Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет3/26
Дата08.01.2017
өлшемі7,69 Mb.
#1408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

 
Бҥгінгі кҥн талабына жауап бере алатын дидактикалық орта -әртҥрлі жаңа 
технологиялар  және  ақпараттар  легі  толассыз  жаңа  нәтижеге  ҧмтылған 
инновациялық  орта  болып  табылады.  Ал  дәл  осы  ортаны  жасақтау  қажеттігі 
келесі әлеуметтік және педагогикалық қажеттіліктермен сипатталады: 
- баланың оқу әрекетінің және жеке ӛз ӛмірінің толық дәрежелі субъектісі 
ете отырып, рӛлін кҥшейту; 
-  балада  толассыз  ақпарат  әлемінде  ӛзін-ӛзі  ҧйымдастыратын  іс-әрекеті 
субъектісі  сапаларын  дамыту:  нақты  нәтижеге  жеткізетін  мақсат  қоюда,  ӛз 
әрекетін жҥйелі жоспарлауда және оны жҥзеге асыруда; 

20
 
 
- оқу іс-әрекеті қҧралдарын, тәсілдерін, формаларын (жеке, топтық немесе 
ҧжымдық) таңдау мҥмкіндігі, ӛз бетіншелігі; 
-  қазіргі  ақпараттық  технологияларды  ӛз  қажетіне  қарай  кҥнделікті 
тҧрмыста еркін қолдана алудың ӛзектенуі. 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты 
жолдауында: «Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық 
дамуының негізі болуы тиіс» деп атап кӛрсетілгендей қазіргі кездегі білім беру 
жҥйесі әлемдік ӛркениет кӛшіне сай, жан-жақты ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялармен қамтамасыз етілуі керек.  
 Ақпараттық-коммуникациялық 
технология 
білім 
беру 
жҥйесін 
ақпараттандыруға,  білім  сапасын  арттыруға,  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне 
енуге,  электрондық  оқулықтарды,  интерактивтік  қҧралдарды  қолдануға, 
интернет  желісін  пайдалану–  Елбасымыздың  жолдауында  айтылып  кеткендей 
елімізде оқыту теледидарын қҧруға негізделген міндет.  
Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  –  тәрбиешінің  мҥмкіндігін 
жоғарылататын қҧрал.  
Компьютердің мҥмкіндіктерін психологиялық және дидактикалық тҧрғыда 
талдап, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолдану, ішкі тиімділігіне 
кӛңіл бӛлу тәрбиешінің шеберлігі болып табылады. Компьютердің графикалық 
мҥмкіндігі жаңа ҧйымдастырылған оқу іс –әрекетін бояулы суреттермен, тірек 
сызбалармен,  кестелермен  меңгертуге  жол  ашады.  Компьютерді  тәрбиеші 
әртҥрлі  мағлҧматтар,  қосымша  ақпараттар  беру  ҥшін  кӛрнекі  қҧрал  ретінде 
пайдалана алады. 
Мектепке  дейінгі  мекемелерде  ақпараттық  қатынастық  технология 
қҧралдарын  қолданудағы  мақсат  -  баланың  танымдық  қызығушылығын 
қалыптастыру,  балада  танымдық  қызығушылықтың  болуы  олардың  оқу  іс-
әрекеттерге  белсенді,білімнің  сапалы  болуына  жағымды  мінез  қҧлықтарын 
қалыптастыруға  мҥмкіндік  береді.  Бала  танымдық  іс  -әрекет  амалдары  мен 
тәсілдерін  игерумен  бірге  еске  сақтау,  ойлау,  елестету,  танымдық 
шығармашылық қабілеттерін дамытады . 
Балабақшада  ақпараттық  технологияны  пайдалану-  бала  танымын  жан-
жақты  дамытудың  шешуші  қҧралы.  Мыс:  мультимедиялық  ойындарды 
балабақшада  пайдаланғанда,  ҧйымдастырылған  оқу  іс  әрекеттерін   жоғарғы 
дәрежеде жҥзеге асыруға болады. Мҧндай  жағдайда тәрбиеші бала тәрбиесімен 
айналысқанда  әртҥрлі  шара,  ҧйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттер  ӛткізер 
алдында жиі-жиі  кӛрнекіліктер ауыстырмаған болар еді.      
Ойындар пайдалану алдымен балалардың қызығушылығын арттырып, оқу 
іс-әрекеттерге деген танымын,белсенділігін арттыра  тҥседі. 
Ақпараттық 
коммуникациялық 
технологияның 
кӛмегімен 
ҧйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  қалай  ӛткізуге  және  не  істеуге  болады 
деген сҧраққа, ӛз тәжірибемде мынандай бағыттарын ҧсынар едім: 
-Илюстративті (насихаттық) кӛрнекіліктер 
-Ақпараттық видео роликтерді қҧру және кӛрсету 
-Слайд шоу,ертегілер 

21
 
 
-Электронды ойындар 
-Электронды логикалық тапсырмалар 
-Электронды слайд шоу 
-Электронды дыбыстар 
-Қоршаған ортамен таныстыру,экология бойынша бейне сюжеттер  
-Тілдің ҥштҧғырлығына арналған слайд шоу.  
Білім  берудегі  мультимедия  –  таным  процесінің  жоғарылауына  септігін 
тигізетін, білім беру мазмҧнын интерактивті формада ҧсынатын, дидактикалық 
ақпаратты-бағдарламалық қҧрал. 
Дидактикалық  ойын  –  баланың  қызығушылығына  негізделген  оқыту 
тәсілдерінің  бірі.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  ойын  баласы  екенін 
ескере  келе,  дидактикалық  ойындардың  жҥйелі  қолданылуы  жақсы  нәтиже 
береді.    
Дидактикалық 
ойындар 
балалардың 
танымдық 
қабілеттіліктерін 
дамытады.  Мектепке  дейінгілерді  заттың  тҥсімен,  пішінімен,  кӛлемімен 
таныстыру,  сенсорлық  тәрбие  бойынша  баламен  заттардың  сипаттамалық 
белгілерін  қабылдауды    жетілдіруге  бағытталған  дидактикалық  ойындар  мен 
жаттығулар жҥйесін қҧру. 
Дидактикалық ойындарды ӛткізуде атқарылатын жҧмыстар: 
балаларды  ойын  мазмҧнымен,  ойында  қолданылатын  дидактикалық 
материалдармен  (заттарды,  суреттерді  кӛрсету,  олар  туралы  ойын  барысында 
білім мен тҥсініктерді айқындайтын балаларға қысқаша кеңес) таныстыру; 
ойын  барысын  және  ережесін  тҥсіндіру,  сонымен  бірге  тәрбиеші  ойын 
ережесіне сәйкес, ережелердің орындалуына назар аудару; 
тәрбиелеу  мен  оқыту  міндеттеріне  сәйкес  ойындарды  таңдау:  білімдерін 
тереңдету  және  жалпылау,  сенсорлық  қабілеттілігін  дамыту,  психикалық 
ҥдерістерін ( есте сақтау, зейін, ойлау, сӛйлеу)  белсендіру және т.б. 
таңдалған  ойынның  балалардың  жас  ерекшеліктеріне,  тәрбиелеу  мен 
оқыту бағдарламалары талаптарына сәйкестігін белгілеу; 
дидактикалық ойынды ӛткізуге  қолайлы  мезгілді  (ҧйымдастырылған  оқу 
іс-әрекеті кезінде немесе кҥн тәртібінің басқа мезгілдерінде) анықтау; 
ойнаушылардың санын ( топтың барлығы, кіші топтар, жекеше) анықтау; 
тәрбиешінің  ӛзінің  ойынға  дайындығы:  ол  ойынның  барысын,  ӛзінің 
ойындағы орнын, ойынға басшылық жасау әдістерін оқып білу және ҧғыну; 
балалардың ойынға дайындығы: ойын міндетін шешуге қажетті, қоршаған 
орта заттары мен қҧбылыстары туралы тҥсініктермен және  біліммен байыту. 
Қазіргі  таңда  мен  осы  айтылған  ақпараттық  қҧралдарды  ҥнемі,  ӛз 
тәжірибемде  оқу  іс  -әрекетінде  пайдаланып  келемін.  Мысалы:  Мен 
ҧйымдастырылған  оқу  іс  –әрекетімдегі  дидактикалық  ойындар  туралы  
қысқаша айтып ӛтсем. 
Дидактикалық ойындардың қҧндылығы сонда, балалар олардың кӛмегімен 
заттардың қасиеттерімен, олардың белгілерімен: тҥсі, кӛлемі, пішіні, сапасымен 

22
 
 
танысады,  сәйкестендіреді.  Ойындарда  салыстыруға,  классификациялауға 
тапсырмаларды шешеді, тапсырмаларды шешуде реттілікті белгілейді.  
«Суреттер  сыңарын  табу»  ойындары.  Мҧндай  ойындағы  ең  қарапайым 
тапсырма – алуан тҥрлі суреттерден бірдей сыңарларын:тҥстері, ҥлгілері және 
т.б.  бірдейлерін  табу.  Содан  соң  тапсырма  кҥрделенеді:  бала  суреттерді  тек 
қана  сыртқы  белгілерімен  ғана  емес,  сонымен  бірге  мағынасы  бойынша  да 
біріктіреді,  мысалы:  барлық  суреттердің  ішінен  «екі  ҧшақты  табу».  Суретте 
бейнеленген  ҧшақтар,  тҥсі,  пішіні  бойынша  әртҥрлі  болуы  мҥмкін,  бірақ 
оларды ҧқсатып заттардың бір тҥріне жатқызып, біріктіреді. Бҧл жалпы белгісі, 
бір белгісі бойынша суреттерді таңдау ойындары.  
Суреттердің қҧрамын, санын, орналасуын есте сақтау ойындары. Мысалы, 
«Тапшы, қандай суретті жасырдық?» ойынында балалар суреттердің мазмҧнын 
есте  сақтауы  керек,  ал  содан  соң  қай  суреттің  жоқ  екенін  анықтау  керек. 
Мҧндай ойындардың дидактикалық тапсырмалары: балаларда заттардың санын 
және  реттілік  есебі  туралы,  суреттердің  кеңістікте  орналасуы  туралы, 
суреттермен  болған  ӛзгерістерге  байланысты  айта  білу,  олардың  мазмҧндары 
туралы    білімін  бекіту  болып  табылады.  Мҧндай  ойындарда    жеке  тҧлғаның 
осындай  қҧнды  қасиеттері:  қайта  тҥрленуге  қабілеттілігі,  қажетті  бейнені 
жасаудағы шығармашылық ізденушілігі қалыптасады. 
Зерттеушілердің  пікірі  бойынша  дәстҥрлі  оқу  әдісімен  берілген 
материалдың  25%-ы,  кӛру  арқылы  33%-ы,  кӛру-есту  арқылы  50%-ы,  ал 
мультимедиялық  интерактивті  оқыту  бағдарламасы  кӛмегімен  берілген 
материалдан  75%-ы  есте  сақталады  екен.  Материалды  тҥсіндіруде 
мультимедиялық кӛрнекілікті қолдану баланың барлық – кӛру, есту, эмоциялық 
қабілетін арттырады.  
Мультимедиялық  презентацияларды  ҦОІӘ  кез  келген  бӛлігінде  жӛнді 
қолдану  әрқашанда  оң  нәтиже  береді.  Мысалы,  АКТ  қҧралдарын  кеңінен 
пайдалана  отырып,  балалардың  жас  ерекшелігіне  сай  тӛмендегідей 
дидактикалық ойындарды  қҧрастырып, тиімді қолданамын. 
Жыл мезгілдері 
Мақсаты:  Жаз  мезгілімен  таныстыруды  жалғастыру,  жҧмбақтарды  шешу 
арқылы балалардың танымдық қабілетін дамыту. 
Қажетті  құралдар:  интерактивті  тақта,    тӛрт  бӛлікке  бӛлінген  жаз 
мезгілінің суреті бейнеленген слайд, жаз мезгіліне байланысты жҧмбақтар 
 Ойын  барысы:  Тӛрт  бӛлікке  бӛлінген  шаршының  әр  тҥсінде  жасырынған 
жҧмбақты шешу, бӛліктерден жаз мезгілінің суретін қҧрастыру. 
 
    
         
 

23
 
 
     
          
 
 
                          
 
 
Жоғарыда – тӛменде, биік – аласа 
Мақсаты: жоғары - тӛмен, биік - аласа ҧғымдарын пысықтау. 
Қажетті  құралдар:  Кӛгілдір  аспан,  жасыл  алқап,  бейнеленген  сюжетті 
суретті слайд (интерактивті тақтада). Ҧшақтың, кӛбелектің бейнесі. 
 Ойын  барысы:  Интерактивті  тақтаға  бір  баланы  шақырып  экрандағы  бір 
бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі.  
Мысалы: Ҧшақ жоғарыда-аспанда ҧшады (биік ҧшады), кӛбелек тӛменде-
жасыл алқапта ҧшады(аласа ҧшады), - деп сипаттап айту керек. 
 
 
 
 
 

24
 
 
Заттар қандай геометриялық пішінге ҧқсайды? 
Мақсаты: Балаларға қоршаған ортадан басқа геометриялық пішінге сәйкес 
келетін заттарды табуға, салыстыруға ҥйрету. Сезім- қозғалыс тҥйсігі және кӛру 
жады арқылы заттарды зерттеудің тәсілдерін дамыту. 
Қажетті  құралдар:  интерактивті  тақта,  геометриялық  пішіндер: 
ҥшбҧрыш,  шаршы,  шеңбер  және  берілген  пішінге  сәйкес  заттардың  суреттері 
бар слайд 
 Ойын барысы: Бала  ӛзі таңдаған геометриялық пішінді атап және пішінге 
сәйкес  заттардың  суретін  тауып,  интерактивті  тақтада  орналастырады.  Қалған 
балалар ҥстел ҥстінде ойынды жалғастырады.  
 
         
 
 
Дҧрыс қой 
Мақсаты:  Заттың  санымен  (бір-кӛп)  таныстыруды  жалғастыру.  Бір  зат 
қайда, кӛп зат қайда тҧрғанын ажырата білуге ҥйрету. 
Қажетті  құралдар:  интерактивті  тақта,  ҥлкен  және  кіші  екі  тәрелке, 
кәмпиттердің (4 дана) суреттері бар слайд. 
 Ойын барысы: Балалардың назарын интерактивті тақтадағы тәрелкелердің 
суретіне аударту. Балаларға бір кәмпитті кішкентай тәрелкеге, ал кӛп кәмпитті 
ҥлкен тәрелкеге орналастыруды тапсыру. 
 
 
 
 
 
 

25
 
 
 
 
Білім  берудегі  мультимедия  –  таным  процесінің  жоғарылауына  септігін 
тигізетін, білім беру мазмҧнын интерактивті формада ҧсынатын, дидактикалық 
ақпаратты-бағдарламалық қҧрал. 
Ақпараттық-комуникациялық  технология  -келешек  ҧрпақтың  жан-жақты 
білім  алуына,  іскер  әрі  талантты,шығармашылығы  мол,  еркін  дамуына  жол 
ашуына тигізер пайдасы мол деп есептеймін. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Ембергенова  Ә.С.  «Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  танымдық 
қҧзіреттілігін дамытуға ықпал ететін ойындар».  
2.Досжанов  Б.А.  «Мультимедиялық  технологияларды  пайдалану  арқылы 
оқыту процесін жетілдірудің дидактикалық негіздері» Тҥркістан  2007-30 бет 
3.Мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінде  әдістемелік  жҧмыстарды 
ҧйымдастыру жолдары. Алматы 2013ж. 
4.  Бҧзаубақова  К.Ж.    «Жаңа  педагогикалық  технология».  Оқу  қҧралы. 
Алматы: Жазушы 2004-208  бет 
5. Байғазиева Г. «Жаңа педтехнология» Қазақстан мектебі  2014.№8-18 бет 
6.  Аккуланова  Б.Б.  «Ақпараттық    коммуникациялық    технологияларды 
пайдалану арқылы білім беру деңгейін кӛтеру» 
6.  Караев  Ж.А.  «Активизация  познавательной  деятельности  учащихся  в 
условиях  применения  компьютерной  технологии  обучения»  Алматы  1994-45 
стр. 
 
ӘОЖ 780.64 
БЕКМУКАМЕТ М. 
Ӛскемен қаласы әкімдігінің №18 «Еркетай» балабақша-бӛбекжайы КМҚК , 
Қазақстан  
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНІ БАЛАНЫҢ ТІЛДІК ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ КАММУНИКАТИВТІК 
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ 
 
Тіл қаруы –сӛз, сӛз қаруы-ой. 
Ақылды ой, алғыр сӛз адамның 
ең жоғары қасиеттері. 
Ғ. Мҧстафин 
 

26
 
 
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бҥкіл 
еліміз  бойынша  әлемдік  стандарттар  деңгейінде  сапалы  білім  беру  қызметін 
кӛрсетуге  қол  жеткізуіміз  керек»  десе,  ІІІ  тарауы,  18-ші  бағытының  7-ші 
тармақшасында:  «Ақпараттық  технологиялар  мен  ақпаратты  таратудың  жаңа 
нысандарына  бағытталған  мамандандырылған  білім  беру  бағыттарын  қҧру 
міндеті  де  алдымызда  тҧр»  делінген,  сондай-ақ  17-ші  бағыттың  3-ші 
тармақшасында  «он-лайн  тәсілінде  оқыту  тәжірибесін  дамытып,  елімізде  оқу 
теледидарын  қҧру  қажет»  деп  кӛрсетілгендей  бҥгінгі  кҥні  білім  беру  жҥйесі 
жаңа  педагогикалық  технологияға  негізделуін  және  ақпараттық  қҧралдардың 
кеңінен  қолдануын  қажет  етеді.  Осылайша  оқу-тәрбие  ҥрдісіндегі  жаңа 
ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. 
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін қҧруға бағытталған қазақстандық білім 
беру 
реформасының 
басты 
мақсаттарының 
бірі 
– 
инновациялық 
технологияларға  сҥйене  отырып,  баланың  бойында  шығармашылық  ойлауды 
дамытуға  мҥмкіндік  жасау  болып  отыр.  Мҧндай  кҥрделі  міндеттерді  шешуде 
мектепке  дейінгі  мекемелердің  алатын  орны  ерекше.  Бҥлдіршіндердің  білім 
берудің  кейінгі  сатыларында  нәтижелі  дамуын  анықтайтын  негіз  – 
балабақшадан қаланатындығы баршамызға мәлім. Мультимедиялық оқулықтар 
біріншіден  балалардың  қызығушылығын  арттырады,  екіншіден  зейін  қойып 
кӛрумен  қатар  тҥсінбеген  жерлерін  қайта  кӛруге,  тыңдауға  және  алған 
мағлҧматты  нақтылауға  мҥмкіндік  береді,  сонымен  қатар  бҥлдіршіннің  білім 
алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра тҥседі.  
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандартында «Коммуникация» білім беру саласы «мектепке дейінгі білім беру 
мақсаты:    ана  тілінің  базалық  қҧндылықтарын  меңгерген,  мемлекеттік  және 
басқа  тілдерде  мәдени-әлеуметтік  ӛзара  қатынасқа  дайын,  айналасындағы 
ортамен  ауызша  және  ауызша  емес  қҧралдардың  кӛмегімен  қатынас  жасауға 
қабілетті мектеп жасына дейінгі кӛптілді тҧлғаны тәрбиелеу.» деп кӛрсетілген. 
Осындай  кҥрделі  мақсат  пен  міндеттер  баланың  тілдік  қҧзыреттілігін 
қалыптастыруда 
ақпараттық-коммуникациялық 
технология 
қҧралдарын 
қолдану әдістемесін дайындау қажеттілігін кӛрсетеді. 
Қазіргі  таңда  баланың  тілідік  қҧзыреттілігінің  дамуына  маңыздылығы 
заманауи  ақпаратпен  қанығуынан  артады.  Теледидар,  бейнетаспа,  радио, 
интернет  алынатын  ақпарат  ағымын  ҧлғайтты  және  тҥрлендірді.  Алайда  бҧл 
кӛздер  негізінен  бәсең  қабылдау  материалдарын  береді.  Мектепке  дейінгі 
балаларды  оқытудың  маңызды  міндеті  дербес  бағалау  қабілетін  дамыту  және 
алынатын  ақпараттарды  іріктеу  болып  табылады.  Мҧндай  қабілеттің  дамуына 
білім беру қызметіндегі және еркін қызметтегі балалармен алынатын білімдерді 
қолдану практикасы болатын ойын кӛмектеседі.  
А.Байтҧрсынҧлы сӛйлеу туралы «Тіл  - адамның адамдық белгісінің қоры, 
жҧмсайтын  қаруының  бірі»  деп  жазған  .Ал  зерттеуші  С.Тҧрмаханованың 
айтуынша  тіл  –  материалдық  бірліктер  жҥйесі.  Ол  адамдардың  ӛзара  қарым-
қатынасы  ҥшін  қызмет  етеді.  Ал  сӛйлеу  –  тіл  бірліктерінің  тізбегі  болып,  тіл 
заңдылығына  сәйкес,  тілдік  материалдар  арқылы  ойдың,  сезім  мен  тілектің, 

27
 
 
кӛңіл-кҥйдің  нақты  мазмҧнына  орай  кӛрініс  беретін  қатысым  әрекеті.  Демек, 
сӛйлеу ӛзінің табиғатында тілдік жҥйеге, оның бірліктері мен заңдылықтарына 
тәуелді. Олай болса, тіл дамыту деген ҧғымның ӛзі ана тілінің сӛздік қорымен 
бірге  тілдің  нормалары  мен  лексикалық  жҥйесін  игерумен  байланысты.  «Тіл 
ҥшін,  -  деп  жазады  профессор  М.  М.  Кольцова,    -  дамулың  мҧндай  «қиын-
қыстау»  кезеңі  бала  ӛмірінің  алғашқы  ҥш  жылы  болып  табылады:  осы  кезге 
қарай  негізінен  мидың  анатомиялық  сӛйлеу  желісінің  жетілуі  аяқталады,  бала 
ана  тілінің  басты  грамматикалық  формаларын  меңгереді,  мол  сӛз  қорын 
жинайды. Егер алғашқы ҥш жылында сәбидің тіліне тиісті назар  аударылмаса, 
кейін  олқылықтың  орнын  толықтыру  ҥшін  қырқуар  кҥш-жігер  жҧмсауға  тура 
келеді».  
Ақпараттық  технологияны  пайдалану  барысында  біріншіден  балалардың 
қызығушылығын  арттырады,  екіншіден  зейін  қойып  кӛрумен  қатар  тҥсінбеген 
жерлерін  қайта  кӛруге,  тыңдауға  және  тілін  дамытады  алған  мағлҧматты 
нақтылауға мҥмкіндік береді, сонымен қатар бҥлдіршіннің білім алу кезеңінде 
оқу  іс-әрекетіне  белсенділігін  арттыра  тҥседі.  Мультимедиялық  оқулықтар 
балабақша  бҥлдіршіндеріне  арналған  таптырмас  қҧрал.  Себебі,  бҧл  кезеңдегі 
балалардың зейіні әдемі тҥстерге, әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге, яғни, 
әдемілікке,  әсемдікке  әуес  болады,  тілдік  қҧзыреттілігін  арттыруға  әсері  мол. 
Кез  келген  ҧйымдастырылған  әр  тҥрлі  әдемі,  ҧнамды,  жағымды  суреттер, 
сызбалар,  тәсілдер арқылы  графикалық  иллюстрациялар  негізінде  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  тәрбиеленушілердің  танымдық 
белсенділігін арттырып қана қоймай, тілінің дамуына, логикалық ойлау жҥйесін 
қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. 
Балаларға  оқыту  бағдарламасын  қарағаннан  гӛрі  ертегі,  әңгіме  немесе 
танымдық  фильм  кӛрген  немесе  тыңдаған  әлдеқайда  қызығырақ.  Олар  тілдің 
семантикалық  негізін  жылдам  ҧғып  алады  және  ӛздері  сӛйлей  бастайды. 
Әсіресе,  оқыту  кезінде  толық  ену  әдісі  пайдаланылса,  әсері  кӛп  болады.  Бҧл 
баланың  қазақ  тілімен  тҧрақты  және  терең   байланыс  жасауын  білдіреді.  Бала 
санасының астары ӛте алғыр және айқын нәтиже дәл қазір  кӛрінбесе де, бір-екі 
жылдан  кейін  баланың  ӛте  дамыған  лингвистикалық  қабілеттерін  әбден 
байқауға болады.
 
Балабақшада  ақпараттық  технологияны  пайдалану-  бала  танымын  жан-
жақты  дамытудың  шешуші  қҧралы.  Мысалы:  Мультимедиялық  оқулықтарды 
балабақшада  пайдаланар  болсақ,  оқу  іс-әрекеттерін  жоғарғы  дәрежеде  жҥзеге 
асыруға болар еді. Мҧндай жағдайда тәрбиеші бала тәрбиесімен айналысқанда 
әр  тҥрлі  шара,  оқу  іс-әрекеттер  ӛткізер  алдында  жиі-жиі  кӛрнекіліктер 
ауыстырмаған  болар  еді.  Бҧндай  оқулықтар  пайдалану  алдымен  балалардың 
қызығушылығын  арттырып,  оқу  іс-әрекеттерге  деген  белсенділігін  арттыра 
тҥсер еді. 
Балаларға  қазақ  ертегілерін  немесе  сергіту  сәттерін  видеоэкранмен 
тамашалату тиімділігі зор. Бала оны кӛре отырып қимыл-қозғалыс белсенділігі 
артып,  ертегіні  мазмҧндап  айтуға  ҥйренеді.  сӛздерді  қайталау  арқылы  тілі 
дамиды. 

28
 
 
Қорыта  айтқанда,  ең  басты  мақсатым:  ақпараттық  коммуникативтік 
технологиялар әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, 
олардың  ойлау  дағдылары  мен  есте  сақтау  қабілеттерін  жетілдіре  отырып, 
баланың тілін дамыту, еркін сӛйлеу дәрежесін кӛтеру. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007 
2.
 
Сайт  бетінен  А.З.Сисенованың  «Ақпараттық   технология-бҥгінгі    кҥн  
талабы»  атты мақаласы 
3.
 
 Сайт  бетінен  Б.Жолмҧханова  «Ҧрпақ   тәрбиесі-ҧлт  болашағы»  атты 
мақаласы. 
4.
 
Баймҧратова.Б.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту. 
5.
 
Белгібекова  Г.  Патриоттық  тәрбие  беруде  ауыз  әдебиетінің  атқаратын 
ролі // Бастауыш мектеп.- 2005. 
6.
 
Қабатай  Б.Т.  Мақал-  мәтелдер,  жҧмбақтар  және  жаңылтпаштардың 
балалар ҥшін  танымдық  тәрбиелік  мәні //  Білім-Образование.- 2008.-№4.-Б.48-
50 
7.
 
Мәмбетов Р. Балалар поэзиясындағы ертегілер // Ақиқат.-2006.-№1 
8.
 
Ә.Иржанова.  Жаңа  стандарт  негізінде  бала  танымын  қалыптастыру. 
Республикалық    ғылыми-педагогикалық  журнал   «Тәрбие   қҧралы»  №5,  2010 
жыл.  
 
ӘОЖ 159.922 
БЕРДИГОЖИНА Д.Б., ТУРЫМТАЕВА Б.Е. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Ӛскемен қ., Қазақстан 
 
ЖАСӚСПІРІМДЕРДІҢ ЖЕКЕ ТҦЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНА  
IT ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ӘСЕРІ 
 
Жасӛспірім  кезеңінде  адамдарда  ӛмір  қҧндылықтарын  таңдау  мәселесі 
пайда  болады.  Жасӛспірімдер  кӛбінесе  еліктеуіш  келеді  сондықтан  олар 
қоршаған  ортасында  не  кӛрсе  соны  бойына  дарытуға  бейім  келеді.  Ал  қазір 
жаңа  технологиялардың  дамыған  заманы,    бҧл  да  жасӛспірімнің  сол  салаға 
еліктеуіне әкеліп соғады, ал бҧл олардың психикасына әсер етпей қоймайтыны 
бәрімізге белгілі.  
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамыған уақытында біз 
қаласақ та, қаламасақ та баланы компьютерсіз, ҧялы телефонсыз, МР-3, МР-4,  
i-Pod-сыз  елестету  мҥлде  қиын.  Ӛйткені  ӛркениетті  қоғамның  тірлігін 
компьютерсіз  кӛз  алдыңызға  келтіру  мҥмкін  емес.  Енді  осы  компьютерге 
анықтама беріп кӛрейік. Компьютер – ақпараттық процестерді жҥзеге асыратын 
негізгі ақпараттық қҧрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, 
есту,  кӛру,  ӛңдеу,  тарату  болып  табылады.  Тоқсан  ауыз  сӛзді  тҥйіндер  болсақ 
«компьютер  –  уақыт  талабы».    Компьютер  кӛп  жҧмысымызды  оңайлататыны 

29
 
 
анық.  1990-шы  жылдардың  соңында  еліміздің  табалдырығын  имене  аттаған 
компьютер бҥгінде тӛрімізді жаулап алған [1]. 
Тірі  пендемен  араласпай,  кҥндіз-тҥні  компьютерге  телміріп,  бар  қызығын 
содан  табатын  пенделер  қатары  жыл  ӛткен  сайын  кӛбейіп  барады. 
Компьютердегі  алуан  тҥрлі  ойындар  жасӛспірімдердің  денсаулығына,  жҥйке 
жҥйесіне зақым келтіретінін ерте кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген. 
Бҧдан да сорақысы – интернетке тәуелділік. Интернет және компьютерлік 
ойындар  психикалық  проблема  ретінде  сипатталады.  «Игромания»  және 
«агентомания»  дегеніміз  осы.  Әсіресе,  әлі  дҥниетанымы  толық  қалыптасып 
ҥлгермеген  жеткіншек  ҥшін  интернет  ӛте  қауіпті.  Біздің  елімізде  интернеттегі 
зорлық-зомбылықтарға  заң  тҧрғысынан  белгілі  бір  деңгейде  шектеулер 
қойылмаған.  Мәселен,  жастардың  қолымен  жасалған  қылмыстарды  алыңыз. 
Қатыгездіктен  жан  шошиды,  ал  аяушылық  жоққа  тән.  Мҧның  бәрі  қайдан? 
Әрине, интернеттен. 
Интернет пен компьютерлік ойындарға қҧмар жасӛспірімдердің жеке тҧлға 
ретінде  қалыптасуы  қиынға  соғады,  мінезі  кҥрт  ӛзгереді,  айналасына 
немқҧрайлы 
қарауды 
әдетке 
айналдырады. 
Ӛмірдегі 
ӛзгерістерге, 
айналасындағы  адамдармен  қарым-қатынасқа,  қимыл  мен  іс-әрекеттерге  толы 
ойындарға,  ақыл-ойды  дамытатын  қызықты  тақырыптарға  талпынысы 
болмайды.  Жасӛспірімнің  кӛңіл-кҥйіне  де  әсер  етеді,  яғни  кӛңілді,  сергек 
жҥргеннен гӛрі кӛбінесе ашулы,  кҥш кӛрсетуге бейім тҧрады. Сонымен бірге 
жасӛспірімдерде тек ӛзіне ғана мәлім «жабық әлем» қалыптасады.  
Жасӛспірімдер    интернет    арқылы  қабылдап  жатқан  ақпараты  кӛбіне 
бҧзақылық  сипатта  болып  келеді  де,  олардың  қоғамдық  ӛміріндегі  жағымды 
бағытына кері әсер етеді. 
Компьютерде  кӛп  отыратын  жасӛсапірімдерді  бақылаған  кезде  олардын 
даму  деңгейінің  тӛмендейтіндігі,  ойлау  қабілетінің  нашарлайтыны,  назар 
аудару  қабілеті  мен  сараптамалық  қабілетінің  әлсірейтіні  белгілі  болған. 
Кӛптеген  жасӛспірімдер  жаңа  ғана  айтқан  нәрсені  есінен  тез  шығарып,  тіпті 
сӛйлем қҧрауға қиналады екен [2]. 
Интернетке және компьютерге тәуелділіктің негізгі белгілері: 
-
 
бақылауды жоғалту,  яғни компьютер алдында ҥзіліссіз шамадан тыс кӛп 
отыру; 
-
 
әлеуметтік  ортадан  оқшаулану,  айналасындағы  адамдармен  қарым-
қатынасының  бҧзылуы.  Ҥйдегі  адамдармен,  достарымен  байланысын  ҥзу 
немесе оларды мҥлде елемеу; 
-
 
шынайы ӛмірден алшақтап кету; 
-
 
басқа жҧмысты немесе сабағын қойып, интернетке ҧмтылып тҧру; 
-
 
іс-әрекеті мен мінезінің жиі қҧбылуы; 
-
 
интернетті пайдалануға кедергі туа қалғанда жҥйкесінің қозуы; 
-
 
интернетке  немесе  компьютер  алдында  отыруды  азайтамын  деп  азайта 
алмау; 
Оқушыларға интернетке байланысты сҧрақтар қойылды. 
  1. Интернет алдында қанша уақыт отырасыз? 

30
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2. Компьютерлік ойындарға қаншалықты қызығасыз? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жоғарыдағы  кӛрсеткіштерге  зер  сала  қарасаңыздар,  жасӛспірімдер 
уақыттарының кӛбісін интернет пен компьютерлік ойындарға жҧмсайды деген 
сӛз.  Яғни  олардың  сабақ  оқуларына  жҧмсаған  уақыттарынан  компьютерде 
отырған уақыттары әлде қайда кӛп. 
Интернетпен  жҧмыс  кезінде  нервтік-эмоциональдық  жҥйеге  жоғары 
дәрежеде кҥш тҥседі. Интернетпен қатынасу кезінде, ол ӛзінің байланыс жасап 
отырған досымен ойындар ойнауы мҥмкін. Ойындар барысында олардың нерв 
жҥйесі  қатты  шаршауы  мҥмкін,  себебі  жылдам  жауап  беріп,  тез  қимылдауды 
талап етеді. Нерв жҥйесінің қысқа уақытта жылдам жҧмыс істеуі жас баланың 
шаршауын тездетеді. 
«Неге жасӛспірімдер интернет пен компьютерлік ойындарға қҧмар?» деген 
сҧраққа  жауап  іздеп  кӛрелік.  Бҧл  жасӛспірімдердің    бос  уақыттарын  тиімді 
пайдалана алмауларына тікелей байланысты деп айта аламын. Неге? Егер де біз 
кеңес  заманын  есімізге  алсақ,  ол  уақытта  кӛптеген  ҥйірмелер,  спорт 
секциялары, тҥрлі факультативтер, «Тимур және оның достары» сияқты ҥлкен 
кісілерге  қол  ҧшын  беретін  топтар  ӛте  кӛп  болатын.  Қазіргі  уақытта  олардың 
оннан  бірі  ғана  қалды.  Бар  дегеннің  ӛзінде  ақылы,  тӛлемақысы  ӛте  жоғары. 
Ауылды жерлерде ҥйірмелер мен спорт секциялары жоқтың қасы. Ал, осыдан 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет