Иә, барлық мәселе осы: Тек адал құл бола білу.
308
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Аллаһ Тағалаға шексіз шүкір, бізді осындай бір
құлдың қасында жылдар бойы бірге болу абыройы
мен берекетіне бөледі. Бұл дара түлға, 1999 жылдың
шілде айында Хақ Тағаланың рахметіне тапсырған,
Сахра-и Жәдид қабірстанында жатқан құрметті
әкеміз Мұса мырза (құддисә сирруһ).
Жаратылыс
жағынан
Әбу
Бәкір
Сыддық
(радиаллаһу анһу) Хазіретінің қазіргі кездегі нағыз
үлгісі, өкілі болған әкеміз, әрі үстазымыз, сүйетіндер
арасында «Сахибул-Уәфа» адал деп танылған еді. Бұл
сез ол ұлы зат үшін, шүбәсіз, себепсіз айтылмаған.
Өйткені, Ол Хақ досы, барлық өмірін ерекше бір
адалдық пен шынайылық ескерткіші болып өткізген
бір көңіл көкжиегі, күндіздің күні, түннің айы еді.
Ол бір тура жолдың жұлдызы, арифтердің сұлтаны
еді.
Ол осы айтылған барлық адалдық көріністерін
көңілінде жинақтаған және де сол себепті «адалдық
иесі» деп аталуға лайық болған қауышу гүлі
еді. Қайтыс болғанына соншама уақыт өтсе де,
көңіліміздегі сағыныш жарасын бір сәтжаза алмады.
Керісінше, одан әрі күшейтті. Өйткені, оның шексіз
адалдыққа ие болған жан дүниесі бізге үнемі адалдық
байланысының, махаббат пен сүйіспеншіліктің ерек-
ше бір тәлім орны еді.
Аллаһ
(жәллә
жәләлүһү)
құлына
абырой-
лы қызмет атқару мүмкіндігін берген кезде, оған
бұл іске сай қабілет те береді. Міне, бұл жағынан
қарасақ, Мұса мырзаның бойындағы сырттай және
іштей кәмілдік жан-жақты көрініп түратын еді. Ол
өте ауыр және қиын бір оқиғалардың өзін ең төменгі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
309
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
шегіне дейін терең бір көрегенділікпен, түсінікпен,
байыптылықпен көретін.
Оның адалдық шуағында көрсеткен сирек гүлдер
қалампырлар, нәркестер мен сүмбұлдер, көңіл
бағымызға сән берген солмайтын ізгіліктер. Ондағы
Хаққа деген шынайылық - Кітап пен Сүннетті
ұстануы, жасаған қайырларында ата-баба аманаты-
на ие болу, туыстар мен достарға, тіпті достардың до-
старына деген жақын байланыс пен қарым-қатынас,
қор қызметіндегі қажырт.б. мыңдаған пәк халдер;
бізге «Әлмисақта» Раббыға берілген сөздің қалай
орындалатындығы турасында ең тамаша үлгілер еді.
Мұса мырзаның шексіз адалдық қасиеттерінің бір-
нешеуін былай көрсетуге болады:
Ол қоғамда опасыз, жалғыз тасталып, қайғысымен
жеке қалған ғаріп-қарт адамдарды қатты аяйтын:
«Біздің бұл ғаріптерді үйімізде қоныстандырып,
бағуымыз керек. Бірақ, бүған шамамыз келмейді. Олай
болса, бір қайырымдылық үйін (қарттар үйі) салуымыз
керек.»-деп, бірнеше жақындарымен бірге осы тамаша
ойды іске асырған еді. Кейде ғаріптерді зиярат етіп,
олардың қажеттілігін қамтамасыз ететін.
Оның көңілі ауладағы мысықтардың мінезіне дей-
ін жетіп, оларға сипаттарымен ат беріп, күшіктеріне
деген шынайылық пен мейірімдеріне қарай әрбіреуіне
бөлек қарайтын.
Мен әлі сәби кезімде маған қызмет еткен медбике-
ні елу бес жылдан кейін іздеп тауып, оған сый-сия-
пат, құрмет көрсеткеніне не дерсіз!..
Әсіресе, оның ұстазы Сами мырза Хазіретіне деген
адалдығы аңызға айналған. Айт күні алғашқы зия-
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
рат ететін жер, Сами мырзаның үйі болатын. Және
алғашқы құрбандарды сол үшін шалатын. Әсіресе,
оның ғазиз рухына хатым оқылуына дәнекер бо-
лып, жыл сайын дәруіштер тарапынан ұстазы үшін
оқылған он мыңдаған хатым, адал көңілін артығымен
риза ететін.
Қысқасы, ол бүкіл өмірін қамтыған іоқимылымен,
ұстанымымен бізге «сүйген адамның адалдығы қандай
болуы керектігі» үлгісімен Әбу Бәкір (радиаллаһу
анһу) сияқты бір ғашықтық пен махаббат мұғалімі
болды. Қазір барлық махаббат иелерінің міндеті - сол
ғашықтық пен махаббат патшасын баптаған адалдық
топырағында бір пайғамбар гүлі бола білу.
Аллаһ Тағала барлығымызға нәсіп етсін!
Аллаһым! Көңілімізге сол «адалдық иесінің» тама-
ша халдерінен нөсіп етіп, бізді салихтардың қатарына
қос! Амалдарымызға шынайылық пен адалдық бе-
ріп, барлығымызды Найм жәннаттарының мирас-
шысы ет! Ұрпағымыз бен өулетімізден тақуаларға
бас болатын көз нұры, көңіл қуанышы болатындай
урпақгар нөсіп ет! Барлығымызды Саған, Расулыңа,
өке-шешеге, туыстарға, барлық иман иелеріне,
Отанға, халыққа жөне басқа аманаттарға адал қыл!
Екі дүниеде де ризашылығыңа жеткіз!
Әмин!
310
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хақ Тағала достары Аллаһ Тағаланың
сүйіспеншілігі мен махаббат көрінісіне ие
болғандықтан, микроскоптың астындағы
қағаздың жанғаны сияқты, оларда нәпсінің
әуестіктері жоқ болады. Осылайша нұрлы
жаратылыс
күшіне
айналғандықтан,
басқа адамдар да еріксіз олардың нұрлы
көріністеріне ереді (бой алдырады).
¬ëã³ë³ á³ð èìàí èåñ³ áîëó
312
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
¬ëã³ë³ á³ð èìàí èåñ³ áîëó
Аллаһ (жәллә жәләлүһү) құлдарын тура жолға салу
үшін олардың ішінен көркем мінез бен дара тұлғаға ие
салих адамдарға бағыт беру міндетін жүктеу арқылы
құлдарының бақыттылыққа жетуіне жәрдем етеді.
Адам жаратылысынан көркем мінез бен ерекше
тұлғалыққа ұмтылады. Яғни, ол хақ пен ақиқатқа бет
бұрғызатындай және рухани тәрбиесінде ақылы мен
кеңіліне әсер ететіндей нақты іс жүзіндегі бір үлгіге
мұқтаж. Сол үшін Аллаһ Тағала тек кітап қана емес,
сонымен бірге адамзатқа жол көрсету үшін оларға
жан-жақты әсер қалдыратын дара тұлғалық пен
көркем мінезге ие адамдарды, яғни пайғамбарларды
жіберіп, олардың ізін басатын әулиелерді сыйлаған.
Пайғамбарлар мен әулиелер, ұлы тұлға болғаны сон-
ша жаман бір қасиетті дұшпандарының өзі оларға
жарастырмаған. Солардың арқасында қаншама адам
хақ пен ақиқатқа бет бұрып, иман ету абыройына
жеткен. Сондай-ақ сахабалар да Аллаһ Расулының
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жанды Құран түріндегі
ерекше тұлғасы мен мінезіне қайран қалып, иман ет-
кен және оның айналасына сап түзеген. Қыз балала-
рын тірідей көмген жартылай жабайы адамдар жоқ
болып, олардың орнын Ислам тарихының ең жоғарғы
шыңына жеткен ерекше тұлғалар басқан.
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
313
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Сондықтан иман, ықылас пен тақуалық жолындағы
мүминнің ең маңызды сипаты Пайғамбарына лайық
бір тұлғаны қалыптастыру болуы керек. Осындай
қасиет пен ерекшелікке ие болған мүминдер бейне бір
һидайят магнитіне айналады. Ал бұлардан құр алақан
қалғандар парқына бара алмай, һидайяттағылардың
өзін бездіретін және жолдан тайдыратын бір рөлге
ие болады. Бұл ақиқатты Хазіреті Мәуләнә былай
әңгімелейді:
«Баязид Бистами Хазіретінің кезінде отқа та-
бынатын біреу бар еді. Бір күні иманды бір адам оған
былай дейді:
«Мұсылман болып, бақытқа жетсең қайтеді;
абырой мен ұлылыққа қол жеткізсе». Отқа табына-
тын адам оған былай деп жауап береді:
«Ей, менің бақытқа жетуімді қалаған адам!
Қаншалықты аузымда мықты бір мөр болса да,
яғни иманымды ашық айта алмасам да, жасырын
түрде мен Баязид иман еткенге иман келтіргенмін.
Өйткені, онда ерекше бір көркемдік пен үлкен бір сыр
бар. Мен әлі дінге, иманға толық көңіл бергем жоқ,
бірақ оның иманының ұлылығына қайранмын. Ол
бәрінен өзгеше, нәзік рухты, сыпайы, пәк, нұрлы, өте
үлы өнегелі адам».
Жоқ, мені шақырган иман сенің иманың бол-
са, онда, мен ол имаңда емеспін... Өйткеніменің
сендердегіиманға қалауымда, бейімділігім де жоқ.
Себебі, бір адамның көңілінде иман етуге жүздеген
қалауы болып, иман еткісі келсе, сенің каттылығың
мен қаталдығыңнан беті қайтып, көңілі суиды.
Сөйтіп, ондағы иман ету қүштарлығы да әлсірейді.
314
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Өйткені ол, сізден Ислам атынан жасалынған
мағынасыз бір іс пен, бейне бір қүрғақ пішін көреді.
Бұл сусыз шөлге гүл, жеміс-жидек өсіретін қүнарлрі
жер көзімен қараған сияқгы ғажайып әрі мағынасыз
нәрсе.
Меніңше, иманның барлық тартымдылығы мен
нұры Баязидтің иманында бар. Оның иманының бір
зәрасі бір тамшыға тамса, ол бір теңізге айналады.
Сіздің иманыңыз болса, қабықтың ішінде
болғандықган рия мен көрсетушілікке тәуелді.
Өткінші бір сенім, жағымсыз дауысты, рухсыз
азаншы сияқты, сүйдірудің орнына алыстатады.
Яғни, сіздің иманыңыз гүл бағына кірсе, тікен болып
гүлдерді солдырады.
Бірақ, Баязид Хазіретінің иман күні сол мүбәрәк
рухының нүрлы аспанында туып, осы әлемге сәуле
шашса, бұл мәнсіз дүние, сонау жердің ең түбіне
дейін асыл тасқа айналып, жәннат болады,
мүминдердің көңілдеріде фәйіз көзіне айналады. Сол
үшін Баязидтің иманы мен сенімі менің көңілім мен
жанымда иманға деген шексіз қалау, ынтықтық
пен сағыныш тудырады...»
Міне, Баязиди Бистамидің бір отқа табынушыға
әсер еткен ұлы тұлғасы дінді уағыздайтын адам үшін
бір ғибрат көрінісі!
Сол ұлық Аллаһ досы осы тұлғалықты не арқылы
құрды? Шүбәсіз, Аллаһ пен Расулыға деген ма-
хаббатпен, байланысгіён, Жаратушының көзімен
жаратылғандарға
қарау
тәсілі,
яғни
«Аллаһ
жаратқаны үшін мейірімнің» көрінісіне ие болу
арқылы... Мына мысалдар да Хақ досы Баязидтің
кеңіл әлемін көрсетуінде өте ғибратты:
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
315
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Баязид Бистами (құддисә сирруһ) бір сапар ке-
зінде ағаштың астында аздап дем алған соң, жолын
жалғастырады.
Жолда келе жатып, дем алған жерден қоржынына
шығып кеткен бірнеше құмырсқаның жүргенін
көреді. Оларды мекендерінен айырып, жырақта өмір
сүргізбеу үшін соншама жолды қайта айналып, дем
алған жерге келіп, құмырсқаларды бұрынғы жеріне
тастайды.
Баязид Бистами кейбір сәттерде иләһи махаббат-
тан сезімталданатындығы соншалық, Жаратылушы-
сына құрметтен бүкіл жаратылыстың әр біреуінің
қасіретін сезетін.
Бір күні көз алдында адамдар бір есекті ұрғаны
соншалық, жануардың арқасынан қан саулады. Сол
кезде Баязид Бистами Хазіретінің де балтырынан
қан аға бастады...
Бұл жағдай, Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) мына бір көркем ахлағының бір
көрінісі:
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) Мәдинада, қүрма бақтарының ішінде дем
алып, тәфәккүр ету үшін Әнсардан бір сахабаның
бағына барды. Сол жердегі бір түйе Расулуллаһты
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көрген кезде боздап,
адам сияқты жылап, көздерінен жас ақты. Хазіреті
Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да түйеге
жақындап, көзінің жастарын сүртті, сипап, жануар-
ды тыныштандырды. Сосын түйенің иесіне:
«Аллаһтың саған мүлік етіп берген бул түйе
хақында Аллаһтан қорықпайсың ба? Қара, бұл
316
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
маған шағымданып тұр. Сен мүны ашықтырып, көп
жүмысқа салып, шаршатыпсың» - деп ескерту жаса-
ды.
(Әбу Дәуіт, Жиһад, 44)
Осы сияқты Пайғамбар ахлағын бойына сіңірген
Баязид Бистами сияқты адамдар жүрегі тазарған
пәк көңілге ие болғандықтан әр бір жағдайда Хазі-
реті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ізімен жүреді. Сондықтан олар және олардың ізімен
жүргендер де әрбір халімен жеке үлгілі мүминдер.
Күлімсірегендері көктем мезгілі сияқты, көңілге
шаттық пен самал әкеледі. Нұрлы жүздері де үнемі
Аллаһты еске салады. Өйткені, олар Аллаһ Расулы-
нан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үнемі нәр мен
фәйіз алады. Мына мысал осы нәр мен фәйізді тама-
ша білдіреді:
Хазіреті Мәуләнәнің мүриді Гүржү Хатунның
сардар күйеуі Қайсәрие қаласына тағайындапады.
Гүржү Хатун Селжүк сарайының мәшһүр суретшісі
әрі сәулетшісі Айнуддәуләні жасырын суретін сызып
алып келуі үшін Хазіреті Мәуләнәға жібереді. Сурет-
ші ғапылдықпен алдына барып, Хазіреті Мәуләнәға
баяндайды. Ол күлімсіреп:
«Саған бұйырылған нәрсені қалағаныңша орын-
да!» - дейді. Суретші суретін сала бастайды. Бірақ,
алдындағы бейненің сызған суретімен байланысы жоқ
басқа бір сипатқа ие болғандығын байқап, қайтадан
сала бастайды. Осылайша Хазіреті Мәуләнәның
суреті салынған кезде бет бейнесін жиырма рет
өзгерткендігіне куә болады. Әлсіздігін түсініп, бұл
істен бас тартуға мәжбүр болады. Өйткені, өнері өз
сызғандырының ішінде жоқ болады.
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
317
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Бұл оқиға суретшіні оятып, таң қалып, үрейленіп,
терең ойларға батырады, ғайып әлемінің кезбесі ете-
ді. Осы халде суретші өзіне:
«Бір діннің өулиесі осындай болса, кім білсін,
пайғамбары қалай болатындығын?» - деп, Хазіреті
Мәуләнәның қолын сүйеді.
Тағы бір мысал:
Марқұм Сами мырза Хазіреті мен қасындағы
марқұм әкем Мүса мырза (қүддисә сирруһ) бірге Бур-
садан Ыстамбулға қайтып келе жаттық. Яловада
автокөлік кемесіне міну үшін көлігімізбен кезекке
тұрмақ болдық. Көліктердің ретсіздігіне жол бермей,
ретпен кезекке түруын қадағалайтын қарапайым
бір қызметші біздің көлігімізге де орын көрсетіп жа-
тып, көзі артқы жақта отырған Сами мырза мен Мүса
мырзаға түсті. Таңдана кідіріп, жақындап келді.
Көліктің терезесінен ішке абайлап қарады да, терең
бір күрсініп, былай деді:
«Аллаһ, Аллаһ, қандай ғажайып дүние! Кейбір
жүздер періште сиякты... Кейбір жүздер Нәмрут си-
якты...»
Бұл хал, шүбә жоқ, әріпсіз, сөзсіз, тек көрінісімен
ғана Аллаһқа шақырудың ең тамаша бір көрінісі.
Бір мүмин ретінде біздің міндетіміз де, осындай
бақытты салих құлдардың кеңіл әлемінен үлгі мен
фәйіз алып, түлғалығымызды қалыптастыру. Әсіресе,
адамдардың алдыңғы қатарында жүргендердің бұл
мәселеге, яғни һидайят магниті бола алатындай, үлгілі
мінез бен қасиетке көбірек көңіл бөлуі шарт. Өйткені,
көліктің артқы доңғалағының алдыңғысының ізін
318
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
басқаны сияқты, адамдар да алдындағы енегесіне
қарай қалыптасып, өмір сүреді.
Әлемдік
тәртіптің
жалғасуы
мен
ахлақи
жаратылыстың бабы тек ирфанмен, яғни рухани
тереңдікпен болады. Салих адамдар бір мемлекеттің
бақыттылық пен шаттық көкжиегіндегі рахмет
күні. Ғапыл адамдар болса, қараңғылық пен түннің
шүңқырлары. Ахмет Жәудәт Пашаның мына баяны
осы ақиқатты өте айқын түрде көрсетеді:
«Әмәуи халифасы Уөлид бин Абдулмәлік жаңа
салынған ғимараттар мен егінжайларға қызығатын.
Адамдардың да назары ғимарат пен егінжайға ауды.
Жиналыстар мен мәжілістерде үнемі ғимарат пен егін-
жай жайлы сөз болды. Сүлеймен бин Абдулмәлік бол-
са, нәпсі қүмарлыққа бейім, харам өмір мен тамаққа
қүмар еді. Оның заманында әшекей, ойын-сауық,
атақты тойлар, нәпсіқүмарлық, әуесқойлықтар ба-
сым болды. Ойын-сауық сол кездің сәніне айналды.
Омар бин Абдулазизге келер болсақ, бұл үлық ха-
лифа, құлшылыққа құмар және зәһид еді. Оның ке-
зінде де халық ғибадат пен құлшылыққа бет бұрды.
Мәжілістерде:
«Бүгін түнде қандай дұға оқыдың, Құран Кәримнен
қанша аят кәримә жаттадың, осы ай қанша күн ораза
үстадың? (қанша ғаріп пен жетімдерге кемектестің?)»
деген сияқты рухани хал-жағдай сұрасулар болды...»
(Қисаси Әнбия уә Тауарихи Хулефа, I том,717б)
Кәміл
тұлғалардың
адамдарға
осыншалық
жағымды әсері, шүбә жоқ, олардың жарықтың ай-
наласында үшқан көбелек сияқты Жаратушы махаб-
батына толы болуы. Сондықтан Жаратушы -олардың
көретін көзі, еститін құлағы.
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
319
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Яғни, Хақ достары Аллаһ Тағаланың сүйіспеншілігі
мен махаббатына ие болғандықтан, микроскоптың
астындағы қағаздың жанғаны сияқты, нәпсінің
әуестіктері олардың күшін жояды. Осылайша нүрлы
тартылыстың оралығына айналғандықтан, басқа
адамдар да еріксіз олардың нүрлы қасиеттеріне тәнті
болады. Бірақ олар фәни ілтипат пен байланыстардың
қармағынан ездерін құтқарғандықтан, тәкаппарлық,
менмеңдік пен мақтаншақтық сияқты жағымсыз
қылықтардың иіріміне түспеуге тырысады.
Олардың барлық мақсат-мүраты - Аллаһтың
ризашылығы. Сол себепті аз бен кептің, суық пен
ыстықтың, байлық пен кедейліктің, яғни фәни
мәнсаптар мен жасанды жағдайлардың олар үшін
ешбір айырмашылығы жоқ. Өйткені олардың бәрі
жоқ болатын көлеңке ғана.
Ол бақытты жандар әрбір сәттерін тәсбихпен
өткізіп,
өздерін
үнемі
бақылауда
ұстайды.
Басқалардың кемшіліктері мен оғаш қылықтарына
көз жүмады.
Дүниенің өткінші сұлулығына көңіл бөлмей,
дүниеден аулақ өмір сүргені үшін кейде басқалар та-
рапынан сынға ұшыраса да, аят кәримәде айтылғаны
сияқты:
�ً�ْ�َ� ِضْرَ�ْا �َ�َ� َن� ُ�ْ�َ� َ��ِ���ا ِ�َ� ْ����ا ُد�َ�ِ� َو
�ً�َ� َ� ا�ُ��َ� َن�ُ�ِ�� َ�ْ�ا ُ�ُ�َ�َ�� َ� اَذِا َو
«Рахманның құлдары жер бетінде абыроймен
жөне қарапайымдылықпен жүреді, надандар оларға
320
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
(ұнамайтын) сөз айтқан кезде «сәлем» деп, (өтіп ке-
теді)».
(Фұрқан сүресі 63)
Дүние осындай құлдарға қызмет етіп, мойынсұну
әмірін алған.
Хадисте былай делінеді:
«Кімнің уайымы ақыреті болса, Аллаһ оның
байлығын жүрегіне қояды, ісін бытыраңқылықган
сақгайды, дүние оған мойынсунады. Егер кімнің
қайғысы дүние болса Аллаһ пақырлықты оның көз
алдына әкеледі, оны шаршатады, дүниеденде оған
текжазылғаны беріледі».
(Тирмизи, Сифатул-Қияме, 30)
Ұлы адамдар сондай кәміл ахлақ пен жаратылысқа
ие болғандықтан (Аллаһ үшін болғаннан басқасы) еш-
кімді ренжітпейді, ешкімге де ренжімейді. Олар:
َ�ْ�َ�ْ�ا َ��ِ�ِ��َ�ْ�ا َو ِءا�� ���ا َو ِءا�� ���ا �ِ� َن�ُ�ِ�ْ�ُ� َ��ِ���َا
َ��ِ� ِ� ْ�ُ�ْ�ا �� ِ�ُ� ُ�ا َو ِس����ا ِ�َ� َ��ِ��َ�ْ�ا َو
«Ол (Тақуалар) молшылыкта да таршылықга
да Аллаһ үшін қайыр береді, ашуларын баса ала-
ды жөне адамдарды кешіреді. Аллаһ та (осылай-
ша барлық жағдайлар мен ғибадаттарында) ізгілік
жолаушыларға сүйіспеншілікпен қарайды»
(Әли Им-
ран сүресі 134)
иләһи баянының сырына сай өмір сүреді.
Хазіреті Жафар Садық үстіне тамақ төккен
қызметшісін осы аяттың мағынасына сай кешір-
ген, тіпті оны азат етіп, ізгілік істеген. Хасан Басри
Хазіреті де өзін ғайбат еткендерді кешіріп, оларға
сыйлықтар жіберіп, жақсылық жасау арқылы олар-
ды тәрбиелейтін.
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
321
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Осы Ислам ұлыларының ізгі қасиеттерінен үлгі
алған Юнус Әмре Хазіреті қандай жақсы айтқан:
«Ораза, намаз қажылықпен арманыма жеттім
деме ей, зәһид, Кәміл адам болу үшін ләзім болған
парасаттылық екен!»
Қысқасы, барлық адамзатқа үлгілі иман иесі болған
салих құлдар, барлық жағдайда жаратылғандарға
мейірім, ізгілік, жақсылық және Жаратушыға
да жасырын бір ғибадат халінде болады. Олардың
әрбір демі - тәсбих. Олармен сұхбаттасқандар иләһи
ләззат алып, шабытпен өмір сүреді. Өйткені, ол қас
құлдардың көңілдері Мұхаммеди шабытқа толы
болғандықтан, алдындағы адамдарға қабілеттеріне
қарай талай рухани нәсіп пен фәйіздер ұсынады.
Сондықтан да Хақ достарын пайдалану үшін
олармен дүниеде бірге болумен қатар, мәңгілік
әлемге көшкенде де бірге болу жайлы Аллаһ Расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дейді:
«Өлгендерді салих адамдардың арасына көмің-
дер».
(Дәйләми, Мүснәд, I, 102)
Аллаһ Тағала ол салих құлдардың жақсы қасиеттері
мен абзалдықтары үшін қайтыс болғаннан соң де-
несін топыраққа жегізбейді. Жәбир бин Абдуллаһ
(радиаллаһу анһу) былай дейді:
«Ұхұд соғысының алдындағы түні әкем мені
шақырып:
«Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сахабаларынан алғаш шейіт болатын адам мен
шығармын деп ойлаймын. Расулүллаһтан (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) кейін мен үшін артта қалатын ең
322
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
қымбат адам - сенсің. Қарыздарым бар, оларды өте.
Бауырларыңа үнемі жақсы қара!» -деді.
Таңертеңінде Ұхұдта алғаш шейіт болған адам
әкем еді. Зәрушіліктен тағы бір шейітпен бірге оны
бір қабірге жерледім. Сосын оны басқа біреумен бір
қабірде қалдыруды ішіме сыйғыза алмадым. Алты
айдан кейін оны қабірден шығардым. Қарасам,
құлағының жартысынан басқа барлық денесі оны
қабірге қойған күйі бүрынғы қалпында. Сосын
жалғыз өзін басқа қабірге көмдім.
(Бұхари, Жанайз, 70)
Мінеки, салих мүминнің ғибратты және жоғары
халі!
Осы жағдайға орай, жақын уақытта болған бір
мысал: Адана қаласында тұрған, дүрыс жолдағы
қари бір азаншы бар еді. Аллаһ досы Махмұд Сами
Рамазанұлы (құддисә сирруһ) Аданада осы қасиетке
ие қайтыс болған бір қаридың 30 жылдан кейін жол
салу керектігі үшін қабірді басқа жерге көшірмек
болып ашқандығын, бірақ ол адамның денесінің еш
бүзылмағандығын, тіпті, кебінінің өзі сол қалпында
түрғандығын куә ретінде баяндаған еді.
Ислам тарихында осы және осыған ұқсас риуаят-
тар мен болған жайттар өте көп. Бұлар ғибрат, иршад
пен ескерту үшін жасаған Аллаһ Тағаланың кейбір
салих құлдарындағы ерекше көріністері.
Әйтпесе барлық адамдар сияқты, салих құлдар-
дың денелері де топырақ болады. Кейбір салихтар-
дың өлгеннен кейін денелерінің шірімеуі сияқты
иләһи сыйлар Аллаһ Тағаланың хикметке байланы-
сты ұлы қүдіретіне тән мәселе.
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
323
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Ең маңыздысы, мәңгіліктіңтабысы, ол, біржағынан
осындай ұлы тұлғалар сияқты болуға тырысу, екінші
жағынан, балаларымызды салих адам етіп тәрбиелеу.
Хадисте былай делінеді:
«Аллаһ Тағала, жәннаттағы салих кулының
дәрежесін көтереді, қайран болған құл: «Уа, Рабби,
бұл дәреженің көтерілуі маған қандай себеппен бе-
рілді?»-деп сұрайды. Аллаһ Тағала: «Балаңның саған
жасаған истиғфары мен дұғасы себебінен...»,- дейді».
(Ахмед бин Ханбал, II, 509; Ибн Маже, Әдеп, 1)
Бұл мәселеге байланысты тағы бір хадис мына-
дай:
«Адам өлген кездө барлық амалдарының сауабы
тоқгайды. Бірақ, мына үш нәрседен басқасы: Кдйыр
садақа (ізгі іс), пайдалы ілім, соңынандұға ететін-
салихбала...»
(Муслим, Уасият, 14; Тирмизи, Ахкам, 36)
Рухани көңілмен өмір сүру жер бетін жәннәтқа ай-
налдырады. Аллаһтың рахметі мен сыйы тақуаларға,
Мұхаммеди махаббат пен Мұхаммеди кектем аясын-
да өмір сүру, дүние өмірінің бақыттылық шыңы,
мәңгілік бақыттылықтың бастамасы. Оған үмбет
болу қасиетін сақтай білу және оның ізімен жүру -
өмір бойғы міндетіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |