Көңіл бақшасынан Осман Нұри топбаш


«Сендердің  достарың  тек  қана  Аллаһ,  Оның



Pdf көрінісі
бет18/24
Дата10.01.2017
өлшемі3,85 Mb.
#1602
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

«Сендердің  достарың  тек  қана  Аллаһ,  Оның 
пайғамбары жөне намаз оқитын, зекет беретін, рүкуғ 
ететін мүминдер»
(Мәйдә сүресі 55)
Фәни  дос  пен  сүйіктілердің  тұзағынан  өзін 
қутқарып,  дүниеде  жүрген  кезінде,  мәңгілік  дос 
пен  шынайы  сүйікті  Аллаһты  тауып,  Хазіреті 

278
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Пайғамбарға  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  жан-
тәнімен  беріліп,  иман  иелерімен  өмір  сүрген  адам 
қандай  бақытты.  Достықтағы  осы  сырдан  мақрұм 
болған көңілдерге Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Бұл  дүниедегі  фәни  және  жалған  достар,  жа-
санды  сүйіктілер,  ақырында  бәрі  де  саған  дүшпан 
болатындығын  жақсы  біл.  Барлығы  бас  кесер 
дұшпанға айналады».
«Алайда сен өкінішпен мазарда: «Уа, Раббым, мені 
жалғыз тастама!» - деп, Аллаһқа жалбарынасың».
Көзқарастардың 
рухани 
денгей 
табуы 
әлем 
парақтарындағы  сырлар  мен  хикметтерді  толық 
мағынасында  түсіне  білу  тек  көңіл  әлемінде  ғана 
тереңдеп, шынайы дос бола білген иләһи ғашықтық пен 
ынтықтық қаһармандарының қолынан келетін іс.
Ибраһим  (алейһиссәләм)  «халил»,  яғни  дос 
болғаны үшін өте ауыр жағдайда болса да, достықтың 
шарты ретінде үлкен бір бағыныштылық пен тәуекел 
ішінде еді, көңілінде азғантай да болса еш қорқыныш 
пен  үрей  жоқ  еді.  Отқа  тасталатын  кезінде  оган 
көмектесуге ұсыныс жасаған періштелерге:
«Дос пен достың арасына кірмеңдер! Раббым нені 
қаласа, мен соған разымын, қүтқаратын болса - сыйы, 
жағатын  болса  -кемшілігім.  Иншаллаһ  сабыр  етуде-
мін...» - деп жауап берген соң сөзін жалғап:
«Ол,  жағдайымды  біледі!  Сосын  айтыңдаршы,  от 
кімнің  әмірімен  жанады,  оны  жағу  кімнің  ісі?»  деп 
сұрады.
Ақыры,  ол  ұлы  достан,  яғни  Аллаһтан  келген 
әмірмен  от  Ибраһимға  (алейһиссәләм)  салқын  әрі 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
279
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
қауіпсіз  болды.  Осылайша  иләһи  достық  көрініс 
тапты.  Аллаһ  Тағала  Ибраһимді  (алейһиссәләм)  осы 
адалдығы үшін аят кәримәде:
���َو يِ���ا َ��ِ�اَ�ْ�ِا َو
«Өте  адал  (уәдесінде  түратын)  Ибраһим...» 
(Нәжм 
сүресі 37)
 сөздерімен қүрмет пен мақтау көрсеткен.
Міне, осы адалдық пен шынайылық барлық адамға 
және барлық нәрседе көрініс табады. Адамдардың бір-
бірлеріне деген достық қағидаларына мойынсұнуы да 
осы жағдайға байланысты. Жүрекпен достық сипат-
тарына қол жеткізген тұлғалар, әрі діни, әрі тарихи 
тұрғыдан адамзатгың дара тұлғалары болған. Тарих 
кітаптарында айтылғанына қарағанда, қарсы келгені 
үшін өлтірілген Шахзада Қорқыттың Пиале деген өте 
жақын  адамы  бар  еді.  Явуз  Сұлтан  Сәлім  Хан  оның 
осы ерекшелігінен хабардар болып, оны шақырып:
«Адалдығыңның  сыйы  ретінде  сені  қалаған 
мәнсабыңа  тағайындайын.  Қаласаң,  уәзірім  бол!»-
деп, үсыныс жасады.
Ол да рахмет айтып, адалдығын еселеп:
«Сұлтаным,  енді  менің  міндетім  Шахзада 
Қорқыттың  шырақшысы  (моласына  қарайтын) 
болу!» - деді.
Пиале Бектің бұл халі достық түсінігінің шыңын 
көрсетеді!  Достык,  әдебінің  жанды  бір  тәлімі.  Хик-
мет түрғысынан барлық достар мен достықтарға бей-
не бір ғибрат өрнегі.
Әбу Осман Хири Хазіреті былай дейді:

280
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Аллаһ Тағаламен дос болу - тамаша әдеп пен үнемі 
өзін бақылауда ұстау, яғни әр сәт өзін иләһи назарда се-
зінумен Расулуллаһпен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
дос болу, сүннетін ұстану және сүйіспеншілікке толы 
бір  бағыныштылықпен,  мойынсүнумен  әулиемен 
дос болу, қүрмет және қызметпен, жақындармен дос 
болу,  күнәда  болмау  шартымен  үнемі  жылы  қабақ 
танытумен, жанүямен дос болу, тамаша мінезбен, на-
дандармен дос болу, оларға дұға ету және Аллаһтың 
рахметіне қол жеткізуін тілеумен болады.»
Әрбір достық пен сұхбаттың өзіне тән бір халі мен 
сарыны бар, тек осыларды орындаған жағдайда ғана 
сол  достық  пен  сүхбат  жалғасын  тауып,  көңілдегі 
махаббат  сарайы  шайқалмайды.  Бірақ,  достық  пен 
сұхбаттың әдебі орындалмаса, әртүрлі сүйіспеншілік 
байланысы  бір  дүшпанд^ық  түйініне  айналады.  Бұл 
жөнінен  достармен  сөйлескенде,  өте  абай  болып, 
мүқият  болу  керек.  Өйткені,  бір  сөз  өткір  қылыш 
сияқты,  достықты  кесіп,  өлтіреді.  Жүрекке  емдел-
мейтін жара салады. Жүрек бағындағы сүйіспеншілік 
гүлдерін  солдырып,  өлтіреді.  Ал  бір  сөз  көктем 
жаңбыры  сияқты  әр  тарапты  қоректендіріп,  шексіз 
пайдаларға себеп болады.
Осыған 
кереғар, 
достық 
деп 
саналған 
немқүрайды  жақындықтар  немесе  жақындықты 
немқұрайдылықпен  көруді,  шынайы  достық  пен 
сүйіспеншілік  ретінде  қарау  мүмкін  емес.  Өйткені, 
немқүрайдылық  пен  күнә  араласқан  достық,  өткір 
пышақтың  жүзіне  сүргілеген  бір  жіп  сияқты,  ол 
пышақтың жүзіне ең кеп дегенде терт-бес рет шыдай-
ды,  ақыры  үзіледі.  Шүбәсіз,  мұндай  достықтың  бұл 
дүниеде  де,  ақырет  әлемінде  де  ешбір  пайдасы  жоқ. 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
281
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Керісінше, екі дүниеде де иелеріне зиян үстіне зиян 
әкеледі. Сол үшін лайықты адамдармен дос бола білу 
сияқты осы достықты сақтай білу де шарт.
Осы  мағына  шеңберінде  жүректегі  сүйіспеншілік 
барлық  жаратылысты  қамтитын  мәнде  болса,  иесін 
кәміл бір мүмин, басқаша айтқанда шынайы ғашық, 
яғни Хақ досы етеді. Ғашықтық бүршік жарған гүл 
сияқты  белгілі  бір  фәни  сүйіспеншіліктермен  және 
ынтықтықпен  басталған  болса  да,  Жаратушысынан 
себеп,  барлық  жаратылғандарды  қамтитындай  бір 
дәрежеге  жеткен  сәтте  иләһи  ғашықтық  болуға  бет 
бұрады.
Бірақ,  күнәнің  кедергісінен  өте  алмай  қалғандар 
бұл  халге  жете  алмайды.  Өйткені,  құл  тек  мәсиуә 
(Аллаһтан  басқаларының)  кедергісінен  қүтылған 
кезде  ғана  махаббат  пен  достықтың  ләззатын  сезіне 
алады. Өйтпеген жағдайда бұл мүмкін емес. Сондай-
ақ  Нақшибәнд  Хазіреті  осындай  кедергілерден  өте 
алмағандарға мысал ретінде мынадай бір хикая риу-
аят етеді:
«Бір жігіт патшаның қызының есігінің алдына ке-
ліп,  оған  ғашық  екендігін  айтады.  Хабар  патшаның 
қызына жеткен кезде, ханшайым есікке келіп, жігіт-
ке:
«Мына мың дирһамды ал, ендігәрі маған да, саған 
да зиянын тигізетін мұндай нәрсе айтпа!» - дейді. Жі-
гіт  бас  тартпаған  соң:  «Олай  болса,  екі  мың  дирһам 
ал!» - деп ұсыныс жасады.
Ақыры, саудапасып, он мың дирһамға жеткен кез-
де жігіт келісті. Бұл жағдайды көрген патша қызы:

282
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Сен  мені  қалай  сүйесің,  кезіңақшаға  қа-
рап,  мені  көрмей  қалды.  Мені  менен  басқаға 
айырбастағандардардың жазасы не екенін білесің бе? 
Басың  кесіледі!»  -  деп,  жасанды  ғашықтығы  үшін 
оны өзінен алыстатады.
Бұл  жағдайды  естіген  бір  ариф  жығылып,  есінен 
танды. Есін жиған кезде былай деді:
«Ей,  Адамдар!  Қараңдар,  дүниеде  жасанды 
сүйіспеншіліктердің  басына  не  түседі?  Ал,  Хақты 
сүйгендігін айтып, содан басқасына бет бұрғандардың 
басына ақыретте не келмейді!»
Махаббаттың  күштілігі  қажет  болған  жағдайда 
сүйгені үшін жасалған жанқиярлық пен қауіпке бас 
тігумен  өлшенеді.  Қатты  сүйген  адам  қажет  болса, 
досы  үшін  жанын  береді  де,  жанқиярлық  жасадым 
деген  сезімде  болмайды.  Ғашықтық  пен  достықты 
танымай,  махаббат  пен  достықтан  нәсіпсіз  адам 
кемелдікке  жету  жолына  түспеген  нәпсімен  өмір 
сүреді  деген  сөз.  Өйткені,  сүюді  білмейтіндердің 
жүрегі құнарсыз топырақ сияқты. Істің негізі сүюде. 
Өйткені,  жаратылыстың  негізі  махаббат.  Сондай-ақ 
хадис қүдси түрінде айтылған мәшһүр риуаят бойын-
ша Аллаһ Тағала былай дейді:
«Мен  жасырын  бір  казына  едім,  танылуымды 
қалап  (сүйіп)  жаратылысты  жараттым». 
(Ажлуни, 
Кәшфул-Хафа, II, 132; Бурсәуи, Кәнзи-Махфи)
Бұл  хадис  бойынша  иләһи  сырлардың  керінісі 
де  достық  пен  махаббатқа  тән  бір  жағдай.  Сол  үшін 
Хақпен дос болуға қол жеткізгендер достықтың бей-
несін тек адамда ғана емес, дүниеге тіршілік түрінде 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
283
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
себілген  барлык,  өсімдіктер  мен  жан-жануарлардан 
көреді.
Әкем Мұса мырза жаратылыспен дос болу туралы 
бастарынан өткен бір оқиғаны былай баяндаған еді:
«Шамамен  қырық  жыл  бұрын  Құрметті  Ұстаз 
Сами  мырзамен  (құддисә  сирруһ)  Мәдинада  бір  үй 
жалдаған  едік.  Сол  заманның  шарттары  бойынша 
ол  кездегі  үйлер  кірпіштен  салынған  еді.  Ол  кісінің 
дем  алуы  үшін  әзірлеген  бөлмеге  барғанда  бұрышта 
жатқан  бір  жыланды  көріп,  еріксіз  сасқалақтадық. 
Ол кісі байыппен:
«Бұл  Аллаһтың  мақлүғына  тимеңдер,»-деді. 
Ақыры аз уақыттан соң ол жәнтік жоқ болып кетті.»
Бұл  да  достықтың  көзіне  Аллаһ  пен  Расулында 
жеткендер, барлық жаратылыстыңдосы болғандығын 
көрсетеді. Юнустыңсары гүлмен болған әңгімесі осы 
достықтың  белгісі.  Табиғатта  жасырылған  достық 
бейнесін көре апмаған көңілдер - соқыр. Табиғатпен 
сөйлесе  алмаған  адамның  рухы  -  тілсіз.  Дос  ізде-
ген  көңілдер  оны  бір  адамның  бойынан  таба  алма-
са  да,  табиғаттан  табады.  Ағын  сулар,  өсімдіктер, 
таулар,  гүлдер,  гүлстандар  дос  іздеген  адамның 
жүрегіне  қаншама  достық  өлеңдерін  сыбырлай-
ды.  Осы  әуендермен  өмір  сүрген  жүректер,  иләһи 
енерпаздың  өнер  туындыларымен  сезімдері  оянады. 
Олармен  хал  тілінде  сұхбаттасады.  Осындай  дос  се-
зіміне  төл  жүректердің  түкпірінде  қаншама  иләһи 
сырлар ашылып, ақыры, сол ұлы қауышу іске асады. 
Осылайша  жырақтың  науқастығына  шипа  табыла-
ды. Іштегі қасірет емделеді. Табиғаттағы осы құдірет 
ағымдары сырлар мен тылсымдармен дос болу көңіл 

284
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
сезімдерін  қайрайды.  Раббыға  дос  болудың  нұрлы 
әрі берекетті ортасы пайда болады. Өйткені, табиғат 
пен  жаратылыстағы  мыңдаған  өрнек  сол  достардың 
досы  ұлы  Досқа,  яғни,  барлық  сұлулықтардың 
Жаратушысына  жетуге  арналған  бір  баспалдақ. 
Осы  баспалдақпен  шыққандар  Рабтың  сұхбатына 
көтеріледі. Енді бұл мәртебедегі мүмин әр жерде Оны-
мен  бірге.  Жүзінде  үнемі  осы  бірге  болудың  иләһи 
нұры жарқырайды.
Міне,  осындай  нұрлы  әрі  бақытты  тұлғалар, 
үмбет  пен  әлемге  материалдық-рухани  рахмет  пен 
берекеттің көзі болады.
Мәлик  бин  Абдулазиз  халифалық  мәртебесіне 
өткен кезде, таудағы шопандар:
«Адамдардың басқаруын бір салих адам мойнына 
алды» - десті. Олардан:
«Мұны қайдан білдіңдер?» - деп сұралды.
Олар:
«Жануарлардың  өзі  тыныштық  пен  шаттықта»  - 
деді.
Мұхаммед  бин  Уйәйнә  (рахмерұллаһи  алйһи)  да 
былай дейді:
«Омар  бин  Абдулазиз  хапифа  кезінде  Кирман-
да  қой  бағатын  едім.  Халифаның  руханияты  мен 
әділдігі  үшін  маған  қойлар  мен  қасқырлар  бірге 
жүретін  сияқты  көрінетін.  Бір  түні  күтпеген  жер-
ден  қасқырлардың  қойға  шапқанын  көрдім.  Таң 
қалдым.  Бейне  бір  дүние,  барлық  тыныштығы  мен 
шаттығынан айырылғандай еді. Ішімнен:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
285
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Осы әділ Хақ досы халифа қайтыс болған шығар!» 
- деп ойладым. Сұрастырсам, Омар бин Абдулазиз сол 
түні қайтыс болған екен».
Адамзаттың кемелдік парақтарын толтырған осын-
дай үлгілі тұлғаларына еліктеп, көңіл әлемін дамытуға 
мәжбүр болған адам Хақ достарының көңілде ашқан 
көрегенділік  көзімен  анда-санда  басын  көтеріп, 
көкжиекті шапағына толтырған күнге ғибратпен на-
зар  салуы  керек.  Аспанда  өрнектелген  түрлі-түрлі 
көріністерді  тамашалауы  қажет.  Шебер  өнерпаздың 
өнеріне  таң  қаламыз.  Оның  фәни  құдіретіне  қарай 
салған  суреттеріне  қызығып,  өнерін  мадақтаймыз. 
Міне,  осы  байыптылықпен  тамашалағанымызда, 
әлемдегі барлық көрініс пен суреттердің нағыз сурет-
шісі  болған  Аллаһтың  көз  алдымызда  сызған,  әлем 
көрінісінде ойнаған құдірет шөткелері мен түрлі-түсті 
өрнектері қандай ғибратты! Бір гүлге, бір жауқазынға 
қараңыз...  Олар  осы  түстерді  қара  топырақтың  қай 
жерінен  табады  екен?  Бұл  әлемде  санауға  келмей-
тін  тағы  қаншама  сұлулықтар,  әсемдіктер,  қүдірет 
көріністері, өнер тамашалары бар десеңізші!.. Көрген 
жүрек үшін әлем - тамашалардың көрмесі. Өйткені, 
барлық  осы  әсемдіктер  Аллаһ  Тағаланың  жамалы-
нан аққан шағылыс. Сол үшін бұл әлемді ғибрат на-
зарымен тамашалауға шыққан көздер мен көңілдер, 
таңданған назарымен қайта оралады!
Бірақ,  өкінішке  орай  ақыл  мен  қисын  осы 
ғажайыптардың  алдынан,  үстінен  жауған  жаңбыр 
тамшыларынан ешбір пайда ала алмаған қатты жар-
тастар сияқты, нәсіпсіз өтіп кетеді.
Раббымыз,  иләһи  енерінің  осы  әлемдегі  қүдіреті 

286
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
мен  ұлылығының  көріністерінен  жүрегімізге  тә-
фәккүр мен сезім тереңдігін берсін!
Нақты  түрде  тәфәккүр  етіп,  ақылға  салсақ, 
әлемдегі қүдірет көріністері әрбір сәтімізді қамтыса 
да,  жүрек  нәпсінің  кедергісімен  перделенгендіктен, 
иләһи  ғашықтық  пен  достықтан  мақрұм  екендігін 
көреміз.  Осы  мақрұмдықтан  ада  бола  алмағандарды 
шайыр былай деп ескертеді: 
Бұл жырақтан «дос» деп кетпесең ақыретке.
Сол 
қауышу 
күні 
айналар 
екінші 
бір 
жырақтыққа!
Рахмети  Бұл  турасында  Хазіреті  Мәуләнә  былай 
дейді:
«Ей, ақиқат жолаушысы, сол күн келмей түрып, 
қиямет болмай түрып, ақиқат патшасымен достық 
қүр,  сол  пәлекет  күні  келгенде  сенің  қолыңнан 
үстасын. Өйткені, ол күні Оның рүқсатынсыз сенің 
қолыңнан үстайтын ешкім жоқ. Сол күні адам бау-
ырынан, анасынан, әкесінен, отбасы мен үлдарынан 
қашады».
«Олай  болса,  шынайы  достықты  жақсы  түсін 
және  біліп  ал,  достық  -  ақтық  демнің  дәні.  Яғни, 
ақырет күні үшін, Аллаһ ризашылығы үшін».
Өмір  бойы  осы  махаббат  сырымен  өмір  сүрген 
Юнус Әмрә Хазіреті алаулаған бір ғашықтық үнімен 
көңілдерді «ең үлы досқа» шақырады:
«Кел,  барайық  жан  шықпай,  Дене  деген  жүктен 
қүтылмай,  Араға  дүшпан  кірмей.  Кел,  ей,  көңіл 
досқа  барайық!  Бұл  дүниеде  қалмайық,  Фәни  ғой, 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
287
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
алданбайық.  Бір  дем  айырылмайық,  Кел,  ей,  көңіл 
досқа барайьцқ! Біз бұл әлемнен көшейік, Сол достың 
еліне  ұшайық,  Құмарлықтан  өтейік,  Кел,  ей,  көңіл 
досқа барайық! Өлім хабары келмей, Ажал жағадан 
алмай,  Әзрәйіл  қадам  баспай,  Кел,  ей,  көңіл  досқа 
барайық!»
Бұл шақыру, шындығында, Хазіреті Пайғамбардың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайтыс болар сәтінде 
мүбәрәк тілінен шыққан:
«Ей,  Аллаһым!  Рәфиқи-ағлә,  рәфиқи-ағлә  (ең  ұлы 
дос, ең ұлы дос)» сөзіндегі ғашықтық пен махаббаттың 
көрінісі.
Осы  көріністен  қажетінше  нәсіп  алған  көңілдер, 
иләһи  достықтың  шыңына  жетіп,  мәңгіліктің  сапа-
рында:
َنُ��َ� ْ�َ�  ْ�ُ� َ� َو ْ�ِ�ْ�َ�َ�  ٌفْ� َ� َ� ِ�ا َء�َ�ِ�ْوَا �نِا َ�َا
«Жақсы  біліп  қойыңдар,  Аллаһ  достарына 
қорқыныш жоқ, олар ренжімейді» 
(Юнус сүресі 62) 
деген 
иләһи уәденің сырына жетеді.
Уа, Рабби! Көңілімізді Сенің үлы ризашылығыңа 
жеткізетін бір достыкқа бөле! Сүй, сүйдір, сүйсіндір, 
Аллаһым!
Әмин!

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хаққ опа көрсету тек оның әмірлерін 
орындаумен  ғана  іске  асады.  Бұл  опа 
онымен  байланысты  сезім  мен  іс-
әрекеттердің  шыңы.  Өйткені,  Жара-
тушы  –  өмір  беруші  әрі  өзіне  әр  сәт 
мұқтаждық  сезілген  бір  ғана  зат  Сол. 
Өміріміз  де,  өліміміз  де  Соның  қолында. 
Бұл тұрғыдан Оған деген махаббат пен 
әрбір  сәтте  Онымен  байланыста  болу 
қасиетті – құлдықтың ең ұлы көкжиегі, 
адалдық борышы.
Àõ, Îïà!

290
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Àõ, Îïà!
Мехмед  Акиф  марқұм,  қызының  некесіне  өте 
жақсы көретін досы Босналық Әли Шәуқи мырзаны 
да шақырады. Қарт қожеке бұл шақыруға аздап кеші-
гіп келді, кешігу себебі «Опа асуынан» шыққандығы 
екенін  айтты.  Марқұм  Акиф,  бұл  орынды  себепті 
орынды  бір  ақиқатпен  біріктіріп,  күлімсіреп,  мәнді 
түрде былай деді:
«Қайдағы Опа асуы туралы айтып түрсың, қожеке? 
Қазіргі үрпақ ол асуды баяғыда тегістеп тастаған...»
Марқумның  қайғыра  айтқан,  бейне  бір  «ах, 
опа»  дегендей  айтқан  ақиқаты,  адам  баласының 
ең  мұқтаж  болған  баз  кешілмес  бір  қасиет.  Бұл 
қасиетті  орындаудың  қиыншылығы  Опа  асуынан 
асудың  қиыншылығына  байланысты  сөзден  пайда-
лана отырып, астарлап айтқан Акиф марқұм қазіргі 
қоғамымызды  көрсе,  кім  білсін,  қалай  шырылдай-
тынын...  Қазір  адамдар  іздері  жоғалған  ізгіліктер-
ді  естеріне  де  алмай,  көбінесе  «опа»  сөзі  бейне  бір 
тек  Ыстамбулдың  бір  ауданының  аты  ғана  болып 
қалғандай.
Алайда  «опа»  Ислам  қағидаларының  біреуі, 
бәлкім,  ең  негізгісі.  Негізінде,  Ислам  назарында  ең 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
291
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
негізгі нәрсе - иман. Бірақ, иманның, сонымен қатар 
адалдықтың  көрінісі  екендігі  де  ақиқат.  Өйткені, 
адалдық  (опа)  уәдеде  тұру,  яғни  берілген  сөзде  тұру 
деген  сөз.  Иман  да  рух  әлемінде  Рабты  мақұлдап, 
мойындауға  осы  дүниеде  адалдық  таныту,  яғни 
нәтижесі жағынан бір адалдық болып табылады.
Сонымен  қатар,  опа  көрсетутекуәдені  ұстау,  яжи 
берілген  сезде  түру  ғана  емес.  Ол  Хақ  алдындағы 
шынайылығы  мен  кеңілін  өзгертпеу,  әке-шеше-
мізден  бастап  туыс-туған,  дін  бауырларымызға, 
иман  нығметінің  бізге  дейін  жетуіне  қызмет  еткен 
ғалымдар, салихтар, пайғамбарларға дейін іс-жүзінде 
немесе  көңілмен  жақсы  байланыста  болуға  мәжбүр 
болған қарыздарлығымызды және көңіл байланысын 
орнату, осы халді бір маусым емес -жақсы не жаман 
күнде- өмір бойы жалғастыру.
Адалдық сөзі, қарыздар болу, сенімділік пен бағыт 
сияқты қасиеттердің бәрінде де матаның бір бетіндей 
бірлік, тіпті, кейде ұқсастық мағынасына ие. Осы не-
гізгі  қөзқарас  тұрғысынан  иман  қажет  еткен  әрбір 
іс-әрекет,  сонымен  қатар  адалдық  мағынасына  ие 
болғаны  сияқты,  осы  іс-әркеттерге  қайшы  қимыл  - 
«опасыздық» болып табылады.
Адалдық  пайғамбарларға,  әулиелерге  және  пара-
сатты  адамдарға  тән  қасиет  ретінде  адами  өмірді  ең 
ұлы  дәрежеге  шығаратын  рухани  сипат.  Сондықтан 
кейбір  тәпсіршілер  Исламды  тілмен  мойындаумен 
қатар  жүрекпен  мақұлдау,  әрі  Аллаһ  Тағаланың 
барлық тағдырына мойынсұну, әрі адалдык, ретінде 
танымдаған.
Көңілін  адалдық  қайнарынан  сусындатқандар  от 
сияқты нәпсілерін гүл бағына айналдырған деген сөз. 

292
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Ішінде  зікір  гүлдері,  тәсбих  бұлбұлдары,  иман  мен 
парасаттылықтың көгалы, иләһи сый бәйшешектері 
мен салих амал өзендері бар гүл бағы. Мұндай көңілдің 
сыйы да өз халіне сай болады. Бұл ең жоғарғы жәннат 
және Аллаһтың дидары. Мұндай көңілдердің алдын-
да от та қасиетін өзгертіп, гүлстанға айналады. Сон-
дай-ақ  Ибраһим  (алейһиссәләм),  Нәмруд  тарапынан 
таудай алауға тасталған сәтте Аллаһ Тағаланың:
َ��ِ�اَ�ْ�ِإ �َ�َ� �ً�َ� َ�َو اًدْ�َ� �ِ��ُ� ُر�َ� �َ�
«Ей,  от,  Ибраһимге  салқын  жөне  қауіпсіз  бол!» 
(Әнбия  сүресі  69)
  әмірімен  сол  алаулар  бір  гүлстанға 
айналған.  Өйткені,  Ибраһим  (алейһиссәләм),  отқа 
тасталмас  бұрын  нәпсінің  алауын  адалдықтың  суы-
мен сөндіріп, Аллаһ Тағалаға деген адалдығын жан-
жақты көрсеткен пайғамбар еді.
Әлемнің  Мақтанышы  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  Пайғамбарымыздың  ең  тамаша  үлгі  болған 
өмірі  бастан-аяқ  бейне  бір  адалдық  көрінісі.  Ол 
жаратылыстың Нұры жеңіп алған соң Меккеде он бес 
күн тұрған еді. Сонда Әнсардан кейбіреулері қорқып, 
Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
енді Мәдинаға қайтып-қайтпауы туралы ойлап, өзара 
мүны  өкіне  әңгіме  ете  бастаған  еді.  Өйткені,  Аллаһ 
Тағала Оган туып-өскен мүбәрәк және қасиетті Мек-
кені  жеңіп  алуды  нәсіп  еткен  еді.  Әнсарлардың  осы 
күйзелісін  сезген  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) олардың қасына барып:
«Не  жайында  сөйлесіп  жатырсыңдар?»  -  деп  сұ-
рады.  Олардың  мазасыздығын  естіген  соң  үлкен 
адалдық үлгісі ретінде былай деді:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
293
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Ей, әнсар! Ондай нәрсе істеуден Аллаһқа сиына-
мын.  Мен  сендөрдің  елдеріңе  һижрәт  еттім.  Менің 
өмірім  -  сендердің  өмірлерің.  Өлімім  де  сендердің 
цастарыңда».
 (Муслим, Жиһад, 86; Ахмед бин Ханбал, Мүснәд, II, 
538)
Расулуллаһ  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  өлім 
науқасында  соңғы  рет  мешіттің  мінберіне  шығып, 
Мүһәжирлерге:
«Сендерге  Әнсармен  жақсы  қатынасуларыңды 
кеңес берем. Олар менің жамағатым, сырластарым 
және  сенімділерім.  Олар  өздеріне  түскен  міндетті 
абыроймен  орындады.  Қызметтерінің  ақысы  әлі 
толықтай  өтелген  жоқ.  (Ақыретте  артығымен 
өтеледі.) 
Сондықган 
Әнсардың 
жақрылығына 
жақсылықпен  жауап  беріңдер,  жамандық  істеген-
дерін кешіріңдер» 
(Бұхари, Мәнәқибул-Әнсар, 11)
 - деп бұйы-
рып, осы адалдықты ақтық демінде де қайталаған.
Барлық  пайғамбарлар,  бір  жағынан,  адамзатқа 
адалдықты  ең  жоғарғы  дәрежеде  үйреткен  бағыт 
берушілер  деп  айтуға  болады.  Аллаһ  Тағаланың  ма-
хаббатына  ие  құл  болу  үшін  һидайят  бағдаршымыз 
Хазіреті Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу аләйһи 
уә  сәлләм)  адалдық  турасындағы  қағидаларын 
көңіліміздің  ең  дара  қағидасына  айналдыруға 
мәжбүрміз. Бұларды қысқаша былайша реттеуге бо-
лады:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет