғалым  ретінде  де  белсене 
атсалысады.  Ол  ұлттық  аударма  саласында  өз  міндетін  абыроймен  орындаған  санаулы 
білікті ғалымдарымыздың бірі болған еді. 
Пушкинді түсіну - оның поэзиясында ақынның өзіне ғана тән таңғажайып қасиеттер, 
дарын  даралығы,  болмысты  қабылдау,  суреттеу  байлығы  орасан  күшпен  көрінетіндігін 
қатесіз байқау, сезім арпалысы мен болмыс қайшылықтарын дөп басу. Пушкин поэзиясының 
рухани  сұлулығын,  нәзіктігін,  сезім  күйлерінің  ізгілігін,  кісілік  ойының  тереңдігін 
поэмаларын оқыған шақта ғана емес, аударған тұста да қадір-қасиеттерін жоғалтып алмауды 
басты назарда ұстаған ғалым өзі зерттеген ақындар шығармашылығына осы бағытта үңілген. 
Ұлттық әдебиетімізге аударма арқылы көркем образдардың, сиқырлы теңеулер мен сыршыл 
сөздердің  мол  қоры  қосылды.  Арзан  сөзді  кабылдамай,  кіл  жауһарларды  теріп,  асылдарды 
ғана жинауды үлгі еткен ғалым өз ісін мұқият атқарды. Ол туралы әріптесі Ә.Нілібаев былай 
дейді:  «Сәкеңнің  ғылыми  еңбектеріндегі  кейбір  ерекшеліктерді  айтсақ,  біріншіден  -  оның 
еңбектері  құрғақ  ғылыми  талдау  емес,  жеңіл  оқылатын,  оқушысына  сан  алуан  ғибрат 
ұқтыратын  қызықты  шығарма  ретінде  оқылатындығы,  яғни  тілінің  байлығы.  Екіншіден 
автордың өрісінің кеңдігі, тың, нақтылы дәлелдермен анық, түсінікті етіп айтып беретіндігі, 
мол білімдарлығы. Үшіншіден - ғылыми еңбектерінде үнемі халықтар достығын, әдебиеттер 
достығын  үзбей  уағыздап  отыратындығы»,-  дейді  .  Әлемдік  рухани  кеңістік  төрінен  орын 
алған А.С. Пушкин шығармаларының аударма сапасын сараптау - оңай іс емес. Десек те, С. 
Сейітовтың  теориялық  білімі  мен  ақындық  таланты  және  екі  тілге  жүйріктігі  осындай 
салмақты зерттеудің мән-мағынасын тереңдете түскендігі анық. 

83
 
Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 
 
 
1 .               Сейітов С. Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дәстурі. -А. 1985. 
2.
 
Әуезов 
М.  Пушкинді  қазақшаға  аудару  тәжірибелері  туралы. 
Кітапта: Уақыт және әдебиет.-А.,1962., 
3.
 
Нілібаев  Ә.        Мақала: "Ақын.Ғалым.Азамат ”. “Қаз.  мұғ. "1977ж.18 
ноябрь. 
Резюме 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет