ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Әбiлқайыр мен И.Неплюевтiң шиеленiсi кезiнде қыпшақ ұлысына
казак Мансуров келедi. Оның мақсаты Шақшақ Жəнiбекке жолығып
хат тапсыру. Тiлеулi бидiң үйiнде жатқан кезiнде Мансуровтың
үстiнен Әбiлқайырдың жақтастары тура түстi. Оны ұстап алып ханға
апарып бермек болды. Расында да хан ордасы бiр-ақ күндiк жол
едi. Тыңшының жаны қысылды. Тек үй иесi Тiлеулi араласып аман
қалды. Отбасына байланысты азаматтықтың бiр түрi: қазақтардың
қолдарындағы тұтқынды iздеп, егер туысы, ата-анасы келетiн
болса сөзге келмей босатып жiберуi. 1747 жылы Орынбордан
рұқсат алып баласын iздеп төменгi шектi арғынға қалмақтың бiр
адамы жолға шықты. Iздеушi Жəнiбек тарханға жолығып, ақыры
iздегенiн тапты. Ендi сатып алмақшы едi тұтқын иесi ештеңе де
алмай қайта өзi Орынборға дейiн жеткiзiп салды. Қазақ отбасында
қолға түскен тұтқынның көпшiлiгi сiңiп кететiнi ата баласы iшiндегi
мейiрбандылықтың, ынтымақтың күштiлiгiне байланысты. Сонымен
қатар қазақта XVIII бала асырап алу өте жиi кездеседi. Қазақ
шежiрелерi осы құбылысты əр қырынан, əр түрлi мысалдармен
суреттейдi. Бала асырап алу XVIII ғасыр дəстүрлi қоғамында кең
қалыптасқан мiндеттi құбылыстың бiрi.
Дəстүрлі қазақ қоғамындағы отбасылар бірнеше ұрпақтың бас
қосқан жері. Қоғамдық жағдайдың тұрақсыздығы, жаугершiлiк
тұрмыс қазақ ортасында рулардың саяси қызметiн күшейтеді. XVIII
ғасыр деректерiнде де бiз тек iрi рулардың аттарын кездестiруiмiз
сол себептi. Мəселен: Орта жүздiң iшiнде негiзгi алты рудан басқа
деректерде көбiнесе iрi бөлiктерi ғана бар. Мəселен: төртуыл, атығай,
қарауыл, бəсентиiн, қанжығалы, тобықты т.б. Егер Кiшi жүз туралы
деректер кездессе əңгiме тек Жетiру, немесе Әлiмұлы жөнiнде, тек
анда санда ғана оның iшiндегi iрi бөлiктерi аталады. Кiшi жүздегi
ру саны 25 болғанымен деректерде 32 таңбалы делiнедi. Шамалап
келгенде iрi рулардың ептеп жiктеле бастағанының көрiнiсi. Әлiм
iшiнде Шектi руы – 25 мың үй, Төртқара – 30мың үй т.б. Шектiнiң өз
iшiнде iрi бөлiктерi, мəселен Бəлекей Шектiлер бөлек. XVIII ғ. аяғы
XIX басында олардың өздерiнiң жеке хандары да бар – Әбiлғазы.
Оның астанасы – Жанкент. Сырдың құйылысынан 200 шақырым [3,
IV, 225].
Iрi рулардың тұтас қауым екенiн көптеген оқиғалардан аңғарамыз.
1742 жылы К.Миллердi қара қалмақ ордасына бастап апарушы
шақшақ Байқұлақ батыр қалмақ қолынан өлдi. Оның өлiмi тек саяси
астары ғана бар шаруа емес, сонымен қатар əлi де анықталмаған
116
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
жəйларға толы оқиға. К.Миллердi қалмақтардың қабылдамағаны
белгiлi, əрине Ресейге көрсеткен қырдың бiр шетi Байқұлаққа да
тиуi мүмкiн. 1743 жылы Байқұлақ батырдың кегiн алу үшiн Шақшақ
Жəнiбек тархан қол жинай бастады. Яғни бiр адамның өмiрi тұтас
ру үшiн қалмаққа аттануға нақты себеп болды. Қауымның бiр
көрiнiсi ел болып жорыққа аттанар алдында құрт-iрiмшiк дайындау.
Жауынгердi жорыққа дайындау да қауым iсi. Оның басты шарты
бiрнеше ат, жолға азық деп 5-6 қой алу, кейде түйеге дейiн жүк
көтеруге ыңғайлы деп бiрге алып жүру. Әр жауынгерде кемi үш аттан
болады. Қауымның тiршiлiгi көбiнесе ел басшысының ықпалына
қарай қалыптасады. Ру басшыларының қабiлетi, билiкке жүйрiктiгi,
қамқорлығы ру қауымының шұғыл өсуiне, ауыз бiрлiгiне əсерi бар.
XVIII ғасырдың 30-жылдары Қаракесек арғын елiн Арқаға Қазыбек
би бастап келгенде саны 4 мың үй едi дейдi Тевкелев, ал жарты
ғасыр өткеннен соң Қаракесек ең саны мол рудың бiрi. 1762 жылы
генерал Фрауендорф ол елдің iшiнде ең күштi Қаракесек ұлысы
бар. Қазiргi уақытта олардың билiгi Қазыбек биде, ол Орта жүздiң
құрметтi төбе биi. Оған Әбiлмəмбет ханның өзi, сол сияқты Абылай
сұлтан да, басқа ұлыстардың сұлтандары мен атақты билерi кеңес
алу үшiн жыл сайын келiп тұрады, оның келiсiмiнсiз еш шаруаны
бастамайды» дейдi [1, 648]. XVIII ғасырда Қаракесек санының
күрт өсуiн Қазыбектiң беделi арқасында көршi рулардан, басқа
қазақ жүздерiнен, тiптi басқа елдерден келген кiрмелердiң көп сiңiп
кетуiмен түсiндiруге болады.
Жоғарыда көрсетiлген мысалдар қазақтың көшпелi қауымы
XVIII ғасырда үлкен өзгерiстерге түспегенiн көрсетсе керек.
Осы ғасырдың бiрiншi жартысында қауымдардың өмiрi қалмақ
соққыларына байланысты əлсiреп, шаруашылық күйзелiсiне
түссе, ғасырдың екiншi жартысында олардың қайта қалпына келiп
шаруашылық өмiрдiң, тұрмыстың негiзгi орталығына айналғанын
көремiз. Қазақ қауымы ашық қауым, ол көшпелi тұрмыс пен рулық
тəртiптi сақтаған адамның бəрiне пана. Қауым iшiне Қарасақал
сияқты пассионарилер де кiрiп, тiптi найманнан қос əйелдi бiрдей
алып сiңiп кетiп жатады, ол қауымға ерiксiз күшпен əкелiнген тұтқын
да енедi. Қауым тiршiлiгiнде ұрпақ өсiру, қауым санын молайту
мəселелерi ұзiлiссiз шешiле бередi. Сол сияқты қазақтың дəстұрлi
от басы қазақи тiршiлiктiң өсiп-өнуiнiң қайнар көзi есептi, көшпелi
қауымға қатысты негiзгi мəселелердi мұлтiксiз атқарады.
117
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Əдебиеттер:
1. Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. – Алма-Ата, 1961.
2. Көпейұлы М.Ж. Шығармалары. 1-20 томдар. – Павлодар, 2001-
2010
3. Материалы по истории Казахской ССР [1725-1828] Т. 4. – М-Л.,
1940.
4. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сб.1.[V в.э.
XVIII в.н.э.] –Москва– Алматы, 1935.
Бахыт ЕЖЕНХАНҰЛЫ,
Халықаралық Түркі академиясы
Тарих бөлімінің меңгерушісі,
тарих ғылымдарының докторы,
профессор
КӨНЕ ТҮРКІ КӨШПЕЛІЛЕРІ
САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ ƏЙЕЛДЕР
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл мерейтойы қарсаңында
əйелдер тақырыбына арнап осындай ғылыми конференция өткізудің
маңызы зор. Жоғарыдағы баяндаушылар Қазақ хандығы тұсындағы
əйелдердің тарихи орны мен ықпалы туралы қызықты əңгімелер
айтып жатыр. Менің ойымша, осында айтылған құбылыстардың
барлығы түркілік тарихи дəстүрмен тікелей байланысты. Түркі
халықтарының атамзаманнан бері келе жатқан қасиеттерінің бірі
– əйелдерді ерекше қастерлеу, құрметтеу. Оның көрінісі түркі
халықтарының өмірінде жиі байқалады. Сол себептен де, түркі
əйелдерінің тарихтағы орны мен жетістіктері туралы айтуға татитын
нəрселер баршылық. Төменде біз көне түркі көшпелілерінің саяси
өміріндегі əйелдер тақырыбана қысқаша тоқталып кетсек.
Әңгімені бір көне жұмбақ хаттан (қараңыз: осы баяндаманың
соңындағы қосымшаға) бастайық: 1920 жылы Крил Каралевский
есімді христиан сопысы Ватиканның мұрағат қорынан бір дана
көне хаттың түпнұсқасын тауып алады. Екі жылдан кейін əйгілі
француз шығыстанушы ғалымы П. Пелио (P. Peliot) тиісті алғашқы
зерттеулер жүргізіп, бұл хаттың 1246 жылы Ұлы Моңғол ұлысы
118
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
билеушісінің атынан сол кездегі Рим папасы Инносент IV-ге жазған
хат екендігін айтады. Жұртқа мəлім, 1246 жылы Рим папасының
елшісі болып Плано Карпини Моңғол империясының астанасы
Қарақорымға барған жəне елшілік сапарға байланысты естелік
қалдырған. Осы естелікте ол өзінің моңғол билеушісінен хат
тапсырып алғандығын, жəне ол хаттың 3 нұсқасы болғандығын
жазады. Карпинидің айтуынша, оның бір нұсқасы «татар тілінде»
жазылған, екіншісі сол татар тілінен «саррасин» тіліндегі, яғни
мəлім бір мусылман тіліндегі аударма нұсқасы, ал үшіншісі хаттың
латын тіліндегі аудармасы. Латын тіліндегі нұсқаны біз Карпини
естелігінен-ақ көре аламыз, ал Пелионың пайымдауынша, Ватикан
мұрағатынан табылған құжат осында айтылған екінші нұсқа, яғни
саррасин тілінде жазылған нұсқа, ол шын мəнінде парсы тілінде
болып шықты. Өкініштісі, аталмыш хаттың бірінші нұсқасы, яғни
«татар тілінде» хатталған нұсқасы жоқ. Мұндағы айтылған «татар
тілі» деген ұғымға байланысты ғалымдар (оның ішінде Пелио
да бар) мынадай қорытынды жасауға бейім: «татар тілі» деп бұл
жерде моңғол тілі меңзелген. Дегенмен, хаттың Каралевский тапқан
жоғарыдағы нұсқасына қарап бұл қорытындының күмəнді екендігіне
көзіміз жетеді. Хаттағы басылған мөр расында моңғол тілінде
жазылып, онда Огедейдің ұлы Күйіктің аты көрсетілген. Дегенмен,
оған қарамастан, хатта түркизм бірнеше рет көрініс тапқан, бұл
жəйт біздің назарымызды ерекше аударады. Әсіресе, хаттың бірінші
сөйлемі айқын түрде толығымен түркі тілінде хатталған:
«M(ä)ŋgü t(ä)ŋrï küč(ü)ndä / qural
ɣ[a]n [u]lu [u]lusn(ï)ŋ / ?-(ï)ŋ
jarïl(ï)
ɣ(ï)m(ï)z»
4
.
4
Бұл біздің жаңаша оқуымыз. П. Плионың оқуы мынадай: «M(ä)ŋgü t(ä)ŋrï küč(ü)ndä / qur(u)
l(u)
ɣ ulusn(u)ŋ taluynuŋ / khan y(a)rl(ï)ɣ(ï)m(ï)z». Қараңыз: Pelliot P. Les Mongols et la Papauté
// Revue de'lOrient Chrétien, XXIII, 1922-1923.
119
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Енді мына тарихи фактілерге назар аударайық:
XIII ғасырда шығысқа келіп-кеткен өзге де бірсыпыра еуропалық
жиһанкездердің естелігінде «татар тілі» деп қыпшақ-қаңлылардың
немесе Ордос жерінде өмір сүрген оңғұттардың тілін де меңзеген.
Бұл елдердің барлығы түркі тілдес этностар екендігі даусыз.
Жоғарыдағы жағдайларды сараптай келе біз мынадай қорытынды
шығарып отырмыз: Плано Карпини айтқан «татар тіліндегі» хат шын
мəнінде түркі тілінде жазылған. Ендеше, мұнда тиісінше бір сұрақ
туындайды: моңғол билеушісі Күйктің мөрін пайдалана отырып өз
тілінде мұндай хат жаза алатын адам, сірə, кім?
Сол дəуірдегі Моңғол империясының саяси өміріне байланысты
қытай жəне парсы дереккөздерін, сондай-ақ Карпини жолжазбасын
тексере келе біз мына жəйттерді байқаймыз:
-
«Юань ши» кітабының айтуынша, Огедей қайтыс болған
соң, оның əйелі Төрегене 4 жылдай уақыт регент болып, ханшайым
міндетін атқарған. Ол Күйікті қаған тағына отырғызғаннан кейін
де ұлыстың саяси өмірінде шешуші рөл атқарған. «Юань ши»
кітабы тіпті былай деп жазады: «Күйік таққа отырғанымен, саяси
шешімдерді тек қана алтыншы ханышайым
5
қабылдап тұрды»
6
;
-
Плано Карпини дəл Күйік таққа отырғызылған шақта
Моңғол ордасына жеткен. Сонда Қарпинилерден ешқандай сый-
сияпат алмағандықтан, Күйік хан оларға оң көзімен қарамай қойып,
олар аштан өліп қала жаздаған. Оларды қабылдап, оларға қамқорлық
көрсетіп, кері жолға салған өзге емес, дəл сол Төрегене хатұн болған
7
.
Төрегене хатұн Күйіктің мөрі басылған бос қағазды пайдаланып
өзінің бұйрық хаттарын жазып отырған
8
.
Қорытынды біреу: Ватикан мұрағатынан табылған жұмбақ
хатта Күйіктің мөрі басылғанымен, оны жазған жəне Карпиниге
тапсырған адам – Күйіктің туған анасы Төрегене. Ал «Юань ши»
мен Жувэйнидің қалдырған мəлімдемелерінде Төрегененің найман
елінен шыққандығы анық көрсетіледі
9
. Жалпы, XIII ғасырда ақсүйек
түркі əйелдерінің жоғары саяси орындарға ие болған жəйт осымен
ғана шектелмейді. Ортағасырлық мұсылман дереккөздерінен
5
Бұл жерде Төрегене ханшайым меңзеліп тұр.
6
«Юань ши», 2-цзюань, 4
а
-бет; Juwaynī, Alā al-Dīn. Translated by John Boyle, The history of the
world conqueror, p. 200. Manchester university press, 1958.
7
Christopher Dawson, The Mongol Mission, p. 28, 82. Sheed and Ward Ltd, London, 1955.
8
Юань патшалық дəуірінің əдеби жинағы "Го чао вэнь лэй" кітабында Сун Цзичжэнь есімді
қаламгердің Елюй Чуцайдің (Огедай, Күйік дəуіріндегі əйгілі уəзір) ескерткіш құлпытасына
арнап жазған естелігінде мынадай мəлімет сақталған: "Осы кезде ханшайым (Төрегене ?
9
«Юань ши», 2-цзюань, 3
b
-бет, 4
а
-бет; 106-цзюань, 1
a
-бет; 114-цзюань, 1
a
-бет.
120
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
білгеніміз: сол дəуірдегі ең құдыретті мұсылман билеушілерінің
бірі болып саналатың Хорезм шаһының генералдары түгелдерлік
шаһтың анасына бойсынады. Ал оның анасы болса қыпшақтың
қызы (кейбір деректе қаңлы тегі деп те айтылады). Бір қызығы, оның
есімі де Төрегенеге жақын, Төрекен екен.
Бұл жерде Төрегененің тарихи орны ерекше болып тұр: егер тек
қана билік құзыры немесе ықпалы жеткен жер аумағын ескерсек,
Төрегене жарты əлемді бақандай 4 жыл билеген əйел болып шығады
– мұндай жағдай адамзат тарихында сирек кездесетін құбылыс.
Демек, бұның өзі көне түркі көшпенлілерінің саяси өмірінде əйел
затының орны жоғары болғандығын көрсетеді. Енді біз талқылап
отырған хаттың мазмұнына да тоқталып өтсек. Хаттың негізгі
идеасы мынадай:
«Сен, папа, бізді кінəлəп, бізді өздеріңе бағынуға шақырыпсың.
Бұл қылығың бізге ұнамайды. Батыстағы сендер емес, біз тəңірдің
нағыз өкіліміз, өйткені, тəңірдің əмірі тек бізге түскендіктен, біз
қара жер бетіндегі барша елдерді билеуге құқылы болып отырмыз.
Сондықтан да, егер біреуіміз екіншімізге бойсыну керек болса, онда
бойсынуға тиісті ел біз емес, сендерсіңдер. Жандарың барда, бізге
бағынып келіңдер!».
Сірə, мұндай текаппарлық Меркель сияқты қазіргі саясаткерлерді
былай қойғанда, өз кезінде Ресей империясын билеген құдыретті
Экатерина ханшайымда да болмаған шығар.
Бұл кездейсоқ жағдай емес. Бұл – өзінен бұрынғы Көк Тұрік
қағанаты кезінде-ақ көрініс тапқан, Еуразия кеңістігіне үлкен ықпал
жасаған түркілік сана, түркілік салт-дəстүрдің жалғасы, соның
заңды нəтижелерінің бірі.
Көк Түріктер қағанаты тарихындағы əйелдердің саяси орны
туралы сөз еткенде, біздің есімізге əуелі мына бір жəйт келеді: Түркі
қағанаты дəуіріне жататын біраз теңгелердің беттерінде қағанның
бейнесімен бірге хатұнның бейнесі де сомдалған. Солардың бір
мысалы ретінде Батыс түрік қағанатына қатысты мына теңгені
көрсетуге болады
10
:
Теңгеде көрініс тапқан бұл жағдайды жазба деректер де
дəлелдейді. Көне Түрік қағанатына арналған қытайдың жазбаларында
"солтүстіктегі варварлардың салтына сай, онда əйелдер билікке көп
араласады" ("
北狄风俗,多由内政") деген дерек қалдырылған.
10
Бұл теңгелер туралы ең соңғы зерттеуді менің əріптесім Г. Бабаяров пен
А. Кубатин жасап, нəтижесін Халықаралық Түркі академиясында жарияламақ.
121
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Осы деректі дəлелдейтін тарихи дəйектер
де жеткілікті. Төменде біз «Чжоу шу»
(Чжоу династиясының тарихы»), «Суй шу»
(«Суй династиясының тарихы»), «Цзю Тан
шу» («Тан династиясының көне тарихы»,
«Син Тан шу» («Тан династиясының жаңа
тарихы») жəне «Тун дянь» сынды кітаптарда
кездесетін тиісті мəліметтерден бірнеше мысал келтірсек:
- Көк Түрік қағанатының хатұндары əскери істерден хабардар
болып, əскери əрекеттерге ықпал жасай алған
‒ «Солтүстік
варварлардың салты бойынша, хатұн əскери іске араласа алады ...
Ичэн ханыша Шиби [қағанға] өз елшілерін жіберіп «солтүстіктен
қауып төніп тұр» деп шұғыл хабарды жеткізіп еді, түріктер сол
себептен қоршауларын тастап кетті ...» («
北蕃夷俗,可贺敦知兵马
事。… 义成公主遣使告急于始毕,称北方有警,由是突厥解围»);
- Көк Түрік қағанатының хатұндары қаған сайлау ісіне араласа
алған
‒ «Чуло [қаған] қайтыс болған соң, Ичэн ханыша өз ұлы
Оше шадтың сыртқы келбеті нəшəр əрі əлжуаз болғандықтан, оны
мұрагерліктен алып тастап, хан тағына Чулоның інісін отырғызды.
Таққа отырған бұл қаған – Ел қаған еді» («
处罗卒,义成公主以其子
奥射设丑弱,废不立之,遂立处罗之弟咄**,是为颌利可汗»);
- Хатұн қағанмен бірге елшілерді қабылдаған
‒ «Сырт елдердің
ісімен айналасатын мекеме уəзірі Юань Чжэн [түркі қағанатына]
патшаның ойын жеткізуге барған. Сонда Моцзилянь [қаған]
қонақасы берді. Қонақасы кезінде Моцзиляньмен бірге киіз үйде
хатұн, Күлтегін жəне Тоныкөк отырды» («
鸿胪卿袁振往谕帝意。默
棘连置酒,与可敦、阙特勤、暾欲谷坐帐中»);
- Хатұн ел ішіндегі дау-дамайға төрелік жасай алған
‒ «Пуса
[қағанның] анасы Вулохун негізінен елдегі дау-дамайды шешуге
жауапты болған. Ол істі қатал əрі əділдікпен шешетін, сол себептен
ел ішіндегі бірауыздықпен тəртіп өте керемет болды» («
其(菩萨)
母乌罗浑主知争讼之事,平反严明,部内齐肃»);
- Хатұн қағанның бейкүнə адамды өлтіру ісін тоқтата алған
‒
«Қаған ашуланып, əлгі адамды өлтірмек болған, сонда ол өз хатұны
тарабынан қарсылық көріп, ойынан қайтқан» («
可汗怒,欲杀之,
为其妻所抑而»).
Әйелдерді қадірлейтін осындай түркілік жақсы қасиет
түріктермен көрші тұратын халықтардың өміріне де зор ықпал
122
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
жасаған. Жұртқа мəлім, кунфуценство ілімінің ықпалындағы көне
Қытайдың əлеуметтік өмірінде əйелдерді көбінесе ошақ басымен
байланыстырады. Дегенмен, дəл сол көк түріктермен дəуірлес болған
Тан патшалығының тұсына келгенде, жағдай өзгешелеу болған. Сол
кездегі қытайлар түркілердің мəдени ықпалында болып, əйелдерінің,
əсіресе ақсүйек əйелдерінің қоғамдағы орны өзге уақыттағыдан
əлдеқайда жоғары болған. Қытай тарихындағы бірден-бір əйел
патшасы Ву Цзэтянь осы Тан патшалық дəуірінде билік құрған. Ал
төмендегі қазіргі Қытай жерінен табылған бірнеше археологиялық
жəдігерлер де осындай түркі ықпалының қаншалықты болғандығын
дəлелдейді:
Түркі кісебелбеу таққан əйелдер
(Сиань қаласынан табылған
қабырға сурет)
Ат тізгінін ұстаған əйел
(Тұрпан жерінен табылған қыш
мүсіні)
Жоғарыдағы айтылған тарихи жəйттер бізді мынадай ойға
жетектейді: өз заманының үлгісі болған көне түркі халықтарының
гендерлік саясаты, ондағы тарихи тəжірибе түркі ұрпағы ретіндегі
қазіргі біздің өмірімізге қызмет етуге тиісті. Егер біз, Қазақ жұрты,
өзімізді түркі əлемінің шынайы қарашаңырағымыз деп есептесек,
онда біз көне түркілердің көптеген мəдени-рұхани мұрасын əрі қарай
жалғастырып, оларды заманның талабына сай етіп жаңғыртуымыз
керек. Осы мұралардың қатарында түркілік гендерлік ұғым мен
саясаты да жатыр. Қазақта «əйелдің бір қолы бесікті, бір қолы
əлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар. Ендеше, біздің мəңгілік ел
болуымыздың бір кепілі – тарихи дəстүрінен жаңылмайтын əйел
қауымының жан-жақты өсіп, ел тағдырына лайықты деңгейде
араласуында болмақ.
123
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Жоғарыда көрсетілген Төрегене ханшайымның хатында көрініс
тапқан, жалпы көне түркілердің саяси құжаттарында жиі кездесетін
«тəңірдің құтында» деп өз елдерін қасиет тұтатын ұғым қазіргі таңда,
Қазақ хандығы құрылғаннан 550 жыл кейін өз жалғасын табуда.
Біздің ойымызша, қайтадан айбарына мінген Қазақ елі осындай
«тəңірдің құтына» ие болып отыр. Ендеше, Қазақ елінің еңсесі мен
мəртебесі аспандай биік болсын!
Қосымшалар:
1. «Күйіктің Рим
папасына жолдаған
хатының» негізгі мəтіні
Дереккөзі:
P. Peliot мақаласынан
2. Хаттағы
Күйіктің мөрі
Дереккөзі:
P. Peliot мақаласынан
124
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Жамал МАНКЕЕВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институты Лексикология
бөлімінің меңгерушісі, филология
ғылымдарының докторы,
профессор
«ҚАЗАҚ ƏЙЕЛІ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ЖЫРЛАРДАҒЫ
ТІЛДІК ТАҢБАСЫ
Қазіргі əлемдік өркениет кеңістігінде жаһандану үрдісі өріс алған
кезеңде тіл мен мəдениет сабақтастығын сипаттайтын «ғаламның
тілдік бейнесін» анықтаудың мəні зор. Ол əр тілдегі «əлем моделіне»,
яғни белгілі бір əлеуметтік-мəдени қоғамдағы ұлттық «əлем
бейнесіне» жалғасып, өзіндік сипатқа ие болады. Ал, əрбір тілдің
ішкі өзгешеліктері сол тілде сөйлеуші ұжымның мəдени кеңістігінде
қалыптасатындықтан, əрбір тіл өз ерекшелігімен «əлем бейнесін»
өзгеше құрады.
Бірақ бұл арада тілдің қызметі тек коммуникативтік емес, ол (тіл)
– этномəдени ақпаратты жинап, сақтаушы, жеткізуші, келесі ұрпаққа
жалғастырушы, сайып келгенде ұлтты бір бүтін етіп тұтастырушы.
Ежелгі дəуір адамдарының əртүрлі əлеуметтік-тарихи
кезеңдеріндегі өкілдерінің айналадағы дүние туралы алуан түрлі
сырын, мифтік бағам-пайымын, наным-сенімін көрсететін тіл
деректері, кейбір көне этномəдени сөз қолданыстары бүгінгі
заманға халқымыздың бай ауыз əдебиеті, жырлары, ескіліктері,
көркем əдебиет мəтіндеріндегі ұлттық-мəдени компоненттері т.б.
шығармашылық көздері арқылы келіп жетті. Бұл арада көне тілдік
деректер халқымыздың ұзақ этномəдени даму жолын, материалдық
жəне рухани құндылықтарын, түп-тамырын неғұрлым тереңірек
танудың бір құралы, маңызды таным тетігі ретінде қызмет етеді.
Демек, тіл – адамның əлеуметтік тұрмысын қамтитын мəдениет
пен тарихты кешенді сипаттайтын таңбалық жүйе. Ал, əрбір
этностың тілі арқылы сақталған болмысының «ішкі» мазмұнын ашу
– «мəдениетті тану кілті». Ал мұның өзі тіл арқылы сақталған мəдени
ұғымдардың мəдени фонын зерттеуге əкеп тірейді. Олай болса, тіл
– таңбалар жүйесі ғана емес, ол – көркемсөзбен көмкерілген əр
халықтың ұлы мұрасы, ұлттың тарихи жетістігі.
125
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Тіл біліміне де «таңба» категориясының енуі лингвистикадан
тыс салт-дəстүр, əдет-ғұрып т.б. ұлттық құндылықтарды белгілі бір
мəтін аясында, «мəдениет» терминінің астарында қоғаммен тұтас
қарастыруға негіз береді. Тілді зерттеудің мұндай мүмкіншілігі мен
жаңа кешенді бағыттары қазіргі қоғамның рухани-мəдени танымдық
мүддесімен астасып, ұлт болмысын тану мен танытуға қызмет
етеді. Осындай кешенді мақсатты жүзеге асырудың негізгі құралы
– сөздік ақпарат. Оның негізін құрайтын қазақ жырлары мəтініндегі
этнографизмдер, қазақ ескіліктері, мифологемалар, басқа да
символдану мен стереотиптену деңгейіне жеткен этномəдениеттің
архетиптік көріністері.
Демек, сөз дүниенің тікелей таңбасы емес. Ол – күнделікті
тұрмыс пен тəжірибе негізінде санамызда қалыптасқан танымдық
бейне немесе тілдің негізгі коммуникативтік қызметіне қоса, ұлттың
рухани қазынасын бойына сақтаған құжаттық, этномəдени мұралық
(куммулятивтік) қызметінің нақты көрінісі.
Қазіргі таңдағы қазақ руханият əлемінде ұлттық сипат пен елдік
болмысты тану мен таныту, ұлттық құндылықтар дүниесін түгендеу,
оның мəн-мазмұнын, қадір-қасиетін бағалау толғақты мəселеге
айналып отырғаны белгілі.Осымен байланысты қазіргі қазақ тіл
білімінде қалыптасушы танымдық лингвистика бағытының негізгі
өзегі – тілді тұтынушының қызметіне, тілдік санасына, ойлау
жүйесіне, жалпы мəдениетінің қалыптасуына тілдің қалай ықпал
ететінін анықтау.
Осы орайда бұл өзектің арқауын шешуге дəйек болатын –«қазақ
əлемін» құраушы ұлттық құндылықтарды сипаттайтын ұғымдардың
көркем сөз бен тарихи-мəдени дереккөздердегі тілдік таңбалары.
«Қазақ əлемін» танытуда отбасының берекесі мен құтын келтіріп,
сақтаушы, ана сүті арқылы қазақы мінезді дарытып, бесік жырын
тербетіп, ана тілін үйретуші «қазақ əйелі» – ең үлкен құндылықтық
ұғым.
Жалпы алғанда, əйел мəселесі, негізінен, қазақ əдебиеттануында
көркем шығармалардағы əйел бейнесіне қатысты ғана айтылып
келді. Ал, шын мəнінде, қазақ тіл білімінің жоғарыда көрсетілген
«ұлт (ұлт мəдениеті) пен тіл біртұтас» деген қағидасына сай қазақ
мəдениетін зерделесек, қазақ елінің ұлт болып қалыптасу тарихында
ерен еңбегімен, керек жерде ерлігімен, өрлігімен, асқан парасатымен,
шексіз шыдамдылығымен жəне сүйіспеншілігімен ұрпағының
бойына ақ сүті арқылы ұлттық рухты сіңірген əйел-аналар аз емес.
126
Достарыңызбен бөлісу: |