«Сендер адамдардың игілігі үшін жаратылған
ең қайырлы үмметсіңдер, жақсылыққа бұйырып,
жамандықтан сактандырасыңдар...»
(Әли Имран сүресі 110)
Біздің осы аят кәримәда айтылған «ең қайырлы
үммет» сөзінің ішіне кіруіміз үшін Расулуллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сияқты жақсылық,
парасаттылық пен ізгілікті үстанып оларды басқаларға
айтуымыз, жамандық пен жағымсыздық істерден аулақ
болып, бұлардан тыюымыз қажет.
Хақ Тағала басқа бір аят кәримәде:
«(Адамдарды) Аллаһқа шақырып, салих амал істе-
ген жөне «Мен мұсылманмын» деген (адамнан) да
жақсы сөзді кім болсын?»
(Фұссиләт cүресі 37)
деп, осы үлы
міндеттің өз алдындағы бағасын баяндайды.
Расулуллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мәңгілік бақыттылыққа шақырған үндеуін адамдарға
жеткізу үшін жанқиярлықпен күрескенін ұмытпай,
Оның осы сүннетін үмметі ретінде қаншалықты
ұстанатындығымызды жиі-жиі өзімізден өзіміз
сұрауымыз керек. Өйткені, Расулуллаһ (саллаллаһу
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
159
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
аләйһи уә сәлләм) өмір бойы орындаған осы міндетінің
үмметі тарапынан қандай жағдайда да жалғасуын
қалайды. Ол әр мүмкіндікте үмметіне дінді уағыздау
міндеті мен жауапкершілігін ескертіп, ынталанды-
рып отырған. Сондай-ақ бір хадис шәрифінде:
«Менен бір аят кәрима болсада адамдарға
жеткізіңдер»
(Бұхари, Әнбия, 50)
деген. Ал тағы бір хади-
сінде:
«Бізден бір нәрсе естіп, оны дәл естіген сияқты
басқаларға жеткізген адамныңАллаһ жүзін жарық
етсін. (Өйткені) өзіне мәлімет жөгкен қаншама
адамдар бар, ол білімді жеткізген адамнан да жақсы
тусініп, қолданады »
(Тирмизи, Ілім, 7)
деп үмметін
уағыздау міндетіне шақырған.
Сонымен
қатар,
Пайғамбардың
адамдарды
жамандық пен жағымсыздықтан жақсылық пен із-
гілікке шақырған және осы барлық уагыздау мен
ескерту міндеті иманымыздың өлшемі іспеттес екен-
дігін білдіретін мына бір сөзі өте ғибратты:
«Сендердің біреуің бір жамандық көрсе, оны
қолымен түзетсін, бүған шамасы жетпесе, тілімен
түзетсін, бұған да шамасы жетпесе жүрегімен ол
істі жаман көрсін, бұл болса иманның ең әлсіз түрі».
(Муслим, иман 78)
Тағы бір хадисте Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) былай дейді:
«Маған өмір сыйлаған Аллаһпен ант етемін,
сендер не жақсы-лықты әмір етіп, жамандықты
тиярсыңдар, немесе Аллаһ өз тарапынан сендер-
ге бір азап жіберер. Сол кезде дұға етерсіңдер, бірақ
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
дұғаларың қабыл болмайды».
(Тирмизи, Фитән, 9)
Уа, Рабби! Әмри бил-мағруф уә нәһи-анил-мүнкәр
міндетін орындамаудан туатын аянышты нәтижеден
Саған сиынамыз!
Уа, Рабби! Адамзатқа еңтамаша бір үлгілі түлға
етіп жіберген Расулыңныңтамаша ахлағынан үлес
алып, хақ пен жақсылыққа шақыру міндетімізді лай-
ыкты түрде орындап, Расулыңның үлы шапағатына
жетуді бізге, әлсіз құлдарыңа, нәсіп ет!
Әмин!
160
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Ең бақытты адамдар – жүректерін
Құран Кәрім мен Сүннет аясында
рухани бір орталыққа айналдырып,
жаратылысты
қамти
алғандар.
Адамның негізгі бағасы мен қасиеті
жүрегін фәйізге толтырып, өмір
сүруі мен сол жүрек қалыбымен дінді
уағыздау. Жүрек рухани тікенекке то-
лып тұрып уағыздауға тырысу – бос
шаршау мен үлкен әлсіздік.
Õࢢà æ¯íå ¾à¢ñûëû¢¢à
øà¢ûðó
2
162
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Õࢢà æ¯íå ¾à¢ñûëû¢¢à øà¢ûðó
-2-
Аллаһтың Кітабы мен Расулуллаһтың Сүннетін
емірде ұстану үшін хақты уағыздап, халыққа қызмет
ету міндетінің көңілімізде құштарлыққа айналуы
шарт. Өйткені, бір мүминнің өмірі қызмет пен дінді
уағыздау болу керек.
Сөзсіз, шынайы мүминді басқа адамдардан ерек-
шелейтін ең маңызды сипаттардың бірі - оның мей-
ірімді болуы. Уағыздау да сол мейірімнің жемісі.
Мейірбандықтың бір керінісі болып табылатын хаққа
және жақсылыққа шақыру, мүминнің ең алдымен өз
басында іске асуы шарт.
Хақ пен жақсылыққа шақыру үшін ең алдымен,
хақ пен жақсылықтың мәнін нақты түрде білуі ке-
рек. Өйткені, наданның уағызының тек сөз жағынан
ғана емес, бәлкім, мәні жағынан да қателіктерден
ада болуы мүмкін емес. Олай болса, бұл жолда ең
басты қажеттілік - ғылыми және рухани байлық.
Өйткені, иман мен пенделік өмірінің, ақыл мен жүрек
тепе-теңдігі ішінде болуы үшін осы екі байлыққа
қажеттілігі бар.
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
163
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Сонымен қатар, діни мәселерді «діни қажеттілік»
жағынан білу, білім ретінде әрбір мұсылманға па-
рыз болғандықтан әрбір мүмин ең аз дегенде осы не-
гізгі мәселелерді білуі керек. Білмейтіндер, ғылым
мен рухани кемшіліктерін тезірек жетілдіруге ты-
рысып, осы үйренгендерін өмірінде қолданып, ілі-
мін парасатылыққа айналдыруға тырысуы керек.
Өйткені, хақ пен жақсылыққа шақырудың әсері,
көңіл көкжиегіміздің тереңдігіне байланысты. Ол да
жандүниеміздің фәйіз және руханиятқа толы болуы-
мен мүмкін.
Хазіреті Мәуләнәнің айтқаны сияқты:
«Дорбаны толтырып жатып, астындағы тесік-
тен төкпеу керек».
Өзі ұстанбай, білімсіз, қалай болса солай,
ынта мен шабыттан мақрұм, дөрекі сездерден
қарапайым тәсілмен жасалған уағыздан көзделген
мақсаттуындамайтынындай, йныңжауапкершілігі
де үлкен болады.
Сол себепті мүмин жан дүниесін Исламның
сыпайылық, нәзіктік пен сұлулықтарымен безенді-
ріп, халімен, сөзімен және іс-әрекеттерімен үлгі ре-
тінде хақ пен жақсылыққа шақыруда өнеге болуы
керек. Өйткені хаққа шақыру қызметінің ақиқаты
Раббыға сүйіспеншілікпен бет бұруда жасырылған.
Сондай-ақ Хирада алғашқы уахиды қарсы алған Ха-
зіреті Пайғамбардағы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
осы пәк сүйіспеншілік, оның рухын уағыздың фәйізі
мен шабытына толтырып, оны миғражда иләһи
құзырға көтерген.
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Аят кәримада Аллаһ Тағала былай бұйырады:
«Мүмин еркектер мен мүмин әйелдер бір-
бірлерінің бағушылары. Олар жақсылықгы өмір
етіп, жамандықган тыяды, намазды дұрыс оқиды,
зекет береді. Аллаһ пен Расулына мойынсұнады.
Оларға Аллаһ рахмет етеді. Шүбәсіз Аллаһ ғазиз,
хикмет иесі. Аллаһ, мүмин еркектер мен іиүмин
өйелдерге, ішінде мәңгі қалу үшін астынан өзендер
ағып жатқан жәннаттар мен Адын жәннаттарында
тамаша мекендер уәде етті. Аллаһтың ризашылығы
бәрінен де жоғары. Міне, үлкен кұтылу (бақыттылық)
осы».
(Тәубе сүресі 71-72)
Адамдардың ең бақыттылары жүректерін Құран
Кәрим мен Сүннеттің аясында рухани мекенге ай-
налдырып, мақлұқатты соның ішіне қамтығандар.
Және де олар, Құранның сырларынан нәсіп апып,
шынайы иманды өмір кешіп, жүректерін соңғы дем-
ге дейін нәпсіқұмарлықтың жетегінде бір ақылдың
азғындығынан қорғайды. Өйткені, адамның негізгі
мәні мен қасиеті - фәйізге толы жүрекпен өмір сүріп
және сол қалыптағы жүрекпен дінді уағыздау. Жүрек
рухани тұрғыдан тікенге толып түрып, уағызға ты-
рысу - үлкен әлсіздік. Дініміз адам рухының рагі
болып табылатын «қырсықтық пен бір беткейлікті
қабылдамайды; көңілге қарапайымдылықты, ма-
хаббат пен мейірбандықты ұялатады. Мүминнің жан
дүниесі әрбір қара түнек және қайғылы жүректер
шаттыққа бөленіп, күлімсірейтін бір гүлістан болуы
керек. Сондықтан да жүрек пен тәнді бейне бір тікен
сияқты сезімдерден, ойлар мен іс-әрекеттерден тазар-
тып, уағыздаушы халге жеткізуі шарт.
164
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Тарихтағы атақты залым Хажжаж зұлымдығы-
мен атағы шықса да, философ табиғатты адам
еді. Бір күні жүма намазында оны көрген хұтпа
оқушы: «Аллаһтың ең сүйетін ісі - залым басшыға
хақсыздығын бетіне айту» - деген әмірді назарға
алып, хұтбада ауыз толтырып ауыр сөздер айтты.
Хажжаж Залым тыныш отырып тыңдады.
Намаздан
соң
хұтпа
оқушыны
құзырына
шақыртып, одан: «Сен хұтпада не айтқаныңды маған
айтшы қане?!» - деп сұрады. Хұтпа оқушы қалайда
басының алынатындығын ойлап түрса да, кейін
шегінбей, Хажжажға хұтпадағы сөздерін одан да
қаттырақ бір әсермен қайталады. Хажжаж:
«Қызық нәрсе!» - деді.
«Сен білімді адамға ұқсайсың. Бірақ, Исламға
шақыру тәсілдерінен бейхабарсың. Сен Құранды
еш оқымайсың ба? Сенен неше мәртебе абзал болған
Мұсаны (алейһиссәләм), менен де бетер және нағыз
кәпір Перғауынға жібергенде Аллаһ Тағала оған
«ләйін», яғни судың ағысындай жұмсақ сөйлеуді
әмір еткен жоқ па?»
Хұтпа оқушы қатесін түсінді. Кешірім сұрап,
Хажжаждың кешірімінің арқасында басын аман
алып қалды.
Мұсаға (алейһиссәләм) уахи етілген және бізге бір
мысал ретінде ұсынылған тек осы оқиғадағы иләһи
бұйрық қана
(Қараңыз. Таһа сүресі, 43-44)
емес, көптеген
аят кәримәлерде уағыздың жұмсақ және хикметті
сөздермен қарсыласы адамның көңілін қалдырмай
жасалуы қажеттігін баяндайды.
165
166
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Сондай-ақ Аллаһ Тағала тағы бір аят кәримада:
ِ�َ� َ� َ�ْ�ا ِ�َ�ِ�ْ�َ�ْ�ا َو ِ�َ� ْ� ِ�ْ��ِ� َ�ِّ�َر َ��ِ� َ� �َ�ِا ُعْدُا
َ� َ� ْ�َا َ�ِ� �ِ����ِ� ْ�ُ�ْ�ِد� َ� َو
«(Расулім) Сен Раббыңның жолына хикметпен,
жақсы насихатпен шақыр! Және олармен тамаша
түрде күрес...»
(Нахл сүресі 125)
делініп, шақырудың әдебі
баяндалған. Сол себепті, өмірі жанды Құран болған
Аллаһ Расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өнегелі тұлғасынан үлгі алып, оның үйретіп кеткен
әдебі мен тәсілдерін орындау керек.
Бұл жағдайда мүмин алдымен өзінің жан дүниесін
Исламның әсемдігімен және тамаша қасиеттерімен
безендіріп, көркем мінез бен іс-әрекеттерімен
айналасының сенімін алған біртұлғалық мінезге ие
болуы керек. Сондай-ақ Расулуллаһ (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм):
«Сен (алдымен) ең жақын туыстарыңа ескерт!»
(Шуара сүресі 214)
аяты түскен кезде Құрайыш тайпасын
Сафа төбесіне шақырып, үлкен тастың үстіне шығып,
оларға дауыстап былай дейді:
«Ей, Құрайыш қауымы! Мен сендерге мына
таудың етегінде немесе мына ойпатта атты душ-
пандар бар; сендерге шабуыл жасап, малдарыңды ша-
уып кетеді десем, маған сенесіңдер ме?»
Олар еш іркілместен былай деді:
«Иә, сенеміз! Өйткені, осыған дейін сені шыншыл
деп таныдық. Сенің өтірік айтқаныңды еш естімедік!»
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
167
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы-
лайша уағыздан бұрын олардан өзінің ешқашан
өтірік айтпайтын, сенімді және шыншылдығымен
құптау алады. Яғни кәміл әрі дұрыс бір тұлға екенді-
гіне айналасын сендірген еді. Тіпті атақты күпірлікті
жақтаушы Әбу Жәһил де Расулуллаһқа (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) өтірікті таңа алмай, оған тек бы-
лай деп қарсы шықты:
«Ей, Мұхаммед! Біз сені өтірікшісің деп
жатқанымыз жоқ. Сені «әл-Әмин» деп, мына Мек-
ке халқы, яғни біз атадық. Сен өтірік айтып жатқан
жоқсың. Бәлкім, сені осы міндетті жеткізген періште
қателестіріп тұрған шығар.»
Аллаһ Тағала бұл мәселені аят кәримәде былай ба-
яндайды:
«Олардың айтқандары сені расында ренжіткенін
білеміз. Негізінде олар сені өтірікке шығармайды,
бірақ ол залымдар айқын түрде Аллаһтың аяттарын
жоққа шығарады».
(Әнғам сүресі 33)
Көріп
отырғанымыздай,
Аллаһ
Расулының
ең үлкен дұшпаны Әбу Жәһилдің өзі оның дара
адам екендігін мойындайды. Тіпті Расулүллаһты
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көре салып, оның
тек халінен әсерленіп, «бұл жүз өтірік айтпайды»
деп, иман еткендер болған. Міне, көңілді алуда бұл
мәселенің де өте маңызды әрі қажет екендігін жоққа
шығаруға болмайды.
Сондай-ақ түркі тарихының дара түлғасы Фатих
Сұлтан Мехмед Хан да Стамбулды жеңіп алғаннан
кейін, он жылдан соң Боснаны жеңіп алады.
168
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Бірақ, нағыз жеңіс, яғни көңілдерді алу, сыртқы
құлыптарды ашқан қылыштың қайтуынан кейін
жүзеге асқан. Өйткені ол жерге Анатолияның бау-
ырында өскен ер көңілділер деп түратын тап-таза,
пәк мүмин отбасыларын қоныстандыру арқылы, «та-
маша мінез бен хал арқылы уағыздау» ісі бастала-
ды. Осының нәтижесінде Башнактар көп кешікпей
Исламға кіреді.
Расында да, қару зүлымдықты жою үшін
қолданылады. Бірақ, негізгі іске асырылатын
жеңіс - жүректердің алынуы. Бұл Ислам ахлағы
мен сыпайылығымен өмір сүріп, өнегелі түлға болу-
мен іске асады. Өйткені дінге шақырумен уағыздың
әсері, шақырушының үстанымымен және рухани
өмірімен тікелей байланысты. Сондықтан нағыз бір
уағыздаушы үшін әлемдегі иләһи жүйеніңхикметін
түсінбеу және жаратылыстың хал тілін үғына ал-
мау, жүректің нұқсандығы. Ішінде сезімтал (алғыр)
жүрек жоқ бос шапан болса, айналасына ешқандай
шаттық, қуаныш және ізгіліктер жая алмайды.
Сол себепті ең алдымен жеңіске қол жеткізе-
тін соғыс - адамның жан дүниесіндегі соғыс. Аллаһ
Тағала осы соғысты түсіндіру жайында адамның
ішкі дүнниесіндегі «күнә мен тақуалық» күресін ба-
яндайды. Жүректің күнәдан арылып, тақуалықпен
безенуі, адам баласының нағыз бақыты және
мәңгілік жетістіктің қоры. Жүрекке әсер етіп,
мәңгілік жетістіктің дауасын бергендер тек ішіндегі
күресте жеңіске қол жеткізіп, Хақ Тағалаға толық
бағыныштылықпен мойынсұнғандар.
Екінші жағынан, уағызда назар аударыла-
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
169
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
тын басқа бір мәселе алдындағы адамды бағалау.
Өйткені, уағыздалатын адам болғандықтан оның
Аллаһ жаратқан абыройлы бір жаратылыс екендігін
естен шығармау керек. Уағызға егер иманнан бастау
керек болса, ештеңе білмесе де алдыңдағы адамға
жаратылысындағы негізгі қасиет жөнінен қарау ке-
рек. Мұның мағынасы - ашуланып, қатты айтудың
орнына
үмітпен,
кешірімділікпен
мейіріммен
қатынасу. Негізінде осылай істеу адамға қараудағы
мына негізгі көзқарасқа сай. Шайыр осыны баяндау
үшін:
«Гәуһәр жерге түскенмен, құны түспейді» - деген.
Құран Кәримнің адамды қадірлеген барлық аят
кәримәлерде де, оның осы негізгі мәніне басым көңіл
бөлінеді. Сондай-ақ аятта:
َمَدَا �َ�ْ���َ� ْ�َ�َ� َو
«Біз, расында, адам баласына атақ, абырой бер-
дік...»
(Исра сүресі 70)
делінеді. Шындығында ол тек адам
болғаны үшін Құран Кәримде Аллаһ Тағаланың ха-
лифасы ретінде түсіндіріледі.
Иман және одан кейін келетін ізгі амалдар осы
негізгі абыройдың қажеттілігі. Иман мен салих
амалдардан мақрүм болу - осы негізгі абыройдың,
яғни адамдық қасиеттің шартын орындамау
мағынасындағы қорқынышы бар мақрүмдық және
төмендік. Амалдары жөнінен кемшілігі барлар да,
иманнан мақрұм болғакдар сияқты болмаса да,
аяушылыққа лайықты. Осындай мақрұмдыққа тап
болғандарға, қатардағы адамдар ашулануы мүмкін.
Алайда иманның құштарлығы, ләззаты және ке-
170
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
мелдігіне жеткендер оларды аяуы керек. Өйткені,
ондай адамдардан осы күтіледі. Бұл аяушылық се-
зімі көмек қажет етеді. Ең үлкен жәрдем мәңгілік
бақыттылыққа шақыратын уағызбен іске асады.
Нағыз уағыздаушы адам - рухқа тәртіп пен өмір сый-
лайтын дара тұлға. Әрбір салада уағызын құштарлық,
махаббатжәне мейіріммен атқаруды білетін, иман
көзі болған көңіл адамы. Сөзімен, жазуымен, өнегелі
сыпайы іс-әрекеттерімен адамдарға бақыттылық пен
шаттықтың жолын сілтейтін сол бағдаршы адамдар
әрбір қайғылының қасында, жетімдердің басында,
қасіретке тап болғандардың жанында болады. Олар
айналасындағы азғындаушылықтың зиянын және
осы мәселедегі жауапкершілікті жүректерінде сезген-
діктен, һидайят жарығын күтпегендердің жәрдеміне
асығады.
Және олар адамдарды Аллаһтың аманаты деп
түсінеді. Барлық жаратылысқа сүйіспеншілікпен,
мейіріммен
қарайтын
рухқа
қол
жеткізеді.
Көңілдеріндегі мейірім дәнектерінен ашылған жа-
уапкершілік сезімі осылайша оларды қатардағы
қарапайым адам болудан шығарып, мәңгілік
қауышудың жолаушысы етеді. Қауышу жолында
қиыншылықтарға көніп, өздерін қызмет пен тура жол
көрсетуге аттанғандар осылайша ақиқат керуеніне
қосылып, жүректерін мәңгілікке жетелеген пенделер
һүдай, Юнус және солар сияқты Хақ ғашықтарының
туған бауырлары іспеттес.
Аллаһ
Тағаланың
нұрын
қияметке
дейін
толықтыратындығы, яғни исламның қияметке дейін
жалғасатындығы - Аллаһтың уәдесі. Сонымен қатар,
уағыздау міндетінің діннің жалғасуына дәнекер әрі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
171
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
себеп болатын жағдай екендігін естен шығармау жөн.
Бұл дін бір сөзбен айтқанда Аллаһтың ақиқатына сай
түрде білінуі және ғибадаттар арқылы құрметтелуі.
Өйткені, әлемнің жаратылу себебі осы.
Бір кезде немесе бір жерде діни өмірдің әлсіреп,
адамдардың қате жолға түскендігі байқалса, ол жерде
уағыз ісі иманнан кейін ең бірінші және ең маңызды
міндет түрінде көрініс табады. Хақ пен жақсылықты
уағыздау турасында бір жетістікке қол жетпесе,
көптеген заңды істердің де заңдылығы жоғалады.
Мысалга ананың сүт еметін шағындағы баласын емі-
зуі қандай ғазиз және мүбәрәк іс! Алайда, үйі жанып
жатқан ана қарекетсіз баласын емізіп отыра бер-
се жауапты болады. Өйткені өртке қарсы бір нәрсе
істеу, сол сәтте баланы емізуден де маңызды және
күттірмес бір іс. Міне, діннің мысалдағыдай жеңіліс
тапқан кезінде хақ пен жақсылықты уағыздайтын
бір қауым болмаса, басқа істермен айналысу, басқа
уақыттардағыдан да ауыр жауапкершілікті қажет
етеді.
Бұл Ислам нығметі бізге 1400 жылдан бері
мыңдаған қиыншылық-тармен, азаптармен жеткізіл-
генін ұмытпау керек. Біздің міндетіміз -осы аманат-
ты бізден кейінгі үрпақтарға сол қалпында мұқият
жеткізу. Бұл турасында қазір жанқиярлықпен, хақ
пен жақсылықтың басым болуы үшін қажырлы бо-
луды қажет ететін кезең. Бұл негізінде қисынды
шындық. Өйткені, батпақтағы машинаны итерген
адамның еңбегі мен тегіс жолда итергеннің еңбегін
салыстыруға болмайды. Бұл жерде тағы бір мәселе
бар. Ол итерілген машинаның доңғалақтарының
батпақтан шығуы үшін бір баланың білегіндей күшке
172
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
қажеттілік туған ұрымтал сәтте сол кішкентай иық
тіреу ісі тіпті үлкен мәнге ие болады. Керісінше, сол
ұрымтал сәтте шетте тұрып тамашалап, міндетін
атқармаған адамның кінәсі тіпті ауырлайды. Иман
әлсіреп, жастардың кептеген жағымсыз ағымдарға
ілесіп, адам баласы көбінесе нәпсінің қармағында
өмір сүріп жатқан қазіргі таңда, аз бір қайратқа үлкен
сауап, аз ғана немқұрайдылыққа да үлкен кінә бері-
летіндігін ойлап, уақытымыздың ұрымталдығына
қарай әрекет етуіміз керек.
Дін, иман, Отан мен халыққа қызмет етуде табысқа
қол жеткізу, әлбетте, әрбір адам үшін үлкен бақыт.
Бірақ, уағыздау міндетінде негізгі мәселе жетістік не-
месе жеңіліс емес. Маңыздысы, Аллаһ ризашылығын
алу үшін осыжолда қолдан келгенше қажыртаныту.
Қажетті қүралдарға жүгіндім деп, әрбір уағыздан
жағымды нәтиже күту және бұл іске аспаған жағдайда
үмітсіздік пен уайымға батып, өзін шаршату да
дұрыс емес. Өйткені, һидайятқа жеткізетін Аллаһ.
Пенденің міндеті мойымай, талмай, үмітсіздікке де,
тоқмойындыққа да салынбай, уағызды жалғастыру,
нәтижені Аллаһқа тапсырып, тәуекел ету. Сондай-
ақ, әлемге рахмет ретінде жіберілген Расулуллаһтың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «тағы бір адамды от-
тан құтқару» үмітімен өзін шектен тыс қинаған кез-
дерде мына бір иләһи ескерту түскен:
Достарыңызбен бөлісу: |