Көңіл бақшасынан Осман Нұри топбаш


«Олар иман етпей жатыр деп, (құсаланып) өзіңді



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата10.01.2017
өлшемі3,85 Mb.
#1602
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

«Олар иман етпей жатыр деп, (құсаланып) өзіңді 
ойрандайсың ба! Егер қаласақ, аспаннан бір мұғжиза 
түсірер едік те, олар оған бас иер еді». 
(Шуара сүресі 3-4)
«(Расулым)  Сен  сүйгеніңді  һидайөтқа  жеткізе 
алмайсың,  керісінше,  Аллаһ  қалағанына  һидайят 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
173
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
береді және кім һидайөтқа келеді екен оны ең жақсы 
Сол ғана біледі». 
(Қасас сүресі 56)
Сондықтан,  жасалған  уағыз  қабылданбаса  да, 
ең  жоқ  дегенде  жамандықтың  жылдамдығын 
тоқтататындығын  және  келешекте  нәтиже  беріп, 
тура жолға келуіне себеп болуы мүмкін екендігін де 
үмытпау  керек.  Сонымен  қатар  уағыздаушы  белгілі 
бір  нәтижеге  қол  жеткізе  алмаса  да,  осы  міндеттің 
жауапкершілігінен  құтылады.  Өйткені,  Аллаһ  жо-
лында  қосылып  қол  жеткізе  алмаған  күрестен  гөрі, 
қосылуға  мүмкіндік  бола  тұра  шет  қалып,  ынта 
танытпаған күрестен жауапты болары хақ. Иләһи та-
разыда  тартылатын  да  осы  тұрғысында  міндетімізді 
атқарып, атқармағандығымыз.
Сондай-ақ, бір пайғамбар келіп, қалың қауым оған 
мойынсұнып, һидайятқа келген; және бір пайғамбар 
келген, һидайят азғана жамағатқа нәсіп болған. Яжи 
һидайятқа жеткізетін Аллаһ, бірақ пайғамбарлардан 
бастап  барлық  үмбет  Исламды  ұстанып,  уағыздауға 
мәжбүр.
Қысқасы,  уағыздың  отбасы  мен  балалардан  ба-
стап,  бір  мұсылманның  негізгі  болмысына  айналуы 
шарт.  Әрбір  мүмин  әр  жағдайда  уағыздаудың  жо-
лын  қарастарып,  шамасы,  білімі,  мәдени  дәрежесі, 
жүрек кемелдігі мен отырған орнына қарай қажетті 
дінге шақыру міндетін орындауға және адамдарға ой 
салуға  тырысуға  жауапты.  Өйткені,  Құран  Кәримде 
баяндалғанындай,  Аллаһ  Тағала  құлдарынан  шама-
лары жетпейтін нәрсені талап етпеген. Бірақ, шама-
сы келгенінше міндетін орындауға жауапты еткен.
z

174
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хақ  пен  жақсылыққа  шақыру  тұрғысында  ең 
үлы  және  пәк  үлгі,  шүбә  жоқ,  Хазіреті  Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), одан кейін Ол әкелген 
дінге мирасшы болған әулиелер, олардың әр бір халі 
сұлулық,  нәзіктік,  тереңдік  пен  ұлылыққа  ие.  Сон-
дай-ақ,  осы  қас  құлдардың  бірі  рухани  ілімінен 
нәсіп алғызып, біздерді тәрбиелеген Мүса мырзаның 
(құддисә  сирруһ)  өнегелі  қасиеттерге  толы  өмірі,  әр 
жағдайда  бізді  хақ  пен  қайырға  бағыттайтын  иша-
раттар мен тура жолды меңзейді.
Мұса  мырза  (құддисә  сирруһ),  қайтыс  бо-
лар  алдындағы  науқас  кезінде  де:  «Әттең,  ша-
мам  болып  қалаларды,  ауылдарды  шарласам 
және 
бауырларымның 
рухани-материалдық 
қиыншылықтарына  дауа  болуға  тырыссам!..»  -  деп 
тілейтін.
Өйткені Ол әрі тәнімен, әрі малымен, әрі жүрегімен 
құлшылық сезіммен өмір сүруді езіне ең үлкен қағида 
еткен.  Шамасы  жеткенінше  кейде  қолымен,  кейде 
кеңілімен әр бір жаралы көңілді, тіпті, барлық жара-
тылысты құшағына алатын. Орталық Азияның есік-
тері ашылғанда сол қартайған шағында күтпеген сер-
гектік, әрекет пен ынта көрсеткен. Екінші жағынан, 
Оңтүстік Африкаға, Еуропаға барып, ол жерлерге де 
рухани, қоғамдық және жүрек сұлулықтарын жеткі-
зуге еңбек еткен.
Қысқасы, ол бүкіл өмірінде Құран Кәримде   
����ا���
 
«қандай тамаша құл!» 
(Сад сүресі 30, 44)
 деп мадақталған, 
тамаша қасиеттерге ие жан болуға тырысты. Осылай-
ша одан бұл фәни күмбезде мәңгілік жалғасатын хош 
бір үн қалды. Хош сенімділік, хош жомарттық, хош 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
175
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
кеңіл,  хош  естелік,  хош  ахлақ,  бастан-аяқ  ізгілікке 
толы енегелі өмір қалды.
Раббымыз оның көңіліндегі пәк фәйіздерден нәсіп 
алуға жазсын!
Раббымыз,  заманымыздағы  нәзіктік  себепті  Хақ 
пен  қайырға  шақыруды  міндеттелген  дәрежеде 
орындап,  Аллаһтың  құзырында  табысқа  жетуді 
барлығымызға нәсіп етсін!
Аллаһым!  Мәңгіліктің  жолаушысы  болған  осы 
өмірде  мәңгі  қалатындай  өмір  сүру  ғапылдығынан 
жүрегімізді 
сақта. 
Аяғымыздын 
астындағы 
топырақты  басып  жүріп,  бір  күні  басылатын 
топырақ  болатындығымыздың  терең  хикметі  мен 
түсінігін жүректерімізге орныкгыр! Исламның нуры 
қорегіміз, Мұхаммеди руханият аясы ауамыз, Сенің 
ұлы сүйіспеншілігің мен ризашылығың бақыттылық 
жәннәтіміз болсын!
Әмин!

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Мархабат  –  бір  мұсылманның 
жүрегінде  ешқашан  сөнбейтін  бір 
от.  Мархабат  адамдығымыздың  осы 
әлемдегі  маңызды  бір  құндылығы,  ал 
жүрек  арқылы  бізді  Хаққа  қауышуға 
бағыттайды.  Мархабатты  мүмин 
жомарт,  қарапайым,  қызметкер  әрі 
рухқа  тәртіп  пен  өмір  дауасын  сый-
лайтын бір көңіл дәрігері.
Èñàð

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Èñàð
Абдуллаһ  бин  Жафар  (радиаллаһу  анһу)  бір  са-
парында  бір  құрма  бақшасына  соқты.  Бақшаның 
қызметшісі  бір  негр  құл  еді.  Құлға  үш  дана  нан 
әкелінген  еді.  Осы  кезде  бір  ит  келді.  Құл  нанының 
біреуін соған тастады. Ит нанды жеп қойды. Екінші-
сін тастады. Оны да жеді. Үшіншісін тастады. Оны да 
жеп қойды.
Сонда Абдуллаһ бин Жафар (радиаллаһу анһу) мен 
құлдың арасында мынадай әңгіме болды:
 Сенің ақың қандай?» Негр құл:
– Мына көрген үш нан.
– Неге бәрін итке бердің? Құл:
–  Осы  жерде  еш  қандай  ит  жоқ  еді.  Бұл  ит  алыс 
жерден  келген.  Аш  болғанына  көңілім  разы  болған 
жоқ - деді.
Абдуллаһ (радиаллаһу анһу):
– Иә, бүгін сен не жейсің?» Құл:
–  Сабыр  етемін,  бір  күндік  ақымды  Раббымның 
мына аш маұлығына бердім» - деді.
178

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Абдуллаһ (радиаллаһу анһу):
–  Субханаллаһ!  Менің  өте  жомарт  екендігімді  ай-
тады. Бұл құл менен де жомарт екен! - деді.
Кейін  сол  құл  мен  құрма  бақшасын  сатып  алып, 
құлды азат етті де, құрма бағын соған сыйлады. 
(Газза-
ли, Кимия-и Саадат, 440 б)
Осындай мейірімді, қайырымды және терең сезімге 
ие тұлғалар өсіретін Ислам қоғамдық тәртіпке кедей 
мен бай арасындағы дүшпандық  пен  қызғанышты  жою,  
тепе-теңдікті    сақтап,  сүйіспеншілікті  қамтамасыз 
ету үшін зекетті парыз еткен. Ислам бауырластығын 
одан да жоғары дәрежеде іске асырып, әрбір мүминді 
«бай бір көңілге» ие қылу үшін ұжданның қажеттілігі 
болып  табылатын  қайырымдылыққа  шақырып,  оны 
«исармен» шыңына шығарған. Өйткені, діннің негіз-
гі  мақсаты  Аллаһтың  бір  болғандығын  мойындаған 
соңтамаша,  сыпайы  және  ойлы  адам  тәрбиелеу 
арқылы қоғамда тыныштық орнату болып табылады.
Бұл  кемелдік,  тек  көңілде  ғана  керініс  тапқан 
мейірім  мен  мархабат  сезімі  және  оның  ең  тамаша 
көрінісі болып табылатын өз мүмкіндіктерін бөлісу, 
тіпті  бұдан  да  ары  исар  деп  аталатын,  өзі  мұқтаж 
бола тұра, қолындағы нығметтерден баз кешіп, олар-
ды да қайырға жүмсау абзалдығына және дәрежесіне 
жету.
Мархабат  -  мұсылманның  жүрегінде  ешқашан 
сөнбейтін  бір  от.  Мархамат  -  адамзаттың  осы 
дүниедегі ең маңызды құндылығы, ол жүрек арқылы 
бізді Хақ Тағалаға қауышуға бағыттайды. Мархабат-
ты  мүмин,  жомарт,  кішіпейіл,  қызметкёр  әрі  рухқа 
179

180
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
тәртіп пен өмір дауасын дарытатын бір көңіл дәрігері. 
Және де мархабатты мүмин әрбір саладағы қызметін 
сүйіспеншілікпен,  мейіріммен  атқаруды  білетін, 
үміт пен иман көзі болған бір адам. Ол рухқа шаттық 
сыйлайтын  барлық  қызметтің  алдыңғы  қатарында 
жүреді.  Және  ол  сөзімен,  жазуымен,  халімен  әрбір 
азғындық,  азап  пен  қайғының  қасында  болады.  Ол 
қайғылы  адамның,  қиналғанның  қасында,  жетім-
дер  мен  үмітсіздердің  басында  табылады.  Сондай-
ақ  мүминдегі  иманның  алғашқы  жемісі  рахмет  пен 
мархабат. Адамзаттың ахлағы да Құранмен кемеліне 
жеткен.  Сондай-ақ,  Құран  Кәримді  ашсақ,  ең  алды-
мен  алдымыздан  «Рахман»  және  «Рахим»  сипатта-
ры  шығады.  Раббымыз  ұлы  затын  «мейірімділердің 
ең мейірімдісі» деп танытып, құлына өзінің ахлағын 
бойына  сіңіруді  әмір  етеді.  Сондықтан  Хаққа  деген 
сүйіспеншілікке  толы  мүминнің  жүрегінің  Раббтың 
барлық  жаратқандарын  мейіріммен,  мархабатпен 
құшағына алуы қажет. Рабты сүюдің нәтижесі - Оның 
жаратқандарына 
мейіріммен, 
сүйіспеншілікпен 
қарау.  Сүйген  сүйгенінің  алдында  сүйгеніне  қарай 
жанқиярлық істер жасауды ләззат пен міндет санай-
ды.  Аллаһтың  жаратқандарына  беру  Аллаһқа  деген 
сүйіспеншілік деген сөз.
Расында  Аллаһ  үшін  «беру»  деп  аталатын  садақа 
мен  қайырымдылықтың  түрлері  көп.  Бұлардың 
ең  жоғарғы  дәрежесі,  айтқанымыздай,  «исар»  бо-
лып  табылады.  Бұл  басқасының  қажеттілігін  өз 
мұқтаждығынан  жоғары  санау  қасиеті.  Әрбір  кәміл 
мүмин  үжданмен  міндетті  болған  қайырымдылық 
пен  сезімталдықтың  ең  жоғары  дәрежедегі  көрінісі. 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
181
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Сондай-ақ,    Мұхаммед  Хаким  Тирмизиден  (құддисә 
сирруһ):
«Беру деген не?» - деп сұрайды. Хазірет:
«Беру - басқасының қуанышынан рахат табу» - деп 
жауап береді.
Исардың фәйізді аясына кіру - тек нәзік жүректер 
мен  сезімтал  рухтардың  қолынан  келеді.  Өйткені, 
исардын  негізі  -  кедейліктен  қорықпай  беру.  Бұл 
жағдай  ең  тамаша  және  кәміл  түрде  пайғамбарлар 
мен  әулиелерде  көрінеді.  Әрине,  мұндай  шыңға 
шы-ғу  және  ол  биік  жұлдыздарға  жету  әркімнің 
қолынан келмейді. Бірақ, ол кекжиекке қаншалықты 
жақындасақ, соншалықты құнды нәсіптерге қол жет-
кізетіндіктен исар турасында ең кішкене бір қадам да 
біз үшін таптырмайтын мәңгілік бір табыс.
Әбу  Һурайраның  (радиаллаһу  анһу)  риуаяты 
бойынша;  бір  адам  Пайғамбарымызға  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) келіп:
«Ей, Аллаһтың Расулы! Мен ашпын» - дейді.
Расулуллаһ  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
әйелдерінің  біреуіне  хабар  жіберіп,  бір  нәрсе  беріп 
жіберуін сүрайды. Бірақ, мүминдердің анасы:
«Сені пайғамбар етіп жіберген Аллаһпен ант етей-
ін, үйде судан басқа түк жоқ» - дейді.
Басқа әйелдері де сол жағдайда болғандықтан, Ха-
зіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) саха-
баларына қарап:
«Бүгін түнде мына адамды кім қонақ қылғысы ке-
леді?» - деп сұрайды:

182
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Әнсардан біреуі:
–  Мен  қонақ  қылайын,  уа,  Расулаллаһ!  -  деп  әлгі 
пақырды үйіне алып барды. Үйіне барып әйеліне:
–  Үйде  жейтін  бір  нәрсе  бар  ма?»  -  деп  сұрайды. 
Әйелі:
– Жоқ, тек балаларым жейтін бір нәрсе ғана бар -
дейді. Сахаба:
–  Олай  болса,  балаларды  айналдыр.  Дастарханға 
келмек  болса,  оларды  үйықтат.  Қонақ  ішке  кірген 
соң, жарықты сөндір. Сөйтіп, біз де дастарханнан же-
ген болайық» - деді.
Дастарханға  отырды.  Қонақ  қарнын  тойдырды, 
олар аш үйықтайды.
Таңертең 
сол 
сахаба 
Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  қасына  барды.  Оны 
көрген  Расулуллаһ  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
былай деді:
«Түнде қонақтарыңа істегендеріңе Аллаһ Тағала 
артығымен разы болды» 
(Бұхари, Мәнәқибул-Әнсар, 10; Мус-
лим, Әшрибә, 172)
z
Хақ  досы  Рамазанұлы  Махмуд  Сами  Хазіреті 
заң  саласында  оқығанымен,  құл  хақына  қалудан 
қорқып,  бұл  мамандықты  тастап,  Тақтақалада  бір 
кәсіп орынның есебін қолына алуды таңдаған. Хазі-
рет  жұмысқа  бару  үшін  кемемен  Қаракөйге  өтетін. 
Қаракейден  Тақтақалаға  дейін  автобусқа  мінуден 
бас тартып, жаяу баратын да, сол жолтөлем ақысын 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
183
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
садақаға беретін. Үлкендердің осы жоғары ахлақ пен 
халдері біз үшін қандай тамаша өнеге!
Расында, жеке бас рахаты мен жайлылықтан, үй-
дің безендірілуінен, күнделікті қаражаттан азғантай 
болса  да,  үнемдеп  осы  ұлық  ахлақтан  әркім  өзінше 
нәсіп алуға тырысуы керек.
Исар - жомарттықтың шыңы. Өйткені, жомарттық 
-  малдың  артығынан  өзіне  қажет  емесін  беру, 
исар  болса,  өзіне  мұқтаж  бір  нәрсені  аузынан  жы-
рып  беру.  Исардың  рухани  сыйлығы  да  пенденің 
жанқиярлығына қарай болады. Аллаһ Тағала Мекке-
лік мүһәжирлермен мүмкіндіктерін бөлісіп, олардың 
қажеттіліктерін өз қажеттіліктерінен жоғары санаған 
Әнсарларды былай мақтайды:
«...Өздері  мұқтаждық  тартса  да,  оларды  өз 
нәпсілерінен  артық  көреді  (исар  жасайды).  Кім  де 
кім  нәпсінің  сараңдығынан  сақ  болса,  міне,  солар  - 
кұтылғандар». 
(Хашр сүресі 9)
Ярмук  соғысында  хал  үстінде  жатқан  үш  жара-
лы  жауынгерге  берілмек  болған  суды  бірі  екіншісі-
не ұсынып, ақыры ешқайсысы да үлгере алмай, бәрі 
де ақтық демдерінде бір жұтым су іше алмай, шейіт 
болған.
Ибн  Омардың  (радиаллаһу  анһу)  риуаяты  бойын-
ша бір сахабаға қойдың басы жіберіледі. Ол адам:
«Пәлен  адам  менен  де  аш,  соған  апарыңдар»-деді. 
Екінші  адам  да  солай  айтты.  Осылайша  қойдың  басы 
жеті кісіні айналып, қайтадан алдыңғы адамға келді. 
Өйткені, ең ашы сол еді». 
(Газали, Ихияу Улумиддин, III с. 571 б)

184
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті  Омардың  (радиаллаһу  анһу)  Шамға 
барғанында, түйеге міну кезегі құлына келген кезде, 
шаһардың есігіне барғанымен түйесіне болмай құлын 
міндіргендігі  және  өзі  жаяу,  құлы  түйеге  мініп, 
Шамға кіруі - мәні терең қайырдың бір көрінісі. Осы-
лайша қайыр-садақа әр уақыт малмен бола бермейді. 
Мұндай қылықтар да қайырдың бір түрі деген сөз.
Қайырдың  ең  жогарғы  дәрежесі  болған  исар  ау-
зынан  жырып  беру,  өз  ақысын  дін  бауырына  ауда-
ру мәселесі. Пайғамбар, сахаба, әулиелер мен салих 
құлдарға тән жоғары дәрежеде қайыр жасау.
Хазіреті  Әли  (радиаллаһу  анһу)  мен  пәк  жұбайы 
Фатима  (радиаллаһу  анһә)  балалары  Хазіреті  Хасан 
мен Хазіреті Хусайнның аурудан айыққандары үшін 
үш күн нәзір оразасын ұстайды. Алғашқы күн ауыз 
ашарға арпа үнынан тамақ жасайды. Тура ауыз ашар 
кезде  есіктері  қағылады.  Келген  адам  аш  әрі  пақыр 
біреу  еді.  Мүбәрәк  отбасы  қолдарындағы  тамағын 
ұсынып,  өздері  сумен  ауыз  ашты.  Екінші  күні  ауыз 
ашар уақытында бұл жолы есік алдына бір жетім ке-
леді.  Сол  күнгі  тамақтарын  да  жетімге  беріп  өздері 
тағы сумен ауыз ашты. Үшінші күні ауыз ашар кезін-
де бір тұтқын жәрдем сүрап оларға жүгінген соң, олар 
үлкен  сабыр  мен  қайырымдылық  үлгісін  көрсетіп, 
ауыз ашар тамақтарын енді осы тұтқынға берді.
Қайырдағы  осы  терең  мағыналы  жомарттық 
басқаларын  ез  нәпсісінен  де  лайық  санау  және  осы 
үлық  мінез  төмендегі  аят  кәримәмен  иләһи  құптау 
мен құттықтауға ие болған.
Аллаһ Тағала былай дейді:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
185
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Өздері мұқтаж бола тұра, тамактарын пақырға, 
жетімге  не  тұтқынға  береді  және  оларға:  «Мұны 
сендерге  Аллаһ  ризашылығы  үшін  береміз,  сендер-
ден  ақы  мен  рахмет  күтпейміз.  Біз  Раббымыздың 
қаһарлы,  бәлелі  бір  күнінен  қорқамыз.»-дей-
ді.  Аллаһ  та  оларды  сол  күннің  жамандығынан 
қорғайды.  Жүздерін  жарық  қылып,  көңілдеріне 
қуаныш ұялатады». 
(Инсан сүресі 8-11)
Пайғамбар  ғасырынан  тағы  бір  исар  үлгісі 
төмендегідей:
Бәдір  соғысынан  кейін  тұтқындар  екі-уштен 
сахабаларға бөлініп, Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) бұл тұтқындарға жақсы қарауды әмір ете-
ді.
Сол  кезде  тұтқындар  арасында  болған  Мүсаб  бин 
Ұмәйрдің інісі Әбу Ұзәйр былай дейді:
«Әнсардың  қасында  тұтқын  болған  кезде, 
тамақтың уақыты келгенде өздері қүрма жеп, нан мен 
қатықтарын маған беретін. Мен бүған ұялып, тамақты 
оларға  беретін  едім.  Бірақ,  олар  қабылдамайтын. 
Өйткені,  Аллаһ  Расулы  оларға  тұтқындарға  жақсы 
қарауды  бұйырған  еді». 
(Рамазанұлы  Махмуд  Сами,  Бәдір 
соғысы, 93 б)
Ешбір  адам  жомарттық,  қайыр  мен  исарда 
Расулуллаһпен  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
салыстыруға  келмейді.  Ол  барлық  жомарттық 
түрлерінің ең жоғарғы дәрежесінде еді.
Аллаһ  жолында  Оның  дінін  түсіндіру,  құлдарға 
дүрыс бағдар беру, аштарды тойдыру, надандарға на-
сихат айту, мүқтаждардың қажеттіліктерін орындау 

186
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
мен ауыртпашылықтарына шыдау сияқты білім, мал 
мен нәпсі жомарттығының барлығы да оның бойында 
бар еді.
Құрайыш мүшриктерінің үлкендерінің бірі Сафу-
ан бин Умейе мұсылман болмаса да, Хунайн мен Тайф 
соғыстарында Расулуллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) қасында болған еді.
Жиранада  жиналған  олжаларды  аралап  жүріп 
Сафуанның  оларға  қатты  таңдана  қарағанын  көріп, 
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Қатты ұнады ма?» - деп сұрайды. Ол: «иә» деп 
жауап  берген  соң:  «Ал,  бәрі  сенікі  болсын!»  -  дейді. 
Сонда Сафуан өзін ұстай алмай:
«Пайғамбар жүрегінен басқа ешбір жүрек мұндай 
жомарт бола алмас,» - деп иман айтып, мұсылман бо-
лады. 
(Уақиди, Мәғази, II, 854-855)
Расында да исар сыйдың ең кереметі. Расулуллаһ, 
сахаба  мен  салих  құлдардың  осындай  сыйлары 
арқылы қаншама күпірлігінен танбаған адам тәубеге 
келіп, қаншама дүшпан дос болып, қанша мүминнің 
мүмин бауырына сүйіспеншілігі артқандығын ойлау 
керек.
Аллаһ  Расулы  ешқашан  езінен  бір  нәрсе  сүраса, 
қолынан келетін бір сүранысты кері қайтармайтын. 
Бір  жолы  оған  тоқсан  мың  дирхам  тиеді.  Мұны  бір 
төсеніштің  үстіне  төгіп,  келген  мұқтаждарға  беріп, 
барлығын бітіреді.
z

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
187
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Бирр
Құран  Кәримде  «бирр»  деп  аталатын,  «жақсы 
көрген  нәрселерінен  беру»  қасиеті  де  тура  исар 
сияқты, жоғары дәрежедегі қайырдың бір түрі.
Ахлақи  қасиеттердің  барлығында  жан  жақты 
үлгі-өнеге болған Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм), шүбәсіз, бұл жағынан да ұлылығына жет-
пейтін  бір  шың.  Оның  кішкене  бір  нәрседе  мүмин 
бауырын  өз  нәпсісінен  жоғары  ұстау  турасындағы 
мұқияттылығынан мынадай мысал:
Бір  күні  Аллаһ  Расулы  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  бір  мисуақ  бүтағынан  екі  мисуақ  жасады. 
Мисуақтың  біреуі  түзу  әдемі,  екіншісі  қисық  еді. 
Расулуллаһ  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  да  түзу 
мисуақты қасындағы сахабасына беріп, қисығын өзі 
алды.
Сахаба:
«Уа,  Расулаллаһ!  Мына  әдемі  мисуақ  сізге  жара-
сады»  -  дегенде,  Расулуллаһ  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм):
«Бір  сағат  болса  да  біреумен  жолдас  болған 
адамнан,  жолдастың  хақына  мойынсүнып-мойын 
сүнбағаңдығын  сүрайды»  деп  осы  хақтың  исар  мен 
бирр түсінігімен, яғни мүмин бауырын өз нәпсісінен 
жоғары үстап, сүйген нәрсесінен берумен өтелетіндігін 
түсіндірген еді. 
(Газзали, Ихиа-у Улумиддин, II т, 435 б).
Төмендегі  мына  бір  қисса  да  Мұндай  қайырдың 
қасиетіне қандай тамаша мысал:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Бір күні сахабалар Пайғамбар мешітіне жиналып, 
Расулуллаһтың фәйізді сұхбатын тыңдап отырған еді 
Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  бір 
кезде мына бір аят кәриманы оқыды:
َا�ُ�ِ�ْ�ُ� �َ� َو َن��� ِ�ُ� ���ِ� ا�ُ�ِ�ْ�ُ� ��� َ� ��ِ�ْ�ا ا�ُ��َ�َ� ْ�َ�
ٌ��ِ�َ� ِ�ِ� َ�ا �نِ�َ� ٍء ْ� َ�  ْ�ِ�
«Сүйген  нөрселеріңнен  бермейінше  ешқашан 
«биррге» 
(яғни 
қайырдың 
кемеліне) 
жете 
алмайсыңдар! Не берсеңдер де, Аллаһ оны лайықгы 
турде біледі». 
(Әли Имран сүресі 92)
Терең  құштарлықпен  Расулуллаһты  тыңдап 
отырған  сахабалар  осы  аят  кәримәні  де  өз  жан 
дүниелерінде  терең  сезініп,  осы  пайғамбар  үндеуі 
қамтыған  не  болса  соның  бәрін  қайырға  беруді 
ойлаған еді. Кенеттен бір сахабаның орнынан түрғаны 
байқалды. Жүзінен иләһи нүр шашқан бұл сахаба Әбу 
Талха (радиаллаһу анһу) еді. Әбу Талханың пайғамбар 
мешітіне жақын, ішінде апты жүз құрма ағашы бар 
құнды бір бағы бар еді, ол жерді өте жақсы көретін. 
Расулуллаһты  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  жиі-
жиі  шақырып,  одан  құрма  ұсынып,  бағын  берекет-
тендіретін.
Әбу Талха (радиаллаһу анһу) былай деді:
«Уа,  Расулаллаһ!  Менің  байлығымның  ішін-
дегі  ең  қымбаты  және  ең  жақсы  көретінім  мына 
қаланың ішіндегі Бәйруһа деп аталатын бағым. Осы 
сәттен  бастап  оны  Аллаһ  пен  Расулына  тапсырдым. 
Осы  арқылы  Раббым  мені  биррге  (қайырдың  кеме-
ліне)  жеткізіп,  оны  маған  ақырет  азығы  етер  деп 
188

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
үміттенем. Уа, Расулаллаһ, енді осы бақты Аллаһтың 
саған көрсеткен жолында қолдан». 
(Бұхари, Уәсая,17)
Әбу  Талхаға  осы  жанқиярлықты  жасатып, 
мақтаулы  ахлақтың  рухқа  орнығуы  арқылы  пайда 
болатын  ізгіліктің  адамзат  арасында  жайылуымен 
жер бетінде қандай бір бақыттылық ғасырының пай-
да боларын болжау онша қиын емес.
z
Аллаһ  Расулы  ештеңесі  жоқ  адамды  да  қайыр 
жасауға  шақыратын.  Мысалы,  Әбу  Зәр  (радиаллаһу 
анһу) ең пақыр сахаба болса да, оны да қайыр жасауға 
шақырып, былай дейді:
«Ей, Әбу Зәрр! Көже пісірген кезде суды көп құйып, 
көршілеріңе қара!» 
(Муслим, Бирр, 142)
Мүмин қараңғы түндегі толған ай сияқты нұрлы, 
терең,  нәзік,  сыпайы,  қамқор,  жомарт,  мейірімді, 
мейірбан және қайыр тебіренісіне толы болуы керек.
Қазіргі  кезде  де  мүмкіндігінше  нақты  бір  қайыр 
мен  исарға  қажеттілік  бар.  Қайғылы  және  мұқтаж 
адамдардың  орнында  біздің  де  болуымыз  мүмкін 
екендігін ұмытпаған жөн. Сол себепті науқас, жаны 
күйзелген, бишара, жетім, пақыр және аш адамдарға 
қайыр  мен  исарымыз  -  Раббымыздың  алдындағы 
шүкіршілік борышымыз. Қолымыздағы нығметтерді 
мұқтаждармен бөлісейік, сөйтіп қуантқан көңілдер, 
дүниеде  руханиятымыз,  ақыретте  көмекшіміз, 
жәннатта бақытымыз болсын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет