Махамбет Өтемісұлы шығармалары



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата10.01.2017
өлшемі1,82 Mb.
#1603
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Үй иесі: 
Қай ру екенімді не қыласың, құда болайын 
деп пе едің, танысаң Адайыңмын, танымасаң 
құдайыңмын! Бар, жолыңнан қалма, – дейді.
Шернияз:
–  Мен саған не қылайын Адай болсаң, 
Үйіңнен шай берсейші олай болсаң. 
Жылқыңның өлімтігі иттен де көп, 
Жылқыңды неге өлтірдің құдай болсаң. 
Тарыдай талқаныңды шығарыпты, 
Құдаймен аз ғана күн сыбай болсаң, – дегенде, үй иесі 
жолаушының  Шернияз  екенін    сөзінен  байқап  қалып, 
кешірім сұрап, қонақ етіпті. 

Шернияз  Жарылғасұлы
227
ШЕРНИЯЗДЫҢ РҰҚСАТ СҰРАУЫ
Шернияз қоналқаға бір үйге келіп, рұқсат сұрайды.  
Үй иесі:
– Үйімде кісі бар, ана үйге барып қоныңыз, – деп келесі 
үйді сілтейді.
Шернияз:
–  Қарағым-ай,  өз  үйіңе  келіннен  батып  кісі  қондыра 
алмай тұрып, ана үйге барып қон дейсің. Ол үйге үкімің 
жүретін  болса,  мына  кісіні  қондыр  деп  қолыңнан  бір 
жапырақ қағаз бере қойшы, – дейді.
Үй иесі:
– Өзіңіз кім боласыз? – деп сұрайды.
Шернияз:
–  Өзіңнің  қондыратын  адамдарың  бар  шығар,  атап 
көрші, мен сол адамдарыңның бірі болармын немесе со-
ларды танитын болармын, – дейді.
Үй иесі:
– Өзіңізді айтыңыз, – деп оған да көнбейді.
Шернияз:
– Жаз жайлауым сұрасаң,
Тайсойған, Бүйрек арасы.
Қыс қыстауымды сұрасаң,
Жем, Сағыздың саласы.
Жер шамасын сұрасаң,
Ара қонып келеді

Шернияз  Жарылғасұлы 
228
Жүк салған жолмен қалашы.
Майлыбай Кете ұраным,
Шернияз ақын мен едім,
Жарылғас бидің баласы.
Тап осылай демесем,
Қондыратын емес қой,
Мынау үйің шамасы.
Көліктің басын, бала, бұрсайшы, – дейді. Үйде мұны 
естіп  отырған  адамдар  сыртқа  жүгіре  шығып,  ақынды 
көліктен түсіріп, құрмет көрсетеді. 

Шернияз  Жарылғасұлы
229
ШЕРНИЯЗ БЕН САУДАГЕР АҒАСЫ
Шернияз  Баймағамбет  деген  бір  саудагер  ағасының 
үйіне келсе, ағасы:
–  Қайдан келесің? – деп сұрайды.
Шернияз:
–  Қайып  деген  ағамдікіне  келіп  едім,  ғайып  болды. 
Мұқан  дейтін  молламыз  жайнамазын  жимай,  жайып 
қойды. Үмітәлі деген бір тәуір баласы бар еді, үйінде жоқ 
болды, сосын амалсыздан аяңдап, сізге келдім, – дейді.
Ағасы сауда жайынан басқа әңгіме айтпаған соң, Шер-
нияз:
–  Саудагердің арманы – қымбат сату, 
Бүгін беріп, ертең ұту, 
Іші жібімейтін қату, – деп шығып кетеді.

Шернияз  Жарылғасұлы 
230
ШЕРНИЯЗ БЕН МОЛЛА 
Шернияз бір молланікіне келсе, түсірмейді, келесі үйге 
барып  түседі.  Мал  сойылып,  асқа  молланы  шақыртады. 
Молла келген соң, Шернияз:
– Манағы молла сен бе едің,
Қалай келдің елбеңдеп?
Кетіп едім мен сені 
Енді қайтіп көрмен деп. 
Құдайдың үйін қызғанып, 
Жүрмісің, шайтан, өлмен деп. 
Қонақтық саған не керек, 
Тері жимай телмеңдеп. 
Құраның тамақ болса егер, 
Жұта бермей шеңгелдеп, – дейді.
Молла кешірім сұрап, ертеңіне Шерниязды қонақ етеді.

Шернияз  Жарылғасұлы
231
ШЕРНИЯЗ БЕН БАЯНАС
Шернияз екі көпес ноғаймен келе жатып Баянас деген 
байдың үйіне түседі. Баянас мал соймай, ет аспай, көже 
істеп, қонақтардың алдына қояды.
Шернияз:
– Біз сізді іздеп келдік Баянас деп, 
Бай айтар бәйбішеге, «жаяны ас» деп. 
Ішінде осынша ауылдың таңдап түстік,
Үйінде бары болса аямас деп.
Быламық суымаса сапырайын, 
Тік қойып қасығымды батырайын. 
Мыналар ноғайсынып ішпей отыр,
Мен өзім атам қазақ жапырайын, – деп   ұрттап 
қараса, құмаршық көже екен.
Шернияз:
– Тары мен бидай болса бөгер едім, 
Қорықпасам обалынан төгер едім. 
Болды да нардың сүті жаны қалды, 
Қатығы басқа болса сөгер едім, – дейді.
Баянас  Шернияз  екенін  біліп,  кешірім  сұрап,  мал 
сойып, екі күн қонақ етеді.

Шернияз  Жарылғасұлы 
232
БАЙСАҚАЛ БИДІҢ ҮЙІНДЕ
Шернияз ел қыдырып жүріп, бір үйде түстеніп отырған 
Байсақал бидің үстіне асқа келеді.
Асты қызғанған Байсақал:
–  Шернияз, ақкөзсің-ау, бұйырғанды да, бұйырмағанды 
да жейсің-ау, – дейді.
Шернияз:
– Асқар тау – жердің панасы,
Түбінде болар саясы.
Шариғатты білмеген
Көкірегіңнің қарасы.
Шыр етіп, жерге түскен соң,
Шашылған ризықты термеске
Пенденің бар ма шарасы, – дейді.
Сөзден жеңілген Байсақал:
–  Әншейін  сөздің  кілтін  ашайын  деп  едім,  жоғары 
шық, – деп, Шерниязды төрге отырғызады.

Шернияз  Жарылғасұлы
233
ШЕРНИЯЗДЫҢ  ЕМЕУРІНІ
Исатай мен Махамбетке жолдас болып жүріп, Шерни-
яз отызға келгенше, үйленбейді. Исатай  мен Махамбетке 
арқа сүйеп, бір байдың қызымен айтысып отырып, алып 
қашуға сөз байласады. Бірақ жарамды ат-көлігі болмайды. 
Сонда сыртта тұрған жолдасына байдың кермеде тұрған 
құла аты мен кісенді тор атын алып жолға шыға бер деп 
Шернияздың жұмбақтап айтқаны:
– Торыны жолға салып айдағанмын, 
Құланы сақал талға байлағанмын. 
Кісеннің сықырлаған дыбысына, 
Оны да сары маймен майлағанмын, – дейді.

Шернияз  Жарылғасұлы 
234
«ҚОНАҒЫМ...»
Бір күні Шернияздың әйелі қыдырып кеткенде,]үйіне 
қонақ келеді. Қызы үйінде қойдың сан еті болмаған соң, 
мол етіп қол етін асады. Қазақта қадірлі қонаққа қойдың 
қол етін аспайтын әдет те болыпты. Қонақ көңілі толмай 
күңкілдеп:
– Шернияз байғұсқа жөн білетін бала да бітпеген екен, 
– дейді.
Естіп қалған Шернияз: 
– Қонағым, бала білмей қол асыпты, 
Асса да бала қолды мол асыпты. 
Дүнияға қолдан бұрын сан келмейді, 
Қолды асып, бала саған жол ашыпты, – дейді.
Қонақ не дерін білмей, табаққа қол салыпты. 

Шернияз  Жарылғасұлы
235
ШЕРНИЯЗ БЕН МҰРАТТЫҢ КЕЗДЕСУІ
1863  –  жылы  Ойылда Шернияз бен Мұрат кездесіп 
қалады.  Жұрт  айтыстырмақшы  болады.  Айтыспақ  ойы 
жоқ Шернияз:
–  Мұрат інім, сені жаңа көргенім, 
Кеш көруім – өзің іздеп келмедің, 
Үлкен деп сәлем бермедің. 
Өткен жыл Ойылдың базарында, 
Екі күн іздеп таппадым,
Бірақ жоқ еді саған бермегім, – дейді.
Сөз төркініне түсініп қалған Мұрат:
– Кешіріңіз, аға, –  деп қолын алады.
Сол күнде Шернияз 56, Мұрат 20 жаста екен.

Шернияз  Жарылғасұлы 
236
VІІ. ТАБЫН ҚЫЗБЕН АЙТЫСЫ 
Шернияз:
– Жатады жайын шөгіп терең сайда, 
Шөп шығар терең сайдан буда-буда. 
Кейбірде желді жігіт шыдамайды, 
Осындай алқалаған ұлы дуда.
Ақсұңқар асыранды құс алмаған, 
Қатқақты қалың ылай ылайлаған. 
Біз-дағы топты көрген жүйрік едік, 
Намысқа, сөзге шыдап тұра алмаған. 
Жиналған үлкен, кіші, жақсы ағалар, 
Бір бала келді ортаңа сыналмаған.
Жақсылар жөн сілтейді жөнін тауып, 
Жүйрік ат сүре шабады жерді қауып. 
Баласы мен Әлімнің ен-таңбалы, 
Барамын жөнге қарай жалғыз шауып.
Сөз айттың әңгімелей сөзді құрап, 
Орамал жолдық алдың сөзбен сұрап. 
Қызыл жел қыз аузында бар дегеннен, 
Дауысым зордан шығады қорқыңқырап. 
Атағың алты Алашқа жайылған қыз, 
Отырсың әлі күнге неғып шыдап?
Қыз:
Жігітсің өзің сері, елің алыс, 
Болыпсың серілікпен елге таныс. 
Манадан сөзге шыдап отыр едім, 

Шернияз  Жарылғасұлы
237
Намысқа шыдатпаған сөзің шалыс. 
Дұшпанға өзі ұрынған үндемесең, 
Кісіге, үлкен аға, болар намыс.
Қабығы қалың болар қара талдың, 
Қонысы су аяғы қара малдың. 
Жырынды көпті көрген, жүйрік жігіт, 
Сөз сөйлеп бір-екі ауыз жолдық алдың.
Желденбе, желді жігіт, жел қабарсың, 
Сөзіне қыздың айтқан арланарсың. 
Бұл Табын өлең баққан ел болады, 
Пәлеге, аңдап сөйле, жолығарсың.
Шернияз:
– Сен болсаң пәлелі қыз жолығайын, 
Несіне пәле екен деп қорынайын. 
Сен емес менің, сірә, көрген жауым, 
Құдайдан жолықтырған айналайын.
Ақырсаң арқам қызар дауысыңа, 
Келген соң өзің іздеп дабысыма. 
Жел сөзбен табанымды тайдырған соң, 
Жетіліп жел аяңдай шабысыңа. 
Сырғисың аққан судай ағызам деп, 
Тұрайын қарсы қарап ағысыңа.
Қыз:
– Құдеке, тағы келді кезек сөзге, 
Қиырдың қылаңындай келдік кезге. 

Шернияз  Жарылғасұлы 
238
Сұраған аты-жөннің айыбы жоқ, 
Айтсаңшы аты-жөніңді енді бізге?
Шернияз:
– Ауылдың ақсақалы батыр, бегім, 
Жаманға теңдік бермей қағып жедім. 
Сұрасаң аты-жөнім мен айтайын, 
Көшпелі ел, руымыз Кете дедім.
Қыз:
– Анттасқан айырмайды ақ батасын, 
Әуелі әзіл айттың сөздің басын. 
Нанасың алдағанға, тәңір алғыр, 
Аламын таңдап өзім жігіт жасын. 
Қасыңа жақындасам исің жаман, 
Өртеңгір, насыбайды неге атасың?
Есірме, есті жігіт, есің танғыр,
От жанып сақалыңнан күйіп-жанғыр. 
Сен өзің ел қыдырып жүргеніңде, 
Сүйегің құба жолда қурап қалғыр.
Шернияз:
– Өзіңе болсын енді қарғағаның, 
Жігіттен болсын сенің бір ажалың. 
Райдан тәуір көріп қайтып едің, 
Бояудай шамшыл өзің айнығаның.
Арқаның қалың болады қара талы. 
Қара отқа семіреді қырдың малы. 
Алашқа аты шыққан бір қыз десем

Шернияз  Жарылғасұлы
239
Нағыздың өзі екенсің айнымалы. 
Қызбын деп әлде қандай бола берме, 
Сендей қыз қажеті жоқ қолаңсалы.
Қыз:
– Шай, шекер менің асым, жегенім бал, 
Берейін бес қалампыр, аузыңа сал. 
Өзіңше сен де бізді кемітесің,
Беу жігіт, теке сасып, әдіре қал!        ‘
Шернияз:
– Апыр-ай, сөзі қалай ақылсыздың, 
Ашуы жылдам келеді жаман қыздың. 
Атағың алты Алашқа жайылған қыз, 
Сен емес көрген жауы, сірә, біздің. 
Алашқа атың шыққан бір қыз десем, 
Нағыздың өзі екенсің көргенсіздің.
Қыз:
– Жоғары көтерілген біздің талай, 
Әнекей ашулансаң сөзің солай. 
Сөзіме ашулансаң еліңе кет, 
Барында аттың қоңы жеріңе жет.
Шернияз:
– Мінгенім астымдағы қалың сауыр, 
Мінсем де жайдақ ерсіз болмас жауыр. 
Кетермін тәңір айдаса мен еліме, 
Бола ма атым өлсе саған ауыр?

Шернияз  Жарылғасұлы 
240
ЖАНТӨРЕ БИ МЕН ШЕРНИЯЗ
1860-жылдар шамасында Шернияз ақын ар жақтан бер 
жаққа  келгенде,  Қызылғұрт  Жантөре  биге  қарсы  болып 
айтқаны:
Иә, би ата!
Кешегі қарашаға сұлтан күлгенде,
Хан тағына мінгенде,
Он сан ноғай бөлгенде,
Ормамбет би өлгенде,
Атаң қонған үш құмға,
Қырық сан ноғай, мың байтақ,
Үш айырылып кеткенде,
Нұраға түсте ортқанда,
Томсарып тұмнан озғанда,
Мұсаның ұлы Берсидақ,
Ақыл таппай жасқанды,
Ел Есілге кіргенде.
Енді барып біз қондық,
Еділ деген қияға,
Атан қомдап, жүк артып,
Аруанаға күш артып.
Алты арба күлте алып,
Орақ - Мамай болған күн.
Түйесі боздап, иті өліп,
Инузбай машақ қонған күн.
Еркіндеп ерлік ете алмай,
Ер мүсәпір болған күн, – депті.
Жантөренің жауабы:

Шернияз  Жарылғасұлы
241
Ағашта Нарын үш өзен, 
Алша Есмайыл ханның жұрты екен. 
Хандар шыққан Сарайшық, 
Қызыл Өпшек, Бес тамақ, 
Балталы Барақ ханның жұрты екен.
Ертістің басы Қара дөң,
Ол Шыңғыс ханның жұрты екен.
Әдермақтың Алатау,
Алшағырұлы Телорақтың жұрты екен.
Тана деген терең су,
Ол алаңғасар Алабектің жұрты екен.
Асшалы тоғай ала бас,
Ақ сарай әлі де боз ағаш.
Ол Барабас ханның жұрты екен.
Бүлдіргені жүректей,
Баттауығы білектей,
Баттауығына шөккен түйе көрінбес,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Мұнарасы күндік жерден көрінген,
Мынау әжілер салған Астырахан,
Әз Жәнібек ханның жұрты екен.
Бетегей биік даңқы зор,
Бұзанның бойындағы құба тал
Сүйініш ұлы Қазтуғанның жұрты екен, – 
деп жауап беріпті Жантөре шешен. 

Шернияз  Жарылғасұлы 
242
ШЕРНИЯЗДЫҢ ИТКЕ ЖАЗҒАН ДҰҒАСЫ
Бір байдың сәлік қатыны бір табақ ет пісіріп әкеліп: – 
Молда қайнаға, қадірлі итім ауырып жүр еді, соған тұмар 
берші? –  депті. Шернияз үндеместен қағаз жаза бастай-
ды. Жазған дұғасы:
Итің-итің, итіңе, 
Иттің жүні бетіңе. 
Итке дуа жоқ еді, 
Бола бердім етіңе.

Шернияз  Жарылғасұлы
243
ШЕРНИЯЗДЫҢ АБЫЛМЕН ҚАҒЫСУЫ
Абыл Шерниязды көре алмай жүреді екен. Бір жұтта 
жылқысы опбаға түсіп қырылып қалып, жаз Абыл соның 
терісін сойып алып жатса керек.
Шернияз  жолаушылап  жүріп,  Абылдың  үйіне  тап 
болады. Сыртта тұрып: – хабарлас? – дейді. Абыл үйде 
оты рып:  –  не  сұрайсың?  –  дейді.  Шернияз:  –  бұл  қай 
ауыл, кімнің үйі? – дейді. Абыл: – танысаң, Адайыңмын, 
танымасаң, Құдайыңмын! – дейді.
Шернияз:
Ауылың қонған жері Сыдырым тал, 
Малыңды жайшылықта аржаққа сал.
 Отырып отбасында нәнсінгенше, 
Жылқыңды Құдай болсаң, тірілтіп ал.
Абыл  Шерниязды  сөзінен  аңғарып,  түсіріп  алады. 
Абыл: –  сен жорға, мен жүйрік едім, жұрттың кеу-кеуіне 
еріп екеуміз айтысушы болмалық, – депті.

Шернияз  Жарылғасұлы 
244
ШЕРНИЯЗДЫҢ ТУЫС ТЕГІ
Шернияздың  Мұқаш  правительге  бара  жатып,  жолда 
қонуға есік ашпаған үйге айтқаны:
Әй жігіттер, жігіттер! 
Руымды сұрасаң, 
Ақкетенің баласы, 
Әлім деген ағаңмын. 
Байұлының ағасы, 
Өз руым Ақкете, 
Ұранымыз Майлыбай, 
Өзімнің атым – Шернияз, 
Жарылғас бидің баласы! 
Қыс қыстауым сұрасаң, 
Ақ теңіздің жағасы. 
Жаз жайлауым сұрасаң, 
Ойыл, Қиыл, Шыңғырлау, 
Ара қонып келеді, 
Үйшікке қонған қалашы. 
Базарымды сұрасаң, 
Орынбордың қаласы. 
Шыққан жерім сұрасаң, 
Жемнің құйған жағасы. 
Байқастаған кісіге 
Болды білем шамасы.
Бір жақсыдай бола алмас.
Басыңнан ұшса дәулетің,
Айналып қайтып қона алмас. 

Шернияз  Жарылғасұлы
245
Қас жақсысынан айрылса,
Құр жамандар оңбайды. 
Аңдып жүрген дұшпаны, 
Қанатын тігіп қомдайды. 
Болжалды күн болған соң, 
Батпансынған бай да өлер. 
Зулап өтер басыңнан, 
Баяны жоқ дүниелер. 
Болжалды күн болған соң, 
Дүниеден кім қалған?
Батыр өткен сабылған,
Жүйрік өткен шабылған. 
Кербез өткен тағынған, 
Сұлу өткен жағынған. 
Не жайсаңдар өтпеген, 
Озған жүйрік табынан. 
Не шешен, ақындар, 
Жау жүректі батырлар, 
Жас басынан қағынған. 
Шалқыған заман бар еді, 
Іздегенің табылған. 
Орысқа есеп берген соң, 
Шыр айналып жүрген соң, 
Ауызы ала алашым, 
Сол күндерді сағынған.
 

Шернияз  Жарылғасұлы 
246
ШЕРНИЯЗ БЕН ҮБІ
Шернияз Исатай тобына қосылғалы iздеп келе жатқан 
бетінде Исатай мен Үбіге кездесіп, Үбіге айтқаны: 
Келеге қызыл салсаң, нар туады, 
Жануардан жалғыз өркеш жар туады. 
Құр болмас аты шыққан ер дуалы, 
Қалайша дегдарынан жаңғырады. 
Түбінде бір шикісі болса адамның, 
Бойында бір белгісі бар туады.
Үбі:
Айғырды көктен салсаң, көк туады
Жануарды беріктен салсаң, берік туады. 
Шаруа, малды баққан біздің халық
Мін тақпай, жолыққанда тек тұрады. 
Атасы жұртты жеген жалмауыздың,
Жалманып баласы да жеп туады... 

Арыстанбай 
Тобылбайұлы
(1811-1880)

АЙТЫСТАР

Арыстанбай Тобылбайұлы
249
АРЫСТАН  МЕН ОРЫНБАЙДЫҢ АЙТЫСЫ
Арыстан:
Жаратқан баршамызды бір Құдайым,
Алдыңда ақиықтай саңқылдайын.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Есен-аман жүрмісің, Орынбайым?
Орынбай:
Арыстан, сен де шешен, мен де шешен,
Басып айтпай, тосып айт, мен де десең.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Өзің-дағы жүрмісің аман-есен?
Арыстан:
Жаратқан баршамызды жалғыз Құдай,
Екі жүйрік кездеспес күнде мұндай.
«Сөйле», – деп екеумізге билер отыр,
Жарқыным, мұнымыздың жөні қалай?
Орынбай:
Мақтанға қомпиып, тасушы емен,
Ерегескен кісімді басушы емен.
Құданың маған берген бір мінезі,
Өзі тиген кісіден қашушы емен.
Арыстан:
Орынбай, саған бір сөз ойлап алдым,

Арыстанбай Тобылбайұлы 
250
Алдыңда хан-қараның оттай жандым.
Дүйсенұлы Манабайдың қосшысы едің,
Баяғы айтысқанда қайда қалдың?
Орынбай:
Өтірік айтып, мақтанар кейбір залым,
Сен мені жеңбейсің, жұртқа мәлім.
Сонда да асып түскен менің бағам,
Енді келер деймісің маған әлің?
Арыстан:
Олай емес, сөз былай, жан шырағым,
Бір кісіден кем емес қонған бағың.
Он жетіде бойжеттім деп мақтанасың,
Қанеки, қайда бар сенің аруағың?
Орынбай:
Он екі ата қақ жарып Семей бардым,
Қыпшақ Ақмырзаға салық салдым.
Он құр ат, отыз шапан, тоғыз ішік,
Екі жамбы, сонша олжа бір жолда алдым.
Арыстан:
Патша болсаң, құрулы алтын тағың,
Мырза болсаң, ерттеулі арғымағың.
Мына тұрған Семейге барған болсаң,
Әлі ұзамай жүр екен аруағың.

Арыстанбай Тобылбайұлы
251
Орынбай:
Сырдан асып қол бердім жеті пірге,
Кімдер әуес болмаған біздей дүрге.
Семей барсам оны «мұнда», дейсің,
Батырым, өзің бардың қанша жерге?
Арыстан:
Шашасына шаң жұқпас мен бір тұлпар,
Көргенді қия бастырмас мен бір сұңқар.
Қоқан, Созақ, Тәшкенттің мұнда қалып,
Барғамын Үргеніш пен сонау Бұқар.
Орынбай:
Бұл сөзің тәуір болды біздің баққа,
Енді Орынбай шек салсын сен бейбаққа.
Қоқан, Тәшкент, Созақты аралайтын,
Не жұмыспен барып ең сонша жаққа?
Арыстан:
Өтірік айтпан күнәға бекер батып,
Мен жүрдім халайықты таңырқатып.
Бұл қыдыртқан керуенге басшы болып,
Серілікпен барып ем тұлып сатып.
Орынбай:
Саудагерлік – қу тақымға болған несіп,
Олай болса байқайын, ағамен әзілдесіп.

Арыстанбай Тобылбайұлы 
252
Бұл қыдыртқан керуенге басшы болсаң,
Мәз болыпсың, жүргенге арқан шешіп.
Арыстан:
Орынбай, бұл сөзіңе басылмаймын,
Ақын сөзін басымнан асырмаймын.
Менің әкем Тобылбай жұрттың биі,
Онымды сенен қорқып жасырмаймын.
Орынбай:
Атам ақын, мен соның жолын қудым,
Өлеңмен талайлардың аузын будым.
Сенің әкең Тобылбай – жұрттың биі,
Би болмай, өлеңші боп қайдан тудың?
Арыстан:
Молдалар сөз сөйлейді каламменен,
Байымайсың, емініп жұртты жегенменен.
Менің әкем Толыбай жұрттың биі,
Мен сендей тіленбеймін өлеңменен.
Орынбай:
Білмесең, қырық парыз үйретейін,
Көрмесең, Ислам дінін көрсетейін.
«Би баласы би болсын», – деп ем,
Қобыз алып, бақсы боп мен нетейін?
Арыстан:
Орынбай бұлбұл екен қызыл тілің,
Өлең жақта жоқ екен сенің мінің.

Арыстанбай Тобылбайұлы
253
Сөзіңе билер сенің езу тартты,
Сөйлей бер сөзің асты, жүйрік інім.
Мұны  тыңдап  отырған  сарапшылар:  «Үш  жүз  ақын-
дарының аға сұлтаны Орынбай болсын, биі Арыстан бол-
сын, кәне, осыған қол қойыңдар! – дейді ақындарға. Со-
нда Әлке ақын: «Қол қоймаймын», – деп былай дейді:
Жақсының жастай кірдім арасына,
Қазақтың қол артамын сарасына.
Қызыл тіл онда да бар, менде де бар,
Қол қоймаймын Қарауылдың баласына.
Орынбай:
Өлеңді таусылмастай кен деуші едім,
Қызғанда жел сөзбенен жөндеуші едім.
Екі жақ пен бір тілдің арқасында,
Сендей таздың бастарын емдеуші едім.
Арыстанның айтқан төресі Орынбайға:
Орынбай, жиырмада жасың бар ма?
Ағаның мінін айттың, қасың бар ма?
Ағаңның топ ішінде тазын айтып,
Тазға бөліп бергендей шашың бар ма?
Әлкеге:
Аққу болғың келді ме, қаз дегенге,
Көбейеді деп пе едің, аз дегенге.
Ініңнің базынасын көтерсейші,
Сенен шығар шығын жоқ таз дегенге.

Арыстанбай Тобылбайұлы 
254
Орынбай мен Әлкеге қосып айтқан төрелігі:
Олай деп бір-біріңмен егеспеңіз,
Сөз ұзартып бұдан былай тіреспеңіз.
Атығай-Қарауыл екеуің бір ауылсың,
Тайындай жат үйірдің тебіспеңіз.

Арыстанбай Тобылбайұлы
255
КЕНЕСАРЫҒА АРЫСТАН 
АҚЫННЫҢ АЙТҚАНЫ
Ойнаған екеу-екеу мерекең-ай,
Тиетін мың кісіге көлеңкең-ай.
Көп айлар, көрмегелі көп күн болды,
Жүрмісің аман-есен, Кенекем-ай!
Сары атан май тамады жілігінен,
Жүлде алған талай адам ілігінен.
Баласы Абылай хан бәрі будан,
Қасымның айналайын сідігінен!
Шығып ең Алтын Орда бесігінен,
Болмақтық туа сұлтан несібіңнен.
Тақсырдың алтын жүзін бір көрейін,
Шатырдың қағыла бер есігінен.
Тақсыр-ау, танымасаң, алашыңмын,
Агарда жуық көрсең, қарашыңмын.
Атаңа алты қатын алып берген,
Ағаңның би Тобылбай баласымын.
Өлеңге ал дегенде әмеңгермін,
Дәуіттен шығып [жүрген] кемеңгермін.
Бәйгеге тоқ тай қосса, бәйге әперген,
Момынның мен жез аяқ жүйрігімін.
Желгенде жебе кердің құйрығымын,
Дарияның қоғасы емен сүйрігімін.

Арыстанбай Тобылбайұлы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет