Әдебиеттер
1.
Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. Тӛртінші кітап. Алматы: Дайк-Пресс, 2004. – 504б.
2.
Муканов М. К вопросу о расселении казахов на территории Казалинского и Перовского уездов
Сырдаринской области. / / Новый материал по археологии и этнографии. Изд.АН КазССР. Алма-Ата
1961. - с. 138-146
3.
Суперанская А.В. Общая теория имени собственного. – М: Наука. 1973. – 484 с.
4.
Мырзахметов М. Отарлау топонимдері. Парасат. - Алматы, 1991. №1, 21-24б.
ӘОЖ: 811.512.122'2
ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ
КІСІ ЕСІМДЕРІНІҢ КӚРІНІСІ
Тілеубердиев Б.М.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В статье рассматриваются особенности вербализации казахских антропонимов и основных
ономастических концептов в казахских фольклорных текстах.
Summary
This article considers the peculiarities of verbalization the kazakh antroponyms and basic onomastic
concepts in kazakh folklore texts.
Қазақ халық ауыз әдебиетінің, қазақ фольклорының мәтіндері ономастикалық концептілерге бай
деп айтуымызға болады. Қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің қҧрамы мен этнолингвистикалық
сипатын зерттеген Д.М.Керімбаев фольклорлық жалқы есімдерді фольклордың жанрлық жҥйесіне
сәйкес бӛледі: эпикалық мәтіндердегі жалқы есімдер; аңыздық халық прозасындағы жалқы есімдер;
наным-сенім, әдет-ғҧрыптық фольклордағы жалқы есімдер; шешендік сӛздер, бата, лиро-эпикалық
шығармалардағы жалқы есімдер. Әрине, фольклорлық жалқы есімдер антропонимдерге, топонимдерге,
зоонимдерге, теонимдерге, мифонимдерге, хрононимдерге, этнонимдерге т.б. бӛлінеді, бірақ жас
зерттеуші Д.М.Керімбаев қазақ халық ауыз әдебиетінің жекелеген жанрларымен ӛзара қатысты
фольклорлық қазақ жалқы есімдерінің жанрлық ерекшелігін кӛрсетумен шектелген [1]. Сонымен қатар
зерттеуші қазақтың фольклорлық жалқы есімдерінің ҧлттық-мәдени ерекшеліктерін, фидеистік
(нанымдық) және лингвопоэтикалық қызметтерін тиісті тарауларда қарастырғанда ономастикалық
180
концептілердің кейбір аспектілеріне тоқтап ӛткен деп есептеуге болады. Дегенмен, қазақ
ономастикасында ономастикалық концептілерге, олардың тҥрлі мәтіндерде вербалдануының (тілдік,
кӛркемдік қолданысының) тәсілдеріне, заңдылықтарына арнайы зерттеулер, талдаулар жасалынған
жоқ.
Фольклорлық немесе кез келген басқа да кӛркем тілдік мәтіннің тілдік (ономастикалық) әлемі
(дҥниенің тілдік немесе ономастикалық бейнесі, кӛрінісі) концептуальдық «әлемнің» туындысы,
кӛшірмесі болып саналады. Олай болуына мынадай негізгі себептер бар: 1) ғаламның концептуалды
кӛрінісі тілдік кӛріністен (тілдік санадағы) әлдеқайда ауықымды және бай болып келеді; 2) әлемнің
тілдік кӛрінісі (бейнесі) концептуалды (тілдік емес) кӛрінісінен туындайды; 3) әлемнің (дҥниенің)
тілдік кӛрінісі мәтін тҥзушінің (адамның, этностың) ментальді ой-ӛрісіне, санасына, дҥниетанымына
т.б. байланысты болып келеді. Басқаша айтсақ, мәтін тҥзуші этностың (автордың) концептуалдық әлемі
- «таным әлемі» мәтіндегі (мәтін шеңберімен шектелген) «кӛркемдік әлемге» айналады. Ал мәтіннің
сол кӛркемдік әлемінде оның қҧрамдас бӛлігі ретінде «ономастикалық әлем» ӛз орнын тапқан.
Қазақ мәтінінің қҧрылымын зерттеушілердің бірі Ж.Қайшығҧлова «Дискурсты мәтін түзуші -
мәтін қабылдаушы - ҥшеуінің тҧтастығының негізінде қарастырған жӛн»,- деп есептейді [2,42].
Осындай тҧжырым-тҥсінік тҧрғысынан ономастикалық концептілердің вербалдануын және басқа
қызметтік-сипаттарын қарастыратын болсақ, ономастикалық концептілердің мәтіннен бҧрынғы,
мәтіннен тыс концептуалдық жҥйедегі орны мен сипаты, мәтіндегі кӛрінісі, вербалдануы және
мәтіннен кейінгі қабылдаушының санасындағы, ой ӛрісіндегі кӛрінісі мен қызметі жан-жақты
талдануы керек.
Дискурстағы ономастикалық концептілердің табиғаты мен қызметін осы триадалық (мәтін
тҥзуші - мәтін қабылдаушы) тҧтастықта сипаттау арқылы ономастикалық концептілердің мәтіндегі,
мәтіннен тыс (мәтін тҥзушінің және мәтін қабылдаушының) когнитивтік таным шеңберлеріндегі
қызметін айқындаймыз.
Ономастикалық концептілердің фольклорлық мәтіндерде вербалдануын аталмыш концептілердің
жеке-жеке тҥрлерінің негізінде байқауымызға болады немесе мәтін кеңістігінде кӛрініс тапқан барлық
(концептосфералық) ономастикалық концептілер арқылы да талдауға болады.
Ономастикалық концептілерге және де олардың тілдік, кӛркемдік кӛріністеріне бай қазақ
эпосында оқиғаның ӛріліуі мен дамуы кӛбіне жыр кейіпкерлеріне байланысты. Эпикалық кейіпкерлер
(Қобыланды мен Құртқа, Алпамыс пен Гүлбаршын, Ер Тарғын мен Ақжүніс, Қамбар мен Назым, Қозы
мен Баян, Жібек пен Тӛлеген т.б.) антропонимиялық концептілердің ментальді ӛрісінің тҥп қазығы,
лингвоментальді ақпараттардың жинақталатын когнитивтік ӛзегі, халықтың адам (батыр, ер, әйел т.б.)
хақындағы ментальді және эстетикалық, символикалық т.б. кӛзқарастары кӛрініс табатын басты
бейнелері (образдары) болып табылады.
Қаһармандық эпостардың басты кейіпкері - эпикалық батыр. Эпикалық батыр есімінде және есім
тӛңірегіндегі когнитивтік кеңістікке енетін тілдік қолданыстар (эпитет, оқиғаларды суреттеу, аты
(тҧлпары), қару-жарағы, батырлығын суреттеу т.б.) тҧтасымен антропонимиялық концептінің
ментальді шеңберіне кіреді, сонымен қоса антропонимиялық (ономастикалық) концептінің мәтіндегі
вербалдануы болып табылады. Антропонимиялық және басқа да ономастикалық концептілер
мәтіндердің қай тҥрінде болмасын жалқы есімге (және оның денотатына) байланысты тілдік
қолданыста ономастикалық концептінің вербалдануы болып есептелінеді.
Тағы бір ескеретін жай: ономастикалық концептілердің тҥрлері тілдік қолданыста (мәтінде)
кейде кешенді тҥрде бір-бірімен қабысып беріледі, себебі танымдық кӛріністер кешенді тҥрде
қалыптасады және дҥние туралы ментальді тҥсініктерді кешенді (тҧтастық) тҥрде дискурста кӛрсетеді.
Қара қыпшақ Қобыланды,
Атасы мҧның Тоқтарбай.
Кӛздікӛлді жайлаған,
Қалың қыпшақ жағалай.
Қыс қыстауы - Қараспан,
Қараспан кӛкке таласқан.
Әліп таңба қыпшақтың
Атағы озған алаштан.
Осы келтірілген ҥзіндіде бірталай когнитивтік ақпарат келтірілген, оларды кем дегенде екі-ҥш
ономастикалық концептілерге телуге болады. Тілші ғалым Е.Жҧбановтың тӛмендегі пікірі әбден
қҧптарлық: «Осы азғантай ҥзіндінің ӛзінде қаншама мәлімет жатқандығына кӛз жҥгіртсек, бҧдан,
біріншіден, батырдың аты Қобыланды, әкесінің аты Тоқтарбай екенін, жаз жайлауы Кӛздікӛл, қыс
қыстауы Қараспан тауы болғандығын, Қараспанның биіктігі аспанмен таласатынын, қара
қыпшақтардың атағы алаштан озған қалың жҧрт екенін, олардың рулық белгісі, яғни, гербі - әліп
таңбалы болып келетінін кӛреміз [3,172].
181
Ал енді осы ҥзіндідегі (дискурстағы) «қара», «қыпшақ», «Қобыланды», «Тоқтарбай»,
«Кӛздікӛлді жайлаған», «қыс қыстау», «Қараспан», «әліп таңба», «алаштан» сияқты сӛздердің
концептілік ментальді ӛрісін кеңейте және тереңдете кӛрсетсек, қазақ этносының дҥниетанымдық және
этномәдени, шаруашылық, рухани шексіз әлеміне еніп кеткен болар едік. Осы вербалданған
концептілердің ар жағында мындаған жылдар бойы қалыптасқан, жинақталған қазақ халқының басып
ӛткен ӛмір тәжірибесі, рухани әлемі, дҥниетанымы, жалпы этностық болмысы сайрап жатыр десек те
болады. Осы ҥзіндіден кешенді тҥрде берілген концептілердің жиынтығы қазақ ғаламының тілдік
кӛрінісін беріп тҧр. Келтірілген тілдік кӛрініс концептуалды (тілдік емес, бейтілдік) кӛріністің
мәтіндегі проекциясы немесе кӛшірмесі болып табылады, ал дискурстық триадалық «мәтін тҥзуші -
мәтін қабылдаушы» тҧтастық тҧрғысынан қарайтын болсақ, осы тілдік кӛрініс (вербалді проекция)
мәтін тҥзушінің ментальді-когнитивтік ӛрісінің тілдік айғағы іспеттес. Әрине, осы қазақ ғаламының
тілдік кӛрінісі мәтінді қабылдаушы тҧрғысынан әр тҥрлі деңгейде қабылданады деп айтуымызға
болады. Мәселен, «шынайы қазақ» осы дискурстан қазақ әлемінің кӛрінісін таныса, мәңгҥрттенген
«шала» немесе «ада болған» қазақ бҧл ҥзіндіден тҥк те тҥсінбеуі әбден мҥмкін, себебі мәңгҥрт
қазақтың ментальді ой-ӛрісінде бҧл концептілер мҥлдем жоқ.
«Қобыланды батыр» эпосында вербалданған ономастикалық концептілердің тӛркінінің
этникалық сана аясында туып қалыптасқанын ескергеніміз жӛн. Эпостану ғылымында эпикалық
кейіпкерлердің есімдерін белгілі немесе бейтаныс тарихи тҧлғалармен сәйкестендіру ҥрдісі орын
алғаны белгілі, бірақ сол «тарихи есімдердің», антропонимдердің тҥп-тӛркінінде ӛрісі кең және ӛзегі
тереңде жатқан халықтың ӛмірі мен танымы жатқанын ескеруіміз керек. Кейде белгілі бір
фольклорлық антропонимнің немесе топонимнің этимологиясына немесе мағыналық сипатына талдау
жасағанда поэтикалық қызметі аса бағаланады да, сол есімдерге қатысты ономастикалық
концептілердің бағалы да шынайы танымдық ақпараттары ескерусіз қалады. Фольклорлық есімдердің
«тарихи-жағрафиялық», «этникалық» (ал біздің терминология бойынша - «концептілік» деп те
қолдануға болады - Т.Б.М.) сипатын анықтауда «тарихи» және «поэтикалық» мектептердің ӛрісі
жетпейтіндігі анық. Бҧл жәйт жӛнінде фольклоршы ғалым Т.Қоңыратбай былай жазады: «Эпостағы
мҧндай атауларды игеруге келгенде «тарихи мектеп» қайшылықтарын алға тартып, кӛбіне
қаһармандық жырлардың кӛркемдік келбетін асыра бағалайтын поэтикалық таным топонимдердің
тарихи болмысына тереңдеп бара қоймайды. Олардың тарихи-жағрафиялық һәм этникалық сипатын
анықтауға тарихи поэтиканың да ӛрісі жетпеді. Себебі бҧл ғылыми-әдістемелік арна да эпостағы
топонимдік атаулардың типологиялық белгілерін тӛңіректеп, кӛркемдік деңгейімен шектеліп отырды.
Мҧның ӛзі қазақ эпосында толып жатқан жер-су атауларының этникалық сана аясында туып,
қалыптасатынын мҥлде ескермеуден туған қҧбылыс болатын» [4,189-190].
Т.Қоңыратбайдың жер-су аттарының этникалық сипатына мән берудің маңыздылығы жӛнінде
айтылған ой басқа да онимиялық бірліктерге (антропонимдерге, этнонимдерге, онимдерге т.б.) тікелей
қатысы бар. Ономастикалық концептілердің мәтін кеңістігінде, дискурста вербалдануы мәтін
қҧрылымындағы этникалық болмыстың сипаттарын ашуда ҥлкен мҥмкіндік береді. Ал аталмыш
этникалық болмыс немесе әлемнің тілдік кӛрінісі кӛп жағдайда имплицитті тҥрде (кодталған,
суггестиялық формада) болғандықтан сол кӛріністі, концептуальді танымды жалқы есімнің
этимологиясынан немесе мәтіндегі кӛркемдік қолданыстан, поэтикасынан табуға болады. Жалқы
есімнің этимологиясы ономастикалық концептінің танымдық қҧрылымынан ақпарат беретін болса,
жалқы есімнің поэтикасы мәтін тҥзушінің (автордың немесе этностың) дҥниетаным, этникалық таным,
ментальді сипаттарынан хабардар етеді. Осындай концептілік ментальді қҧрылымдар ономастикалық
тҧлғаның лингвоментальді ӛрісінде, кеңістігінде, жадында сақтаулы болады немесе арнайы жҥргізілген
ғылыми ізденіс-зерттеулер арқасында айқындалып, сипатталып, дәйектелуі мҥмкін.
Мәселен, Қобыланды есіміне қатысты антропонимиялық концептінің ментальді қҧрылымдық
сипатын осы есімнің этимологиясынан да, эпикалық жыр мәтініндегі поэтикалық қолданысынан да
байқауға болады. «Қатардағы» ономастикалық тҧлға Қобыланды есімімен, әрине, таныс, себебі бҧл
есім ҧлттық прецедентті антропонимдер қатарына жатады. Қазақ реципиенттерінің кӛбінде Қобыланды
антропонимі «эпикалық батыр», «ҥлкен кҥш иесі, қаһарман» сынды танымдық коннотацияларымен
байланысты болып келеді. Осы коннотацияларды дәйектейтін эпикалық жырдың ӛзінде кӛптеген
теңеулер, батырды суреттейтін гиперболалық қолданыстар бар. Мысалы, арыстан туған Қобылан,
батыр Қобылан, Қобыланды батыр, Қобыланды деген ері бар, білемін, Қобылан, данасын!;
Қобыландай бӛрінің, артық туған Қобыланды, Қайсар Қобылан шеріміз, мойнын бұрды Қобылан нар
т.б. Антропонимиялық Қобыланды есіміне байланысты бҧл вербалді қолданыстар мәтін тҥзушінің
және мәтін қабылдаушының ментальді кешенінде ӛз орны мен сипаты бар болғандықтан жоғарыдағы
коннотациялардың туындауы заңды қҧбылыс. Ал Қобыланды фольклорлық антропонимімен
байланысты басқа сипаттағы коннотациялар (ҧғымдық мағыналар, тҥсініктер) осы есімнің ішкі
формасына да қатысты болып келеді.
182
Қазақ фольклорында батырларды бӛріге, арыстанға, жолбарысқа, нарға теңеу кӛркемдік
дәстҥрлердің бірі болып саналады. Осындай дәстҥрге байланысты зерттеуші Ә.Жҧбанов Қобыланды
антропонимінің тҥбірін Қабылан, яғни, «жолбарыс» деген сӛзбен байланыстырады [3,175]. Осы
этимологиямен қатар Е.Жҧбанов «Қобыланды» есімінің басқа этимологиясын алға тартады. Ғалым
Қобланды (Қобыланды) фольклорлық антропонимнің жасалу жолын былайша тарқатады: құба оғлан,
қоб(а) оғлан, қоба(ғ)лан, қобұлан, қобылан. Қобылан(ды) есімінде ы(лан)ға айналып кеткен бастапқы
сӛз «ұғлан» Е.Жҧбановтың пікірінше «бала, ҧл» мағынасын кӛрсетеді, ал «Қобыланды» есіміндегі қҧба
(қоб) жоғарыда айтылған қҧба жон, қҧба тӛбел деген заттың тҥрі мен тҥсін білдіретін сияқты емес,
рудың атын білдіретін сӛз, ру атауы мағынасында айтылып тҧр» [3,175]. Осы және жоғарыда
келтірілген Е.Жҧбановтың пікіріне келісе отырып Т.Қоңыратбаев ӛз тҧжырым-тҥйінін былай келтіреді:
«Осы негізде «Қобыланды» антропонимінің тҥп-тӛркіні қыпшақ деген мағынада қолданылған «қҧба»
және батыр, бала, ҧл деген ҧғым беретін «ҧғлан» сӛздерінің қосындысынан жасалған деген ғылыми
болжам жасауға болар еді. Дәлірек айтар болсақ «Қобылан» сӛзінің тӛркінін этнонимдік тҧлғадан
жасалған «Қҧбаҧғлан» тіркесінен тудыруға толық негіз бар. Құбаұғлан - Қобұлан - Қоблан - Қобыланды
бҧл антропонимнің жолдарын байқатуға тиіс. Сонда ол «қыпшақ ҧлы», дәлірек айтқанда «қыпшақ
елінің батыры» деген семантикалық мағынаға ие болмақ» [4,177-178].
Қыпшақтардың бір тарихи кезеңдерде құман, қобан сияқты этнонимдік атаулармен белгілі
болғанын ескерсек және қазақ антропонимиясында Құбығұл, Құман т.б. кісі есімдері бар екенін есепке
алатын болсақ, жоғарыдағы Е.Жҧбановтың, Т.Қоңыратбайдың Қобыланды есіміне байланысты
этимологияларымен келісуге де болатын сияқты.
Келтірілген этимологиялар талданып отырған антропонимиялық концептінің лингвоментальді
ӛрісіне де сай келіп тҧр. Фольклорлық мәтінде Қобыландының қыпшақ (қара қыпшақ) батыры екенін
тӛмендегі жыр тіркестері дәлелдейді: қара қыпшақ Қобыланды, атасы мұның Тоқтарбай. Бір қызығы,
қыпшақтар шежіресінде Тоқтарбай Бектемірден тарайтын тармағына қосылады, Тоқтарбайдан - Ойбас
пен Қобыланды туылған [5,123-124]. Қобыландыға қатысты осы этимологиялық, тарихи-шежірелік
қисындар гипотезалық (болжамдық) тҥрінде болғанымен, лингвоментальді, когнитивтік тҧстары
қазақтың этникалық-ментальді когнитивтік ӛрісіне сай келеді. Қазақ халқының этногенезіне тікелей
қатысты кӛне тайлардың, қыпшақтардың тайпалық жыры «Қобыланды батыр» тереңде жатқан қыпшақ,
қият, Қызылбас және бертіндегі қазақ, қарақалпақ этнос - тайпаларының этноментальді табиғатынан
кӛптеген мағлҧматтар бере алады. Осындай этноментальді (когнитивтік) ақпараттарды кӛріп
отырғанымыздай, ономастикалық концептілердің мағыналық ӛрісінен де табуымызға болады.
Ономастикалық концептілердің кӛркем мәтінде вербалдануының бір тҥрі -фольклорлық
антропоним иесін (эпос немесе басқа фольклорлық), кейіпкерді суреттеу принциптерінің, кӛркемдік
әдіс-тәсілдері деп есептейміз. Қаһарманды суреттеудегі тілдік, кӛркемдік тәсілдер фольклор
поэтикасына жатқанымен, оған қосымша олардың концептілік, яғни этнотанымдық табиғаты да
айшықтанып, мәтінде, мәтін тҥзушіде, мәтін қабылдаушыда ӛз ментальді кӛрінісін береді.
Эпикалық қаһармандарды (Қобыланды, Алпамыс, Қамбар батыр, Ер Тарғын т.б.) біріктіретін
негізгі сипаты - олардың ерлігі, батырлығы, орасан кҥші. Осындай қасиеттерге ие болған эпикалық
батыр - ел қорғаны. Қаһармандық эпостардағы эпикалық батырлардың бейнесі тек кӛркемдік образдар
арқылы ғана танылмайды, сонымен бірге этнос менталитетіндегі этноментальді идеал, қазақтың
танымдық тҧлғасы, себебі халық танымындағы батыр - осы эпикалық батырдың сипаттарымен
сәйкестендіріле танылады. Қобыланды, Алпамыс т.б. деген есімдерді есіткенде қазақтың ментальді
когнитивтік ӛрісінде «ел батыры - қорғаны, алып кҥш иесі, ержҥрек азаматы т.б.» танымдық тҥсініктер,
ҧғымдар пайда болады. Ал енді осындай ментальді қҧрылымдардың мәтінде (мәтін тҥзушіде, мәтін
қабылдаушыда) пайда болуын ономастикалық концептілердің вербалдануы қамтамасыз етеді.
Әдебиеттер
1.
Керимбаев
Д.М.
Қазақ
фольклорындағы
жалқы
есімдердің
қҧрамы
мен
этнолингвистикалық сипаты: Филол.ғыл.канд.дис.автореф. - Алматы, 2004. - 30 б.
2.
Қайшығҧлова
Ж.Т.
Қазақ
мәтінінің
кҥрделі
фразалық
тҧтасым
дейгейінде
мҥшеленуі: Филол.ғыл.канд.дис... - Алматы, 2001. - 129 б.
3.
Жҧбанов Е. Эпос тілінің ӛрнектері. - Алматы: Ғылым, 1978. - 260 б.
4.
Қоңыратбай Т. Эпос және этнос. Қазақ эпосы және оның этникалық сипаты. - Алматы: Ғылым, 2000. -
264 б.
5.
Қазақ шежіресі. - Алматы: Ата-Мҧра - Қазақстан, 1994. - 160 б.
183
ӘОЖ: 2-754
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ
Умирзахова Г.А., Абдалиева А.О., Дабысова Г.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В статье рассматривается использование игровых элементов на уроках английского языка
Summary
The article deals with the advantages of using game elements in the English lessons
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту
мақсатымен аттауымыз ҥлкен ҥміттің басты нышаны болып табылады. Ҧрпағы білімді халықтың
болашағы бҧлынғыр болмайды дегендей, жас ҧрпаққа саналы, мән- мағыналы, ӛнегелі тәрбие мен білім
беру бҥгінгі кҥннің талабы.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін
меңгерген, келешекте білімін тҥрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын маманды
оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды
қоғам, уақыт қажет етіп отыр.Қазақстанның білім беру жҥйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп
ӛтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың ролі артады. Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың
қызығушылығын ояту-басты мәселе. Шетел тілін меңгеруде кӛп қиыншылықтар кездеседі. Бҧл
қиыншылықтарды жеңу ҥшін пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру ҥшін сабақтарды мынадай
жолдармен ӛткізуге болады:
1. Сабақта кең кӛлемде кӛрнекі қҧралдарды пайдалану;
2. Сабақты тҥрлендіріп ӛткізу;
3. Сабақта оқушылар ӛздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық қҧралдарды тиімді қолдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді кӛрсету.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім –біліктілік, танымдық, коммуникативтік
қҧзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Ағылшын тілін оқыту
әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту.Ойын элементтері оқытудың бір
тҥрі болып табылады.Бҧл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген
қызығушылығын ,ынтасын арттыруында болып табылады.
Ойын оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру қҧралы. В.А. Сухомлинский
«Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мҥмкін емес. Ойын дҥниеге ашылған
ҥлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз ӛмірмен ҧштасып
айналадағы дҥние туралы тҥсінік алады. Ойын дегеніміз – ҧшқын, білуге қҧмарлық пен еліктеудің
маздап жанар оты» деген.
Ойын – ақыл-ой мен сезім кҥшін талап ететін ерекше ҧйымдастырылатын сабақтар. Ойын
әрқашан шешім қабылдауды ҧсынады – қалай істеу, не айту, қалай ҧту қажет? Осы мәселелерді шешу
тілегі ойнаушылардың ойлау әрекетін арттырады. Ал егер оқушы сонымен қатар шетел тілінде сӛйлесе,
ол оқытудың бай мҥмкіндігін ашады. Балалар ол туралы ойланбайды. Ойын олар ҥшін ең бастысы –
еліктіргіш сабақ. Сонысымен ол оқытушыларды, соның ішінде шет тілдер оқытушыларын
қызықтырады. Ойын кезінде барлығы тең. Ол тіпті нашар оқушылардың да қолынан келеді.Тіпті тіл
даярлығынан нашар оқушы ойында бастаушы болуы да мҥмкін: кей кезде бҧл жердегі тапқыштық пен
тҥсінгіштік пәнді білуден де маңызды болады. Теңдік сезімі, қуаныш атмосферасы, тапсырманың
қолынан келетіндігін сезіну – сӛзінде басқа тіл сӛздерін еркін қолдануға бӛгет жасайтын балалардың
ҧялшақтық сезімін жеңуге мҥмкіндік береді және оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді.
Байқаусыз тіл материалы меңгеріледі – «мен басқаларымен бірдей сӛйлесе алады екенмін» деген ой
оқушы жадына келеді.
Ойын барысында оқушылар ӛздері де байқамай әр тҥрлі жаттығуларды орындай бастайды. Ойын
баланы іздену жолына бағыттайды, жеңіске деген қызығушылығын оятады, ал осыдан шыға келе олар
жылдам, жинақы, шапшаң, тапқыр болуға, ойын шартын сақтай отырып тапсырмаларды нақты
орындауға тырысады.
Ағылшын тілін оқытуда ойын тҥрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.
1.Алфавитті дҧрыс меңгерту
2.Орфографияны дҧрыс оқыту
184
3.Дҧрыс оқу дағдысын қалыптастыру
4.Лексиканы меңгерту
5.Оқушылардың ойын дамыту, дҧрыс жазу, дҧрыс айту,дҧрыс білу дағдысын қалыптастыру.
Мҧғалім ойынға қойылатын тӛмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.
Ол әдістемелік тҧрғыдан алғанда мынадай бӛліктерден тҧрады:
1.Ойынның ӛтілетін сабақтарының мазмҧны мен тақырыбына сай болуы.
2.Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.
3.Ойынның ойналу тҥрі топ болып ойнау.
4.Ойынға қажетті материалдардың тҥгел дайындалып қойылуы.
5.Қолданылған сӛздер,сӛз тіркестері,олең таңдау
6.Ойындардың ӛту барысының жоспарын жасау.
Мҧғалім алдымен оқушының оқуға қызығушылығын ояту қажет. Оқушының қызығу
жәрдемімен оқып ҥйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ҧшталады, ӛз кҥшіне мҥмкіндігіне
сенімі артады,кісілігі қалыптасып, дара тҧлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Қызығуды туғызу ҥшін ойын тҥрлерін пайдаланудың орны бӛлек. Тиімді пайдаланылған
ойын тҥрлері мҧғалімнің тҥсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік
меңгеруіне кӛмектеседі.
Сынып ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады:
What‘s in the bag? Сумкада не бар ойыны.
Мҧғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Оқушылардан сҧрайды. Оқушылар сумкада
не бар?Оқушылар ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мҧғалім бҧл ойынды сабақ
соңында қолданса болады. Әсіресе жаңа сӛздерді бекіту ҥшін қолдануға болады. Мҧғалім
оқушылардан What‘s this? Сҧрағы арқылы затты кӛрсету арқылы сҧрайды. Мысалы: Book, pen,
copybook, pencil, ruller, rubber деп кӛрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке қайталатады.Оқушыларға
сумка ішіндегі заттарды таратып беріп,оқушылардан осы заттарды мына сҧрақ арқылы сҧрауға да
болады.Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу
керек.Оқушылар тапса Alіma has a pencil деп табу керек. Бҧл ойын оқушының сабаққа деген
қызығушылығы артып, сӛздік қорлары молайып, есте сақтау қабілеті артады.
Board Race Тақта сайысы ойыны
Мҧғалім оқушыларды екі топқа бӛліп,ойынның ережесімен таныстырады.Бҧл ойында мҧғалім
тҥстер,сандар,сӛздер айтады сол айтылған сӛздерді,сандарды оқушылар қатесіз жазу керек.Келесі
оқушы әрі қарай жалғасын жалғастырып отырады.Соңында оқушылардың жазғанын тексеріп
қателерін жӛндеп қай топтың жеңгенін анықтайды.Мысалы:
P-1 P-2
Red Red
Ten Ten
Stone Stone
Winter Winter
Book Book
Осылай рет-ретімен оқушылар жалғастырып болған соң қателерін жӛндеп қай жақтын жеңгенін
айтады. Бҧл ойында оқушылардың шапшаң дҧрыс жаза білу, есте сақтау қабілеттері артады.
Question race Сҧрақтар сайысы
Мҧғалім оқушыларға сол сабаққа қатысты сҧрақтар қояды. Осы сҧрақтар оқушыларға
таратылып беріледі. Оқушылар сол сҧрақтарға дҧрыс жауап беру керек. Мысалы жыл мезгілдерін
ӛткен кезде суреттер арқылы да мынадай сҧрақтар арқылы қолдануға болады.
1.How many seasons are there in a year?
2.What are they?
3.How many months are there in a year?
4.What are they?
5.What season is it now?
6.What month is it now?
7.How many days are there in a week?
8.What are they?
Осы сҧрақтар арқылы оқушылардың сӛйлеу қабілеттері артып,сӛздік қорлары
молайып,сабаққа деген қызығушылығы артады.
Bingo
Go fish ойындарын қолдануға да болады. Бҧл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім
мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сӛз
іскерліктерін меңгеруіне кӛп кӛмектеседі.
185
Ағылшын тілі пәнінде кӛбіне рольдік ойындар, грамматикалық ойындар, танымдық ойындар
қолданылады. Ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның ӛмір сҥруінің маңызды бір тҥрі
Ойын элементі тек қана тілді меңгеруде ғана кӛмегін тигізіп қоймай, сонымен қатар оқушының
сана-сезімінің артуына, жаңа сӛздерді есіне сақтап қалуына кӛмектеседі. Егер ойын элементтері
кеңінен қолданылса, оқушының тілге деген кӛзқарасын кеңейтеді. Шетел тілі сабақтарында ойын
дҧрыс ҧйымдастырылса, дҧрыс пайдаланылса оқушының алған білімін шыңдап, шығармашылықта
қолдануына және ҥлкен табыстарға жетуіне кӛмектеседі. Сондықтан ойын шетел сабақтарында ӛте
керек және пайдалы деген пікір айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |