Әдебиеттер
1.
Барпы. Чыгармалар: І том, /Тҥзгӛн Б.Апилов. Жооптуу редактор К.Даутов. Кыргыз
Энциклопедиясынын Башкы редакциясы, Бишкек – 1995
2.
М.Мағауин. Қобыз сарыны. ХV-ХVІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын, жыраулары. Алматы: Атамҧра
– 2006
161
УДК: 81,373=111
FRENCH BORROWING IN THE NOVELS OF ENGLISH WRITERS OF THE NINETEENTH –
TWENTIETH CENTURIES.
Tomarbayeva S.T., Komekbaeva L.M.
SKSU named after M. Auezov, Shymkent, Kazakhstan
Резюме
В данной статье рассматриваются взаймственные слова из французкого языка в произведениях
английских носителей XIX-XX веках.
Түйін
Бұл мақалада 19-20ғ.ғ ағылшын жазушыларының еңбектеріндегі француз тілініен енген сӛздер
қарастырылады.
We have taken the novels by English writers of the nineteenth – twentieth centuries as our study
material because the process of active and continuous borrowing was actually finalized in the twentieth
century. Besides, French borrowings‘ functioning in the English language of this period presents great interest
for us. The first author to be mentioned is William Makepeace Thackeray and his novels:
―Vanity Fair‖,
―Catherine‖,
―The Story of Samuel and a Famous Brilliant Hogarty‖,
―In the Noble Family‖.
A brief description of W. Thackeray biography is necessary to be made in order to realize the reason
for his intensive borrowing of French words in his novels. It will be performed before we start our thorough
study of French borrowings, found in the above-mentioned masterpieces.
William Makepeace Thackeray (1811 - 1864) was born in Calcutta in the family of an English colonial
service officer. His father was a weii-to-do and respertful person. Soon after his son‘s birth he died and little
William was sent to England to study. His stepfather Major Karmicle Smith brought up the boy.
W.Thackeray belonged to the higher English society by his birth; his family shared critical attitudes
towards the ruling classes of Great Britain, it‘s political and social system.
Studies in the Cambridge University didn‘t meet the requirements of young W.Thackeray, for different
spiritual interests distinguished him. Besides this he had a great talent for painting. More than two hundred
drawings belong to his brush. Illustrations to his books and to the books of other writers are among them.
In 1832 W.Thackeray left for Germany. On his way to Germany he visited France where he got the
first impressions of after July Revolution events. It was 1832. This year in England was marked by adoption of
the Reform Bill. Great changes were clearly understood in France; the reforms were brought to life because the
―Bourgeois King‖ came to power.
W.Thackeray‘s dream was to get settled in Paris and to study painting. But unfortunately his dream
never came true, because he had to come back to England and resume working.
W.Thackeray‘s father established a newspaper ―Constitutionalist‖ at that time. So, W.Thackeray was
given an opportunity to visit Paris on a regular basis. And it was a time when the social and political struggles
searched its climax.
W.Thackeray was greatly impressed by Bourgeois France. He had always dreamt to get settled in Paris.
May be it was his desire to get nearer to his dream in his novels. He used a lot of French words for description
of some phenomena, for dialogues of his personalities. Some of those words are French borrowings.
While selecting French borrowings we tookinto consideration the following criteria, providing for the
determination of the French origin of words.
The first criterion – existence of words absolutely preserving their French spelling or pronunciation:
162
pincette,
camaraderier,
dejeuner,
monsenieur,
ménage,
demagogue,
ennui,
ayenue,
costume,
matinee,
potage,
porte-cocher,
corbleau,
spiritual,
poulet,
gourmand,
repertoire, etc.
The second criterion is defined by the availability of words having suffixes: -ment, -able, -tion, - sion.
eclaricissement,
disappointment,
miserable,
situation,
appartement, etc.
The third criterion is determined by availability of the words with the following letter combinations in
the language material investigated: -al-, -ion-, -lie;
affaire,
aides-de-camp,
billet-doux, etc.
The fourth criterion is determined by the existence of words having letter-combination – ch-.
chaussure,
chausse,
chamber, etc.
We have also checked the selected words in the French-Russian dictionary; an additional criterion was
taken into consideration, i.e the words in English and French languages had to have a similar meaning. We
can state in our research that numerous borrowings, which penetrated into the English language in the different
periods of its historical development, show different fields of human activities and refer to almost every side of
material, social, political and cultural life of England.
References
1.
Koonin A. English Lexicology. – M., 1940.
2.
Pei M. The Study of Language. – Ldn., 1956.
3.
Railevskaya N.M. English Lexicology. – Kiev, 1957.
4.
Random House Dictionary of the English Language. College Edition. – N.Y., 1968.
5.
Read, Herbert. English Prose Style. – London, 1963.
6.
Serjeantson M.S. A History of Foreign Words in English. – L., 1935.
7.
Thackeray W.M. Vanity Fair. – Pocket Library, 1958.
8.
Turner G.W. Stylistics. – Ldn., 1973.
9.
Ulmann St. Words and Their Use. – Glasgow, 1951.
10.
Ulttnann, S. Language and Style. – N.Y., 1964.
163
ӘОЖ 81, 242
ҚАЗАҚ ТІЛІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ
ОҚЫТУДЫҢ ТҤРЛЕРІ
Тҧрабаева Л.Қ., Малбаева Г., Абдижами Д.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, №84 Т.Тәжібаев атындағы жалпы
орта мектеп, Шымкент, Қазақстан
Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті ӛзгеше әлеуметтік ортада адамның сапалық қасиеттерін
жетілдіру жаңаша ойлауды, ерекше шығармашылық іс-әрекетті қажет ететіні сӛзсіз. Білім беру саласын
ақпараттандыру тек қана оқытудың ҧйымдастыру формалары мен әдістерін жетілдіріп қана қоймайды,
сонымен қатар бҥкіл оқыту процесін басқарудың және бақылаудың жаңа әдістерінің пайда болуына
жағдай жасайды. Дҧрыс іске қосылып, пайдаланған жағдайда ақпараттық технологиялардың мҥмкіндігі
мол оқу-әдістемелік материал жинақталады, оқу материалының қолдану тиімділігі арттырылады, жеке
бағдарламалармен жҧмыс істеуге мҥмкіндік туады, сабаққа дайындалу мен оны ӛткізудің тиімділігін
арттырады, оқытушы немесе оқушылардың кӛмегімен оларға таратылатын дидактикалық материалды
кӛбейтеді, тіл ҥйренушінің білім дәрежесін қадағалап, бақылауға мҥмкіндік береді.
Қазақ тілін оқыту – қиын да қызық жҧмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға
қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау,
есте сақтау, кӛру қабілеттерін жетілдіру және танымдық кҥшін қалыптастыруға жағдай жасау,
оқытушының жеке басының интеллектісін, оқу әрекетін, ӛтетін тақырып мазмҧнын аша білу. Білім
негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай ӛз деңгейінде игерту, қай кезде
болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге
қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мҥлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын. Технология
мен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін қарастырады». Бҧлар тыңдаушының жеке
қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар тыңдаушының танымдық кҥшін қалыптастыру
және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Ҧстаз ҥшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дҧрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар
тыңдаушының жеке тҧлғалық кҥшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рӛл
атқарады.
Жаңа технологияларды меңгеру оқытушының зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани,
азаматтық және басқа да кӛптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, ӛзін-ӛзі дамытып,
оқу-тәрбие ҥрдісін тиімді ҧйымдастыруына кӛмектеседі.
«Ӛз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ҧстаз бола алады»,- деген В.Сухомлинскийдің
сӛзі оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана кӛрінетіні белгілі. Қазіргі кезде ғылым
мен техниканың даму деңгейі әрбір тыңдаушыға сапалы және терең білім беруге жағдай жасап отыр.
Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, тҥсіндіреді, ал тіл ҥйренуші тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б.
таным әрекеттерін жасайды.
«Жҥз рет естігеннен, бір рет кӛрген артық» деген сӛздерді ескере отырып, сабақта
мҥмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдалануда оқытушының ҧтары мол деп
ойлаймын. Тек оларды тиімді, жҥйелі тҥрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы
жҥзеге асырылуы мҥмкін.
Осы технологияны пайдаланудың тиімді тҧстары:
-
тіл ҥйренушінің қазақ тіліне деген жеке қызығушылығын оятады;
-
танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
-
этнопедагогикалық тәрбие береді;
-
тіл ҥйренушіні шығармашылық жҧмысқа баулиды;
-
оқытушының уақытын ҥнемдейді;
-
қосымша мәліметтер береді.
Әр саланың ӛз жаңалық-жасампаздығы болса, біздің тіліміздегі тілдік талдауларға қажетті
жаңалықтың бірі – сатылай оқыту технологиясы. Тіл білімінің қай саласы болмасын сатылап талдануға
бағынады. Сатылай комлексті талдаудың маңызы зор деп ойлаймын:
-
тіл ҥйренуші материалды қалай меңгергендігі байқалады;
-
тіл ҥйренуші білімін тҧрақтандыруға кӛмектеседі;
-
ізденуге жетелейді, қызықтырады;
-
талдау нәтижесінде тіл ҥйренушінің ойлау, есте сақтау қабілеті артады;
-
ӛзіндік пікірі қалыптасады.
164
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа тҥрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға,
пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды
енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жҧмыстар жҥргізуге бағытталған. Қазіргі заман талабына
сай бәсекеге қабілетті тҧлғаны оқыту мен тәрбиелеуде еліміз бойынша әлімдік стандарттар деңгейінде
сапалы білім беру қызметін кӛрсетуге қол жеткізуде педагог мамандарымыздың білімі, біліктіліктері
жоғарғы деңгейде болуы ҥшін компьютерлік сауаты, инновациялық оқыту негізінде білім беруді
ақпараттандыруда ақпараттық технологияларды ӛздігінен меңгере қолдану, берген білім нәтижесі
жоғары деңгейден кӛріне білу жағдайында болы шарт. Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды
қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жҥйелеуді талап етеді.
Осының барлығын жҥзеге асыруда педагог мамандардың ӛзіндік ізденісі, шеберлігі, ӛз ісіне аса
берілген ҧстаз ретінде қалыптасуының маңызы аса зор.
Жаңа ақпараттық технологияларға қазіргі кезде таратылып жҥрген электрондық оқулықтар,
слайдтар, DVD технологиясы, интерактивті тақта мен проекторлар негізінде бейнеоқыту жҥйелерін
кӛрсете отырып, ақпараттық технология негіздерін ҧтымды қолдана білу, интернет, электронды пошта
арқылы ақпараттармен алмасу, оқу мекемесін бағдарламаға сәйкес ақпараттармен қамтамасыз ету
ақпараттандыру жағдайындағы инновациялық оқытудың негіздері жатады.
Аталған ақпараттық қҧрылғылардың мҥмкіншіліктері ӛте мол, қазіргі заман талабына сай
инновациялық білім беруге пайдасы зор.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиетте ақпараттық технологияны білім беру саласында
қолданудың бірнеше бағыттары кӛрсетілген, олардың ішінде кӛп қолданылатыны 4-бағыт:
-
компьютер-білім тексеру қҧралы;
-
компьютерлік модельдеуді қолданатын зертханалық практикум;
-
мультимедиа-технологиялар, жаңа сабақ тҥсіндіретін иллюстративтік қҧрал.
Оқытушы білім беру ҥшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуде ақпараттық технологияларды
қолдану ӛз алдына мынадай мақсаттарды қояды:
-
білім алу, біліктер мен дағдыларды бекіту және дамыту кезіндегі адамның танымдық
әрекеттерінің барлық тҥрлерін сҥйемелдеу;
-
оқу процесінің бҥтіндігін сақтай отырып, дараландыру принципін жҥзеге асыру.
Оқыту жаңа және ҥнемі даму, жетілдіру ҥстіндегі компьютерлік технологияларды қолдана оқыту
әдістемесінің формалары мен әдістерін тҥбірімен ӛзгертеді. Сонымен бірге қазақ тілін меңгертуде тіл
ҥйренушіге сӛз тіркестерімен ойтайландырып алынған мамандыққа қатысты мәтіндермен, кәсіби
терминдермен, сӛздіктермен жҧмыс тҥрлері жҥргізіледі. Мамандығына байланысты шағын мәтіндер,
сҧхбаттар қҧрастыруға болады. Әр тақырыпқа сай сӛздік қор және лексикалық минимум, сҧрақтар
беріледі. Сондай-ақ тҥрлі жағдаяттық тапсырмалар да беріледі. Яғни, тіл ҥйренушілердің деңгейіне
қарай мәтінді қарапайымнан кҥрделіге қарай жҥйелі тҥрде меңгерту қажет. Тіл ҥйренушілерге тілдік
қҧбылыстар қатысымдық мақсатқа сәйкестігі тҧрғысынан оқытылуы тиіс, яғни, тіл ҥйренушілердің ӛз
беттерімен еркін сӛйлеуге талпынысын арттырып отыру қажет.
Әдебиеттер
1.
Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. –Алматы:
Ана тілі, 1996. -208 б.
2.
Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы. «Ғылым». 1988.
– 241 с.
3.
Полат Е.С. Современные педагогические и информационные технологии в системе образования. М.
Издательский центр «Академия», 2007. – 368 с.
ҚАЗАҚТАРДЫҢ «ҚЫРҒЫЗ-ҚАЙСАҚ» АТАУЫНЫҢ
ШЫҒУ ТАРИХЫ
Тҧрабаева Л.Қ., Кенжеева Г.У., Қҧлжанов А.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, №84 Т.Тәжібаев атындағы
жалпы орта мектеп, Шымкент, Қазақстан
Қазақ халқына кҥштеп тағылған "қырғыз-кайсақ", "қырғыз-қазақ" "қырғыз" атаулары орыс
тіліндегі әртҥрлі әдебиетте және қҧжаттарда XVIIІ ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарынан
бастап кездесе бастайды. Бҧл сӛздерді алғаш рет жазбаша айналымға енгізгендер Оңтҥстік Орал және
Сібір арқылы қазақ ӛлкесінің солтҥстік аудандарында болып, қазақтармен алғаш жҥздескен патша
ҥкіметінің әскери, дипломатиялық және жергілікті басқару аппаратының қызметкерлері еді.
165
Ҧлы Қазан революциясынан кӛп бҧрын зиялы қауымның алдыңғы қатарлы ӛкілдері қазақ,
қырғыз халықтарының атын бҧрмалауға қарсы болып, олардың жеке-жеке халықтар екендігін
дәлелдейтін кӛптеген ғылыми еңбектер жазды. Бҧл ретте Шоқан Уәлихановтың артында қалдырған
мҧралары ерекше орын алады. Мәселен, "Ресей империясының география-статистикалық сӛздігі" атты
кітапқа енген "Қырғыз-қайсақтар" атты мақаласында ол "Қырғыз-қайсақтар" немесе "қырғыз- қазақтар"
еуропалық Ресейдің оңтҥстік-шығысы мен оңтҥстік Сібірге дейінгі, Қытай Жоңғариясы мен Қоқан
хандығының аралығындағы ҧлан-ғайыр ӛлкені мекендейтін халық.... «Қырғыз-қазақтардың дҧрыс аты
қазақтар»,- деп жазды (Ш.Уәлиханов. V томдық шығармалар жинағы, IV т. Алматы, 1985, 19-бет).
"Ал орыс қҧжаттарындағы "қара қырғыз" аталып кеткен қырғыз халқы,- дейді одан әрі
Ш.Уәлиханов: «Ыстықкӛл бойын, Текес ӛзенінің жоғарғы ағысын, Шу мен Талас ӛзендерінің аңғарын,
Тянь-Шань тауының кҥнгей жағын сонымен бірге Памирдің таулы жазықтарын мекендеген тҥркі
тілдес халық. Оларды казақтармен шатастыруға болмайды»,- дейді. Шоқан осы екі туысқан
халықтарды этникалық қҧрамы жағынан да, әлеуметтік-экономикалық қҧрылымының ерекшеліктері
тҧрғысьнан да ажырата білу керек деп санаған.
1895 жылы жарық кӛрген Брокгауз бен Ефронның энциклопедиялық сӛздігінің 29-томында (95-
бет), 1914 жылы жарияланған ағайынды Гранттардың энциклопедиялық сӛздігінің 2-томында (143-бет)
қазақ пен қырғыздың екі тҥрлі халық екендігі айтылған. Гранттар сӛздігінде: "Кӛшпенділер
(қазақтарды айтып отыр - Б.Н.) қырғыз деген атты кӛршілерінен (орыстардан — Б.Н.) алды.
Ӛз елінің аяққа тапталған ҧлттық намысын оятып, жігерін жанып, оның тҥскен еңсесін кӛтеру
ҥшін кӛзі ашық ағаларымыз "Айқап" сияқты журнал, "Қазақ" тәрізді газет шығарды. Бҧл басылымдарда
отарлық езгі жағдайында жалпы демократиялық козғалыстың кӛкейтесті мәселелерін (әлеуметтік-
экономикалық, саяси-ағартушылық, т.с.с) кӛтерген мақалаларымен қатар, қазақ халқын қорлап, оған
менсінбей қараудың кӛрінісі болып табылатын оның тарихи шын атын бҧрмалауға наразылық білдіру
сарынындағы мақалаларға да кең орын беріліп отырды. Соның бірі "Қазақ" газетінің 1913 жылғы 2
және 3-сандарында жарияланған «Тҥрік баласының» (авторы бҥркеншік атпен берілген) "Қазақ
тарихы" деген мақаласы. Мақала авторы: "Қазақ - қазақ, қырғыз ӛз алдына қырғыз, бҧлардың арасында
ешбір ілік жоқ. Тҥрікмен мен башқҧрт қандай басқа-басқа ел болса, қазақ пен қырғыз да cондай басқа-
басқа ел дей келіп, ӛз ойын: орыстардың, әсіресе ҥкіметтің қазақты қазақ демей, қырғыз деп жҥргені
рас. Бірақ олар ӛзінің енді "казачье" атына залалы тимеу ҥшін — қате болса-дағы қазақты қырғыз деп
атап жҥр. Ӛзіміздің, әсіресе басшылардың қазақ пен қырғызды айырмағаны қате, кешірілмес айып...
орыстың атты әскері қазакқа жол беріп, біздің қазақ ӛзінің атынан айырылып қырғыз атанып
жҥрмекші емес. Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ",- деп тҥйеді. "Қазақ қазақ болып қалу
ҥшін,- дейді автор одан әрі, — ӛзіміздің әдет-ғҧрыпқа сай қазақ мәдениетін қҧрып, қазақ әдебиетін
тҧрғызу қажет".
Ӛкінішке қарай, Кеңес ҥкіметінің алғашқы сегіз жылында да қазақтар ресми қҧжаттарда
бҧрынғысынша қырғыздар болып, қазақ халқы қырғыз халқы болып аталып қала берді. Тіпті, 1920
жылы қҧрылған республикамыз ресми тҥрде РСФСР-дің қҧрамындағы Қырғыз Автономиялы Советтік
Социалистік Республикасы болып аталды. Мҧндай жағдай революцияға дейін тарихи шын аты " қ а р а
қырғыз ' "сарт", "та-раншы ", "самоед" болып бҧрмаланып келген еліміздің басқа халықтары бойынша
да орын алып, сол кҥйінше ӛзгеріссіз қалды. Бҧл бір жағынан осы ҧлттардың селқостық, жігерсіздік
кҥшінің сіріжандылығына байланысты болса, екінші жағынан қоғам мҥшелерінің белгілі тобының әлі
де болса ҧлы державалық шовинистік кӛзқарастан айырыла, арыла қоймағандығының кӛрінісі еді.
Сәкен Сейфуллин, Тҧрар Рысқҧлов, Ораз Жандосов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтҧрсынов,
Сейітқали Меңдешев, Сҧлтанбек Қожанов, Смағҧл Сәдуақасов, Әбдірахман Әйтиев сияқты
жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы жауапты партия және совет қызметінде, оқу-ағарту
салаларында еңбек еткен азаматтар қазақ халқының тарихи шын атын ӛзіне қайтару жолында аз тер
тӛккен жоқ. Соның ішінде 1922 жылғы маусым айында "Еңбекшіл казақ" газетінің редакторы болып
тағайындалған, сол жылғы желтоқсанда республика Халық Комиссарлары Советінің тӛрағасы болып
сайланған Сәкен Сейфуллиннің осы мәселеге байланысты атқарған еңбегі ерекше. Бҧл ойын ол 1923
жылғы 15 ақпанда "Еңбекшіл қазақ" газетінде шыққан езінің "Қазақты "қазақ" дейік, қатені тҥзетейік"
деген мақаласында толығынан айтты да. (С.Сейфуллин, Шығармалар. Бесінші том, Алматы, 1963. 156-
157-беттер).
XVIII ғасырдың бас кезінде бәз біреулер кӛршілес екі халықтың антропологиялық, этникалық
және тіл жақындығынан оларды бір елге жатқызып, қазақтарды қырғыздар деп атап кетуі әбден
мҥмкін. Ӛйткені орыс халқы ӛкілдерінің сібірлік қырғыздармен (Енисей мен басқа да Сібір ӛзендерінің
аңғарларын XVII ғасырға дейін мекендеген қырғыздармен) қазақтардан бҧрын да аралас-қҧралас
жҥргендері тарихтан белгілі. Қазақтардың қырғыз аталуына байланысты Міржақып Дулатов ҧсынған
жорамал кӛңіл аударарлық. Ол оз болжамын 1923 жылы "Қызыл Қазақстан" журналында жарияланған
"Қазақ, қырғыздың аты, тегі туралы" мақаласында айтқан болатын. Алаш орысының пайымдауынша
166
XVII ғасырға дейін қырғыз халқының бір бӛлігі: "Сібірді мекендеп тҧрғанда орыстың қалаларын
дамылсыз шауып, мазасын кетіре берген... сондықтан орыстың ҧғымында «қырғыз», деген сӛздің ӛзі
жау, шабағаншыл мағынасында орнап қалған қырғыздардан кейін әрі кӛп, әрі орысқа бағынбай ӛз
алдына отырған... қазақтарды да қырғыздай жек кӛріп, лағынет орнына "қырғыз" деп атаған ("Қазақ
әдебиеті", 1991 жыл, 5 сәуір). Ал патша отаршылдары қазақтың қазақ екенін біле тҧра, оларға "қайсақ",
"қырғыз" деген сияқты аттарды зорлап таңып, оның іргелі халық ретіндегі намысын екі ғасырға жуық
уақыт бойы қорлап келді.
Қазақ халқына кҥштеп тағылған «қырғыз - қайсақ», «қырғыз - қазақ», «қырғыз» атаулары орыс
тіліндегі әртҥрлі әдебиетте және қҧжаттарда XVIІІ ғасырдың ғасырдың 20-30 жылдарыннан бастап
кездесе бастайды. Қазақ - орысты қазақпен шатастырмау ҥшін патша әкімшілігі ресми тҥрде қазақты
«қырғыз» деп атап, ал нағыз қырғыз халқына «қара қырғыз», «жабайы қырғыз» деп мазақтаған ат
берді.
Кең болғанмен соншама қыр біздегі,
Ӛз жерімде ӛзімді жҥргізбеді.
Қазақ деген атымды тартып алып,
Қырғыздарға қосақтап қырғыз деді!- деп ақын Қадыр Мырзалиев жырлағандай, осы ӛлең
жолдарында патша отаршылдары кҥштеп таңғандықтан бірде «қайсақ», енді бірде «қырғыз-қайсақ»,
одан соң «қырғыз» аталып, ҧлттық намысы қорланып, екі ғасырдан астам уақыт бойы (XVII ғасырдың
басынан 1925 жылға дейін) ӛзінің тарихи шын атынан айырылып келген қазақ халқының жігері кҧм
болған кӛңіл-кҥйі тап басып айтылып, дәл берілген.
1925 жылғы 15-19 сәуірде республиканың жаңа астанасы Ақмешітте Қазақстан Советтерінің V
сьезі тҧңғыш рет ӛлкеміздің барлық аудандары еңбекшілерінің ӛқілдері қатынасқан жағдайда ӛтті. Осы
съезд қабылдаған қарарлардың ішінде ҥлкен саяси мәні бар шешімнің бірі - қазақ халқының
бҧрмаланған, патша отарлаушылары XVIII ғасырдан бастап зорлап таңған теріс атын- «қырғыздар»
атауын ӛзгертіп оның тарихи шын атын «қазақтар деген атауды қалпына келтіруі болды. Сонымен
қатар, съезд Қырғыз АССР-ін Қазақ Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы деп қайта
атады. Республиканың да аты ӛзгертілді. Ақмешіт, қаласы Қызылорда деп аталды. Кӛп кешікпей
бҥкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Президиумы съезд шешімін бекітіп, былай деп қаулы
қабылдады.
«Қазақ» қайдан пайда болған? «Қазақ» сӛзі не мағына береді? Қазақ тарихын зерттеу - «қазақ»
сӛзінің мағынасын білуден басталады. Қазақтың қайдан пайда болғаны, қандай рухани қҥндылыққа
бірігіп халық ретінде ҧйысқаны: бәрінің жауабы осы сӛздің ішінде жасырулы. Бҥгінгі тарихшылар бҧл
сӛздің не мағына беретінін дәл таба алмай сан-саққа апарып, қисынсыз жорамалдар шығарған.
Мысалы, 1) «қаз-ақ», яғни «ақ-қаз» деп; 2) «қазғыш-добытчик» деп; 3) «қай-сақ», «қас-сақ», яғни тҥбірі
«сақ» тайпасының атауы деп, ҥйлестірмек болады. Мҧндағы «қас-сақ» деген болжалды дҧрыстау деп
санап, қисынсыздығына кӛз жҧмып, «қазақстан тарихы» оқулығына ендіріп те жіберген. Орыстың
әйгілі тарихшылары Н.М.Карамзин, В.В.Бартольд, В.Даль, В.В.Радлов, П.Бутков, Г.Ф.Благова және
тағы басқалары, «қазақ» есімін зерттеп, оның әскери термин екенін және кӛне тҥркілерден шыққан
әскери дәстҥрдің атауы екенін атап ӛткен.
Достарыңызбен бөлісу: |