Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет14/29
Дата10.01.2017
өлшемі2,33 Mb.
#1601
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстанның  Әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ 
Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» //Егемен Қазақстан, 2012 жыл, 10 шілде. 
2.
 
Әлімов  А.  Интербелсенді  әдістерді  жоғары  оқу  орындарында  қолдану.  –
Алматы, 2009. – 328 б. 
3.
 
Подласый  И.П.  Педагогика  начальной  школы  –  М.:  «Гуманитарный 
Издательский центр ВЛАД ОС», 2000. – 400 с. 
4.
 
Мұсаева  С.А.,  Бегалиев  Т.Б.  Жас  ерекшелік  педагогикасы.  –  Астана: 
Фолиант, 2006. – 472 б. 
5.
 
Загвязинский В.И. Педагогический словарь. – М.: Наука. – 2008. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматриваются проблемы формирования опыта учащихся трудового действия.  
(Сманов  Л.С.,  Лесбекова  П.  Формирования  опыта  трудового  действия  учащихся 
начальных классов)  
 
SUMMARY 
In article problems of formation of experience of pupils of labor action are considered. 
(Smanov L.S., Lesbekova P. The formation of students' experience of the labor action) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

119 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
ӘОЖ 371. 904 
 
Р.ӘДІЛБАЕВА  
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-аға оқытушысы  
 
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ – ТӘРБИЕНІҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ 
 
Мақалада  мектептерде  қосымша  білім  беру  мәселесі  сөз  болады. 
Қосымша  білім  берудің  қазіргі  кездегі  мән-маңызы,  оның    баланың  бос 
уақытын  тиімді  пайдалануға  және  кәсіби-бейіндік  басымдықтары  жайлы 
тарқатылады.    Сонымен  қатар  12  жылдық  білім  жүйесіне  көшуді 
жоспарлап  отырған  білім  саласында  қосымша  білімнің  маңыздылығы 
жөнінде айтылады. Қосымша білімнің  жас ұрпақты, жеке тұлғаны жан-
жақты  жетілген,  толыққанды  азамат  ретінде  тәрбиелеуге  ықпалы  мен 
әсері  жайлы  да  ой-пікірлер    мамандар  мен  зерттеушілер  пікірімен  өріліп 
отырады. 
 
Кілт    сөздер:  тәрбие,  қосымша  білім  беру,  отбасы,  мектеп,  жеке  тұлға, 
ұрпақ тәрбиесі. 
 
Еліміздің  білім  және  ғылым  саласында  соңғы  кездері  күрделі 
жаңғырулар жүруде. Бұл әрине, еліміздің  алдағы уақытта  әлемдегі  бәсекеге 
қабілетті озық елдердің қатарына ену мақсатынан туындап отырғаны айқын. 
Елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаев 
жолдауында 
айқандай: 
«Болашақта 
өркениетті  дамыған  елдердің  қатарына  ену  үшін  заман  талабына  сай  білім 
қажет.  Қазақстанды  дамыған  50  елдің  қатарына  жеткізетін,  терезесін  тең 
ететін  –  білім.  Бәсекеге  қабілетті  дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз 
сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз  керек»  [1].  Сол  себептен  де,  қазіргі 
даму 
кезеңі 
білім 
беру 
жүйесінің 
алдында 
оқыту 
үрдісінің  
технологияландыру 
мәселесін  қойып  отыр. 
Педагогтік 
қызметтің  
инновациялық  бағыттылығы,  оқытудың  тың    әдістері  мен  технологиясы, 
жаңашыл  педагогтардың  іс-тәжірибелері  зерттеліп,  мектеп  өміріне  дендей 
енуде. Білім беру саласының ажырамас бөлігі –  тәрбие мәселесі екені айқын. 
Тәрбиесіз  берілген  білімнің  пайдасыз  екенін  кезінде  ұлы  ойшыл,  философ 
Әл-Фараби бабамыз да негіздеп кеткен.    Қазақстан Республикасының Білім 
заңының 11-бабында білім беру жүйесінің міндеттері айқындалып, оқушылар 
мен  білімгерлерді  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастырудың  міндеттері 
нақтыланған: 
1. «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика 
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік 
шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; 

120 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
2. Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін 
дамыту,   адамгершілік    пен   салауатты   өмір   салтының    берік   негіздерін  
қалыптастыру,  даралықты  дамыту  үшін  жағдай  жасау  арқылы  ой-өрісін 
байыту» [2]. 
Тәрбие  –  тек  адам  баласына  ғана  тән.  Адамның  жеке  тұлғасының 
қалыптасуына,  саналы  тіршілік  кешуіне,  еңбек  етуіне,  оның  бойындағы  
барлық жақсы қабілеттерін жан-жақты жетілдіретін адам өміріне қажетті ұзақ 
және  күрделі  процесс  –  тәрбие.  Тәрбие  мен  білім  беру  етене,  егіз  ұғымдар 
десек артық айтқандық емес. Бүгінгі қарқынды даму үстіндегі қоғамда, заман 
талабына  орай  білім саласы  үлкен  бетбұрыстар  мен    күрделі жаңғыруларды 
бастан өткізуде деп жоғарыда да айтып өттік. Сөз болып отырған өзгерістер 
қосымша білім беру саласын да айналып өткен жоқ. Керісінше, 2015 жылдан 
бастап  12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  көшу  жоспарына  орай,  балаларға 
арналған қосымша білім берудің маңызы да арта түскендей. 
Қосымша  білім  берудің  қазіргі  жүйесі  мен  болашақта  дамуының  жайы 
білім  саласының  маңызды    мәселелерінің  біріне  айналды.  Қосымша  білім 
беру  жүйесі  дәстүрлі  педагогикалық  шарттармен  жүзеге  асырылуда.  Ол 
мектептердегі  үйірме  сабақтарынан  басталып,  білім  бөлімдеріне  қарасты 
арнайы  мектептерде  жүйелі  жалғасуда.  Яғни,  мектептердегі  «Жас 
техниктер», «Жас натуралистер», «Жас тілшілер», «Полиглот», «Шеберлер», 
т.б.  үйірмелер  мектептерде  жемісті  жұмыс  істеп,  бұл  үйірмелерден  тыс 
арнайы  мектептерде  қосымша  білім  алатын  жеткіншектеріміз  де  бар. 
Мәселен,  «Саз-өнер»  мектептері,  спорт,  бейнелеу  өнері  мектептері, 
Оқушылар  сарайы  үйірмелері  қосымша  білім  беру  қызметімен  айналысып, 
баланың  бейімділігіне  қарай  олардың  қабілетін  ұштап,  өмірден  өз  орнын 
табуға  бағыттайды.    Бірақ,  қосымша  білімге  «қосымша»  деп  қарайтын  ескі 
көзқарас  та жоқ емес.  Қосымша білімнің  –    мектептегі  негізгі  білім  берудің 
сыртында,  тасасында қалып қоя беретіні бар. Алайда,  қосымша білім беру 
жүйесі  әлеуметтік  тұрғыдан  алғанда  қажет-ақ  және  ол  жеке  тұлғаны  оқыту, 
тәрбиелеу  және  дамыту  тұтастығын  қамтамасыз  ететін  білім  ретінде  қоғам 
мен  мемлекет  тарапынан  тұрақты  назар  аударуды,  қолдау  көрсетуді  талап 
етеді.  Алдағы  уақытта  12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  көшу  сатысында, 
бүгінгі  күндегі  кәсіптік  білімді  игеру,  білім  мен  кәсіпті  ұштастыру  сынды 
заман  сұранысынан  туындап  отырған  талаптарға  байланысты  қосымша 
білімнің маңызы артып отырғанын ұғынуымыз керек. Білім берудің бұл түрі 
туралы  статистикалық  көрсеткіші  төмендегідей:  «Бүгінгі  таңда  республика 
бойынша  680  қосымша  білім  беру  ұйымы  жұмыс  жасайды,  оларда  577  998 
бала  мен  жасөспірім  қамтылған.  Бұл  көрсеткіш  барлық  оқушылар  санының 
21,5%-ын  құрайды.  Ұйымдарда  13784  қосымша  білім  педагогы  қызмет 
атқарады, 169 ұйым типтік үлгідегі ғимаратта, ал қалғаны жалға алынған не 
ыңғайланған ғимараттарда орналасқан» [3].  

121 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
Қосымша  білім  берудің  қазіргі  жүйесі  мен  даму  болашағына  арналған 
республикалық семинар-кеңесте Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі 
және орта білім департаментінің директоры Н.Аршабеков: «Қосымша білім беру  
саласы  -  үлкен  жүйе.    12  жылдық  білім  беру  жүйесі  халықаралық  деңгейде 
мойындалатындықтан,  біз  жаңа  жүйе  арқылы  өзге  мемлекеттермен  иық 
теңестіріп, олармен бәсекеге түсе алатындай дәрежеге жетуіміз керек. Елбасы 
2020  жылы  12  жылдық  мектеп  жүйесінің  Қазақстанда  орнықты  деңгейде 
жүргізілуін  тапсырды,  соған  орай,  біз  2015  жылдан  бастап  жаңа  жүйеге 
көшуді  жоспарлап  отырмыз.  Ал  бұл  ретте  қосымша  білім  берудің 
оқушылардың болашақ мамандығын таңдауда өте жоғары маңызы бар» -деді 
[4].  
Жалпы,  қосымша  білім  беру  елімізде  қалай  жүзеге  асуда  деген  сұраққа 
жауапты  педагогика  ғылымдарының  кандидаты  А.Семченконың  пікірінен 
табамыз.  «Қосымша  білім  беру  елімізде  қос  бағытта  жүзеге  асып  жатыр. 
Біріншісі,  айталық,  баланың  өнер  саласына  не  өзге  де  кәсіптік  бағытта  бір 
мамандыққа  әуестігі  болса,  оны  осы  салаға  бейімдейміз.  Бұл  -  баланың  ән 
айтуға  не  биге,  болмаса,  безендіру,  бейнелеу  өнеріне  деген  құмарлығы. 
Екінші  жағынан,  кәсіби  тұрғыдан  балаларды  экономикалық  ахуалға  сәйкес, 
болашақ мамандығын дұрыс таңдауына жол ашамыз. Әдетте оқушы баланың 
бойындағы 12-14 жас шамасында туған
 әуестік не қабілет, егер оған дем беріп 
жіберетін болсақ, оның болашағына жол ашады. Бұл  - бала психологиясындағы 
заңдылық.  Сондықтан  ұстаз  оқушысының  дәл  осы  жастағы  қабілетіне  аса  мән 
бергені абзал» [4].  
Қосымша  білім    беру    –      білім  алушылардың  білім  алу  үдерісінде 
сұраныстарын  жан-жақты  қанағаттандыру  мақсатында  жүзеге  асырылатын 
тәрбие  және  оқу  үдерісі  (ҚР  «Білім  туралы»  Заңы).  Қосымша  білім  беруді 
ұйымдастыру  тұлғаның  жеке  дамуына,  кәсіби  шеберлігін  анықтауына, 
балалардың шығармашылық еңбекке бейімделуіне, олардың қабілеттерін көрсете 
білуіне,  қоғамдық  өмірге  бейімделуіне,  азаматтық  өзіндік  санасын 
қалыптастыруына барлық жағдайды жасайды. Балаларды тәрбиелеу және дамыту 
жүйесінде  қосымша  білім  беруді  қолданудың  мәні  тәрбие,  оқу  және  баланың 
жеке  дамуын  бірыңғай  үдеріске  біріктіруінен  айқын  көрінеді.  Қосымша  білім  
беруді ұйымдастырудан тәрбиенің басымдығы байқалады. Қосымша білім  беру 
баланың  мектепте  алған  білімі  мен  шеберлігін  кеңейтеді  және  тереңдетеді, 
сонымен  бірге,  оның  болашақ  мамандығының  негізгі  бағыттарын  жарыққа 
шығарады. Қосымша білім  беруді ұйымдарына  орталықтар, кешендер, балалар 
мен  жас  өспірімдердің  студиялары;  жас  техниктердің,  саяхатшылардың, 
натуралистердің  станциялары  мен  базалары;  балалардың  музыка,  көркемөнер 
және  спорт  өнер  мектептері;  қызығушылықтары      бойынша  клубтар;  спорттық, 
сауықтыру,  саяхатшылар  лагері;  балалар  парктері,  стадиондары,  галереялары 
және  т.б.  жатады.  Байқап  қарасақ,  қосымша  білімнің  бала  тәрбиесіндегі  рөлі 
орасан. Дене тәрбиесі де, эстетикалық тәрбие, кәсіби тәрбие негіздері, т.б. бәрі де 
қосымша  білімде  жатыр.  Ол  баланың  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына,азамат 
болып жетілуіне тигізер ықпалы ұшан-теңіз. Оны халқымыздың ардақты  ақыны,  

122 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
ХХ  ғасыр  басында  «Пидагогика»  атты  тұңғыш  оқулық  жазып  кеткен  алаш 
қайраткері М.Жұмабаевтың мына пікірінен де көрінеді: «Тәрбие төрт түрлі: дене 
тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық һәм құлық  тәрбиесі. Егер  адам  баласына  осы   
төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны.Егер де ол ыстық, суық, 
аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырасатын көріністерді елемейтін 
мықты,  берік  денелі  болса,  түзу  ойлайтын,  дұрыс  пішетін,  дәл  табатын  дұрыс  
ақылды  болса,  сұлу  сөз  сиқырлы  үн,  әдемі  түрден  ләззат  алатын,  шын  адам 
болғандығы.  Балам  адам  болсын  дейтін  ата-ана  осы  төрт  тәрбиені  дұрыс 
орындасын» [5]. 
Қосымша білім баланың мектепте алған білімін кеңейтуге және тереңдетуге 
мүмкіндік  береді,  сондай-ақ  оның  болашақ  мамандығын  таңдауына  да  негіз 
болады.  Оның  басты  құндылықтары  -  оқу-тәрбие  процесін  айшықтандыру, 
салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру,  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  ұстауын, 
шығармашылығын дамыту, педагогикалық шығармашылық үшін қажетті жағдай 
жасау,  оқу-бағдарламалық  және  әдістемелік  қамтамасыз  етудің  жаңа 
технологияларын  құру,  ақпараттық  технологиялар  негізінде  жүйелік  жетілдіру, 
дарынды  балаларға  қолдау  көрсету  және  даралығын  дамыту  болып  табылады. 
Сонымен қатар, қосымша білім – тәрбие бастауы, тәрбиенің қайнар көзі. Отабасы 
тәрбиесіндегі  ата-ананың  рөлі    туралы  кемеңгер  Абай:  «Адамның  адамдық 
қасиеттерге  ие  болмағы,  әуелі  ақыл,  ғылыммен  болса,  ол  қызығу,  денсаулыққа 
байланысты,  қалғаны  «жақсы  ата-ана  үлгісі  өнегесі»  -  деген  болатын.  Яғни, 
баланың жақсы адам болып қалыптасуы бірінші кезекте отбасында алған тәлім-
тәрбиесіне байланыстылығын ескерткен. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» 
-деген  халық  даналығында  терең фәлсафалық  мән  жатыр. Отбасында  жылылық, 
мейрімділік,  қамқорлық  көріп  өскен  баланың    бойынан  ізгі  қасиеттер  көп 
табылады.  Керісінше,  отбасында  кикілжің,  берекесі  жоқ    үйде  тәрбиеленген 
ұрпақтың бойында адамгершілік, имандылық, мейрімділік сияқты ізгі қасиеттер 
аз болмақ.  
Бүгінгі  қоғамда  ата-аналар  тарапынан  «бала  тәрбиесіне  уақыт  жетпейді» 
деген  сылтаулар  жиі  айтылады.  Ата-аналардың  дені  баланың  материалдық 
жағдайын  жасауды  бірінші  кезекке  қойып,  оның  тәрбиесін  екінші  кезекке 
қалдыру  байқалады.  «Бала  тәрбиесіне  балабақша,  мектеп  жауап  береді»  -деп, 
жауапкершіліктен  қашқан  ата-ана  қателеседі.  Әлбетте,  баланың  «тамағы  тоқ, 
көйлегі  көк»  болуын  қамтамасыз  ету  парыз,  бірақ  бір  сәт  ата-ана  таңнан  қара 
кешке  дейін    тіршілік  қамымен,  жан  бағыспен  жүргенде  үйдегі  бала  немен 
айналысады деп ойлану  керек. Өз баласының немен тыныстап, кіммен достасып 
жүргенін  зерделемейтін  құбылыс  отбасындағы  тәрбиенің  төмендеуіне  алып 
келуде.  Бала  тәрбиесіне  зер  салып:    Бала  не  нәрсеге  икемді?  Ол  қандай  өнерге 
қабілетті?  Қолынан қандай кәсіп келеді  деген сауалдар төңірегінде ойлануымыз 
керек.   Баланың  бос  уақытын тиімді әрі  педагогика заңдылығының шарттарына 
орай  ұйымдастыру  басты  мәселе.  Осы  мәселеде  ата-ана  мектеп  ұстаздарымен 
бірігіп, оның күнделікті еңбегін дұрыс ұйымдастырып, кездескен қиыншылықты 
жеңуге  қол  ұшын  беріп  отыру  арқылы  еңбек,  машық  дағдысының  беки  түсуіне 
ықпал  етеді.  Баланың  бос  жүруі,  уақытын  тиімді  пайдаланбауы  –  түрлі  жат 
әрекеттерге ұрындырады. Осы зиянды құбылыстардан сақтандырудың бірден бір  

123 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
жолы  –  ата-ана  мен  ұстаздың  бірлігі,  үйлесімі  арқылы  бала  бойына  егілетін  
дұрыс  тәрбиеде.  Бүгінде  отбасының  жауапкершілігінің  төмендеп  кетуінің  бір 
себебі – мектеп пен  отбасының   арасында  өзара  байланыс,  бірігіп жұмыс  істеу  
жеткілікті  дәрежеде  емес.  Тәуелсіз  еліміздің    болашағы  жарқын  болуы  үшін 
отбасы тәрбиесінің маңызы зор.  
Жеке тұлғаның қалыптасуы   туралы ұлы Абай былай деп жазды: «Баланы 
ең  алдымен  қоршаған  ортасы,  көшесі  тәрбиелейді,  екінші  ұстазы  тәрбиелейді, 
үшінші ата-ана тәрбиелейді». Сондықтан да отбасы тәрбиесі мен мектеп тәрбиесі 
бір-бірімен  ұштасып,  толықтыратын  тұтас  әлем.  Отбасы  (ата-ана)  балаға    өмір 
сыйлап,  қалыптастырып  жатса,  мектеп  –  ақылы  мен  білімі,  азаматтық    келбеті 
толысқан, жан-жақты жетілген адам етіп тәрбиелеп шығарады.  
Бала  тәрбиесі  –    өте  күрделі  құбылыс.  Оның  күрделілігі  бесіктен  бастау 
алып,  үнемі уақытпен, баланың  көңіл-күйімен, жеке қабілетімен,  икемділігімен, 
үнемі қадағалау қажеттігімен айқындалады.  
«Зер  сала  қарасақ,  тәрбие  баланың  бал  дәуренінен  бастап,  азамат  болғанға 
дейін тәні мен жанына төрт-бес арнамен құйылады екен. Атап айтқанда: 
1.  Отбасы.  2.  Балабақша.  3.  Қоршаған  орта.  4.  Мектеп.  (ЖОО)  5.  Жұмыс 
орны» [6].   
Қорыта  айтқанда  жас  ұрпаққа  тәрбие  –  отбасында,  балабақшада,  мектепте, 
жоғары  оқу  орындарында  беріледі.Сондықтан    осы  бала  тәрбиелейтін  орындар 
үйлесімді, бірігіп, жан-жақты жұмыс істесе, сонда ғана келер ұрпақ тәрбиелеуде 
үлкен  жетістіктерге  жетеді.  Бұл  орындардың  арасында  байланыс  болмай 
тәрбиеде табысқа жету мүмкін емес.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
ҚР  Президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы.  «Қазақстан  -
2050  стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»// 
www.akorda.kz
.  
14.12.2012. 
2.
 
ҚР Білім туралы заңы //Егемен Қазақстан. 2011, 27 шілде. 
3.
 
Ресми мәліметтер//www.edu.gov.kz  
4.
 
Аманжол Н. Қосымша білім қалтарыста қалмасын // Айқын. 19 ақпан. 2011 
жыл. 
5.
 
Жұмабаев М. Пидагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 80 б. 
6.
 
Cадыққызы Б. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі //Ұлағат. –
 
№6, 2010. 
 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассказывается  о  месте  и  целях  дополнительного  образования  школьников. 
Анализируется  влияние  дополнительного  образования  воспитанию  ребенка  и  его 
педагогические условия. 
(Адилбаева Р. Дополнительное  образование – неотьемлемая часть воспитания) 
 
This article deals with the meaning and its condition of the supplementary education in school 
children.  The  supplemantory  educationis  influence  on    childrenis  upbringing  its  pedagogical  
reguirements. 
(Adilbayeva R. The Supptemantry Education is the Best Part of Upbringing) 

124 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
ӘОЖ 378.02:37.026.9:78 
 
Н.Б.ҚҰДРЕТУЛДАЕВА  
ОҚМПИ-ның магистр-оқытушысы 
 
С.Н.КЕНЕНБАЕВ 
ОҚМПИ-ның оқытушысы  
 
 СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУДЫҢ 
ӘДІСНАМАЛЫҚ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ  
 
Қазіргі  таңда  кәсіби  мәдениет  пен  кәсіби  білім  жүйесіндегі  жаңашыл 
бағыттағы сапалық және құрылымдық өзгерістер студенттердің тұлғалық 
және кәсіби дамуына бағытталған.  Бұл аталған ең маңызды компонентін 
«кәсіби  құзыреттілік»  ұғымымен  байланыстырамыз,  әрі  бұл  феноменге 
белгілі  бір  тұрғыдан  жан-жақты  сипаттама  береміз,  айталық,  оның 
құрамы:  кәсіпқойлық,  шеберлік,  шығармашылық  қабілеті,  жоғары 
интеллекті,  мәдени  адамгершілік  құндылықтары,  бір  сөзбен  айтқанда  бұл 
жоғары  оқу  орнындағы  әлеуметтенген  білім  беру  жүйесінде  қалыптасуға 
міндетті  маман  бейнесі,  әрі  ол  өзіндік  адами  және  кәсіби  мүмкіншілігін 
тиімді әрі нақты бір қызмет түрінде іске асыруға міндетті, әрі үнемі өзін-
өзі біліммен қамтамасыз етуі керек, өзін-өзі үнемі тәрбиеленуі және өзін-өзі 
үнемі  жетілдіруі  керек.  Мақалада  осы  мәселелер  жан-жақты  ғылыми 
тұрғыда қарастырылады. 
 
Кілт  сөздер:  кәсіби  мәдениет,  кәсіби  шеберлік,  кәсіби  шығармашылық, 
кәсіби  білім,  кәсіби  құзыреттілік,  жоғары  интеллекті,  мәдени  адамгершілік, 
интеллектуалдық бастама. 
 
Құзыреттілік  ұғымы,  бір  жағынан,  адам  тәжірибесі  мен  оның 
танымдылығына тиісті жаңа жаңалықтар ашу өндеумен үндестіруі, ал екінші 
жағынан,  әрбір  сыныптағы  педагогикалық  жағдайлардағы  (білімнің  әрбір 
түрі,  саласы,  дәрежесі  үшін)  білім  беру  талаптарын  айқындауға  мүмкіндік 
береді [1]. 
Маманның  кәсіби  құзіреттілігі  –  бұл  кәсіби  болмыстың  кеңістігіндегі 
маманның  маңызды  қызмет  ету  аясындағы  оның  шындық  өмірге  тұлғалық- 
адамгершілік  қарым-қатынасындағы  көрінетін  (немесе  беейнеленетін)  оның 
өзіне тән кәсіби және тұлғалық тұрғыдағы адами ерекшеліктерінің жіктелген 
(немесе топталған) сипаттамалары.  
Кәсіби  құзыреттілікке  құрылымдық  және  мазмұндық  талдау  жасауда 
оның негізін құрайтын үш түрлі құрамды бөліктерін (немесе компоненттерін) 
бөліп  қарауға  болады:  жалпы  кәсіпқой  сауаттылық  (ең  қажетті  білімдері), 
қызмет барысында өзінде бар  білімді  пайдалана  білетін  маманның  қабілеті  

125 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
оның біліктілік сапасы ретінде қабылданады және маманның қабілетін оның 
біліктілік  сапасы  ретінде  қабылданады  және  маманның  құзыреттілікті  
айқындайтын басты құрамы оның жеке тұлғалық сапасында. 
Болашақ  маманның  кәсіби  шеберлігін  қалыптастырудың  негізгі 
межелерін  маманның  өндіріс  орнындағы  пайда  болған  мәселелерді  ерікті 
шеше  білу  ептілігі,  өз  қызметінде  жаңалықтар  ашуға,  ұжымда  қолайлы 
психологиялық  жағдай  жасауға,  үнемі  өзінің  білімін  жетілдіруге,  өзін-өзі 
тәрбиелеуге, өзін-өзі түзету шеберліктері құрайды.  
Кәсіби  құзыреттілік  деген  ұғымды  бір  тұлғаның  жоғары  деңгейдегі 
дайындығы  мен  шығармашылық  қабілеті  арқылы  адам  өзінің  кәсіби  және 
тұлғалық сапаларын барынша көрсете білетін оның белгілі бір қасиеттерінің 
жиынтығы деп қарастырамыз.  
Маманның құзыреттілігінің мазмұнын аталатын келесі көзқарастар енеді:  
-  интеллектуалды  –  ұсынылған  қызметтің  қағидаларын,  мақсаттарын, 
міндеттерін  тиімді  орындауды  нысаналы  ұйымдастыру,  келеңсіз  жағдайлар 
туындағанда  саналы  мінез-құлқына  білімі  мен  тәжірибесін  қолдануға  және 
пайдалануға адамның дайындығын ашатын танымдылық қабілеті; 
-  тәжірибелік  –  еңбек  технологиялары  мен  техникаларын  жоғары 
деңгейде меңгеру, қайта жасау іс-әрекеттерде шеберлігі мен ептілігі; 
-  құндылықты  бағдарланған  көзқарас  мәдени  өнегелі  құндылықтарды 
басшылыққа алуға негізделген. 
Адамның  интеллектуалды  қабілеті  тұлғаның  біртұтас  интеллектуалды 
сапаларында  көрінеді,  айталық:  шығармашылық,  бастамалары,  сананың 
өзіндік интеллектуалдық бейнесі, құзыреттілігі. 
Кәсіби  бастама  адамды  үнемі  жаңашыл  бағыттарға  жетелейді  немесе 
жаңа  идеяларды  ұсынады,  басқа  да  салаларды  меңгере  отырып,  өзіне  таныс 
саладан  басқа  салаға  өтуге  үнемі  дайын  тұрады  және  жүйеленбеген  бөтен 
интеллектуалды  қызметтерді  орындай  білетін  тұлға.  Интеллектуалдық 
бастаманы  (немесе  парасаттылық  бастамасын)  танымдық  және  әрекетшілік 
себептермен бірге тіршілік жасаушы тұлғаның құнды қасиеті деп қарастыру 
керек.  
Құзыреттілік  білімді  ұйымдастырудың  ерекше  түрі  ретінде  сонымен 
бірге  ойлау  тәжірибесінің  біртұтас  компоненттерінің,  ақпараттарды  тиімді 
өңдеу  механизмдері  (немесе  ішкі  құрылымдары)  тұлғаның  жалпы 
интеллектуалды  дамуын  бейнелейді.  Бұл  қасиеттері  тұлғаны  қоршаған 
шындық  өмірдегі  талаптарды  жан-жақты  саралауға,  әрі  кәсіби  мәселелерді 
жоғары тиімділікпен шешуге мүмкіндік береді.  
Пайда  болған  мәселенің  шешімін  табу  үшін  және  жоғары  нәтижесінің 
тұрақтылығы мен сенімділігіне интеллектуалды құзыреттілік - бірегей тәсілді 
ұсынады. 
Интеллектуалды 
құзыреттіліктің 
компоненттері 
жеке 
интеллектуалды  қабілеттері  мен  арнайы  интеллектуалды  шеберлігі  мен 
ептілігінде жатыр. Осылайша, біз интеллектуалды құзыреттілікті  

126 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
интеллектуалды   қызметке    сәйкес   өзіндік   жоғары   жетістіктерін  көрсете  
білетін маман санатында қарастырамыз. 
Интеллектуалды  құзыретті  адам  келесі  қасиеттерді  меңгерген  тұлға, 
айталық:  
а)  алуан түрлі жүйелі білімдерді; 
б)  төзімділікті;  
в)  қажет  болған  жағдайда  алған  білімін  белсенді,  шапшаң 
жылдамдатылған түрде қолдануды;  
г) теориялық ережелерді кескіндер мен құралдар арқылы тәжірибеде іске 
асыруды; 
д) маңызды элементтерді айқындай білу біліктілігін меңгерген тұлғаның 
сипаты. 
Интеллектуалды  құзыреттілікте  толассыз  білім  жинақтауға  ұшталатын 
және  тұлғаның  бойында  танымдылық  қызметтер  болғандықтан  «сана 
мәдениеті» ұғымымен белгіленеді.  
Кәсіби  құзыреттіліктің  синонимі  «кәсіби  шеберлік»,  біз  оны  сенімділік 
және  қызметтің  жоғары  нәтижесінің  қалыптылығымен  белгілейміз.  Кәсіби 
шеберлікпен жұмыс жасау – қателіктер, әбестік жасамау. 
Е.А.Климов «кәсіби шеберлікті» нақты бір қызмет саласындағы адамның  
білімімен  біліктіліктілігінің  тек  жоғары  деңгейі  ғана  емес,  сонымен  бірге 
адамның 
психикасына 
қосылатын 
сананы 
жүйелі 
ұйымдастыру 
компоненттерін келесі ретте тізбектейді: 
-  адамның  қасиеттері  біртұтас  дүние  ретінде  (тұлғасы,  субъектінің  іс-
әрекеті)    
- кәсіпқойдың қызметі; 
- кәсіби білімі; 
- кәсіпқойдың жалпы мәдениеті. 
Кәсіпқой  ұғымын  «шеберлік»  ұғымымен  байланыстырады:  кәсібилік 
(немесе кәсіпқойлық) – шеберліктің белгілі бір дәрежеде қалыптасуы [2]. 
Н.В.Кузьмина шеберлікті ғылымға немесе өндіріске сәйкес мақсаттарды 
жемісті  шешуге  және  білімді,  шеберлікті,  ептілікті  кәсіби  меңгеру  арқылы 
алдындағы, жағдайды (объекті мен қызмет шартын) табысты зерттеп, кәсіби 
міндеттерін құрастырумен байланыстыра отырып анықтайды [3]. 
Маманның  шеберлігі  тәжірибелік  іс-әрекеттің  деңгейін  бейнелейді,  ол 
деңгейде  өндірістік  міндеттер  –  кәсіби  білім,  қабілет,  ептілік  және  оларды 
меңгеру  –  табыспен  өз  шешімін  табады.  Кәсіби  шеберлік  –  еңбектің  үздік 
үлгісін,  өндірістік  қызметтің  жоғары  деңгейлік,  әлеуметтік  бағдарланған 
қарым-қатынастарды,  тұлғалық  мінез-құлықтарды  шынайы  меңгертіп  және 
өндірістік қызметте міндетті түрде жақсы нәтижелерді көрсету. Басқа сөзбен 
айтқанда, кәсіби шеберлік - бұл маманның өз міндеттерін жоғары деңгейдегі 
үлгіде және нұсқада орындау. 
Шеберлік өндірістік қызметтің өнімді болуымен байланысты. 

127 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
Маманның шеберлігі мен өнімділігі оның тәжірибелік және қолданбалы 
икемділігі мен дағдыларына негізделген. 
Маманның  кәсіби  құзыреттілігін  анықтау  үшін,  объекті,  мақсаттар, 
шарттар,  құралдар  мен  нәтижелер  бойынша  оның  еңбектегі  қызметінің 
ерекшеліктерін  ескеру  қажет,  яғни  бір  жағынан  кәсібилікті,  бір  жағынан, 
аралықтандырылған  сана  тұлға  қасиеті  десек,  екінші  жағынан  –  бұл 
қызметтің үдерісі мен нәтижесі. 
Біздің  жағдайдағы  кәсібилік  –  бұл  жоғары  оқу  орындарындағы 
педагогикалық қызметтің шығармашылық тұрғыдағы нәтижесі, әрі ол нәтиже 
ретінде  еңбек  өнімділігінің  ең  жоғары  деңгейін  болжалды  -  ол  кәсіби  және 
тұлғалық,  қоғамдық  және  саяси  мәселелерді  жоғары  деңгейде  шешуге 
қабілетті  маманның  тиімді  тұлғасы.  Осы  тұстан  алғанда,  маман  қызметінің 
кәсібилігі  оның  тұлғалық  және  қызметті  игеру  немесе  іс-әрекетшілдік 
маңыздылығымен сипатталады. 
Маманның  кәсібилігі  –  бұл  маманның  кемелденген,  азаматтық 
жауапкершілігімен  кәсіби  міндетін  жүзеге  асыру  шамасымен  шарттасқан, 
оның бір арнаға шоғырланған тұлғалық әрекетшілдік көрсеткіші. 
Кәсіби құзыреттіліктің құрылымында үш компонент айқындалады: өзін-
өзі жетілдіруге бағытталған қабілеті мен қарым-қатынасы және білімі. Кәсіби 
білім  мен  біліктілік  -  бұл  жалпы  алғандағы  кәсібиліктің  қалыптасу  негізі. 
Олар  әдіснамалық  білім  санасындағы  жоғары  деңгейдегі  құзыреттілікті 
болжайды  –  олар  жалпы  философиялық  жоспарды,  теориялық  және 
технологиялық білімдерді дамыту заңдылықтары. 
Кәсіби  құзыреттіліктің  үшінші  құрылымдық  элементі  маманның  өзін 
жетілдіру  қабілеті.  Аталған  мәселеге  арналған  зерттеудің  көрсеткені 
мақсатты бағытталған өзінің білімін жетілдірудегі қажеттіліктің қалыптасуы 
кез келген саладағы маманның маңызды кәсіби көрсеткіші. 
Маман тұлғасын қалыптастыруда мақсатында құзыреттілікті қамтамасыз 
етуді  талап  ететін  өзара  әрекет  жасаудың  ешқандай  сыртқы  жүйесі  егер 
тұлғаның  өзі  тұлғалық  және  кәсіби  дамуына  бағытталған  қолдау, 
сүйемелдеулер мен жауап күштерін таппаса, бұл мақсатқа жету мүмкін емес. 
Сондықтан  өзін  жетілдірудің  маңыздылығын  студенттің  түсінгендігі  оның 
тәжірибелік қызметінің кәсібилігінің өсуі шарт.  
Студент өзін-өзі үнемі жетілдірмесе және алған білімдері мен біліктілігін 
белсенді  шығармашылық  іс-әрекеттерде  қолданбаса,  олар  тұрақсыз  болуы 
ықтимал.  Қызметтің  кәсібилілігінің  бұл  компоненті  жеке  өзіндік  ғылыми-
әдіснамалық  ізденістерді  ұйымдастыруды  және  оқу-тәрбиелік  ақпараттарды 
қайта  құрастыру  барысын  келесі  негіздерде  болжам  жасайды:  біріншіден, 
өзін-өзі тәрбиелеу, тұлғалық тұрғыда өзін-өзі жетілдіру: мінез-құлықтарының 
себептері,  өнегелі  құндылықты  бағдарлануы,  тұлғалық  сапалары  мен 
мақсаттарын қайта жасау; екіншіден, өзінің білімін жетілдіру, кәсіби тұрғыда 
өзін-өзі жетілдіру: өз саласына сәйкес ғылымдағы жаңа жетістіктерді өз  

128 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
еркімен  меңгеру,  үздік  тәжірибелерді  зерттеу,  әрі  оны  қуаттандуры, 
өндірістік  үдерістердің  технологияларын  меңгеру.  Осылайша,  өзін-өзі 
жетілдіру құрылымында өзінің білімін жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу оқу  
мен тәрбие сияқты бөлінбейтін біртұтастықты нұсқайды.  
Маманның кәсіби құзыреттілігінің маңызды компоненті шығармашылық 
қызметке  қабілеттілігі.  Педагогика  мен  психологияда  «шығармашылық 
қызмет»  ұғымы  алуан  түрлі  бағыттарда  қарастырылады,  әрі  оны  әртүрлі 
мазмұнда  түсіндіреді.  Бір  авторлар  шығармашылықты  қоғамдық  мәні  бар 
қызметпен  ғана  байланыстырса,  басқалары  дара  тұлғаның  жұмысында 
шығармашылық  «өзіне»  ғана  көрінетінін  жоққа  шығармайды.  Ғылыми 
әдебиеттерде  мамандықтарды  шығармашылық  және  шығармашылық  емес 
деп бөлу кездесіп жатады.  
Шығармашылық  қабілет  тұлғаның  өзіндік  ерекшелігі,  шығармашылық 
қызметке  бейімділігі  тұлғаның  ой-санасы  мен  дарындылығы  тығыз 
байланысты.  
Кез  келген  қызмет  түріне  және  арнайы  қабілеттеріне  (көркемдік, 
музыкалық,  математикалық  және  т.б.)  тұлғаның  шығармашылықпен  бірегей 
бейімділікпен қарауы оның жалпы қабілеттері ретінде сипатталады.  
Шығармашылық  қабілеттері  –  бұл  барынша  айқындалған  арнайы  және 
жалпы қабілеттерінің жиынтығы.  
Шығармашылық  феноменін  зерттеушілер  келесі  ретте  анықтаған,  оны 
белгілі бір салада үздік жетістіктер негізінде жатқан дарындылық қабілетпен 
байланыстырады.  Бір  жағынан,  дарындылықты  кейбір  адамдарға  ғана  тән 
ерекшелік  деп  түсіну  керек,  ал  екінші  жағынан,  кез  келген  қарапайым  адам 
миының  табиғаты қолайлы  жағдайда  ол  бар  мүмкіндігінше дарынды болуға 
қабілетті.  Осыған  байланысты  «дарындылық»  ұғымы  тек  дарынды 
адамдардың тәрбиесі мен оқуының ішкі мазмұнда, сонымен бірге, кез келген 
білім  алушының  дамуы  мен  қалыптасуына  бағдарланған  педагогикалық 
жүйеде де қарастырылады.     
Л.Термен  мен  басқа  ғалымдардың  пікірінше,  шығармашылық  қызметке 
үздік  нәтижелеріне  тек  жоғары  интеллекті  бар  адам  ғана  қол  жеткізбейді, 
сонымен бірге, ерекше күрделі сапада өзіндік ойлау қабілеті бар адам пайда 
болған  мәселелердің  шешімін  табуды  басқа  бір  тәсілдермен  жүзеге  асыруға 
және біртума идеялар табуға қабілетті адам шығармашылық қызметтің үздік 
нәтижелеріне  жасайды.  Тұлғаның  мұндай  қабілетін  С.Л.Рубинштейн, 
А.В.Брушлинский,  А.М.Матюшкин  және  басқалар  талаптанушылық 
(креативность)  деп  белгіледі.  С.Л.Рубинштейн  дарындылықты,  ...өз 
қызметінің  өнімді  болуы  сол  адамның  барлық  мүмкіндіктер  жиынтығының 
бірлігінде, оның құрамында интеллектпен бірге адамның басқа да қасиеттері 
мен  қабілеттері  өзара  бір-біріне  ену  арқылы  біртұтастықта  өмір  сүреді, 
айталық  эмоциялық  сапасы,  темпераменті  –  көңіл-күйінің  әсершілдігі, 
қызметінің қарқыны мен дәрежесі және т.б. [4, 5, 6].  

129 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
Психолог Д.Б.Богоявленская ойлау әрекеттерінің жалпы ойлау шеберлігі 
мен  белсенді  себептері  болып  табылатын  тұлғаның  аралықтандырылған 
қасиетін  белгілейтін  оның  маңызды  компонентін  «интеллектуалды 
белсенділік» терминімен атауды ұсынған. 
Американдық  педагог  Дж.Рензулли  үш  сипатта  біріккен  дарындылық 
тұжырымдамасын  жасады,  ол  сипаттамалар  мынадай:  интеллектуалды 
қабілеттері,  шығармашылық  және  қайсарлық  (жоғары  әрекетшілдік).  Бұл 
аталған  сипаттамаларға  тағы қосымша  ретінде  қоршаған  орта  мен  тұлғаның 
саналылығы да өте маңызды. 
П.Торрекстің  зерттеулерінде  осы  жоғарыда  айтылғандарға  ұқсас  үштік 
бар,  олар:  шығармашылық  қабілет,  шығармашылық  шеберлік  және 
шығармашылық әрекетшілдік. 
Талаптанушылықтың 
жоғары 
көрсеткіштері 
орасан 
немесе 
шығармашылық  жетістіктердің  толық  кепілі  емес,  ол  тек  барлық  үш 
себептердің үйлесімділігіндегі ол қасиеттердің пайда болу ықтималдығының 
айғағы. 
Бастапқыда  студенттердің  қабілеті  төмендеу  болады,  алайда  мақсатты 
бағытта  өзімен  жұмыс  жасауды  қайсарлықпен  жүргізгендері  ғылымды 
меңгеру  арқылы  шығармашылықтарын  жоғарылатады,  ал  дарынды  бірақ  іс-
әрекеттері  баяу  студенттердің  шығармашылығы  төмендеу  болады. 
Шығармашылық  қабілеттердің  даму  табиғатын  осылай  түсіну  оқытудың 
тиімділігін айтарлықтай өсіруге мүмкіндік береді.  
Шығармашылықтың  нәтижесі  жасалған  нәрсенің жаңашылуындағы  мен 
бір  тумалылығында.  Шығармашылық  ойлау  үдерісі  ішкі  себептерден  пайда 
болуы  мүмкін  немесе  педагогикалық  тұрғыда  құрастырылуы  ықтимал. 
Бұлардың қайсысын алсақ  та,  студенттердің дарындылығы  мен  қабілеттерін 
дамыту  бойынша  мақсатты  бағытталған  педагогикалық  қызметте  олардың 
қабілетін оқыту үдерісінде ынталандыру қарқынды жүреді. Оқу мәселелерін 
шығармашылық  тұрғыда  шешуге  оқытушылар  мен  студенттер  бірлесіп 
қатысады,  олардың  бірлескен  шығармашылықтары  дарындылықты  қамтуға 
жағымды ықпал жасауы ықтимал. Студенттердің өзін-өзі түзетуі, жалпы және 
ғылыми  оқу  (интеллектуалдық)  белсенділігі  мен  еркінділігі  олардың  терең 
білім  алуына,  ғылыми-ізденушілік  қызметке  араласуға  қызығушылығын 
арттыру үшін маңызы ерекше. 
Мұндай  белсенділік  –  дарындылықтың  негізін  құрайды  және  оны 
оқытушы  басқаша  түрлендіруі  мүмкін,  айталық:  мен  –  тұжырымдамасы 
арқылы мен – ұстанымынан, мен – қызметіне өту ықтималдығында студентте 
ерікті түрде белсенділік туындайды.  
Оқытудың міндеті студенттің тек мәселелерді ғана шешіп үйренуіне ғана 
қол  жеткізу  емес,  сонымен  бірге  оларды  бұрынғы  алған  білімдері  арқылы 
жаңа білімдерді қабылдай білуге ынталандыру.  
Тұлғаның  дарындылығын  дамытушы  әрі  қолдаушы  санатындағы 
студенттердің жаңалық табуды ойлау қабілетін қалыптастыру ш 

130 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
ығармашылық жағдайларды жасауға ықпал жасайды. Бұл жерде оқытушы өзі 
қай  жауаптың  дұрыс  екендігін  білмеуі  мүмкін:  ол  сұрайды,  ойланады, 
пайымдайды. Олар өз бойындағы шығармашылық қабілеттерін өздері ашады, 
тақырыпты нақты, терең әрі тез меңгереді, ал қиялдау  арқылы
  шығармашылық 
ойлау  қабілетін  дамытады.  Студенттердің  шығармашылық  қабілеттерін 
қалыптастырудың тиімді түрі ғылыми – ізденіс жұмыстары. 
Жоғары  оқу  орнындағы  оқу  үдерісі  маманның  кәсіби  құзыреттілігін 
дамытудың  шынайы  әрі  айқын  шарты  егер  ол,  біріншіден,  студенттің  өмірі 
ретінде  қарастырылатын  болса,  айталық,  ол  үдерістің  мәні  тұлғалық, 
шығармашылық,  қарым-қатынас  жасаушы  оқу-танымдылық  іс-әрекеттердің 
деңгейінде  жүргізілсе,  екіншіден,  мәдениеттің  бүгінгі  жағдайы  мен  оның 
тарихи  дамуын  меңгеру  тәсілі  ретінде  егер  студенттің  түсінігіндегі  жалпы 
адамзаттық  және  ұлттық мағынадағы  рухани  және  мәдени  құндылықтардың 
болуы. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет