Көңіл бақшасынан Осман Нұри топбаш


«Айт:  Не  дейсіңдер,  сендерге  Аллаһтың  аза-



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата10.01.2017
өлшемі3,85 Mb.
#1602
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

«Айт:  Не  дейсіңдер,  сендерге  Аллаһтың  аза-
бы  келсе  немесе  сол  қиямет  келіп  жетсе,  Аллаһтан 
басқаға 
жалбарынасыңдар 
ма? 
Шыншыл 
болсаңдар (айтыңдар, қане). Керісінше тек Аллаһқа 
жалбарынасыңдар.  Ол  да  жойылуы  үшін  өзіне 
жалбарынған пөлекеттеріңді қаласа сейілтеді, сөйтіп, 
сендер  серік  қосқан  нәрселеріңді  үмытасыңдар». 
(Әнғам сүресі 40-41)
«Раббыларыңа  жалбарынып,  жалынып,  жасы-
рын  дұға  етіңдер.  Біліңдер,  Ол  шектен  шыққандар-
ды сүймейді». 
(Ағраф сүресі 55)
Ақыретімізді  қүтқарудың  бірден  бір  қоры  болған 
осы фәни дүние өмірінде естен шығармауымыз қажет 
болған ең маңызды дұғалардың біреуі иманмен өлуді 
тілеу. Аят кәримәде Раббымыз:
ْ�ُ�ْ�َا َو ��ِإ ��ُ��ُ�َ� َ� َو ِ�ِ��َ�ُ� �� َ� َ� ا�ُ���ا اُ��َ�َا َ��ِ���ا �َ���َأ �َ� 

144
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
َن�ُ�ِ� ْ�ُ�
«Ей, иман еткендер! Аллаһтан Онық ұлылығына 
лайық боларлықтай қорқыңдар және тек мұсылман 
күйлеріңмен ғана жан тапсырыңдар!» 
(Әли Имран сүресі 
102)
 деп бұйырады.
Әрбір  мүминнің  өмір  бойы  көрсеткен  қайраты 
ақтық  демді  тамаша  беру  бақытына  қауышу  үшін. 
Өйткені  пайғамбарлардан  басқа  ешкім  кепілдікте 
емес. Әулиелер де үнемі ақтық демінен қорыққан.
Кімнің  қалай  өлері  қаншалықты  беймәлім  болса 
да,  көбінесе  әрбір  адам  қалай  өмір  сүрсе,  сол  халде 
өлетіндігі  бір  ақиқат.  Сондықтан  ақтық  демімізді 
иманмен беру үшін тура жолмен жүріп, үнемі Аллаһ 
Тағалаға  дұға  және  истиғфар  халінде  өмір  сүруіміз 
қажет.  Аят  кәримада  баяндалғанындай,  Юсуф 
(алейһиссәләм) былай дұға ететін:
�� ِ�ِ�� ����ِ� �ِ�ْ� ِ�ْ�َأ َو ً��ِ� ْ�ُ� �ِ���َ�َ�
«... 
(Аллаһым!)
 жанымды мұсылман етіп ал, мені са-
лих құлдарыңның арасына қос!..» 
(Юсуф сүресі 101)
Аллаһ  Тағаланың  таза  ақыл  иелері  деп  мақтаған 
салих құлдарының дұғасы болса тағы Құран Кәримде 
былай баяндалады:
ِراَ�ْ�َ�ْا َ�َ� �َ���َ�َ� َو �َ�ِ�َ��ِّ� َ� ���َ� ْ�ِّ�َ� َو �َ�َ��ُ�ُذ �َ�َ�ْ�ِ�ْ��َ� �َ���َر
«...Ей,  Раббымыз!  Енді  біздің  күнәларымызды 
кеш! Жамандықтарымызды жасыр! Рухымызды са-
лихтармен бірге ал!» 
(Әли Имран cүресі 193)
Мұсаның  (алейһиссәләм)  мүғжизасының  алдын-

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
145
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
да  жаңа  иман  еткен  сиқыршылар  Перғауынның 
азабы  мен  өлтірем  деп  қорқытқанына  тайсалмай, 
Аллаһ  Тағалаға  аянышты  жалбарыныштарын-
да  зүлымдықтан  құтылуды  емес,  иман  әлсіздігіне 
үшырамай,  мұсылман  күйде  жан  тапсыруды  тілеуі 
біз үшін үлкен бір ескерту және ғибрат.
z
Екінші жағынан, дұғаларда иләһи сыйға бөленетін, 
тек қана ашық дауыспен бір рия үшін айтылған жа-
санды әрі жүрекпен байланысы жоқ сәнді сөйлемдер, 
кеңірдек керетін айғайлар мен сұлу сөздер емес. Егер 
бұлай  болғанда,  керісінше,  ыңырсудан  артық  дауы-
сы  шықпайтын,  қанды  көз  жасымен  жалбарынған, 
қиналған  науқастың  немесе  өз  деміне  де  сөзі 
өтпейтіндей  әлсіз  қаріптердің  дұғалары  қабыл  бол-
мас еді. Бұлай деп ойлау - көңіл мен хал тілін білмеу 
және бейне бір жоқ санау болып табылады.
Дұғада осылайша асып-тасу, негізінде дұғаның не-
гізін, руханилігі мен қасиетін әлсіздікке ұшыратады. 
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
осылай дұға етушілер жайлы:
«Бір нәсіл келіп, дұғаларында шектен шығады...» 
(Әбу  Дәуіт,  Үтір,  23)
  деп,  бұл  жағдайға  тап  болмауды 
ескерткен.
Тағы бір хадисінде былай дейді:
«Сендер саңырауға дұга етіп жатқан жоқсыңдар. 
Естуші және сендерге өте жақын Аллаһқа жалбары-
насындар». 
(Бұхари, Жиһад, 131)
Аллаһ 
Тағала 
шынайы 
дұғаларды 
кері 
қайтармайды.  Алайда,  барлық  шынайылығына 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
қарамастан, тағдырға сай келмейтін кейбір дұғаларға 
жауап  бермейді.  Сол  себепті  дұға  етуші  ешқашан 
қашпай (үмітсізденбей) дұғаны жалғастыруы керек. 
Өйткені мұндай жағдайда дұғаның жауабы ақыретке 
қалған деген сөз.
Дұғаның  шабытына  мінген  жүрек  ең  үлы  есікке 
қарай жүгінгенін білу керек. Дұға есігінде қайырым 
күткен көңілдер, сол рахмет есігінде өмір бойы күтуден 
жалықпайды.  Себебі,  олардың  жан  дүниесінде  дұға 
мен  көз  жасы,  иләһи  рахметтен  туындағандықтан, 
қайғылы  көңілдерге  жүбаныш  пен  шаттық  сыйлай-
тын  бақыт  суы,  хаққа  деген  іңкәрлыққа  өртенген 
жүректер  ішкен  сайын  рахат  табатын  бір  кәусар 
сияқты.
Адамдықтың  шынайы  абыройы  мен  қасиетіне 
күнәларымыздан  тазарып  жете  алатындығымызды 
үмытпағанымыз  жөн.  Өліммен  бірге  мәңгілік 
кешірімнің  сырына  қанып  және  Хақ  Тағаланың 
шексіз  сыйына  бөленгісі  келгендер  ең  алдымен 
көңіл  бағындағы  гүлдерден  ынтамен  жасалған  дұға 
мен  жалбарынулар  арқылы  кешірімнің  жүпарын 
аңқытуға  тырысуы  керек.  Біз  де,  шексіз  қүдірет 
пен мархабат иесі Раббымыздан бізді аяп, кешірімге 
бөлеуін сұраймыз.
Уа, Раббым! Ғашыклық пен ынтамен шынайы көз 
жасымен  иләһи  рахмет  пен  кешірімнен  нәсіп  алуға 
жаз!  Иләһи  ризашылығыңа  қол  жеткізу  үмітімен 
жаратқандарыңа  мейіріммен  қарауды  көңіліміздің 
бітпес қазынасы ет! Ықыласты құлдарыңның фәйізді 
дұғаларының  құрметіне,  мүбәрәк  отанымызға 
бақыттылық  пен  тіршілік,  халқымызға  ақиқат  пен 
жақсылықта бірлік сыйла!
146

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Әмин!
Үмметң 
болу 
абыройы 
мен 
бақытына  бөленген  Расулұллаһтың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мәңгілік 
құтылуға 
шақырған 
шақыруын 
адамзатқа  жеткізу  үшін  жанкешті-
лікпен  жүргізген  күресін  ұмытпай, 
Оның  осы  сүннетін  үмметі  ретінде 
қаншалықты 
ұстанғандығымызды 
және  «Аллаһтың  жер  бетіндегі 
куәлары»  сипатына  қаншалықты 
лайық  екендігімізді  жиі-жиі  ойлануы-
мыз керек.
Õࢢà æ¯íå ¾à¢ñûëû¢¢à
øà¢ûðó
1

148
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Õࢢà æ¯íå ¾à¢ñûëû¢¢à øà¢ûðó 
-1-
Ақыл,  түсінік  пен  сана  сияқты  жаратылыс 
байлықтарын  бұзбаған  әрбір  адам  ішінде  өмір  сүріп 
жатқан өмір мен әлемге көңіл көзімен қараса, оның 
босқа,  мақсатсыз,  хикметсіз  жаратылмағандығын 
қиналмай  түсінеді.  Терең  хикметтер  мен  нақты 
мақсаттар  үшін  жаратылған  адамның  осы  фәни 
дүниеде  басы  бос  еместігі  анық.  Өйткені  аят 
кәрималарда:
ىً� ُ� َكَ�ْ�ُ� ُن� َ�ْ�ِ�ْا ُ� َ� ْ�َ�َأ
«Адам  өзін  басы  бос  қаламын  деп  ойлай  ма!» 
(Қиямет сүресі 36)
َن�ُ� َ�ْ�ُ� �َ�ْ�َ�ِإ ْ�ُ���َأ َو ً��َ�َ� ْ�ُ��َ�ْ�َ� َ� �َ���َأ ْ�ُ�ْ� ِ� َ�َ�َأ
«(Ей,  Адам  баласы!)  Бізді  сендер  өздеріңді  бекер-
босқа жаратты, біздің алдымызға қайтарылмаймыз 
деп ойлайсыңдар ма?» 
(Мүминун сүресі 115)
 делінеді.
Әрбір адам «өмір» деген атпен үлесіне тиген тірші-
лік ағысын, яғни адам мен әлем арасындағы байланы-
сты, бесік пен табыт арасындағы қатынасты түсінуге 
мәжбүр.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
149
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Әлемді  билеп  тұрған  иләһи  тәртіп  пен  құдірет 
көріністері,  ақыл  және  ұждан  иелерін  хикметті  жа-
ратушыны  қабылдауға,  яғни  «иманға»  жетелейді. 
Бірақ Аллаһ Тағала адамдардың кәміл иманға жетуі 
үшін  оларға  тағы  һидайят  көрсетуші  пайғамбарлар 
жіберу арқылы қосымша сыйға бөлеген.
Осы 
сыйлармен 
қол 
жеткізілетін 
«иман» 
нығметінің адамға беретін ең маңызды қасиеттерінің 
бірі, әрине «мархабат». Мархабат мүминнің жүрегінде 
еш  сөнбейтін  бір  от  сияқты.  Бізді  Раббымызға 
жақындататын  иләһи  құндылық.  Мархабат  адамды 
менмендіктен кішіпейілділікке жетелейтін иманның 
қүнды  жемісі.  Сондай-ақ  иман  нығметі  көңілде  ке-
мелденген  сайын  иманнан  мақрұм  болғандарды  аяу 
сезімі  артып,  олар  үшін  жүмсалатын  күш  те  арта-
ды.  Сондықтан  кәміл  мүминнің  рухы  айналасында 
һидайятқа  мұқтаж  адамдар  тұрғанда  тек  өз  иманы-
мен көңілі жәй таппайды.
Еш күмәнсіз адам ақырет сапарына шыққан фәни 
бір  жолаушы.  Мұны  жоққа  шығару,  көзді  жұмып 
күнді  жоққа  шығару  сияқты  ақылға,  қисынға  кел-
мейтін,  үжданға  жат  мәселе.  Олай  болса  өмірді  осы 
ақиқатқа  қарай  реттеу  де  ақыл,  қисын  және  ұждан 
қажеттілігі.  Осы  өмір  сапарында  мүмин  ие  болған 
нығметтерді  тек  нәпсісіне  арнамай,  мұқтаждардың 
жолға  келуіне  қажыр  көрсетуі,  оның  діни  және 
үждани  міндеттерінің  ең  маңыздыларының  бірі... 
Сондай-ақ  адамдарды  ақиқатқа,  жақсылыққа, 
парасаттылыққа,  иманға,  салих  амалдарға  және 
осылайша 
мәңгілік 
бақыттылыққа 
шақыру, 
олардың  жамандықтардан  алыстауына  кемектесу, 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ахлағы  төмендеп,  азғындықтың  шұңқырлары  мен 
күпірліктің  қараңғылығына  түспеуі  үшін  тырысу  - 
дүние мен ақыретте ең қайырлы және үлкен сауапты 
міндет. Сондай-ақ Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) хадисінде былай дейді:
«Тура  жолға  шақырған  адам  оған  ергендердің  са-
уабындай сауап алады. Бұл, әрине, олардың сауабын 
ешқандай азайтпайды!
Жаман жолға шақырған адам да оған ергендердің 
күнәларындай  күнә  алады.  Бұл  да,  әрине,  олардың 
күнәларынан  ештеңе  азайтпайды!». 
(Муслим,  Ілім,  16; 
Әбу Дәуіт, Сүннет, 6; Тірмизи, Ілім, 15)
Көріп 
отырғанымыздай, 
хадисте 
хақ 
пен 
жақсылықты  уағыздау  міндетінің  абзалдығы  мен 
берекетіне  байланысты  қандай  үлкен  пайғамбари 
сүйіншілердің 
берілетіндігі, 
сонымен 
қатар 
жамандыққа шақырушылардың да қар добының до-
малап,  үлкен  көшкінге  айналуынан  еселеніп  арта-
тындай  обал  мен  күнәға  қалатындығы  баяндалған. 
Бұл  мәселе  тәубеге  келу  мен  жақсылыққа  шақыру, 
жамандықтардан тыю міндеті мен жауапкершілігінің 
маңызын баяндауға жеткілікті.
Екінші жағынан, уағыздау міндетін атқаратын әр 
мүмин  алдымен  өзін  кемелдендіруі  керек.  Өйткені 
адамдарды  хақ  пен  жақсылыққа  шақыру  үшін  ең 
әсерлі құрал - хақтың, жақсылықтың, парасаттылық-
тық пен турашылдықтың жанды және көрнекі үлгісіне 
айналу. Осыған орай һидайятқа шақырушының алды-
мен өзі «тура жолда» болуы шарт. Айтқандыарының 
міндетті  түрде  әсер  етуі,  «қанағаттанған  жүрек» 
150

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
арқылы мүмкін болады. Өйткені, осы рухани қалыпқа 
жеткен адамдар мәңгілікке деген қүштарлықпен өмір 
сүргендіктен,  олардың  көзі  фәни  құмарлықтар  мен 
ләззаттар тартымдылығынан айырылған. Сондықтан 
уағыздау  міндетін  фәнилерден  қандай  да  бір  пайда 
күту және нәпсіге үлес шығару үшін емес, тек Аллаһ 
ризашылығы  үшін  яғни,  ықыласпен  орындайды, 
бұл  қасиет  әлбетте  пайғамбарлардың  ахлағына  тән 
ерекшелік.  Сондай-ақ  Құран  Кәримде  уағыздауға 
қатысты:
«Осы үшін сендерден ешқандай ақы сұрамаймын. 
Менің  ақымды  беретін  өлемдердің  Раббысы  ғана» 
(Шуара  сүресі  180)
  аят  кәримасы  сияқты,  осы  пайғамбар 
ахлағын меңзейтін көптеген иләһи баяндаулар бар.
z
Дінімізде 
жақсылыққа 
шақырып, 
жаман-
дықтардан тыю міндеті «әмри бил-мағруф уә нәһйи 
анил-мүнкәр» деп атапады. Бұл туралы иләһи әмір, 
аят кәримада былай баяндалады:
ِفوُ�ْ�َ�ْ��ِ� َنوُ�ُ�ْ�َ� َو ِ�ْ� َ�ْ�ا �َ�ِا َن�ُ�ْ�َ� ٌ���ُا ْ�ُ�ْ�ِ� ْ�ُ�َ�ْ�َو
َن� ُ�ِ�ْ�ُ�ْ�ا ُ�ُ� َ�ِ�َ�وُا َو ِ�َ�ْ�ُ�ْ�ا ِ�َ� َنْ�َ�ْ�َ� َو
«Сендерде  жақсылыққа  шақырып,  ізгілікті 
бүйырып,  жамандыктан  тыятын  бір  көпшілік  бол-
сын. Міне, олар илөһи азаптан кұтылғандар». 
(Әли Им-
ран сүресі 104)
Хақты  қарадан,  жақсылықты  жамандықтан, 
абзалдықты  арамдықтан,  кемелдікті  шикіліктен 
ажырата білу үшін бірден-бір өлшем - діннің үні, яжи 
151

152
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Аллаһ  пен  Расулының  әмірлері  мен  өсиеттері.  Осы 
үнді тарату, әрбір мүминнің ең басты міндеті.
Аллаһ  Тағала  бір  аят  кәримәсінде  дінді  уағыздау 
міндетінің «үлкен бір жиһад» екендігін былай баян-
дайды:
ًا��ِ�َ� ًاد�َ� ِ� ِ�ِ� ْ�ُ�ْ�ِ�� َ� َو َ��ِ�ِ��َ�ْ�ا ِ�ِ�ُ� َ�َ�
«(Расулым!)  Кәпірлерге  ешқашан  бас  име  және 
осымен  (осы  Құранмен)  оларға  қарсы  барлық 
күшіңмен күрес!» 
(Фұрқан сүресі 52)
Расында,  бұл  «үлкен  күрес»  әмірінің  әлі 
мүминдердің мүшриктермен күресетін күші жоқ Мек-
ке кезеңінде, яғни жәһилдіктің артып, азғындықтың 
қүтырып,  бұзақылық  пен  анархияның  күшейіп, 
күпірлік  пен  дінсіздіктің  дәуірлеп  түрған  кезінде 
келуі,  жиһадтың  ең  маңызды  мағыналарының  бі-
рін  көрсетуде,  бұл  да,  Құран  Кәримді  уағыздау  еді. 
Өйткені  ол  кезеңде  мүминдердің  залымдарға  қарсы 
соғысатын күштері де, қолдарында әскери қүрал сай-
мандары да жоқ еді. Қолдарында Аллаһ сезінен басқа 
ештеңе жоқ еді. Олай болса, аят кәримәде баяндалған 
осы үлкен күрестің бірден-бір жолы - Құран Кәримді 
уағыздау еді.
z
Аллаһ  Расулы  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  бір 
хадисінде былай дейді:
«Тек  екі  адамға  ғана  қызығуға  болады:  Біреуі 
-  Аллаһтың  өзіне  Кұран  беріп,  күндіз-түні  онымен 
айналысқан  (оны  ұстанып  уағыздаған)  адам,  екін-

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
153
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
шісі  Аллаһ  өзіне  мал  беріп,  осы  малды  күндіз-түні 
оның жолында жұмсаған адам». 
(Бұхари, Ілім, 15; Муслим, 
Мүсәфирин, 266)
Құранмен  айналысудың  ең  абзал  түрі;  оны 
үйрену,  үйрету,  оның  ахлағын  бойға  сіңіру,  әмірі 
мен  тыйымдары  бағытында  өмір  сүру,  иманның 
сыпайылығы  және  жұмсақ  тілмен  уағыздау. 
Құранмен  уағыздаудың  қалаған  дәрежеде  тамаша 
әсер қалдыруы, тек Құранмен айналысуда осы терең 
сезімге жеткен сезімтал мүминдердің ісі.
Сондай-ақ  Расулүллаһты  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) өлтіру сияқты жаман ниетпен үйден шыққан 
Хазіреті Омардың (радиаллаһу анһу) һидайятқа келу-
іне себеп болған Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  дұғасының  берекетіне  қосымша, 
қарындасының үйінде терең жүрек сезімімен оқылған 
және ұстанылған Құран уағызы еді.
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мен 
сахаба Хазіреттері, Құран Кәримді және де Аллаһтың 
дінін  уағыздау  жолында  барынша  қажырлық  таны-
тып, осы жолда мал-жанымен, барлық мүмкіндіктері 
мен күшін арнаған еді. Аллаһ Расулының һидайятқа 
шақырған  хаттарын  бас  кесерлерінің  алдында 
патшаларға  қорықпай  оқып,  табыстаған  сахабалар 
міндеті үшін жанын беруден де бас тартпаған. Аллаһ 
Расулының атақты қоштасу хутбасын тыңдаған ша-
мамен 120 мың сахабаның тек 20 мыңдайы ғана Мек-
ке  мен  Мәдинада  жерленгенін  ойласақ,  уағыздау 
міндетінің  сахабалар  тарапынан  қалай  шектен  тыс 
ынтамен  орындалғаны  жақсы  түсініледі.  Сондай-
ақ  Қытайдан  Стамбулға,  Африкадан  Кавказға  дей-

154
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ін  кеткен  сахабалар  барған  жерлерінің  барлығында 
һидайят  пен  рахметті  уағыздап,  Ислам  тарихында 
абыройлы мәртебеге қол жеткізген. Осылайша Мек-
кеден  басталған  һидайят  шақыруын  барлық  жерге 
жеткізуге тырысқан.
Әсіресе,  Аллаһ  Расулының  (саллаллаһу  аләйһи 
уә  сәлләм)  адамзатты  һидайятқа  шақырған  иләһи 
үндеуді  уағыздауда  көрсеткен  адам  күші  жетпес 
қажыр мен күресі, бір жағынан уағыздау міндеті мен 
жауапкершілігінің  ұлылығы  мен  маңыздылығын 
көрсетсе, екінші жағынан, мүминдердің бұл тұрғыда 
қандай  бір  иман  шабытымен  өмір  сүруі  керектігін 
үйреткен еді.
Аллаһ  Тағаланың  біз  секілді  құлдарына  ең 
кәміл  үлгі  етіп  жіберген  Расулүллаһ  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм), өмірін дінді уағыздауға арнаған. 
Мүшриктердің дүниелік және нәпсі түрғысынан өте 
тартымды  ұсыныстарын  қабылдамаған  кезде  одан 
да арта түскен азап, келеке, мазақ, қорқытулар мен 
зүлымдықтарға тап болу да Оны мақсаты жолындағы 
қайратынан  қайтармаған.  Бұл  жолда  ең  аз  бір  тай-
салуды  қабылдамайтындай  табанды  әрі  үлкен  иман 
қүштарлығында еді. Уағыздау міндеті жаңа басталған 
ең  әлсіз  кездерде  де  оны  мақсатынан  баз  кештіру 
үшін мүшриктер жасаған өте тартымды ұсыныстарға 
берген мына тарихи жауап осыны көрсетеді:
«Уаллаһи, Аллаһтың дінін уағыздаудан бас тарту 
үшін оң қолыма күнді, сол қолыма айды берсе, мен осы 
жолымнан  қайтпаймын!  Не  ұлы  Аллаһ,  оны  бүкіл 
әлемге  жаяды,  (осылайша)  міндетім  бітер  немесе 
осы жолда өлермін!» 
(Ибнул Әсир, әл-Камил фит-тарих, II, 64)

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
155
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Расында,  Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  Исламды  уағыздау  үшін  ешбір  адам  баласы 
шыдай алмайтындай қиыншылық пен азапқа шыдап, 
әртүрлі мүмкіндікті тиімді пайдаланып, адамдардың 
көңіліне  һидайят  дәнін  егудің  барлық  жолдарын 
қолданып, үмметке ең тамаша түрде үлгі болған.
Сондай-ақ  Пайғамбарлығының  алғашқы  жылда-
рында  мүшриктер  қажылық  үшін  Меккеге  келген 
кезінде  езі  барлық  тайпаларды  аралап,  оларға  Ис-
ламды  қайта-қайта  түсіндіретін.  Халық  жиналған 
жерлерді, сүхбат мәжілістерін үнемі аралап, барлық 
жолыққан адамдарды, азат-құл, әлсіз-күшті, бай-ке-
дей деп бөлмей, алдымен Аллаһтың бір екендігіне се-
нуге шақыратын.
Жәбир (радиаллаһу анһу) былай дейді:
Расулуллаһ  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм), 
жәһилдік  дәуірде  бір  қажылық  кезіндегі  уақфада 
(түру) дінді қажыларға уағыздап:
«Мені  қауымына  апаратын  ешкім  жоқ  па? 
Құрайыш Раббымның сөзін уағыздауыма кедергі бол-
ды» - деді. 
(Әбу Дәуіт, Сүннет, 19-20)
Сонымен  қатар,  Меккеде  ашылған  Уқаз,  Мәжән-
нә және Зүлмежаз сияқты жәрмеңкелерде керуендер 
орналасқан жерге дейін барып, оларға өзін танысты-
рып,  оларды  Аллаһтың  бір  екендігін  мойындауға 
және тек Соған ғана ғибадат етуге шақыратын.
Әсіресе,  Тайфта  тап  болған  жапа  мен  қорлыққа 
қарамастан Ол Аллаһтан олардың қүтылғанын тілеп, 
үлкен Тайфтан тек Аддас деген бір құлдың һидайятқа 

156
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
келуі  де,  Оның  жабырқау  кеңіліне  жүбаныш  болуға 
жетіп жатты. Қорлық пен жапа көрсе де ашуға мінбей 
көңілінде  кешірім  мен  мархабаттың  басымдылығы 
арқасында олардың һидайятқа келуіне дұға ете білді.
Аллаһ Расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
көңілі, Тайф халқының өзіне жасаған зұлымдығынан 
жабырқау  болуымен  бірге  Оны  ойландырған  негіз-
гі  мәселе  -  уағыздау  міндеті  мен  жауапкершілігіне 
нұқсан  келтіру  мен  әлсіреу  қорқынышы  еді.  Сон-
дай-ақ сол қиын шақтарда Аллаһ Тағалаға былайша 
мінәжат етті:
«Аллаһым!  Күшімнің  әлсіздікке  үшырағандығын, 
шарасыздығымды, халықалдында қор болып, төмен 
көрінуімді  Саған  айтамын.  Ей,  мейірімділердің  ең 
мейірімдісі!  Егер  маған  ашулы  болмасаң,  шеккен 
миқнат пен бәлекеттерге мойымаймын! Иләһи, Сен 
қауымыма  һидайят  бөр,  олар  білмейді.  Иләһым  сен 
разы  болғанша  кешіріміңді  тілеймін». 
(Ибн  Хишам,  II, 
30)
Бұл  фәни  өмірдің  шексіз  ләззатын  сезіну, 
Расулуллаһ  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  сияқты 
көңіл  бақшаларынан  кешірім  мен  мейірімнің 
жұпарын  аңқытумен  мүмкін  болады.  Мейірімді 
барлық  құштарлықтан  жоғары  көтеруіміз  шарт. 
Мархабат  етсек,  иләһи  мархабатқа  лайық  боламыз 
әрі Хақ Тағаланың «Рахман» сипатынан керініс нәсіп 
болады.
Хақ Тағаланың рахметі, жүрегіміздің толуы үшін 
одан бір ғана тамшы жеткілікті болатын дария. Сол 
тамшы,  көңілге  түсіп  дарияның  ләззатын  берген 
сәтте, ол көңіл дарияға қауышқан болады. Рахмет да-

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
157
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
риясына айналған көңілдер де мінәжат, дұға және дін 
уағызымен нақты қалыбына келеді. Мұндай көңілдер 
енді  хал  тілдерімен  «бізді  аяңдар»  деп  жалынған, 
жаратылыс  мақсатынан  бейхабар  ғапылдардың 
үнсіз  жалыныштарын  еститін  халге  жетеді.  Ол 
қаралылардың  қасында  болады.  Тайф  -  осы  халдің 
ең айқын мысалы. Күннің жылытпауы және жарық 
бермеуі  қалай  мүмкін  емес  болса,  кәміл  рух  үшін 
аяусыз  болу  және  сондай-ақ  хақ  пен  жақсылықты 
уағыздаудан қалыс қалуы солай мүмкін емес. Аллаһ 
Расулы  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  да,  әлбетте, 
әлемге  рахмет  ретінде  жіберілген.  Кейбір  адамдар 
оның бағасын тиісінше бере алмай жоққа шығарып, 
оған әртүрлі артық сез айтқанымен де, олардың осын-
дай асып-тасушылықтары мен оғаштықтарының өзі 
Пайғамбарымыздың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
-  мейірімінің  ашуынан  басым  болуына  кедергі  жа-
сай  алмай,  керісінше,  оларға  одан  бетер  аянышпен 
қарауына  түрткі  болған.  Осылайша  өз  бойындағы 
азғындығын  бақыт  санаған  қаншама  шарасыз  рух-
тар, терең мейірім, кешірімділік пен мархабат дария-
сы сияқты Пайғамбар көңілінен иман абыройына қол 
жеткізген.
Расулуллаһтың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
мына  сөздері  оның  дінді  уағыздау  міндетіндегі  рух 
халін көрсетеді:
«Мені  мен  сендердің  жағдайларың  мынаған 
үқсайды: Бір адам от жағады. От айналаны жарық 
қьілған  соң  тунгі  көбелектер  мен  жарықгы  жақсы 
көретін кейбір жәндіктер сол отқа түсе бастайды. 
Ол адам кедергі болуға тырысады. Бірақ, жәндіктер 

158
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
бас бермей, көпшілігі откң түседі. Мен сендерді отқа 
түспесін  деп  белдеріңнен  устаймын,  бірақ  сендер 
отқа кдрай жүгіресіңцер!» 
(Бұхари, Риқақ, 26)
z
Аллаһ Тағала Құран Кәримде былай дейді:
ِ�َ� َنْ�َ�ْ�َ� َو ِفوُ�ْ�َ�ْ��ِ� َنوُ�ُ�ْ�َ� ِس����ِ� ْ� َ�ِ� ْ�ُا ٍ���ُا َ�ْ� َ� ْ�ُ�ْ�ُ� 
ِ� َ�ْ�ُ�ْ�ا

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет