Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет16/29
Дата10.01.2017
өлшемі2,33 Mb.
#1601
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29

 
ЛИТЕРАТУРА 
 
1.
 
Концепция правовой политики Республики Казахстан /Источник: conception 
1. doc 
2.
 
Соколов Я.В. Граждановедение. «Права и свободы человека и гражданина». – 
М., 1994. 
3.
 
Никитин А.Ф. Обычай и закон. Как они уживаются //Юридический   вестник, 
1996, №10 (438). – С. 28. 
4.
 
Гражданское  образование:  содержание  и  активные  методы  обучения.  /Под 
ред. Шехтера С.  и Воскресенской Н. при участии Иоффе А. и Уайта Ч. – М., 1997. – 
190 с. 
5.
 
Валеев И.И. Гражданином быть обязан. – Уфа, 2000. – 212 с.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Бұл 
мақалада 
құқықтық 
мәдениетті 
тәрбиелеуге 
қатысты 
педагогикалық 
тұжырымдамалар қарастырылған. 
(Байтерекова  К.Б.,  Сманов  Л.С.  Мектеп  оқушыларын  құқықтық  тәрбиелеуді 
ұйымдастыру жолдары) 
 
SUMMARY 
In this article discussed pedagogical output about the ways of organization of legal education.  
(Baiterekova  K.B., Smanov L.S. Ways of Organization of Legal Education Students) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

144 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
ӘОЖ: 316.812.7   
 
Г.Т.МҰСАБЕКОВА  
педагогика ғылымдарының докторы, 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті 
 
Н.ЕСМҰРЗАЕВ  
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
 ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫН ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
«Отбасы  дегеніміз  не»  деген  сұраққа  жауап  беріледі.  Ғұламалардың 
берген  анықтамалары  келтіріледі.  Жастардың  қазір  ажырасуы  көптеп 
кездеседі.  Оның  себептері  іздестіріледі.    Қазақ  жастарын    отбасылық  
өмірге  даярлаудың  психологиялық    және    педагогикалық    ерекшеліктері 
көрсетіледі.  Жастарды  отбасы  өміріне  дайындаудың  психологиялық 
аспектісі ретінде шарттар ұсынылады. 
 
       Кілт  сөздер:  отбасы,  отбасылық  өмір,  отбасылық  өмірге  даярлау, 
отбасылық  өмірге  даярлаудың  психологиялық  және  педагогикалық 
ерекшеліктері, отбасылық өмірге дайындықтың басты  компоненттері. 
 
Жастарды  отбасы  өміріне  дайындаудың  психологиялық  аспектісіне 
келмес  бұрын  «Отбасы  дегеніміз  не?»  деген  сұраққа  жауап  берейік. 
Аристотельдің  айтуы  бойынша,  отбасы  –  адамдар  қарым-қатынасының 
алғашқы  түрі,  ол  мемлекеттің  алғашқы  ұяшығы.  Сондықтан  да,  мемлекетте 
отбасының  орны  ерекше  және  оны  елге  терең  түсіндіру  қажет.  Отбасының 
өмірлік  іс-әрекетінің  сферасы,  оның  мүшелерінің  арнайы  қажеттіліктерін 
қанағаттандырумен  тікелей  байланысты.  Жалпы,  отбасы  түсінігінің  мән-
мағынасы  өте  кең  болып  келеді.  «Отбасы    дегеніміз  не»    деген  сұрақ 
қойылғанда,  бәрімізге  ата-ана  мен  бала-шаға  туралы  ойлар  келеді.  Яғни, 
отбасы тек осы мүшелермен ассоциацияланады.   
Қазіргі  кезде  отбасын  құру    және  өмірлік  жарды  таңдау  қиынға  соғады.    
Өйткені, қазіргі жастарда отбасы, неке туралы түсінік азын-аулақ. Сондықтан 
да,  қазіргі  таңда,  осының  салдарынан  ажырасу  көбейіп  келеді.  Сонымен 
қатар,  Батыстың  азаматтық  некесі  де  осыған  әсер  етеді.  Осы  себептен 
жастарды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық маңызы өте зор.   
      Жастарды  отбасы  өміріне  дайындаудың  психологиялық  аспектісіне 
келетін болсақ, біз мына шарттарды ұсынар едік: 
1. Отбасы туралы балаға ата-ана, кішкентай күнінен бастап дұрыс түсінік 
беру керек. 

145 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
2.    Мектепте,  жоғары  оқу  орындарында  отбасына  қатысты  түрлі  тренинг-
жаттығулар өткізілуі тиіс. 
3.    Жастарға отбасы және неке туралы көптеген ақпараттар берілуі керек. 
4.    Отбасында  болатын  түрлі  конфликтілер  мен  мәселелерді  шешу 
жолдарын үйрету керек, сонымен қатар психологиялық кеңес беру қажет. 
5.    Отбасын құру екі жастың қалауымен болуы керек. 
6.    Отбасын  құрудағы  басты  мәселе  -  жастар  бір-бірін  жақсы  түсіне  білуі 
керек. 
Еркек  пен  әйелдің  бас  қосып,  шаңырақ  құруы  –  отбасының  салт-
дәстүрлік  негізін  қалап,  оны  жүйелеп,  ұрпақтан-ұрпаққа  аманат  етіп 
қалдырған.  Сол  бойынша  үйдегі  адамдардың  өзіндік  орны  мен  атқаратын 
қызметі, отбасы үшін жауапкершілігі бар. Егер де ол орындалмайтын немесе 
бұзылатын  болса,  отбасының  берекесі  кетеді,  оны  күйреуге  әкеліп 
соқтырады.  Ал  мұны  болдырмаудың  сара  жолы  –  жұптық  жарасым,  өзара 
түсіністік пен сыйластық [1]. 
Қазақ отбасында ер мен әйел – шаңырақтың негізгі іргетасы. Бұл іргетас 
үйленумен  қаланып,  нығаяды.  Адам  баласы  жан-дүниесі  аңсаған  рахат  пен 
татулық,  бейбіт  өмірді,  ең  шынайы  сүйіспеншілік  пен  мейірімділік  ыстық 
сезімдерді  ана  құшағы  мен  әке  шаңырағынан  табады,  өзінің  адамгершілік 
қасиетін, абыройын, намысын үйленіп, үй болу арқылы айрықша жарқырата 
көрсетіп,  айрықша  қамқорлықпен  қорғай  алады.  Отбасы  жауапкершілігі 
үйленген  еркек  пен  әйелдің  бірінің  алдындағы  парызы  мен  қарызын 
бұлжытпай  орындаудан  басталады.  Бұл  орайда  М.А.Каньян  былай  дейді: 
«...Негізінде «қол ұстасу» деген күйеу жігіттің өз жарын қолынан ұстап үйіне 
алып  келуін  білдіреді.  Бұл  жұбайлық  өмірдің  басы.  Сондай-ақ,  бұл 
«жыныстық  қатынас»  дегенді  білдіретін  бейнелі  сөз  ретінде  де 
пайдаланылады.  Біз  бұл  жерде  ерлі-зайыпты  екі  кісінің  әрқайсысына 
жүктелетін  маңызды  істерді  баяндау  үшін  осы  екі  мағынаны  да  қатар 
қолданып отырмыз. Біріншіден, әйелдің еркек үйінің табалдырығын аттауы – 
оның бір отбасынан екінші бір отбасына, бір ортадан екінші бір ортаға қоныс 
аударуы  екені  рас.  Бұрын  ол  ата-анасы  мен  туыстарының  ортасында  болса, 
енді  өзі  қалаған  жанның  етегінен  ұстап,  оның  өмірлік  жарына  айналды.  Ері 
ендігі  жерде  әйелі  үшін  жауапты  әрі  некемен  келер  жауапкершіліктің 
барлығы оның мойнында. Демек, ерлі-зайыптылардың екеуі де араларындағы 
алғашқы  кездесуге  психологиялық  тұрғыдан  дайын  болуы  тиіс.  Бұл 
кездесуден  бұрын  еркек  өзінің  жауапты  қадам  алдында  тұрғанын  ескеріп, 
болашақ жарымен жақсы, һәм жарасымды тіршілік етуге, жұбайлық өмірдің 
ыстық-суығын  бірге  көтеруге,  қиындыққа  қайыспауға  дайын  болуы  шарт. 
Сол  секілді  жас  келін  де  ендігі  жерде  өзінің  оң  жақта  отырған  ерке  қыз 
еместігін  ескеріп,  сүйгенінің  сүйіктісіне  айналатынын,  болашақ  отбасында 
құт-береке  қонақтауы,  не  қонақтамауы  өзіне  де  байланысты  екенін  жан-
тәнімен сезініп, жауапты қадамға лайықты дайындық жасағаны жөн. Яғни, 
 

146 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
жас жұбайлардың екеуі де неге қадам жасап жатқандарын, оның
  жауапкершілік 
аманатымен қоса не нәрсе жүктерін толық сезінгені дұрыс. 
Екіншіден,  олар  жыныстық  қатынасты  ұрпақ  көбейтуге,  зинадан  аулақ, 
нәпсіқұмарлықтан  ада  болуға  ықпал  ететін  іс  ретінде  қабылдағаны  игі. 
Халқымызда:  «Екі  жақсы  қосылса,  ай  мен  күндей  жарасар,  екі  жаман 
қосылса, ырылдасып айрылысар», - деген дана сөз бар. Отбасы беріктігі ерлі-
зайыптылардың  бір-біріне  керектігін  жандүниесімен  сезініп,  қашанда  бір-
біріне мейіріммен қарауы арқылы нығаяды. Күнделікті қарапайым тіршілікте 
әйелі  дайындаған  тамағының  дәмді  екендігін  күйеуінің  аузынан  естіп,  риза 
болғысы  келсе,  күйеуі  отбасына  қажетті  бір  шаруаны  тындырып  қайтқаны 
үшін  жұбайының  жылы  лебізін  тыңдағысы  келеді.  Немесе,  жұмыстан 
шаршап  үйге  қайтқанында  әйелінің  балаларына:  «Әкеңе  көрпе  сал,  жастық 
әкеліп  бер,  дем алсын,  мазасын  алмаңдар»,  -  деген  тәрізді  ыстық  ықыласын 
күтеді.  Мұның  бәрі  ұсақ-түйек  сияқты  көрінгенімен,  жұптық  жарасымды 
гүлдендіретін мінез-құлық, жауапкершілік, сыйластық [2].   
Өмірде көріп жүрген бір жағдай, көптеген әйелдер күйеулерін «Отбасы 
өміріне жауапсыз қарайды. Бала-шағасын бағуды ойламайды. Жұрттың еркегі 
болса  үйді  де  алып,  автокөлікті  де  мініп,  ата-анасына  сыйлық  та  жасап, 
қолынан  келген  бар  тірлігін  жасап  жатыр.  Біздің  күйеуіміз  ұйқыдан  бас 
көтермейді, ішетіні арақ, сыра», - деп зар жылайды. Бұл рас. Өмірде мұндай 
еркектер  аз  емес.  Қазір біраз  еркек  ұсақталып кетті.  Ішінде  отбасыға  масыл 
болып  отырғандары  да  көп.  Алайда  жас  келіншектердің  есінде  болғай, 
еркектер  әйелдерге  қарағанда  отбасын  асыраушы,  әке  болу  парызын  өтеуге 
бірден  қалыптасып  кете  алмайды.  Олар  бойдақ  кезінде  бірге  жүрген 
үйленбеген жолдастарынан да қол үзіп кете алмай, кейде оларға қосылып та 
кетеді.  Сол  себепті  әйел  бастапқы  кезде  күйеуіне  үйіп-төгіп,  көп  талап  қоя 
бермеуге тиісті. Кейде еркектің отбасы үшін жауапкершілік танытпауы, яғни, 
жауапсыздығы  әйелінің  отбасы  үшін  жауапкершілікті  өз  мойнына  алып, 
бәрін  де  өзі  билеп-төстеуінен  де  болады.  Иә,  отбасындағы  кез-келген 
мәселені  шешуге  әйелінің  белсенді  түрде  араласып,  үстемдікті  өз  қолына 
алуы  күйеуін  отбасы  жауапкершілігінде  енжарлыққа,  бейтараптылыққа 
әкеліп соқтырады. Еркек отбасы үшін ең басты жауапты жан екенін ұмытады. 
Және  де  отбасында  жалғыз  ұл  болып  еркелеп,  есейгенше  шешесінің  етегіне 
оратылып  жүрген,  өмірі  еш  нәрсеге  араласпай  өскен  еркек  те  отбасы  үшін 
өзінің  жауапкершілігін  бастапқыда  толық  сезінбейді,  үйленген  соң  отбасын 
қаржымен,  тамақ,  киім-кешекпен,  баспанамен  қамтамасыз  ету  қажеттілігін 
түсінсе,  уайымға  батады,  тіпті  өнбойын  қорқыныш  сезімі  де  билейді.  Ал 
мұндай еркектен жанұяға жақсылық күту қиын. Сол себепті күйеуі осындай 
жан болып шықса, әйелі оған түсіністікпен қарап, үмітін үзбей, оның отбасы 
жауапкершілігін  жете  сезінуіне,  отбасы  үшін  өмір  сүріп,  еңбек  етуіне 
түсіністікпен  жәрдемдескені  жөн.  Отбасы  жауапкершілігінде  бала  тәрбиесі 
басты орын алады. Қазақ отбасында ер бала әкеге тартып оқ жонады, қыз  

147 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
бала  шешеге  тартып  тон  пішеді.  Әр  отбасының  бастаушы  адамы  тәрбие 
жұмысының тізгінін өзі ұстап, өзіне бағынуға тиісті әр адамға өнегелі үлгілер  
көрсетіп  отырады,  оларды  жақсылыққа  бастайды.  Бұл  шара  –  үйішілік 
дәстүрлі  тәлім  салты  саналады.  Әлеуметтік  әрекеттерге  әр  адамның 
саналы түрде араласуына бағыт сілтейді. Үйішілік дәстүрге бала-шағаны 
қалай  басқару,  жақсылыққа  қалай  баулу,  нендей  жайларға  зейін  қою 
керектігі,  айналасындағы  адамдармен  қалай  қарым-қатынас  жасау 
мәселелері  жатады.  Жату-тұру,  киіну,  тамақ  жеу,  адамдармен  сөйлесу, 
әрқилы  мерекелер  мен  ойын-сауыққа  бару  секілді  істердің  барлығы 
үйішілік  тәрбиенің  жосындары.  Ата-баба  аруағына  сиыну  да,  үйішінің 
абыройын қорғау да сөзсіз орындалатын шарттар. Бұл – үйішіндегілердің 
жүрегіне  сіңіріп,  көңіліне  тоқып  алуға  тиіс  ережелері».  Ал  осынау 
отбасылық  дәстүрлі  тәлім-тәрбиенің  жемісті  жүзеге  асырылуы  ата-
аналардың,  яғни  ерлі-зайыптылардың  отбасылық  жауапкершілікті  қалай 
сезініп, қалай атқаратынына тығыз байланысты. Жұптық жарасымға жету 
жолдары Отбасындағы жұптық жарасым – бақытты болудың басты тірегі. 
Ол  үшін  ерлі-зайыптылардың  үнемі  есте  сақтайтын  қағидалары, 
бұлжытпай  орындайтын  міндеттері,  басшылыққа  алатын  ақыл-кеңестері 
бар.  Мінез-құлық  ерекшеліктері  мен  сезімдер  тұрақтылығының  мұқият 
есепке  алынуы  ойдағыдай  отбасы  құрудың  шарты  болып  табылады.  Өз 
мінезін  білу,  болашақ  жар  мінезінің  ерекшеліктерін  түсіну,  ұстамдылық 
көп  жағдайда  отбасында  қолайлы  психологиялық  ахуал  қалыптастыруға 
мүмкіндік  туғызып  отырады.  Ерлі-зайыптылардың  бір-бірінің  іс-
әрекеттеріне  баға  беруде  төзімді әрі  әділ  болуы  аса маңызды.  Бір-бірінің 
жан-дүниесін  түсіне  білу,  кешіріммен  қарау  қасиеттері  де  отбасында 
маңызды сипатқа ие.  
Қазақтардың    халық  педагогикасында  болашақ  отбасын  дайындауда 
бай тәжiрибе жинақталған. Оны қазiргi заман талабына сәйкес күнделiктi 
тыныс-тiршiлiкте  пайдалану  қазақ  халқының  рухани-адамгершiлiк 
әлеуетін байыта түсуге өлшеусiз үлес қосары сөзсiз. 
Біздің    пікірімізше,    қазіргі    арнайы    әдебиетте    отбасылық    өмірге   
дайындықтың    әлеуметтік    ізгіліктік    аспектісіне      басты    көңіл  
аударылады,       ал    бұрын    бұл    ұғым   көбіне   физиологиялық    тұрғыдан  
ашылған    еді:    жыныстық    тәрбие    мәселелері,    ұлдар    мен    қыздардың  
гигиенасы  және  т.б. 
Сонымен,  біз  аталмыш    дайындықтың      басты    компоненттері  
(құрамдас  бөлшектері)  келесідей деп есептейміз: 
●  ізгілікті-психологиялық      компонент  (отбасы    өмірінің  
психологиясын  білу,  отбасында  жайлы  психологиялық   климат  жасай  
білу,  өзіне,  отбасы  мүшелеріне  моральдық-ізгіліктілік  талаптар  қою,   
басқа  адамдармен  достық  қарым-қатынас  жасау); 

148 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
● әлеуметтік   компонент  (отбасылық   қарым-қатынасты    құру    және  
оны   сақтау   қажеттігінің   мәнін   білу,   жұбайының   ұлтық  тілін,  оның   
халқының    салттары    мен    дәстүрлерін    қадірлеу,    қазіргі    отбасының  
қоғамдық    талаптарын    отбасының    әрбір      мүшесінің    мүддесімен   
үйлестіре  білу); 
●  шаруашылық-тұрмыстық    компонент    (бірлескен    өмірдің  
мәдениетін      білу,    шаруашылықты    жүргізе    білу,    үйдегі    міндеттерді  
бөлісе  білу,  отбасының  барлық  мүшелері  үшін  жайлы  жағдай  тудыру  
жөнінде  өзіне  талап  қою); 
●  физиологиялық    компонент  (жұбайының    сексуалдық-эротикалық  
қажеттерін  білу,  бір-бірінің  сексуалдық  мәдениетін  тәрбиелей   білу,  
жұбайлар    өмірінде    махаббаттың,    бір-бірін    қадірлеудің,      адалдықтың  
маңыздылығын  түсіну); 
●  педагогикалық    компонент  (педагогикалық    мәдениетті    меңгеру,  
балаларды    тәрбиелей    білу,      барлық    жастағы    отбасы    мүшелерімен   
араласа  білу,   қазіргі  педагогикалық   көзқарастарды  білу,  отбасылық  
тәрбиенің  әдістерін,  тәсілдерін  білу,  балаларға  отбасы  педагогикалық  
процесінің  субъектілері  ретінде  қарай  білу); 
● сауықтыру  -  бос    уақыт    өткізу    компоненті  (отбасы    мүшелерінің  
мәдени    өмір    салтын    ұстану    қажеттігін    тәрбиелеу,      отбасының    бос  
уақытын    өткізуді    ұйымдастыра   білу,    өткізе   білу,    қазіргі    сауықтыру 
бағдарламаларын    білу,    отбасы    мүшелерін    дамыту      мақсатымен  
олардың        бос    уақытын    өткізгенде    қажеттері  мен    мүдделерін    
үйлестіре  білу); 
●  экономикалық    компонент  (отбасының    экономикалық    жағдайын  
білу,    экономикалық    қарапайым    білімін      білу,  отбасылық      бюджетте  
қаражатты  бөле  білу,  отбасылық   бухгалтерияны  жүргізе  білу,  отбасы  
мүшелерінің    материалдық    қажеттерін      білу    және    тәрбиелеу,    өзінде  
тұтынушы  мәдениетін  тәрбиелей  білу). 
Неке – отбасы  қатынастарына  дайындық  дегеніміз – күрделі,  ұзақ  
көп    қырлы  процесс.  Қазіргі  күні  отбасылық  өмірге  дайындауды  
ұйымдастырудың  түрлі  нысандары  бар:  оқушыларға  арналған  «Әдеп»   
курсы,    отбасы    университеттері,      жас    жұбайлар    клубы,      лекция  
циклдері,    факультативтер,   таныстыру    қызметі    және   т.б.,  олар    неке  - 
отбасы   қатынастарының  қазіргі  практикасына  бағытталмаған.   Себебі,  
жастардың    көпшілігі    жоғары    оқу  орындарында    білім    алатындықтан,   
отбасын  құруға  дайындық  кәсіби  білімнің  құрамдас  бөлігіне  айналуы  
керек.  Отбасын    құру    жөніндегі    студенттермен    жүргізілетін    жұмыс  
әлеуметтік  педагог  пен  әлеуметтік  жұмыскердің  қызмет саласы  болып   
табылады,  ол  жоғары  оқу   орнының  біртұтас  педагогикалық   процесі   

149 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
жағдайында    студенттермен    қолайлы    нысандар    мен    әдістерді    таба  
білуі  керек. 
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Айтмамбетова  Б.,  Бейсенова  А.  Тәрбиенің  жалпы  әдістері.  –  А.:  Мектеп, 
1991. – 55 б. 
2.
 
Қарсыбаев  Б. Отбасылық  өмірге  даярлау //Қазақстан  мектебі. -2009. -№1. - 
62-65-б. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  речь  идет    о  семье,  о  подготовке  казахской  молодежи  к  семейной  жизни. 
Определяются  психолого-педагогические  особенности  подготовки  молодежи  к  семейной 
жизни. Предлагаются условия подготовки молодежи к семейной жизни. 
(Мусабекова  Г.Т.,  Есмурзаев  Н.  Психолого-педагогические  особенности  подготовки 
казахской молодежи к семейной жизни) 
 
SUMMARY 
It  is  a  question  of  a  family,  of  preparation  of  the  Kazakh  youth  for  family  life.  Psikhologo-
pedagogical  features  of  preparation  of  youth  to  amily  life  are  defined.  Conditions  of  preparation  of 
youth to family life are offered. 
(Musabekova  G.T.,  Esmurzaev  N.  Psiсho-Pedagogical  Features  of  Preparation  of  the  Kazakh 
Youth to Family Life) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

150 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
УДК 372 358 045 
 
М.Ж.ЖУМАБАЕВ 
доктор физико-математических наук,  
профессор МКТУ им. Х.А.Ясави 
 
Г.Е.СЫРБАЕВА 
менеджер МКТУ им. Х.А.Ясави 
 
ИНФОРМАЦИОННО-КОММУНИКАТИВНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В 
ГЕОГРАФИЧЕСКОМ ОБРАЗОВАНИИ 
 
 
В  статье  рассматриваются  проблемы  использования  информационно- 
коммуникативной  технологии  в  географическом  образовании.  Развитие 
инновационной  педагогической  технологии  приводить  к  необходимости 
частичной замены традиционных средств обучения новыми компьютерными  
технологиями.  Отмечено,  что    применение  компютерной  технологии 
активизирует  все  виды  учебной  деятельности.  При  этом  информационно-
коммуникативная  технология  способствует  реализации  дидактических 
принципов 
организации 
учебного 
процесса 
и 
может 
повысить 
эффективность образовательного процесса. 
 
Ключевые 
слова: 
компьютер, 
технология, 
коммуникативность, 
информация,  педагогическая  технология,  процесс  обучения,  традиционная 
методика, информационно-коммуникативная технология, география.  
 
Использование   компьютерной технологии,применение мультимедии и др. 
технических 
средств 
обучения 
являются 
основными 
направлениями 
модернизации  системы  географического  образования.  Применение  в  обучении 
компьютера  в  сочетании  саудиовизуальными  средствами  называются 
«информационной  технологией  в образованиях».  Применение  информационных 
компьютерных  технологий  на  уроках  географии  не  только  облегчает  усвоение 
нового материала, но ипредставляет новые возможности для развития творческих 
способностей,  повышает  мотивацию,  развивает  мышление  и  творческие 
способности, формирует активнуюжизненную позициюстудентов [1-3].    
Педагогическая  технология  отражает  тактику  реализации  образовательных 
технологий.  Образовательные  технологии  включают  всебе  следующие 
принципы:  принцип  согласованности;  принцип  полноты;  принцип  целевого 
единства;  принцип  всеобщей  профессиональной  ориентации;  принцип 
предметной  содержательной  согласованности;  принцип  единства  теории  и 
практики  [4].  Педагогические  технологии-это  исследование  не  только  в  сфере 
использования  технических  средств  обучения  или  компьютеров,  но  и 
исследования  сцелью  выявить  принципы  и  разработать  приемы  оптимизации 
образовательного   процесса     путем      анализа      факторов,    повышающих
  

151 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
образовательную эффективность. На сегодняшний день,  во всем мире широкое 
развитие 
получили 
информационно-коммуникативныетехнологии. 
При 
использовании  информационно-коммуникативной  технологии  необходимо 
стремиться к реализации всех потенциалов личности-познавательного, морально-
нравственного,    творческого,  коммуникативного  и  эстетического  и  др.  качеств. 
Чтобы  эти  потенциалы  были  реализованы  на  достаточно    высоком  уровне, 
необходимо  педагогическая  компетентность  в  области  информационной 
технологии.  Предметом  и  результатом  информационной    технологииявляется  - 
информация, а инструментом труда- компьютер [5-7].  
Развитие 
информационно-коммуникативной 
технологии 
позволяет 
частичную  замену  традиционных  средств  обучения  новыми  компьютерными  
технологиями.  Использование  интернета,различных  компьютерных  программ 
позволяют  получить  разнообразную  текстовую,внетекстовую  визуальную, 
звуковую  и  динамическую  информацию.  Мультимедийные  технологии 
позволяют  объединить  различные  формы    представления    географической 
информации,  и  не  только  позволяют  выстраивать  материалы  в  виде  линейной 
последовательности, но и дает возможность создавать нелинейного перемещения 
между  частями  материалов.  Применение  компьютеров  в  географическом 
образовании  дает  следующие  преимущества:  1)  экономия  времени;  2) 
оперативность  информации;  3)возможность  автоматизированной  проверки 
знаний.  В  настоящее  время  существуют  мультимедийные  учебники; 
мультимедийные  энциклопедии;  мультимедийные  атласы  и  географические 
карты;  мультимедийные  обучающие    игры.  Интернет  дает  неограничную 
возможность получить качественно новые географические информации, которые 
могут  использовать  как  и  преподаватели,  так  и  обучающиеся.  Материаловпо 
географиив сети интернета достаточно много. Их можно разделить на несколько 
групп:  наглядные  ресурсы;  справочная  информация;  web-атласы;  авторские 
публикации;издания  учебных  пособий;  нормативные  документы  образования; 
периодические  педагогические  издания;  игры;  дистационное  обучение;  сетевые 
проекты,методические разработки и.т.д. 
География  один  из  предметов,  вкоторойиспользование  компьютерной 
технологии может активизировать все виды учебной  деятельности: 1) Изучение 
нового  материала;  при  этом  на  мониторах  компьютеров  или  на  специальных 
экранах  можно    получить    высококачественные  иллюстрации,    имитации;  2) 
Подготовка    и  проверка    домашнего  задания;    3)  Самостоятельная  работа.Здесь 
выполняютя  индивидуальные  задания  на  компьютере;  4)Внеклассная  работа;  
5)Творческая  работа.  При  этом  создают  собственные  интернет-сайты, 
разрабатывают мультимедийные уроки. 
В  педагогической  литературе  существуют  следующие  подходы  в 
определении  технологии:    1)  технология  определяется    как  дидактическая 
концепция, часть педагогической науки;  2) как педагогический процесс;  3) как 
процедура  алгоритм    деятельности  преподавателя  и  учащихся;    4)  как 
педагогическая система [8,9]. Процесс формирования педагогической технологии 
можно представить в виде следующей схемы: Научное познание педагогической  

152 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
действительности   
 законы,  закономерности    как    объективные    связи    
  
педагогическая  технология.  Использование  педагогической  технологии 
предполагает построение учебного процесса в следующей схеме: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
коррекция 
 
 
 
Технологизация    педагогического  процесса    -  это  тенденция  его  развития, 
которая направлена на повышение эффективности образовательного процесса. С 
развитием  педагогических  технологий  возникает  проблема  определения  того,  в 
чем  отличие  от  традиционной  методики.  Технологию    можно  понимать  как 
определенный  способ  обучения,  в  котором  основную  нагрузку  по  реализации 
функций  обучения  выполняют  средства  обучения  под  управлением 
преподавателя  .  При  этом  преимущество  отводится  средству  обучения,  а 
преподаватель выполняет функции стимулирования, организации и координации 
деятельности 
учащихся. 
Любая 
педагогическая 
технология 
должна 
удовлетворять  критерии  технологичности:  концептуальность,  системность, 
управляемость, эффективность, воспроизводимость [8,9]. 
В  настоящее  время процесс  обучения  немыслимбез  широкого    применения 
информационно-коммуникативных  технологий,  в  том  числе,    компьютерных 
технологий. 
Использование 
компьютерных 
технологий 
повышает 
положительную  мотивацию  учащихся  к  учению,  активизирует  познавательную 
деятельность, 
развивает 
мышление 
и 
творческие 
способности 
учеников,формирует активнуюжизненную позицию. 
Компьютер  является  универсальным  средством  обработки,хранения  и 
предоставления  информации.  С  помощью  интернета  можно  найти  большое 
количество  информации  с  географическим  содержанием.  Поэтому,  имеем 
возможность  их  применять  в  учебном  процессе  с  помощью  компьютеров. 
Информационная технология обучения, основанная на применении современной 
передовой  техники-компьютера,  демонстрационных  комплексов,  позволяет 
решать  по-новому  многие  педагогические  задачи.  Наиболее  распространенным 
методом  применения  компьютера  в  учебных  целях  является  использование 
мультимедийных 
образовательных 
программ, 
позволяющих 
в 
сконцентрированной  форме  изучать  и  повторять  материал  по  теме  в 
темпе,который  ученик  (студент)  подбирает  сам.  Урок  можно  проводить  в 
разнообразных  формах.  Например,  с  помощью  интерактивных  досок  можно 
демонстрировать различные явления природы, образование облаков, выпадение
 
учебные 
цели 
 
обучение 
 
оценка 
общие цели 
и 
содержание 
обучения 

153 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
осадков и т.д.  Компьютерные  анимации  позволяют  наглядно  и  в динамике
  
рассматривать  многие  географические  объекты  и  явления.  При  совместном 
использовании  компьютера  и  проектора  можно  получить  необходимые 
изображения  в  цветной  форме,  которые  нужны  во  время  проведения  уроков. 
Мультимедийные  программы  позволяют  улучшить  восприятие  изучаемого 
материала. 
Кабинет  географии  должен  быть  оборудован  аудио-визуальнымии 
интерактивными  средствами  обучения  для  иллюстрации  учебного  материала, 
которые  повышают  наглядность  обучения.  С  помощью  интернетаможно 
находить нужные материалы для расширение возможностей обучения географии. 
Использование  компьютера  позволяет  построить  графики,  диаграммы,которые 
можно    использовать  в  процессе  прохождения  уроков  географии.    В  географии 
заложены  огромные  возможности  применения  компьютерной  технологии.На 
факультете  «Естествознания»есть  компьютерные  классы  и  лаборатории, 
интерактивныедоски  и  множество  технических  средств  обучения.Кабинет 
географии  Международного  казахско-турецкого  университета  им.  Х.А.Ясави 
оснащены новыми компьютерами последнего поколения,интерактивной  доской 
и  аудио-видео  техникой,  которые  позволяют  организовать    занятияна  высоком 
научно-методическом  уровне.  На  кафедре  географии,  преподавателями 
разработаны  многие  учебно-методические  материалы  по  экономической  и 
физической  географии.  Преподаватели  при  проведении  занятий  используют 
новые  педагогические технологии. 
Развитые  страны  мира  осознали  необходимость  реформирования  своих 
систем образования с тем, чтобы обучающиеся (ученик, студент) действительно 
стали  центральной  фигурой  учебногo  процесса,  и  при  этомпознавательная 
деятельность  обучающихся  находится  в  центре  внимания  педагогов-
исследователей, разработчиков программ образовательных средств обучения. 
Информационно-коммуникативная  технология  –  это  обобщенное  название 
технологии,  отвечающих  за  хранение,  передачу,  обработку,  защиту  и 
воспроизведение  информации  с  использованием  компьютера.  Любая 
педагогическая  технология-это  информационная  технология,  так  как  основу 
технологичного  процесса  обучения  составляет  получение  и  преобразование 
информации. 
Использование  информационно-коммуникативной  технологии  позволяет: 
эффективно организоватьпроцесс обучения; расширять информационные потоки 
при  использовании  интернет;  интегрировать  обычный  урок  с  компьютером; 
лучше  оценить  способность  и  знание  обучающихся;  примененить  тесты  на 
уроках и объективно,  быстро оценить усвоение изучаемого материала; выбрать 
уровеньи трудностьзадания для конкретного обучающегося; быстро организовать 
прямые  и  обратные  связи  с  обучающимися;быстраяорганизация  проверки 
домашнего  задания,  фронтального  опроса,  подготовить  обучающихся  к 
активному  и  сознавательному  усвоению  материала,  объяснения  и  закрепления 
материала,  промежуточного  и  итогового  контроля,  освоения  обучающимися 
современных информационных технологий. 

154 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
Информационно-коммуникативные 
технологии 
могут 
существенно 
повысить эффективность образовательного процесса. Развитие общества диктует   
необходимость  использования  информационно-коммуникативных  технологий  в 
образовательной системе, и это значит, что современный преподаватель должен 
использовать 
информационно-коммуникативные 
технологиив 
своей 
деятельности. 
Использование  информационных  технологий  обучения  способствует  
реализации  известных  дидактических  принципов  организации  учебного 
процесса,наполняет  деятельность  преподавателя  принципиально  новыми 
содержаниями.  Компьютер,  как  и  другие  информационные  носители,должен 
выполнять вспомогательные функции, должен помочь педагогу. Таким образом, 
при 
преподавании 
географии 
целесообразносовмещатьсовременные 
информационно–коммуникативные  технологии    с  традиционными  методами  и 
формами обучения. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет