Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет19/29
Дата10.01.2017
өлшемі2,33 Mb.
#1601
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29

ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Дуйсембінова  Р.К.  Қазақтың  әншілік  өнері:  Оқу  құралы.  –  Алматы:  Өнер, 
1998. – 110 б. 
2.
 
Дуйсембінова  Р.К.  Музықалық  білім  беру  педагогикасы:  оқу  құралы.  - 
Талдықорған,  2006. -216 б. 
3.
 
Ахметова М. Ән өнері және уақыт. – Алматы: Өнер, 1993. – 198 б.  
4.
 
Балабеков  Е. Қазақтың музыкалық фольклоры: Оқу құралы. – Алматы, 2006. 
– 157 б. 
5.
 
Ғизатов  Б.  Қазақ  музыкасының  терминологиялық  сөздігі.  –  Алматы:  Өнер. 
1987. – 232 б. 
6.
 
Қоңыратбай  Т.  Қазақ  халқының  музыкалық  фольклоры  //Музыка  әлемінде. 
2004, №2. - 34-38 б. 
 
PEЗЮМЕ 
В  статье  автор  рассказывает  о  методах  обучения  школьников  освоению  песенной  и 
инструментальной культуры исполнения на уроках музыки. 
(Байгонова А.С., Кененбаев С.Н. О методах обучения школьников освоению песенной и 
инструментальной культуры исполнения на уроках музыки) 
 
SUMMARY  
In  this    article    opened  by    studying  methods    for  school  pupils    about    musical    songs  and  
instrumental culture skills for  providing of  the musical lesson’s. 
(Baigonova  А.S.,  Kenenbaev  S.N.  The  Method  of  Teaching  Pupils  Mastering  Song  and 
Instrumental Performance Culture at Music Lessons) 

180 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
ӘОЖ 371.1 
 
Г.Т.ТОККУЛОВА 
 педагогика ғылымдарының кандидаты,  
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доцент м.а.  
 
Н.ОШАНТАЕВА 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты  
 
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘЛЕМДІК БІЛІМ БЕРУ 
ЖҮЙЕСІНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАНУЫ 
 
Дамыған  елдердегі  жоғары  білім  беру  жүйесіне    жасалынған  түрлі 
кезеңдердегі талдаулар көптеген елдерде жоғары білім беру жүйесінің жоғары 
сапаға  теңестірілген  аса  тиімді  механизмдерінің  қалыптасқанын,  сол  себепті 
олардың  өз  азаматтарымен  қатар  басқа  да  шетел  білімгерлерінің  осында 
жоғары  білім  алуына  жағдай  жасау  білім  беру  жүйесіндегі  маңызды 
мемлекеттік  мәселелердің  тиімді  шешімін  табуын  қажет  етіп  отыр. 
Қазақстандық  білім  беру  жүйесін  Болон  процесінің  білім  саясаты  кеңістігіне 
енгізудің  Еуропалық  сапа  жүйесін  салыстырмалы  талдау  арқылы  еліміздегі 
білім  беру  сапасын  арттырудың  ғылыми-теориялық  негіздері  жасалынды. 
Мақалада  қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  әлемдік  білім  беру  жүйесіне 
сәйкестендірілуі мақсатындағы кейбір мәселелер қарастырылған.   
 
Кілт  сөздер:  білім  беру  жүйесі,  Болон  процесі,  интеграция,  маман  даярлау, 
салыстырмалы-педагогикалық талдау. 
       
 
Қазақстан  мемлекетінің  экономикалық  қуаттылығы  мен  қауіпсіздігі  көп 
жағдайда халықтың білім деңгейімен айқындалады, бұл, әсіресе, жоғары білімді 
болашақ мамандардың кәсіби дайындығының сапасына тікелей тәуелді. 
Қазақстанда  білім  беру  жүйесінің  әлемдік  білім  беру  жүйесіне 
интеграциялануы,  оның  жоғары  білім  беру  жүйесінде  дамыған  елдердегі  кәсіби 
маман даярлау жетістіктеріне терең ғылыми талдау жасау қажеттілігін талап етіп 
отыр.  Еліміздің  Еуропалық  білім  беру  жүйесі  аймағына  ену  мақсатының  нақты 
жүзеге  асу  мүмкіндігі  айқындалған  соң  (2012  жылы  Болон  декларациясына  қол 
қойылды),  дамыған  елдердегі  білім  беру  жүйесінің  сапалылығын  анықтау 
мақсатында салыстырмалы-педагогикалық талдау жасау қажеттілігі күн тәртібіне 
қойылды. 
Дүние жүзінің көптеген елдеріндегі сияқты, Қазақстан Республикасында да 
қазіргі  кезде  білім  беру  жүйесін  реформалау  жүзеге  асырылуда,  ЮНЕСКО-ның 
жүйелеуі бойынша бұл реформа екінші типті реформалар қатарына жатады. 
Дамыған  елдердегі  (Ұлыбритания,  Жапония,  Норвегия,  Франция,  т.б.) 
жоғары  білім  беру  жүйелеріне  салыстырмалы-педагогикалық  талдау  жасау,  
негізінен, әдіснамалық мәселе болып табылады. Ең басты мәселе жоғары кәсіби 
білім  беру,  оның  ішінде  жоғары  педагогикалық  білім  берудің  сол  елдердің 
әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесте алатын орнын
  

181 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
нақты анықтау болып отыр. Осы тұрғыдан дамыған елдердегі жоғары білім беру 
жүйесінің  қазіргі  күйі  мен  жайын  жүйелілік  қатысы  негізінде  қарастыру  өте 
маңызды. 
Әлемдік  нарықтағы  бәсекелестік,  объективті  шарттар,  ғылыми  прогрестің 
талаптары  дамыған  мемлекеттерде  жоғары  кәсіби  білімді  мамандарды 
даярлаудың тиімді механизмдерін үздіксіз іздестіруге ұмтылдырады. Сол себепті 
қазіргі  уақытта  дамыған  елдерде  жоғары  білім  беру  саласында  аса  қызық 
процестер  байқалуда,  атап  айтқанда  олар  мынадай  мәселелерге  ерекше  назар 
аударуда: 
-
 
«ғылым-өндіріс»  макроқұрылымында  жоғары  кәсіби  білім  беру  жүйесін 
дамыту; 
-
 
таңдалған  мамандық  нобайы  негізінде  түрлі  оқу  орындарының 
функцияларын диверсификациялау; 
-
 
көпдеңгейлі маман даярлау құрылымын жетілдіру; 
-
 
жекеленген оқу орындарында жоғары білікті маман даярлау жұмыстарын 
шоғарландыру; 
-
 
үздіксіз білім беруді қарқынды дамыту; 
-
 
диплом  алғаннан  кейінгі  оқытуды  дамытудың  түрлі  формаларын 
жетілдіру; 
-
 
жоғары 
білім 
беру 
жүйесінде 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын 
ұйымдастыруды қамтамасыз ету [1]. 
Жоғары  кәсіби  білім  беру  саласында,  әсіресе,  жоғары  педагогикалық  білім 
беру  мәселесінің  маңыздылығына  ерекше  назар  аударып,  оның мынадай  бағыт-
бағдарларын өзекті мәселелер ретінде қарастырады: 
-
 
дамыған  елдердің  көпшілігінде  студенттердің  өзіндік  жұмыстарына 
басымдылық беру арқылы оқу-тәрбие процесін интенсификацилауға; 
-
 
жоғары 
кәсіби 
педагогикалық 
білімді 
мамандарды 
даярлау 
бағдарламаларын әзірлеуге
-
 
оқытудың жеке-дара формаларының қызметін күшейтуге; 
-
 
оқытудың белсенді әдістері мен техниалық оқу құралдарын енгізуге [2]. 
Салыстырмалы талдау жұмысының талқылауға алынған бағытында жоғары 
кәсіби білім беру жүйесінің ішкі  құрылымын айқындайтын сыртқы факторларды 
зерттеудің  әдіснамалық  маңыздылығына  ерекше  назар  аударылады,  яғни 
дамыған  елдердің  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени-тұрмыстық,  тарихи 
және ұлттық дәстүрлеріне, халықтың менталитетіне сүйену есепке алынады. Сол 
себепті жалпығылыми педагогикалық әдіснама тұрғысынан ақпараттық ортаның 
бірлігін, 
оқыту 
технологияларының, 
ғылыми-әдістемелік 
базасының 
жетімділігін, оқыту процесін басқарудың тиімділігін қамтамасыз ететін, жоғары 
мектеп  педагогикасының  әлемдік  деңгейінің  талаптарына  жауап  бере  алатын 
жоғары білім беру жүйесінің үйлесімділігі мұқият зерттелуге тиіс. 
Дамыған  елдердегі  жоғары  білім  беру  жүйесіне    жасалынған  түрлі 
кезеңдердегі  талдаулар  көптеген  елдерде  жоғары  білім  беру  жүйесінің  жоғары 
сапаға  теңестірілген  аса  тиімді  механизмдерінің  қалыптасқанын,  сол  себепті 
олардың өз азаматтарымен қатар басқа да шетел азаматтарының аталған елдерде 
жоғары білім алуға ұмтылатынын көрсетіп отыр.   

182 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
Өйткені,  индустриясы  дамыған  елдерде  жоғары  кәсіби  білімді  маман  сол 
мемлекеттің  негізгі  құндылықтар  жүйесінің  біріне  жатқызылады,  яғни  ғылыми-
техникалық  және  мәдени  прогрестің  аса  маңызды  факторы  ретінде 
қарастырылады. Осы тұрғыдан аталған сектор сол елдің басқа елдермен бәсекеге 
түсе алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жүйе құраушы элемент деп саналады. 
Жоғары  педагогикалық  білім  беру  мәселесіне  дамыған  елдерде  (Жапония, 
Англия,  Германия,  Швеция,  Финлиндия,  Франция,  т.б.)  халықтың  прогрессивті 
ойлауының  көрсеткіші  ретінде  болашақ  азаматтың  қалыптасуына  жағдай 
жасайтын ғылыми-әлеуметтік фактор деңгейінде қарастыру орын алған [3]. Оның 
басты  себебі,  аталған  мемлекеттерде  педагогикалық  білім  беру  жұмыстарының 
мазмұны  психология  ғылымының  жетістіктеріне  сүйенеді,  сондықтан  басқа  
ТМД    елдеріндегі  педагогикалық  мамандарды  даярлау  жүйесіне  қарағанда 
психологияландырылған  сала  болып  табылады.  Бұл  жағдай  жоғарыда  аталған 
дамыған  елдерде  педагогикалық  мамандану  тар  шеңберде  берілетін  білім 
мазмұнымен  шектелген  прагматикалық  қатынасқа  негізделген  бағыттылықты 
көрсетеді,  алайда  олар  өздерінің  қызмет  ету  сферасында  тез  нәтижелерге  қол 
жеткізу  мақсатында  қарастырылған  прагматикалық  қатынасты  қамтамасыз  ете 
алады. 
Осы  тұрғыдан дамыған елдердегі жоғары білім берудегі унитарлық қатынас 
көп жағдайда мақсатқа қол жеткізудің құралы ретінде қарастырылып, педагогика 
ғылымының  негізгі  мәселесі  «адам-маман»  тұлғасын  дамытуға  жеткілікті  көңіл 
бөле  бермейді.  Дамыған  елдерде  жеке-дара  оқытуға  басты  көңіл  бөлініп,  оқу 
материалы  еске  сақтауға  бағытталып,  оқушылардың  өзін-өзі  басқаруын 
қамтамасыз етуге арналады. Сол себепті дамыған елдерде жоғары педагогикалық 
білім  беру  жүйесінде  өзіндік  жұмысты  орындау  оқытушының  жетекшілігімен 
жүзеге асырылады. 
Сонымен  бірге  дамыған  мемлекеттерде  жоғары  педагогикалық  білім  беру 
сапасын  бағалау  сапа  менеджментінің  талаптары  бойынша  кіріктірілген 
тұжырымдамаға  сүйенеді.  Мысалы,  педагогикалық  мамандықтарға  қатысты 
АҚШ,  Жапония,  Ұлыбритания  мемлекеттерінде  негізгі  көңіл  кәсіби  даярлыққа 
аударылады,  ал  ТМД  елдерінде,  оның  ішінде  Ресей  мен  Қазақстанда  негізгі 
мазмұн  жалпығылыми  даярлыққа  аударылады.  Бакалаврлар  даярлау  жүйесі 
бойынша білім беру стандарттарында АҚШ қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық 
пәндерге 27,3%, базалық пәндерге 20,4%, кәсіптік пәндерге 52,3%, ал Жапонияда 
тиісінше  31,2%,  15,8%,  53,2%  үлес  бөлінсе, Қазақстанда  жоғары  педагогикалық 
білім  беру  стандарты  мазмұнының  сәйкес  блогтарына  тиісінше  21,5%,  33,1%, 
45,4% бөлінген [4].  
Салыстырмалы  талдау жұмысымызда дамыған елдердегі жоғары білім беру 
саласын  қаржыландыру  мәселесі  негізгі  орындарда  тұр.  Өйткені,  дамыған 
мемлекеттер өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап жоғары кәсіби білім беруді 
дамытуда  оның  ел  экономикасындағы  шешуші  факторлардың  бірі  екендігін 
ескеру  қажеттігін,  оны  жеткілікті  қаржыландырмай,  сапалы  кәсіби  маман 
даярлау мүмкін еместігін мойындаған. Жоғары кәсіби білім берудің негізгі бөлігі 
іргелі  зерттеу  жұмыстарына  арналады.  Соңғы  жылдары  жоғары  білімді  кәсіби 
мамандарды даярлау мәселесі бойынша ғылымға бөлінген қаржы АҚШ-та - 60%,  

183 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
Жапонияда - 54,9%, Оңтүстік Кореяда - 59,7%, Францияда - 90%, Ұлыбританияда 
-  95%  құрап  отыр.  Жоғары  оқу  орындарында  сапалы  білім  беру  мен  ғылыми 
зерттеулерге  үлкен  көлемде  көңіл  бөлу  сапасы  жоғары  ғылыми-педагогикалық 
кадрларды даярлауға, одан ары қарай олардың сапалы қызмет атқаратын маман 
даярлауға  мүмкіндіктерінің  жоғары  болуының  қамтамасыз  етілуі  сол  елдің 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайының  жоғары  болуының  кепілі  ретінде 
қарастырылған.  
Соңғы  30  жыл  кезеңінде  АҚШ,  Жапония,  Батыс  Еуропа  елдерінде  жоғары 
мектепті  дамытуға  қатысты  ортақ  бағыттар  болды,  атап  айтқанда  білім  беру 
жүйесіндегі  озық  дәстүрлер  мен  инновацияларды  және  оқытудың  тиімді 
технологияларын  бір-бірінен  алмасу  арқылы  интеграциялық  процестерде 
қарқынды жүргізуіне байланысты дамыды. 
Әлемнің дамыған мемлекеттеріндегі жоғары кәсіби білім берудің негізгі түрі 
университеттік  білім  беру  болып  табылады.  Жапонияда  студенттердің  78,3%-ы, 
Францияда  -  85%-ы,  АҚШ-та  -  91%-ы  университеттік  білім  алады,  сонда  ғана 
олар  толық  жоғары  білімді  маман  болып  саналады.  Ал,  Германияда 
университеттік білім беру колледждегі білім берумен толықтырылады. 1970-1980 
жылдардағы  маман  даярлаудың  жаңа  типті  бағыттары  бойынша  болашақ 
мамандарды  тікелей  өндіріске  даярлау  мақсатында  жоғары  кәсіби  мектеп-
колледждер  ашылды.  Өйткені,  ақпараттық  технологиялардың  дамуы  мен 
олардың  практикалық  сұраныстарға  жауап  беру  мәселелеріне  қатысты  дәстүрлі 
емес  оқу  орындары  қажет  бола  бастады.  Сондықтан  бұрыннан  қолданыста 
жүрген  оқу  бағдарламаларын  диверсификациялау  арқылы  халықтың  сұранысын 
қамтамасыз  ету  бағытында  ғылым  мен  білім  беру  мазмұнын  бір-біріне 
жақындату үшін жоғары білім берудегі интеграциялауды белсенділендіру қажет 
еді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Митина  В.С.  Развитие  сравнительной  педагогики  в  США.  //Методологические 
проблемы сравнительной педагогики. – М., 1991. – 93 с. 
2.
 
Столяренко  А.М.  Сравнительная  педагогика:  Учебник  авторизованного 
изложения. – М., 1992. – 160 с. 
3.
 
Воскресенская Н.М. Некоторые вопросы методологии сравнительной педагогики 
в Англии в 80-х годах: концепция Б.Хоямза //Методологические проблемы сравнительной 
педагогики. – М., 1991. – 93 с. 
4.
 
Вульфсон 
Б.Л. 
Методы 
сравнительно-педагогических 
исследований 
//Педагогика. – 2002, № 2. – С.70-80. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассмотрены  некоторые  проблемы  интеграции  казахстанской  системы 
образования на мировую систему образования. 
(Токкулова    Г.Т.,    Ошантаева  Н.  Интеграция  системы  образования  Казахстана  к 
международной системе образования) 
 
SUMMARY 
This  article  discusses  some  problems  of  integration  of  Kazakhstan  education  system  in  the 
world  education  system.  (Tokkulova  G.T.,  Oshantaeva  N.  Іntegration  of  the  Kazakhstan 
Education System to the International Education System) 

184 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
ӘОЖ 378.001 
 
Э.ӨМІРЗАҚ 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы 
 
 
БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК 
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ 
 
Бұл  мақалада  білім  беру  үдерісіндегі  студенттердің  өзіндік 
жұмыстарының  дәстүрлі    оқыту  жүйесiнен  тыс  жасалған  технологиялар 
оқытудың  мотивациялық  сипатын  арттырып,  оқушылардың  пәнге 
қызығуын  тудырады.  Студенттердің  өз  айналасындағылармен  табиғи 
бәсекелестiгiн  дамытады.  Оның дара  тұлғалық белсендiлiгiн  күшейтедi, өз 
бойындағы  қабiлетiн  саналы  түрде  ашуына  қолайлы  жағдай  туғызады. 
Олардың  адамгершiлiк  сапаларын  жетiлдiредi.  Шығармашылық  еркiндiкке 
ұмтылдырып  болашақ  мамандардың  бағдарлы  бiлiктiлiгiн  арттыруға 
мүмкiндiк туғызады.   
 
Кілт  сөздер:  білім  беру  парадигмасы,  саяси  реформалар,  іріктеу 
критерийлері,  психологиялық  депрессия,  инновациялық  деңгей,  кәсіби 
ұстаным, кәсіби бағдар, академиялық бақылау. 
 
Жоғары  оқу  орнының  өмiрiн  бүгiнгi  күнге  лайықтап  өзгерту  өмiрдiң 
қойып 
отырған 
өзекті 
талабы. 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясында [1], «Бiлiм туралы» Заңында [2], ҚР 2005-2010 жж. бiлiм 
беруді дамыту мемлекеттiк бағдарламасында  [3] және басқа да нормативтiк-
құқықтық  құжаттарда  оқу-тәрбие  жұмысын  жетілдірудің  жолдары 
«Қазақстан-2030»  даму  стратегиясымен  өте  тығыз  байланыста  көрсетiлген. 
Бұл құжаттарда елдiң, оның iшiнде жоғары білім беретін мекемелердің бiлiм 
беру  жүйесiн  дамытудың  негiзгi  бағыттары  дәлелденген.  Қазiргi  кезде 
әлемдiк  бiлiм  беру  кеңiстiгiне  енуге  бағыт  алуға  байланысты  бiздiң 
республикамызда  бiлiм  берудiң  жаңа  жүйесi  жасалуда.  Бұл  педагогика 
теориясы  мен  тәрбие  үдерісiндегi  келесi  елеулi  өзгерiстерге  сәйкес  болып 
отыр: 
-  бiлiм  берудiң  парадигмасы  өзгердi,  бiлiм  мазмұны  жаңарып,  жаңа 
көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше дiл пайда болуда; 
-  бiлiм  мазмұны  жаңа  бiлiктермен,  ақпаратты  қабылдау  қабiлеттерiнiң 
дамуымен,  ғылымдағы  шығармашылық  және  нарықтық  жағдайдағы  бiлiм 
беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде; 
- баланың жеке басын тәрбиелеуге, оның жан дүниесiнiң рухани баюына, 
тұлға ретiнде қалыптасуына көңiл бөлiнуде
-  мектеп,  отбасы  және  қоршаған  әлеуметтiк  ортаның  бала  тәрбиесiндегi 
бiрлескен iс-әрекетiне ұмтылыс жасалуда; 

185 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
- қоғамдық  бiлiммен   бара-бар  педагогикалық   технологияның  кеңiнен  
қолданылуына және ғылымның рөлiне мән берiлуде. 
Елiмiздiң Президентi Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» бағдарламасында: 
«Бiлiм  беру  жүйесiнiң  басты  мiндетi  –  жеке  тұлғаның  ұлттық  және  жалпы 
адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетiстiктерi  негiзiнде 
қалыптасуы,  дамуы  және  кәсiби  тұрғыда  жетiлуi  үшiн  қажеттi  жағдайлар 
жасау», - деп көрсетедi [4]. Бұл мақсатқа жету оқыту үрдiсiнің  алдына жаңа 
маңызды  талаптар  қояды.  Әлеуметтiк  саяси  реформалардың  әлемдiк 
тәжiрибесi  көрсеткендей,  қоғамдық  өзгерiстер  кезiндегi  мемлекеттiк  бiлiм 
беру саясатында студенттердің бiлiм сапасын арттыру мәселесi басты орынға 
ие болып отыр.  
Егер  кеңестiк  орталықтандырылған  бiлiм  беру  жүйесiнде  жалпы 
әлеуметтiк  тәжiрибелер  басым  болса,  қазiргi  жаңа  ашық  жүйеде 
студенттердің  жекедаралық  қабiлеттерiн  қолдана  алу  мүмкiндiктерiне 
басымдық берiлiп отыр. Ал, бiлiм мазмұны сол бұрынғы әлеуметтiк тәжiрибе 
негiзiн  сақтай  отырып,  қазiргi  педагогикалық  ұстанымдарға  бейiмделген 
адамзаттық құндылықтар тұтастығында қарастырылатын болады.   
Әлемдiк деңгейде кең қанат жайып келе жатқан ғаламдану үдерiсiнде әр 
халықтың  өзiндiк  бет-бейнесiн  сақтап  қалу,  ұлттық  ерекшелiктердi  қазiргi 
өркениет  талаптарына  сай  жетiлдiру  мәселесi  зор  маңызға  ие  болып  отыр. 
Халықтың  рухани  құндылықтарының  ақпараттар  ағымына  төтеп  беруi  және 
жан-жақтан  енiп  жатқан  жат  түсiнiктер  тасқынына  iлесiп  кетпеуi  үшiн  жас 
ұрпақтың бiлiмiнiң берiк, бiлiгiнiң бекем болуы тиiс. Әрине, ол жалпы бiлiм 
беретiн 
бiлiм 
мекемелерiндегi 
оқу-тәрбие 
жүйесiнiң 
қалай 
ұйымдастырылуына  тiкелей  тәуелдi.  Әсiресе,  қазiргiдей  пәндiк  бiлiмге  ғана 
негiзделiп  отырған  оқу  процесiнде  студенттердің  жалпы  дүниетанымының 
қалыптасуы,  өмiртанымдық  дағдыларының  жетiлдiрiлуi,  бiлiмнiң  күтiлетiн 
нәтижеге  бағытталуы  қоғамдық-гуманитарлық  пәндердiң  жаңарған  мақсат-
мiндеттерiнен  бастап  оқытудың  әдiстемелiк  жүйесiнiң  әр  бөлiгiнiң  (бiлiм 
мазмұны,  оқыту  түрлерi,  оқыту  әдiстерi,  бiлiм  нәтижелерi)  түбегейлi 
өзгертiлу  деңгейiне  қатысты  екенi  сөзсiз.  Бұл  орайда  әр  ұлттың  бүкiл 
танымдық әлемiнiң көрiнiсi, рухани мәдениетiнiң дамуының тетiгi  – жоғары 
оқу  орны  жүйесі  студенттердің  iшкi  сұраным  қажеттiгiне  сай  бағытта 
оқытылуын  түпкi  нәтижеге  бағдарлай  ұйымдастыру  жайы  да  шешушi  рөл 
атқарады.  
Мұнда әрбір мамандыққа байланысты  пәндерді меңгертудiң мазмұндық 
жүйесiн саралауда сананы дамытуға, әдiстемелiк сипатын жетiлдiруде бiлiмдi 
студенттің  iшкi  мүддесiмен  үйлестiруге  басымдылық  беру  қажет.  Өйткенi 
бiлiм мазмұнында студенттің өзiндiк ойлау қабiлеттерiн, жеке көзқарастарын 
дамытуға  тiрек  болар  негiзгi  өзектi  тауып,  барлық  ұғым-түсiнiктердi  соған 
сәйкестендiре  жүйелеу  қандай  маңызды  болса,  сабақта,  сабақтан  тыс 
ұйымдастырылатын оқу процесiнде студенттің  бiлiмдi өздiгiнен меңгеруiне, 
өзiне деген сенiмдiлiгiн арттыруға, әр түрлi өмiр жағдаяттарында дұрыс жол  

186 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
табатындай қажеттi iскерлiктердi қалыптастыруға бағытталатын жұмыстарды  
үйлестiре жүргiзудiң де мәнi соншалық үлкен. 
Сол себептi де бiлiм беру үдерiсi, ең алдымен, жеке тұлғаға бағытталып, 
мынадай  мiндеттерден  түзiледi:  студенттің  интеллектуалдық-танымдық, 
психологиялық,  iскерлiк  сапаларын,  өз  бетiнше  оқу  әрекетшiлдiгiн,  қарым-
қатынастық  бiлiктiлiгiн,  әлеуметтенуге  бейiмдiлiгiн,  эстетикалық,  рухани-
адамгершiлiк, экологиялық, дене мәдениетiн, т.б. қалыптастыру мен дамыту. 
Бiлiм  мазмұнын  құрайтын  оқу  материалдары  тұлғаны    дамытушы  мүдденi 
түзуге тiкелей қызмет ететiндей етiп құрылады. Ал, тұлғаның дамуы оның әр 
пәннен алатын бiлiмi мен игерген iскерлiк, дағдыларын өмiрде қаншалықты 
қолдана алуымен өлшенедi. 
Дәстүрлi  оқыту  жүйесiнен  тыс  жасалған  технологиялар  оқытудың 
мотивациялық сипатын арттырып, оқушылардың пәнге қызығуын тудырады, 
студенттердің  өз  айналасындағылармен  табиғи  бәсекелестiгiн  дамытады, 
оның дара тұлғалық белсендiлiгiн күшейтедi, өз бойындағы қабiлетiн саналы 
түрде  ашуына  қолайлы  жағдай  туғызады,  олардың  адамгершiлiк  сапаларын 
жетiлдiредi, шығармашылық  еркiндiкке ұмтылдырып  болашақ  мамандардың 
бағдарлы бiлiктiлiгiн арттыруға мүмкiндiк туғызады. Біз жоғарыда айтылған 
мәселелерді  саралай  келе,  білім  беру  үдерісіндегі  студенттердің  өздік 
жұмыстарының (бұдан былай СӨЖ) алатын орнының  ерекше екендігіне көз 
жеткіздік. 
Сондай-ақ,  қазiргi  бiлiм  беру  жүйесiне  лайық  СӨЖ  iрiктеудiң 
критерийлерi  бүгiнгi  күн  талаптарына  лайық  тұлға  ретiнде  жан-жақты 
дамыған,  алған  бiлiмiн  күнделiктi  өмiрде  пайдалана  бiлетiн,  бәсекелестiкке 
дайын азамат етiп  тәрбиелеуге сәйкес анықталды. 
Білім  берудің  жаңа  тәсілі  жалпы  адамзаттық  және  ұлттық  негізде  жеке 
тұлғаны  дамыту  мақсатында    СӨЖ  қалыптастыруға  жағдай  жасау  болып 
табылады. 
Осыған  байланысты  оқытушы  білім  беруде  әртүрлі  оқу  үдерісінің  әдіс-
тәсілдерін  тиімді  пайдалана  білуі  қажет.  Оларды  саналы-сапалы  меңгеруіне 
бағыт-бағдар  беріп  отыруы  тиіс.  Студент  сабаққа  тек  тыңдаушы  ғана  емес, 
еңбектенуші, өз ойын жеткізе білуші, өз бетімен білім алушы ретінде қатысса 
көбірек ұтады. Қазіргі таңда жаңа жүйеге сәйкес, яғни кредиттік технология 
оқытуды ұйымдастырудың бір бөлігі ретінде өз бетінше ғылыми оқыту әдісін 
таңдайды. 
Өзіндік  танымдық  жұмыс  студенттер бойындағы танымдық қабілетінің, 
шығармашылық  ойлау  жүйесінің  дамуына  жол  ашады,  сонымен  бірге 
оқытушы  студенттерге  материалдарды  тиімді  пайдалануына  көмек  көрсете 
отырып 
студенттердің 
адамгершілігін, 
эстетикасын, 
ақыл-ойын 
интеллектуалдық  сезімін,  біліктілігін  арттырып  өздігінен  ізденуге  жағдай 
жасауы керек. 
«Оқу материалын студент  ойлап-қорыту арқылы қабылдайды. Ойлау –  

187 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
ой  тәсілдерін  талдау,  жинақтау  процесінен  басталатын  күрделі  психикалық 
әрекет» [5]. 
Студенттің  ой-өрісінің жетілуі  мен дамуы, жаңа білімді  игеруі  табысты 
болуы 
үшін 
оқытушы 
әрбір 
студенттің 
қабілетіне 
байланысты 
ерекшеліктеріне 
сай 
психологиялық 
тұрғыдағы 
ойларына 
сәйкес 
материалдарды ұсынуы қажет.  
Жоғарыда 
айтылған 
ойларды 
қорытындылай  келе,  біз  студенттерге  алдын-ала  берілген  силлабуста  СӨЖ 
тақырыптары көрсетілетінін білеміз, олай болатын болса, егер біз дер кезінде 
СӨЖ  тақырыптарын  студенттерге  ұсынбасақ,  қорқыныш  сезімінен 
туындайтын психологиялық депрессия салдарынан студент өздігінен жұмыс 
істеу  қабілетін  жоғалтуы  мүмкін.  Студенттерде  жиі  кездесетін  мұндай 
психологиялық депрессиялық  жағдайлар табиғи заңдылық болып табылады. 
Студент  тақырып  таңдау  кезінде  өзіне  ұнамды,  өзі  ізденіс  жасай 
алатынына  сенімді  тақырыпты  таңдай  білуі  тиіс.  Себебі,  студенттік  өзіндік 
жұмыс  барысында,  болашақ  мамандығы  бойынша  өз  бетінше  білім  алуға 
үйренеді. 
Біз,  Ж.Н.Сүлейменованың  еңбектерінде  берілген  студенттің  өз  бетінше 
орындайтын  жұмысын  инновациялық  деңгейде  ұйымдастыруда  қойылатын 
талаптарға талдау жасай  келе, ең қажетті деген төмендегідей дидактикалық 
талаптар ескерілуі тиіс деп есептейміз: 

 
СӨЖ  жоспары  алдын  ала  кафедра  мәжілісінде,  ғылыми  әдістемелік 
семинарда талқылануы керек; 

 
дәрісханада  және    дәрісханадан  тыс  орындалатын  өзіндік  жұмыстар  
бір-бірімен үйлесімді  байланыста болу қажет; 

 
студенттердің 
теориялық, 
практикалық, 
психологиялық 
даярлықтарының ескерілуі; 

 
өздік  жұмыстардың  тақырыптары  мен  мазмұны  практикалық 
құндылықты арттыруға мүмкіндік жасайтындай болып құрылуы қажет

 
СӨЖ-дің  орындалуын үздіксіз, жүйелі түрде  бақылап отыру; 

 
СӨЖ-ді  орындау  барысында  студенттердің  белсенділік  және  
қызығушылық танытуы; 

 
СӨЖ-дің ауқымды мәселеге құрылып, кәсіби ұстанымды бағдар етуі 
қажет. 
Жоғарыда  аталған  талаптарға  сүйене  отырып  біз,  СӨЖ-дің  негізгі 
бағыттарын ұсынамыз: 
1. СӨЖ-ді жоспарлау: 
– СӨЖ-дің түрін анықтау; 
– СӨЖ-дің мазмұнын, көлемін анықтау; 
– СӨЖ-ге  уақыттың мөлшерін анықтау; 
– Бюджеттен студенттерге бөлінген сағат санын анықтау. 
2. СӨЖ-ді ұйымдастыру: 
       –    СӨЖ-ді әдіс-тәсілдермен қамтамасыз ету

188 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 

 
Оқытушыларды СӨЖ-бен қамтамасыз ету; 

 
Практикалық тәсілдердің әдістемесі студентті оқуға (білім алу үшін)  
бейімдеу;  

 
Оқу тәсілдерін таңдау; 

 
Техникалық құралдарды қолдау. 
3. СӨЖ-ді бақылау: 
       –  СӨЖ-ді басқаруда бақылаудың орнын анықтау; 

 
 Сессиялар  аралығында  академиялық  бақылау  СӨЖ-дің  бақылауын 
зерттеу; 

 
 СӨЖ-дің жалпы және арнайы құрылымдарының бақылауын орындау; 

 
 СӨЖ-ді бақылау және тәсілдерінің   әдістемесі;  

 
 Пән айырмашылығына байланысты бақылауды анықтау. 
Қорыта  келе,  студенттердің  өзіндік  жұмысының  түрлерін  әлі  де  болса 
санамалап  айта  беруге  болады.  Негізінен,  ұстаз  өтілетін  сабағының 
мазмұнына сай, студенттердің танымдық қызығушылығын арттыра алатындай 
өзіндік жұмыстарды пайдалана алса, сонда ғана ол оқытушының шеберлігін, 
жаңалыққа құштарлығын көрсетеді, білім сапалы болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет