ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Бердібай Р. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Қазығұрт», 2005. –
464 б.
2.
Кекілбаев Ә. Он екі томдық шығармалар жинағы. 2 том. – Алматы: «Жазушы».
–
400 б.
3.
Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: «Жазушы», 1991. – 464 б.
4.
Айтматов Ш. Ғасырдан да ұзақ түн. – Алматы: «Атамұра». 2005, – 312 б.
5.
Сейдімбек А. Ойтолғақ. Жарияланбайтын жазбалар. – Алматы: Жалын», 1997.
– 272 б.
РЕЗЮМЕ
В статье речь идет о старых и новых путях носильного приобретения чудовищного
метода рабского сознания - манкуртство в сознании человечества в произведениях
А.Кекилбаева и Ч.Айтматова.
(Камалкызы Ж. Манкуртство – недуг на национальном сознании)
SUMMARY
The article deals with old and new ways of forcible implantation of severe methods of slavery
consciousness reflected in works of A.Kekilbaev and Ch.Aitmatov.
(Kamalkuzu ZH. Mankurtstvo – Arrived an Illness on National Consciousness)
36
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
ӘОЖ 818. 992 271
Д.А.ИСЛАМ
филология ғылымдарының кандидаты,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті
АЗАМАТТЫҒЫН ІЗДЕТКЕН ҚОҒАМ ЖЫРШЫСЫ
Қазақ поэзиясының тарихында азаматтық жыр үлгісі саналатын
азаматтық әуен, үн тәрізді көркемдік бағытты даралайтын ежелгі соқпақ
бар. Ақын өлеңдеріндегі азаматтық пафос - деп өлең шоғырларын бөліп
арнайы зерттеп жататынымыз да бар. Ал азаматтық қай өлеңнің болса да
өзегінде жатып жан берер рухы болса керек. Өлеңдегі азаматтық ел басына
күн туғанда дараланып шабар ақындар шығармашылығына тән құбылыс
екендігін ұлттық өлеңсөз тарихынан көріп келеміз. Автор бүгінгі қоғамдағы
азаматтық категорияның тұтас шығармашылығына арқау болған ақын
Р.Ниязбектің өлеңдеріне жіті талдау жасай отырып, шеберлік қырларын
ашады.
Кілт сөздер: азаматтық үн, азаттық, барыс жылы.
«Ақындықтан әкімдік шен жоғары» заманда өлеңшінің беделі де алған
атақтарымен өлшеніп қалып жататыны бар. Халқымызға белгілі ақынның бірі
Рафаэль Ниязбекте де Шешен Республикасының ең жоғары мемелекеттік «Ұлт
намысы» ордені, Шешенстан Мемлекеттік және І.Жансүгір атындағы т.б. сый-
сияпаттар баршылық екен. Бұл адам еңбегіне берілген бағалаулар оған дауымыз
жоқ. Бірақ осы Марапаттардың ақын етіп жаратылған тағдырынан өрілген өлмес
өміріңнің ескерткішін жасасқан өнердің қасында қауқарсыз қалатыны тағы бар.
Қош, сонымен біз біліп атап көрсеткен атақтары бар Рафаэль Ниязбектің ақын
дейтін атты арқалап, арқаласып келе жатқан бірнеше жыр жинақтарының сырына
үңілсек.
Қай атағының салмағы басым жататынын сол кітаптар айтса керек. Ендеше
оқырман қауымы болып 70-тен асқан ақынның жеткен биігіне жетектесіп шығып
көрейік, жеткізер ме екен? Әлде... Осы жолдардың авторы ретінде «Әлде...» сөзі
мен «көп нүктені» бекерге қойып отырғаным жоқ. Ақын жинақтарын бірінен соң
бірін оқыдым. Өлеңдерінен бейнелілік іздедім. Суретті сөз тіркестері мен сезімді
тербер әуезін тыңдағым келді. Пенденің бақытын жырлаған шаттығы, күйзелісін
күйттеген мұңы жаға көрсетпей қойды. Алабұртқан сезімімен 13-көктемінде
табысқан ұяң қыз бен бала ғашықтың сыры да айтылмады. Ойпырмай, бұл
қандай ақын болды деп жабыға да бастадым. Өлеңдері өзіміз бастан өткерген
1991 жылдан бергі еліміздің өмір тарихын өткір-ақ баяндайды. Өлең баяндаудан
тұрмайтынын ескерсек, сонда өмір шындығының өлең тілінде сөйлеп беруінің
сыры неде болғаны? Біз өлеңнен көркемдік іздеп қана бақсақ, қоғам мінезі өлең
сөзбен де өріліп-ақ жүре бергендей. Ақын Рафаэль Ниязбек жырлары бүгінгі
өлеңнің публицистикалық қабаты молайып азаматтық әуені салмақтана түскенін
37
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
байқатты. Түрік таңбалы жырында түйінделген елдік сананың, жыраулық
поэзиядағы азаматтық үннің, ХХ ғасырдағы Алаш идеясының – ХХІ ғасырда
толғауы бөлек әлеуметтік күйде өрнектелуі Рафаэль Ниязбек өлеңдернінің
болмыс бітімі екен. Тек біз оқырман, өлеңді арысы Абай, Мағжан берісі
Мұқағали, Жұмекең, Жұматайлар биігімен ғана өлшеуге машықтанып алаппыз.
Р.Ниязбек секілді көп таланттар кітаптарын бір оқығанда әуелі тосырқап
қарауымыздың бір міні де сол болар.
...Сен аңсаған, Азаттық,
Аштық жылы
Тұрғызғанда мұнара сүйегімнен.
...Сені аңсаған, Азаттық,
Тепкіленіп,
Қара жерге өр рухым көмілгенде.
(Азаттығым...)
Азаттық тақырыбы тәуелсіздік қазақ өлеңінде қайта жырланды.
Қ.Шаңғытбаев «Ағытып ап мойнымдағы көгенді», Т.Медетбек «тудық біздер
көрінбейтін бұғаумен, жүрдік біздер көрінбейтін кісенмен», -деп ишаралап
жатқанда Р.Ниязбек ұлт тарихында трагедиялық кезеңді жадымызда қайта тірітіп
Азаттық тарихы тым тереңде жатқанын әрі құндылығын салыстыру әдісімен
арттырып астарсыз жеткізеді. Тәуелсіздігімізді жариялап Егемен ел аталған
жылдардан бергі хал-ахуалымыз ақын өленінің өзегіне айналған.
Қазақстан – алып бір жыртық үйдей,
Алба-жұлба күн жеген туырлығын –
(Барыс жылы)
немесе
...Айқара ашып қақпаны, дарбазаны,
Тоғытуда өнер деп даңғазаны.
Қазақстан бүгінде білсең егер,
Ібіліс пен індеттің қан базары.
(Ібіліс...)
немесе
...Бағдарлама жүректен туған болса,
Тамақ іздеп, жұрт босып сандалама?
(Бағдарлама)
немесе
Арайлап атқан ақ таңда,
Қалмаймын деме ақпанда.
Сұмдықтың бәрі – ақылдан
Сумаңдап шығып жатқанда.
(Сұмдықтың бәрі...)
Жұрттың бәрін ұстаған шаңға қамап,
Қай басшыны көтерем Арға балап.
Жетім бала секілді ауыл кейде
Жалаңаяқ жүгірген жар жағалап.
(Қайран ауыл)
38
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
Келтірілген өлең шумақтарының қай қайсысы да еліміздің өткен күні мен
бүгінінде бет бейнесін танытып тұр. Егемендіктің әуелгі бес жылдықтарындағы
ұлттық дағдарыс, халықтың сергелдең күйге, базар экономикасы, жарықсыз
ауыл, жаппай жұмыссыздық ақын өлеңдері тақырыбының басты лейтмотиві. Бұл
тақырыптар жай баяндалып та қоймайды, ақын мейлінше дағдарысқа түскен,
әлеумет психологиясын беруді көздейді. Осы тұстағы қоғамдық мерезге айналып
бара жатқан жат қылықтарды жабырқай қараған ақын жүрегінің жан айқайы
кімді де болса толғандырмай қоймайды. Бүгінгідей қуатты Қазақстанға жету
жолымызда осыншама келеңсіздіктердің болғанын еріксіз мойындаймыз. Ақын
жырының салмағы да осында. Кешегі кемшіліктерді бастан өткеркен қауым өлең
өзегінен өткенін танып, бүгінге шүкіршілік айтар. Өткеннің кемшілігі бүгінде
жоқ па деп толғанар, өлең толғантар. «Бәйтеректер жел өтінде тұрады», «Тыңда
мені
замана!»,
«Жүрегімде-ғасырлардың
салмағы»
жыр
жинақтары
тәуелсіздіктің тұңғыш қадамдарының панорамасы іспетті. Ал оны жырлаушы,
бедерлеуші ақын – ақын ғана емес жауынгерлік сапта жүрген сарбаздай
қырағылыққа көшкен. Бұл жерде ақынның жауынгерлік қызметін поэзиясының
бағытынан тапқандықтан басты ерекшелігі ретінде таныған жөн. Әсілі
жауынгерлік сөзі жаугершілік замандардағы ақын-жыраулар поэзиясына
танылады. Ал бейбіт кезеңдегі ақын шығармашылығына жауынгерлік пафосты
таңғанымызбен оны тұтастықта табу сирек-ті. Ақын Р.Ниязбек өлеңдерімен
жауынгерлік рухтың бірлікте өмір сүруі жыраулық дәстүрдің жаңашыл стилін
көрсеткендей. Жыраулар поэзиясында елдік сананың бірінші кезекте тұруы тек
соғыс жағдайымен түсінідірілмейтініндей ақын Р.Ниязбек өлеңдеріне де тән
басты атрибут азаматтық екендігін ескергеніміз жөн. Әйтпесе Р.Ниязбекке де қыз
бен қымызды жырлау бұйырмай кеткен деп айта алмаймыз. Азаматтық
ұғымының бүгінгідей Тәуелсіздік кезеңде аласарып бара жатқанын ақын ғана
емес барша әлеумет көріп отыр. Ақынды аласұртқан да осы азаматтық ар
намыстың өз дәуірінде сөнер оттай селдіреуі. Сондықтан да ақын:
...Жер бетіне шындықты сепкен жақсы,
Ойға, қырға сүйрелеп желге шашпай –
(Шындық)
деп қасқая қарап тұр. ...Арсызға арлы жем болған
Жаманға жақсы жең болған
Асылдар асқар көрінбей
Аласа жанмен тең болған.
Билікке қолы жеткеннің
Қуыс кеудесіне жел толған.
Ал солар тулақ етпесе
Ен тоғай қайда кешеді...
От шашқан сөзі- семсері
Ел еді кеше еңселі
(Сөйлеймін бүгін тартынбан)
Толғау формасындағы бұл өлеңдерде ақынның поэтикалық «Менінен»
жанрға таңылған «Мен» күштірек. Мұнда да жыраулық поэзиядағыдай
39
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
тақырыптық арна қоғамдық мәселелерді көтеруге бағытталған. Ақынның жеке
ой-сезімі жалпыға ортақ мүддені жеткізуде толғаудағы әртүрлі стилистикалық
құрылымдарға бағынып жалпыламалық қалып танытқан. Ақын Р.Ниязбектің
лирикалық қаһарманы қоғамдық әділетсіздікті жіті бақылаушы, азаматтық
темпераментті «Мен»нің бітім болмысын, кесек тұлғасын аша түседі.
Тәңірдің шашып кеткен бір ұстасы
Жұлдыздар – Айлы түннің күміс тасы
Жұмыр жер – аспан деген алып құстың
Бауырына басып жатқан жұмыртқасы
(Алтын құс)
немесе
Өрт түсірмей елімнің өзегіне,
Арна болып тартылдым өзеніне
Көктем болып жүгірдім қарсы алдынан,
Көкжал болып қарамай көжегіне
Араласып ардагер ел ісіне,
Төгіп өттім нөсер боп егісіне.
Желбіреген туы боп тумасам да,
Желі болып тартылдым жемісіне.
(Еліме)
Аламанға ат қосқан сайран белде,
Қапа болып, қан жұтқан майдангер де.
Бәйге алам деп, ағайын, әуре болма,
Әділдіктен безініп тайған елде.
(Бізге бөтен екен деп ер-тұрманы) [1.12].
Осындай суреттеулер мен сәтті теңеулер ақын дүниетанымынан өрілген
метафоралы ой жүйесін құрайды. Ақынның тағы бір шығармашылық қыры,
тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлері секілді белгілі есімдерді
психологиялық портреттеу арқылы бейнелеу шеберлігі. Бұл тақырыпта
Махамбет, Ақан сері, Абай, Мұхтар, Мұқағали, Бауыржандар рухымен
сырласқан өлеңдерін атап өтуге болады. Бір Махамбеттің ерлігі мен өрлігін
идивидуальдық көркемдік ой политрасында жырлауға 200-ден астам өлең
жазады. Ақын өз заманының әлеуметтік күйін мінездеуде Мемлекет қайраткері
Д.А.Қонаевқа «Қыдыр ғұмыр», Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа «Айбозым менің»
атты жеке жыр кітаптарын арнаған.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Ниязбек Р. Мына опасыз жалғаннан түңілгенде.../Қазақ әдебиеті №17-18 (2970),
28.04.2006.
РЕЗЮМЕ
В этой статье анализируются лирические произведения поэта, затрагивающие тему
гражданственности.
(Ислам Д.А. Поэт, воспевающий гражданственность)
SUMMARY
This article deals with the analyses of liricul works on the theme of a citizenship of a poet.
(Islam D.A. Poet who Wrote about Citzenship)
40
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
ӘОЖ 398
Қ.ТІЛЕУҚАБЫЛОВ
С.Демирел атындағы университеттің магистранты
ТҮРІК ДАСТАНДАРЫНДАҒЫ АҚЫЛШЫ, КЕҢЕСШІ
БЕЙНЕЛЕРІНІҢ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ КӨРІНІСІ
Орхон ескерткіштері қатарында саналатын тарихи дастандардың бірі
– Тоныкөк жыры. Тоныкөк жыры – Білге қаған, Күлтегіндердің ақылшысы,
кеңесшісі Тоныкөктің өз атынан яғни «Мен» атынан баяндалады. Автор осы
ақылшы, кеңесші бейнесінің түрік қағанаты дәуіріндегі мемлекеттік
дәрежесін және оның елдік жолындағы көрсеткен ерлік баянын саралайды.
Ақылшы, кеңесші бейнесінің «Оғыз-наме» жырындағы Ұлық Түрік, Қорқыт,
Ұлық жыршы, жырау бейнелерімен көркемдік дәстүр жалғастығы
дәйектеледі. Түрік дастандарындағы ақылшы, кеңесші бейнелерінің қазақ
батырлар жырындағы сілемдері туралы тұжырымдар жасайды.
Кілт сөздер: ақылшы, кеңесші Тоныкөк, Ұлық Түрік, Абыз, жырау.
Күлтегін, Тоныкөк, Білге қағанға арналған тарихи дастандар түркілердің
Тәңірге табыну діні қалыптасқан дәуірдің жемісі. Орхон ескерткіштеріне
жататын бұл тарихи дастандар қағандық дәуірдегі түркі жазуына жатады. Осы
жырлардың ішіндегі Білге Тоныкөк жыры ақылшы, кеңесші бейнесін Хан мен
әскербасы бейнелерімен қатарластыра толғайды. Аталған тарихи дастандарды
жаздырған Иоллығ тегін – Білге қағанның баласы. Иоллығтың аты бізге ақын
ретінде жетіп отыр. Сонымен қатар «Түркі Білге қағанның еліне арнап
жаздырдым, мен Білге Тоңұқұқ»-деуіне қарағанда, біз әңгімелеп отырған
жырларды шығарушы адам осы Тоңұқұқ болуы керек» [1]. Тарихымыздың көне
ізін ашып, дер кезінде бағытын көрсеткен ғұлама Б.Кенжебаев шәкірттерінің
бірегейі де Тоңұқұқты жырау ретінде дәлелдегені белгілі [2]. Орхон
ескерткіштерін кеңес тұсында-ақ ерлік жыры деп бағалаған М.Әуезов болатын.
Ендеше біз тақырыбымызға өзек етіп алып отырған ақылшы, кеңесші
бейнелерінің бастау бұлағы Тоныкөк тұлғасы – жырау тұлғасын айқындап тұр.
Бірақ бұл жыраудың тіні бертінгі әдеби дәстүрдегі жыраулардың бейнесінен тым
күрделі, синкретті деуге саяды. «Анахарсис (Анық Арыс), Тоныкөк, Қорқыт
аталардың сопылық жолдан рухани қуат алған әулиелер екені көп күмән туғыза
қоймайды» [3] -деген пікір Тоныкөктің кеңесші де, жырау да болуының негізі әлі
ғылым дәйектей алмай жатқан әулиеліктің өзегі рухани ілімнен басталатынын
танытады. Егер Тоныкөк те рухани ілім иесі болса онда Күлтегін, Білге қағандар
дәуіріндегі мемлекеттік идеология да осы Тоныкөктің түркілік дүиетанымдық,
Тәңірлік дініне сүйенгендігі көрінеді. Әулиелікке жеткізуші рухани ілім
екендігін тереңірек түсіну үшін бұл жөнінде тереңдеу жазылған мына пікірлерді
алдыға шығарсақ: «Шындығында, түркілердің исламды қабылдауын дұрыс
түсіндіріп беруге материалистік негіздегі ғылымның өресі жетпейтін еді.
41
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
Өйткені, бұл үдеріс материализмге мүлде қарама-қайшы рухани іліммен, яғни
жүрек көзін ашу ілімімен тікелей байланысты болатын. Көшпелі тайпалар
арасында осы ілімді терең меңгеріп, руханият биігіне жеткен әулиелер әр
заманда, исламға дейін де, одан кейін де көп болған. Бұл ілімді меңгеру үшін
мектеп-медреседе ұзақ ілім алу шарт емес. Бұның жарқын мысалы жазу-
сызуды білмей-ақ, даналығымен әлемді таң қалдырған хазіреті Мұхаммед
(с.ғ.с.) пайғамбардың өмірі бола алады. Рухани ілім – Жаратушымен тікелей
байланысқа жетудің нәтижесінде, оның өзінен алынатын таным түрі. Құранда
«Бақара» сүресінің 31-аятында Алла тағаланың Адам Атаға ілім үйреткені
айтылады. Бұдан рухани, яғни ладуни ілімнің осылайша, мерзімді оқусыз,
жаратушы тарапынан ғайыптен әрі бір сәтте берілетінін аңғаруға болады
[3.18]. Осы пікірлерді байыптасақ Тоныкөктің де тегі оңай болмағаны. Білге
қаған, Күлтегін, Тоныкөк жырларының шығарушысына Тоныкөктің де
дүниетанымдық әсері тиетіні белгілі. Оның үстіне Тоныкөк жырын
Тоныкөктің өзі шығарған дегенді қазіргі зерттеушілер болжам ретінде де,
шындық ретінде де дәйектеп берді. «Тоныкөк жырын» Тоныкөктің өзі
жырлаған болса қалған екі жырдың шығарушысы Иоллығ тегін де
Тоныкөктің рухани ілімімен қуаттанған болуы бек мүмкін. Әйтпесе оның өзі
де (Иоллығ тегін) рухани ілім иесі дәрежесіне көтерілмегеніне кім кепіл бола
алмақ. Қалай дегенде де мұны жыр мәтінінен оқып сезінсек болады.
«...Күллі түркі халқы былай десті:
«Елді халық едім,
Елім қазір қайда,
Кімге ел-жұрт іздермін?
Қағанды халық едім,
Қағаным қайда,
Қандай қағанға күш-қуатым
берермін»-десті.
Осылай деп табғаш халқына жау болды.
Жауы болып,
Қолдарынан түк келмей,
Қайта бағынды.
Бүйтіп күш-қуатын бергілері келмеді.
Түркі халқы:
«Қырылайық, жойылайық» десті,
Ажалға жылжи бастады,
Көкте Түрк тәңірісі
Түрктің қасиетті жері, суы.
Былай депті:
«Түркі халқы жойылмасын» - дейді, -
«Ел болсын», - дейді. (Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. 12-13 б.).
Осы мәтін үзіндісіне қарап түріктер Тәңірісіне жалбарынғанын,
42
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
Тәңірінен хабар келгенін, халық пен Тәңірі арасындағы рухани сенімдегі
диалогтың болғандығын біз оқырман, рухани ілім жайындағы дүниетанымдар
негізінде қабылдай аламыз. Жырды шығарушылар түрік халқының өздігінен
жауын жеңе алмай, «қолдарынан түк келмей» бастары салбырап ажалға
жылжи бастағанда бір Тәңірінің жарылқауымен қайта еңсе көтергенін қадап
айтуды мақсат еткен сияқты. «Бұл Тәңірі – Түріктің Тәңірісі. Қаған сайлау,
бұйрық беру, жарлық шығару, ел қылу, күш беру, ұлық, құт, білік сыйлау,
жарату сияқты әрекеттер Тәңірдің қалауындағы іс... Кейіннен түркілік
дүниетанымдағы Көк тәңірі түсінігі басқа діндердегі Құдайлардың
тағдырына ұқсас «өзінше бөлектенген енжар Тәңірге» айналған [4]. Бұл
пікірді тарата айтар болсақ Тоныкөк дәуіріндегі Тәңірлік дүниетаным, рухани
ілім жүрек көзімен қалыптасты, ал Тәңірлік дін ретінде даму тарихында
исламға дейін «енжар Тәңірге» айналу жолында ұлттық дәстүрлі дүниетаным
мен әдет-ғұрыптарды халық салт-санасына сіңіріп Ислам құндылықтарымен
үйлесім тапқандығы. Бұл енді діни жағынан әлі де толыққанды зерттеулерді
күтетін мәселе. Біздің түйіп отырғанымыз түрік дастандарындағы
Тоныкөктей ақылшы, кеңесші дүниетанымының өзегі сол замандағы Түркілік
дүниетаным өлшемі Тәңірлік дінмен қабысатындығы. Рухани ілім иесі
ретіндегі Тоныкөктің ақылшы, кеңесшілік білігінің өзегі де түркілік
дүниетанымға байланған және ол рухани ілім негізінде Ислам дінімен
кедергісіз қауышудың қайнары болғандығы. Рухани ілім халіне жеткен
Тоныкөк, Ұлық Түрік, Қорқыт секілді түрік халықтарына ортақ тарихи
тұлғалардың ақылшы, кеңесшілік қызметі кейінгі жеке-жеке шаңырақ
көтерген түркі халықтарының бәрінде де өздерінің рухани мұрагерлерін
тудырғаны да, сондайлық қызмет атқарғаны да белгілі. Қалай болғанда да
түрік дастандарындағы ақылшы, кеңесші бейнелерін сол дәуірдегі халықтың
діни нанымы мен сенімінен бөлек қарай алмаймыз. Ал, бұл дастандар өткен
ата-бабаларымыздың тарихи шежіресін танытатын бірден-бір жазба деректер
болғандықтан, сол дәуірдегі ұлттық дүниетаным бастауларын да осы
құндылықтардан іздеп табамыз. Түркі халықтарына ортақ Түрік қағанаты
тұсындағы Орхон ескерткіштері шежіре көзі болуымен қатар көркем
поэзиялық туынды екендігі де мәлім. Әдеби көркем туынды болғанның
өзінде өмір шындығы мен түрік өркениетінің дүниетану философиясы
тұтастана отырып түрік болмысын танытты. Сонымен түрік дастандарындағы
ақылшы, кеңесші бейнелері түрік халқының Тәңірге табыну сенімімен жеке
тұлға ретінде көрінеді. Демек, мұндағы ақылшы, кеңесші бейнелерінің
маңыздылығы діни наным-сенім маңыздылығымен бірдейлік дәрежеде.
Ақылшы, кеңесші бейнелерін жарату да діни дүниетаным маңыздылығынан
туындаған. Яғни, ақылшы, кеңесші бейнесін тудырушы бірінші кезекте дін
факторы. Ең бастысы ақылшы, кеңесші бейнесін беруші Тоныкөк, Білге
қаған, Күлтегін, Тоныкөк жырларындағы басты қаһарман, басты тарихи
тұлға. Білге атауының өзі – «ақылды, данышпан, білікті» [1.17] – деген
ұғымдарды білдірсе онда қағандардың да дүниетанымдық көзқарасы
43
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
Тоныкөктің рухани дәрежесімен бірдейлік деген сөз. Бірақ Білге қаған болып,
Күлтегін әскербасы болып, Тоныкөк ақылшы болуында мемлекеттің рухани
күші Тоныкөкке жүктелгенін байқаймыз.
Ақылшы, кеңесші Тоныкөк бейнесі «Манас» эпосындағы Тоныкөк
сияқты табғаш тәрбиесін алған, ақылды, білікті, жауынгер Алмамбет
бейнесіне етене жақын. Көне түркі шығармаларындағы дәстүрді зерттеуші
бұл жөнінде нақты мынадай тұжырымдар жасайды. «Қырғыз халқының
батырлық дастанындағы мына Алмамбет бейнесі түркі қағандығын
орнатудағы жорыққа қатысқан Тоныкөк болмысын айнытпай көз алдымызға
әкеледі. Тоныкөк те табғаш елінде білім алып, сол халықтың ықпалында
тәрбие алған. Ол жайындағы жинақталған мәліметтерге қарағанда Тоныкөк
түркі дәстүрін, жазуын шебер меңгерумен қатар қытай халқының әдет-
ғұрпын, әсіресе, олардың әскерді басқару тәсілдерін жақсы білген... Бірақ,
осы зерттеу жасап отырған Күлтегін жазба ескерткішінде түркі
қағандығының саясаткері Тоныкөк жөнінде бір ауыз сөз айтылмайды. Солай
болғанымен, Күлтегін жазба ескерткішінде баяндалған атақты жорықтарға,
қанды шайқастарға Тоныкөк тікелей қатысып, әскерді жеңіске бастағаны рас.
Зерттеу нәтижесінде танылғандай, Күлтегін ескерткішінде тек Ашина
тұқымынан тараған түркі қағандығын орнатушы даңқты тұлғалардың ерен
ерліктері
жайлы
ғанa
жазылған.
Сонымен,
түркі
қағандығын
орнатушылардың бірі Тоныкөк кеңесші-батырдың болмысы «Манас» жыр
дастанындағы Алмамбет қолбасшының бейнесіне өте ұқсас» [5]. Зерттеуші
бұл пікірінде нені меңзеп отыр. Байыптап қарасақ «Манас» эпосының
бастауы көне түркі руна жазбаларында жатқандығын ғылыми дәйектеуі
қуантарлық. Сонымен қатар «Манас» эпосының да түрік халықтарының бір
бұтағы қырғыз халқының сан ғасырлық арман тілегінен, көркемдік қиялынан
туындағанын да, сан ғасырлық тарих желісінің белгілері бергіде жырланған
туындыға арқау болатыны да табиғи заңдылық. Зерттеуші «Бұл эпостың
негізгі жұлыны шығарма өзегі – «қырғыздардың ұлы мемлекеттігі»
кезеңіндегі оқиғалар, яғни, қырғыздардың 840 жылғы өздеріне езгі көрсеткен
елдерге қарсы жорықтардағы қаһармандық ерліктері шығарманың ең басты
оқиғасы болып табылады. Бұған қоса, түркі қағандығын – түркі империясын
орнатудағы Ашина тұқымынан тараған көк түріктердің атақты тұлғаларының
қаһармандық жорықтарындағы ірі оқиғалардың бірсыпырасы осы эпосқа желі
болғаны сөзсіз» [5.38] – деп тұжырымдайды. Ғалымның осы еңбегінде
ақылшы, кеңесші бейнелеріне қатысты мына ойларын да басшылыққа
аламыз. «Оғызнама» шығармасында Оғыз қағанның ақсақалды, ақ шашты
ақылгөй қарты – Ұлық Түрік, Тоныкөк те көп жасаған кісі. Білге қаған мен
Күлтегін билік жүргізіп, соғыс жорықтарын бастаған тұста Тоныкөктің
жетпістен асып, қартайғаны тарихи деректерден мәлім, бұған Л.И.Гумлевтің:
«Әбден қартайғандықтан дана Тоныкөк енді түрік жасақтарын басқара
алмайтын болды, деп жазғаны дәлел... Күлтегін жазба ескеркіші тарихи ерлік
дастаны болса, «Оғызнама» шығармасы мифтік сарыны басым ерлік дастаны.
44
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
Екі
шығармадағы оқиға дәуірі түркі империясын орнату кезеңі, шығармалардағы
сюжет те сол тұстағы күрделі оқиғалардан құралған» [5.40-41]. Зерттеуші екі
шығарманың оқиғалық желісін бір кезеңге түйістіреді. Бұл деген сөз ақылшы,
кеңесші Тоныкөк пен Ұлық Түрік бейнелерінің етене туыстығын айғақтайтындай
әсер қалдырады. Ұлық Түрік бейнесінің Тоныкөк пен Қорқыт бейнелеріне жақын
екендігі «Оғыз қаған» жырын Ұлық Түріктің өзі шығаруы мүмкін дегенді ескі
кітаптардан да оқығанбыз [6]. Жалпы бұл бейнелер жыраулық өнердің,
поэзияның арғы тектерін негіздеушілер. Бұлардың қатарына қазақ әдебиеті
тарихының бастауларынан саналып жүрген Сыпыра жырауды да жатқызамыз.
Дүйім елге, ел басқарушы қаған, хандарға айтар кеңесшілік дәстүрі түрік
дастандарынан бері өтіп қазақтың хандық дәуірінде де Бұхардың Абылайханға
кеңесімен көрінеді. Енді «Оғызнама» дастанында қағанға кеңес айту қалай
бейнеленгені жөнінде айтып өтсек. Оқиғасы қара сөзбен басталып жазылатын
дастанда Ұлық Түрікке тікелей қатысты тұстарында өлең тілімен өріліп
баяндалуы Ұлық Түріктің ақылшы, кеңесшілік тұлғасын жыраулық бейнемен
астастырып жібереді. Бұл жерде айтпағымыз, сонау «Гильгамеш», «Авеста»
жазбаларында бар өмір мен өлім философиясын меңгерген рухани ілімі бөлек
бейнелердің әр дәуір тарихында адамзат өмірінің жолбастаушысындай алдында
тұруы. Біз айтып отырған ақылшы, кеңесші бейнелерінің жалғасы ретінде Еңлік-
Кебектегі Нысан абызды атасақ та болады. Демек ақылшы, кеңесші бейнелері
арқылы біз нені мойындаймыз, неге бас иеміз. Әр дәуір, әр заман тарихының
көркем шежіресінің өзегі ретінде ақылшы, кеңесші бейнелерінің тек қана көркем
сөздің соны үлгілерінде бейнеленулері жайдан-жай емес. Ақылшы, кеңесші
бейнелері бірде жырау, бірде жауынгер ақын, бірде абыз секілді бейнелерге
ойысқанымен негізгі тіні бір, халық санасында ерекше қасиеті бар, рухани ілімі
зор, керемет ақыл иесі ретінде сақталынған. Сонымен хандарға кеңес беру
дәстүрін Ұлық Түріктің түсінде көрген баянын қағанына жорып, жырауларша
толғануынан-ақ байқаймыз.
«Әй, қағаным, сенга нашағу болсынғыл Узун,
Әй, қағаным сенга торулук болсынғыл тузун,
Бенга көк тәңірі бәрді тушумда, келдурсун,
Талай турур иерни уруғунға бәрдурсун» [7] – деген жыр тізбектері
«жыраудың» жай адамдардан ерек қасиетке ие жан екендігін білдіріп тұр.
Мұндағы Ұлық Түрікке қолданып отырған «жырау» сөзі де бертінгі
мағынасынан әлдеқайда кең екендігін де ескеріп отырған жөн. «Оғыз-наме»
жырындағы Ұлық Түріктің бейнесі Шыңғысханның баласы өлгенде өлімін
естірткен Ұлық жыршы бейнесімен де аттас келуі олардың түп-тұлғасының
бірболуы да мүмкін деген ойға жетелейді. Тіпті түп-тұлғасы бөлек болғанның
өзінде бұлардың әрқайсысының түрік халықтары тарихында ерекше маңызды,
адамзат ақыл өлшемінен асқан әулиелік сатыға көтерілген жандар болғанына
ешкім шүбә келтірмес. Мұндай рухани ілім иегерлері қазақ халқының тарихында
да әр дәуірлерде халық болашағын болжап, адамдық өмір мәнін ұқтырып
жақсылыққа жол бастап отырды. Бұған «Қарлығаш әулие» атанған Төле биді,
«Көмекей әулие» атанған Бұхар жырауды атасақ та жеткілікті. ХІV ғасырда өмір
сүрген С
ыпыра жыраудың
Тоқтамыс хан мен
Едігеге айтқан толғауларындағы
45
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
болжаулары оның данышпан қариялылығымен қатар Ұлық Түрік, Қорқыттардай
ерекше жан, ерекше ілім иесі екендігін танытады. Белгілі ғалымның «Өткен
тарих куәсі Сыпыраның жағы түсіп, өлуі – жүз сексен бес (үш жүз сексен) жыл
бойы сән-салтанат құрып, берік ірге тепкен ұлыстың да жарық күні батуының
символы» [8]- деуінде көп мән бар. Демек, Сыпыра жыраудың тұсындағы өмір
сүрген ұлыстың идеологиялық бағытын Сыпыра жырау айқындап берді деп ой
түюге болады. Ал бір ұлыстың мемлекеттік идеологиясын басқаруға оның тек
ақылшы, кеңесші болуы жеткіліксіз. Сыпыра жыраудың ақылшы, кеңесші
болуына мұқтаж болып отырған ұлыс ол адамның (Сыпыраның) рухани ілімін,
ерекше қасиетін танығандықтан болу керек. Сыпыра жырау есіміне қатысты
«Мұндағы «сұп» сөзі – «сопы» сөзінің фонетикалық варианты. Бұл атау
жырлардан тыс та айтылады. Ноғайлар Сыпыра есімін «Сопбаслы», ал
қарақалпақтар «Шөпбаслы» деген қосалқы атпен қосарлап айтады... Бұл атаулар
төркінінің «сұп бөріктіден» шығатыны даусыз. Демек бұл жыраудың үнемі
сопыларға тән киіммен жүретіндігінен, өзі де осы жолдың өкілі екендігінен хабар
береді. Батырлық жырдағы Сыпыра жырау – хал ілімінің қорғаушысы» [3.152]-
деген пікірлер де түрік дастандарынан бері келе жатқан ақылшы, кеңесші
бейнелерінің ел тарихындағы жауапкершілігі тым күрделі екендігін байқатады.
Достарыңызбен бөлісу: |