Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж



Pdf көрінісі
бет13/37
Дата12.01.2017
өлшемі3,95 Mb.
#1731
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37

106
қолынан мас күінде қасақана түрде кісі өлтіру - 
63% зорлау - 30,4% рет орын алғанын атап өткен 
[7, 23 б.]. Әрине, ішімдік үстінде ауыр қылмыс 
істеген адам жазасы ауырламаса, жеңілденбейді.
Жалпы 
құқық 
бұзушы 
жасөспірімге 
болашаққа  деген  белгісіздік  тән.  Осы  орайда, 
Н.В.Лясс  пен  И.А.  Солодкиннің  зерттеулері 
олар  жасаған  қылмыс  мүліктік  болып 
келетінін  айта  келіп,  құқық  бұзуға  себеп 
болған  ниетті  анықтаған.  Ғалымдар  пікірінше, 
жасөспірімдердің  қолымен  асқан  қылмыстар 
бас пайдасын ойлау (90%), достарына ергендер 
(2%), қызық өмірге ұмтылушылық (0,9%),басқа 
ниеттер  (3,8%)  сияқты  қылмыстық  әрекеттерді 
құрап,  ерекшеленген.  Бұл  құқық  бұзушы 
балалардың кері қылықтарын тағы бір жағынан 
ашып көрсетеді.
Сонымен,  біздің  ойымызша,  құқық  бұзушы 
балаларға  аяусыздық,  көрсеқызарлық,  көре 
алмаушылық,  менменшілдік,  өтірік  айтушылық 
тән  болса,  бұл  ата-ана  тарапынан  олардың 
қадамына  бақылаудың  болмауы,  неқұрайлы 
қарауы салдарынан болса керек.    
Жасөспірімдер  құқық  бұзушылығының 
ішінде  топтасқан  құқық  бұзушылық  үлкен 
орын  алады.  Топтасып  құқық  бұзушылықты 
болдырмау,  алдын  алу  шараларын  іске  асыру 
басты міндет.
Дао Чи Ук зерттеулері бойынша, бұзақылық, 
күш жұмсау, ішкі істер қызметкерлеріде қарсылық 
көрсету, алдап меншіктегі затты өзіне иемдену, 
есірткі алып сату осындай топтасқан топтармен 
жүзеге  асады.  Яғни  мұндай  қылмыстың  80%-і 
балалардың  топтасқан  топтарымен  жасалады          
[8, 25 б.].
Жасөспірімдер құқық бұзушылығы ересектер 
қылмысынан  ерекшеленеді.  Ол  екеуінің 
арасындағы айырмашылық жасөспірімдер құқық 
бұзушылықты жалғыз өзі сирек жасайды. Бұдан 
олардың өзіне деген сенімсіздігін байқай отырып, 
сенімсіздіктің  ең  алдымен  ойлаған  ойын  іске 
асырмай күйреуіне әкелсе, екінші жағынан бала 
бойында  қорқыныш  тудырады.  Үрейдің  билеуі 
оның жат әрекетке жалғыз баруына тежеу болып 
топтасқан топқа кіруіне негіз болады. Күнделікті 
сандаған  топтасқан  құқық  бұзушылық  жүзеге 
асатын  болса,  А.Ф.Парнищевтің  зерттеуі 
бойынша,  бұндай  топтасқан  құқық  бұзушылық 
жалпы кылмыстың 55%-ін құрайды [2, 16 б.].
Топтасқан  құқық  бұзушылыққа  қыздардың 
да  қатысуы  өкінішті  жай.  Қыздардан  құралған 
топтар  ұлдардан  құралған  топттарға  қарағанда 
берік  болмайтыны  дәлелді.  Құқық  бұзғаннан 
кейін  мұндай  топттар  тез  тарайды  екен.  Яғни, 
олар  көбінесе  2-3  немесе  3-4  адамнан  тұрады. 
Қыз балалардан мұндай топтардың ұйымдасуына 
себеп  болған  нәрсе  бос  жүріс,  ішімдік,  ата-ана 
тарапынан бақылау болмау.
Белгілі  криминолог-ғалым,  заң  ғылым-
дарының 
докторы 
Елеген 
Ізтілеуұлы 
Қайыржановтың  «кәмелетке  толмаған  құқық 
бұзушыны дұрыс жолға салып, қайта тәрбиелеу 
үшін  оның  жағымсыз  жақтарын,  ата-ана 
тарапынан бақылау болмауды білу аздық етеді» 
деген  сөзі  ойға  оралады.  Ғұлама  ғалымның 
пікірімен  келіспеске  болмайды.    Шынында  да, 
кәмелетке  толмағандардың  құқық  санасының 
жетілгендігін  зерделеу  үшін  кешенді  тәрбиенің 
болуы  артықтық  етпеген  болар  еді.  Ондағы 
мақсат-  жасөспірімнің  құқықты  нақты  білуі, 
құқық  туралы  пікірі  мен  оған  қойылатын 
талаптарын айқындай білуі, құқықтық білімінің 
жетілуі үшін үнемі ақпараттан құлағдар болуы- 
бәрі-бәрі өз нәтижесін берері сөзсіз. Сондай-ақ 
сауалнама  жүргізу  арқылы  жасөспірімдердің 
өмірге деген көзқарастарын анықтап алудың да 
маңыздылығы зор. 
Криминолог-ғалым,  заң  ғылымдарының 
докторы  Елеген  Ізтілеуұлы  Қайыржанов 
«жасөспірімдердің  кезекті  тобына  сауал-
намаларды  таратып  беру  алдында  зерттеуші 
пікір сұраудың мақсатын түсіндірсе жақсы болар 
еді»  деп  атап  өткен  болатын.  Бұл  пікір  дұрыс 
сияқты. Себебі, зерттеуші тарапынан жүргізілген 
сауалнаманың  не  үшін,  қандай  мақсатты 
көздейтіндігі,  жасырындылығына  кепілдік 
берілетіндігі  ашық  айтылғаны  -  сауалнамаға 
жауаптың берілуі 100 пайызды құрап, уақыттың 
шығындалуы  да  көп  болмауын  қамтамасыз 
етері  сөзсіз.  Сонымен  бірге  қабылданған 
сауалнамамен жұмыс істеу тәртібі пікір сұрауға 
неғұрлым  даярлығы  жоғары  зерттеушінің 
жүргізуін  қажет  етеді.  Сауалнамалық  пікір 
сұрау  әдістемесін  игермеген  адамдарға,  тіпті 
ол білікті заңгер немесе педагог болса да, пікір 
сұрауды тапсыруға болмайды. Айта кету керек, 
кәмелетке  толмағандардан  пікір  сұрау  кезінде 
зерттеушілерден  өзге  (атап  айтқанда,  пікір 
сұраушыларды жақсы білетін педагогтар немесе 
өзге  адамдар)  адамдардың  қатысып  отырулары 
оларды  ұялу  сияқты  күйге  түсіруі  мүмкін. 
Сондықтан,  пікір  сұрауды  оларға  таныс  емес 
адамның жүргізгені құба-құп.
Сауалнамамен  жұмыс  аяқталғаннан  кейін 
жасөспірімдер  тарапынан  қойылған  сұрақтарға 
қалай дұрыс жауап беру, сауалнамада айтылған 
іс-әрекеттерді  заңның  қалай  бағалайтыны 
жөнінде пікір айту олардың қызығушылықтарын 

107
туғызады.  Бұл  сауалнаманы  толтырғаннан 
кейінгі  өткізілетін  әңгіме  үстінде  туындайтын 
қажеттіліктер.  Туындаған  сұрақтарды  дұрыс 
жауапсыз  қалдыру  принципті  түрде  дұрыс 
емес.  Бұл  жерде  әңгіме  алдын  ала  көкейкесті 
проблемалар  қойылып  отырылған  кәмелетке 
толмағандар  туралы  екенін  есте  ұстаған  жөн. 
Сонымен  бірге  әңгіме  бірталай  мәселелер 
бойынша жасөспірімдердің пікірлерін анықтауға, 
жекелеген  жауаптардың  уәждемелерін  айқын-
дауға мүмкіндік береді.
Кәмелетке  жасы  толмағандарға  қатысты 
біздердің  тарапымыздан  өткізілген  сауалнама 
үш  кезеңнен  тұрып,  ол  мектеп  оқушыларын, 
колледж  оқушыларын  (студенттерін)  және 
арнаулы  тәрбиелеу  мекемесінде  жазасын  өтеп 
жүргендерді қамтыды. 
Жалпы  сауалнаманың  өзін  құрастыру 
бірнеше кезеңнен тұрып, оның бірінші нұсқасын 
құрастырмас  үшін  200-ге  жуық  жоғары 
сынып  оқушыларының  пікірлері  сұралып, 
соның  нәтижесінде  сауалнамада  жан-жақты 
мәселелерді жинақтаған сұрақтар қамтылды. 
Жоғары  сынып  оқушыларына  берілген 
сұрақтар  мектеп,  отбасы,  қоршаған  орта, 
достары,  жеке  «ішкі  -  сыртқы»  әлемі,  спортқа 
көзқарасы, өмірге, болашаққа көзқарасы, рухани 
байлығы,  кітап  пен  баспасөз  беттеріндегі 
ақпаратқа 
қызығушылығы, 
телеарнадағы 
бағдарламаларға  жеке  пікірі  т.б.  сияқты  өзекті 
мәселелерді  қамтып,  одан  алынған  жауаптар 
жасөспірімнің  жалпы  болашағынан  қандай 
үміт пен күдік тудыратынын анықтауға көмегін 
тигізді.
Сауалнаманың  екінші  нұсқасы  колледж 
оқушылары  мен  кәмелетке  толмағандарға 
арналған  тәрбиелеу  колониясында  ұсталып 
отырылған 
құқық 
бұзушылар 
арасында 
жүргізіліп,  400  жасөспірімнің  пікірлерін  сұрау 
мүмкіндігі  түсті.  Бұл  сауалнама  колледж 
оқушыларының 
болашаққа 
белсенділігін 
көрсетсе,  керісінше,  арнаулы  тәрбиелеу 
колониясында  жазасын  өтеп  отырғандардың 
болашаққа  бұлыңғыр  қарайтындарына  көз 
жеткізді.  Тек  сұралғандардың  12  пайызы 
сенімді  жауап  беріп,  бар  жақсылық  болашақта 
болатынына  сеніп,  оған  өздерінің  қол 
жеткізетінін  дәлеледеді.  Түйгеніміз,  тәрбиелеу 
колониясындағы  сауалнама  нәтижесі-жасөспі-
рімдермен  тәрбиелік  мақсаттағы  жұмыстардың 
көп жүргізілуі қажеттігін айқындай түскендей.
Сауалнаманың  соңғы  үшінші  нұсқасында 
26  сұрақ  қамтылып,  оның  алтауында  қосымша 
сұрақтар  берілді.  Сауалнаманы  толтыруға  40-
45  минуттай  уақыт  кететіні  ескеріліп,  олар 
жабық  және  ашық  қойылған  сұрақтардан, 
бағасы  берілген  сұрақтардан  құрылды.  Жалпы 
сипаттағы  сұрақтармен  қатар  сауалнамада 
сұрақ-тестілер де беріліп, сондай-ақ, жекелеген 
жанжалды  оқиғалар  келтіріліп,  осындай  оқиға 
кезінде  адамдардың  мінез-құлықтарына  баға 
беру үшін:
а) дұрыс жасады;
б) моральға жат қылық жасады;
в)  қылмыс  жасады  деген  жүйемен  бағалау 
ұсынылды.
Жалпы  сауалнама  сұрақтары  қылмыстық 
жауаптылық  жасына;  ересек  және  кәмелетке 
толмаған  құқық  бұзушыларға  қолданылатын 
жазаларға,  бірқатар  нақты  қылмыстардың 
жазалылығына,  мас  жағдайда  қылмыс  жасау 
фактісіне  баға  беруге,  бірқатар  қылмыстардың 
ауырлығына баға беру; жазаның бұлтартпастығы 
туралы ұсыныстарды айқындауға; қылмыстық іс 
жүргізудің  ашықтылығына  байланысты  болып, 
сауалнаманың  қорытынды  сұрақтары  пікір 
білдірушілердің 
әлеуметтік-демографиялық 
сипаттамаларына қатысты алынды.
Зерттеудің 
нәтижесі 
көрсеткендей, 
сауалнамаға  жауап  берген  жасөспірімдердің 
басым  көпшілігіне  құқық  санасында  құқық 
білімділіктің 
жетіспеушілігі 
тән. 
Олай 
деуге  себеп,  жауап  бергендердің  көпшілігі 
қылмыстық  жауаптылыққа  тартылу  неше 
жастан  басталатынын  білмеуі,  ағат  басып, 
қылмыс  жасаса,  қылмыстық  жауаптылыққа 
тартылытынын білмеуі, білсе де, немқұрайлылық 
танытуы,  жазалау  тәртібі  ересектерге  де 
жасөспірімге де бірдей екендігін білмеуі. 
Сонымен 
қатар, 
сауалнамаға 
жауап 
бергендердің 28 пайызы, мәселен, қарақшылық 
шабуыл  жасалып,  оны  көзімен  көрген  адам 
хабарламаса да, полиция оны ашатындықтарына 
күмән  келтіріп,  аша  алмайды  деп  жауап  берсе, 
тек 17 пайызы ғана қылмыс тез ашылады деген 
сенімде болған.         
Ұрлық,  тонау  және  қарақшылық  шабуыл 
жасағаны  үшін  сотталған  жасөспірімдердің 
мардымсыз пайызы ғана (4-тен 18-ге дейін) осы 
қылмыстың тез ашылатынына сенімді.
Қала  мектептерінде  «тәрбиесі  қиын» 
жасөспірімдермен 
жан-жақты, 
сараланған 
тәрбиелік  жұмыстар  жүргізілгенмен  де  өз 
нәтижесін  аз  берген.  Әдеттегідей  «тәрбиесі 
қиын»  жасөспірімдер  жұмысқа  тартылмаған, 
оларға  қызықты  қоғамдық  тапсырмалар 
сеніп  беріліп,  өз  ұжымдарының  мақсатты 
жұмыстарына  қатыстырылмаған,  осыдан  келіп, 
Уголовное право и уголовный процесс

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
108
олар  өз  мүдделерінің  қанағаттандырылуын 
сырттан іздеген.
 «Тәрбиесі қиын» балаларға жеке қамқорлық 
жасау  барлық  мектептерде  жоспарланса  да, 
іс  жүзіне  келгенде  нашар  жүзеге  асырылған. 
Балалармен  өткізілген  әңгімеде  тіпті  олардың 
кейбіреулері  өздерінің  қамқоршыларын  да 
білмеген.  Жекелеген  сынып  жетекшілері  де  өз 
сыныбындағы  «тәрбиесі  қиын»  балалардың 
қамқоршысы  кімдер  екенін  және  бұл 
қамқорлықтың мәнісі неде екенін білмей келген. 
Кәмелетке  толмаған  құқық  бұзушыны 
дұрыс  жолға  салып,  қайта  тәрбиелеу  үшін 
оның  жағымсыз  жақтарын  ғана  біліп  қою 
аздық етеді. Бұл жерде белгілі бір жас аралығы 
(14-17  жас)  үшін  тән  болып  келетін  олардың 
өзіндік  ерекшеліктері  және  психологиясының 
кейбір  белгілерінің  дамуы,  психологиялық 
ерекшеліктеріне  елеулі  ықпал  жасаушы  оның 
нерв жүйесінің ерекшеліктері, қоғамдық қауіпті 
іс әрекетте олардың бой көрсетуі ескерілуі қажет.
Колония  тәрбиеленушілерімен  жүргізген 
жұмыс  нәтижесі  тәрбиешілер  тарапынан 
кәмелетке  толмаған  сотталғандарға  мінездеме 
бергенмен, іс жүзінде олардың нерв жүйесі мен 
психикасының жай-күйін мүлде ескермейтіндігін 
көрсетті.  Шынтуайтында,  кәмелетке  толма-
ғандардың  дәл  осы  ерекшеліктері  қадала 
назар  аударуды  талап  етеді.  Ашушаңдық, 
долданушылық, қасарысушылық, инфактильдік, 
дөрекілік  және  басқалар  сияқты  қасиеттері 
көп  ретте  нерв  жүйесінің  жай-күйімен  тығыз 
байланысты болып келеді.
Кәмелетке  толмаған  өзінің  жеке  басының 
ерекшеліктеріне  қарай,  кенеттен  пайда  болған 
және дыз етпе құмарлықтың әсерімен қолсұғудың 
қандай бір салдары туралы ойланып жатпастан 
қылмыс  жасауға  бейім  тұратындарын  ескеру 
қажет.  Сөйтіп,  шалықтаған  эмоционалдылық 
және тежегіш реакцияның дағдылық процессінің 
тұрақсыздығы құқыққа қарсы қаскөйлік ниеттің 
қалыптасуы мен жүзеге асырылуында аз-кем рөл 
атқармайтынын да есте ұстаған абзал.
Мінез-құлықтарының  тұрақсыздығы  мен 
психологиялық  өзге  де  ерекшеліктерінің  тез 
өзгеріске  ұшырауы  салдарынан  кәмелетке 
жасы  толмағандардың  құқық  бұзушылығы  мен 
қылмыстық әрекеттері жиі орын алуда. Мәселен, 
Шығыс  Қазақстан  облысы  құқық  қорғау 
органдарының  мәліметі  бойынша,  2012  жылы 
Шығыс  Қазақстан  облысы  бойынша  кәмелетке 
жасы толмағандар арасындағы қылмыс 340 рет 
орын  алса,  бұл  көрсеткіш  2013  жылы  386-ға 
дейін жеткен, соның 40-қа жуығы өзіне-өзі қол 
жұмсауға оқталу фактісі. 2014 жылдың алғашқы 
екі айында облыс бойынша мектеп оқушылары 
арасында  өзіне-өзі  қол  жұмсау  фактісі  15  рет 
тіркеліп,  оның  1-нің  қайғылы  аяқталған.  Бұл 
көрсеткіш ащы болса да шындық. Құқық қорғау 
органдарының қызметкерлері тарапынан істеліп 
жатқан  істерге  қарамастан,  кәмелетке  жасы 
толмағандар  қолымен  іске  асқан  қылмыстық 
әрекеттердің толастамауы әлі де болса, олармен 
профилактикалық  тұрғыда  көп  жұмыс  істеудің 
қажеттігін жүктесе керек. Жас жеткіншектердің 
болашақта  сотталғандар  санын  толықтырмас 
үшін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің 
олармен  үнемі  байланыста  болып,  дәріс,  пікір-
талас, сұрақ-жауап түріндегі оларға түсінікті кең 
тараған тәсіл- әдістермен жұмыс жүргізуі керек. 
Әрине,  мектеп  оқушыларымен  жүргізілетін 
шаралар  өте  көп,  десек  те,  оның  ауқымын 
кеңейтіп, көбейтсек, артық болмасы хақ.
Ресейлік  Я.И.  Гилинский  өзінің  жүргізген 
зерттеулерінде 
«жасөспірімдердің 
жоғары 
криминалды  белсенділігін  сипаттай  келе,  олар 
кез  келген  мемлекеттің  болашағы,  сондықтан, 
олардың  күнделікті  үйреншікті  тәртібінен, 
өмір  сүруінен,  жеке  басының  саналылығынан 
болашақ  қоғам,  мемлекет  тағдыры  байланысты 
екенін,  криминалды  белсенділікті  азайту  үшін 
криминологиялық,  әлеуметтік,  психологиялық, 
педагогикалық  жағынан  белсенді  көңіл  бөлу 
керектігін  айтып  өткен.  Ғалымның  пікірінше, 
сауалнама  жүргізген  дұрыс,  бірақ,  сол 
сауалнаманың нәтижесін нақты зерделеу арқылы 
болашақта  қылмыстылыққа  жол  бермеу  керек  
[9, 36 б.].
Белгілі заңгер-ғалым Б.К.Сыздық кәмелеттік 
жасқа  толмағандардың  қылмыс  жасауына  
қарсы  әрекет  етудің  криминологиялық  және 
виктимологиялық 
мәселелерін 
жан-жақты 
саралай  келе  «...эмоциялық  тұрақсыздық, 
бос  сөз,  қайтпастық,өзгелердің  қайғысына 
ортақтаса  білмеу,  қатыгездікті  кәмелеттік 
жасқа  толмаған  қылмыскерлердің  үлесіне 
тиесілі  біршама  таратылып  кеткен  ерекшелікке 
жатқызуға  болады»  деп  атап  өткен.  Сондай-
ақ,  ғалым  «кәмелеттік  жасқа  толмағандардың 
аномалиясына байланысты жасаған қылмыстары 
бөлек  орын  алады.  Көптеген  жағдайларда  бұл 
тұқым  қуалаушылыққа  немесе  тәрбие  беру 
және  өмір  сүрудің  қолайсыз  жағдайларына 
байланысты  болады»  деп  нақтылай  түскен  [10, 
289 б.].
Ғалымның  пікірімен  келіспеске  болмайды, 
себебі,  ересектерге  тән  кейбір  қатыгездік  пен 
өзара  өшпенділік,  көрсеқызарлық  пен  көре 

109
алмаушылық,  аяусыздық  пен  алауыздық  жас 
жеткіншектер бойынан табылып, ара-тұра болса 
да, көп қылмыстың басты себеп-салдары болып 
жататыны жасырын емес. 
Кәмелетке  жасы  толмағандардың  көргенін 
қайталауы,  еліктеушілігі,  көшбасшы  болуға 
ұмтылуы,  өзгелерден  өзін  ерекше  көрсеткісі 
келетіні  –  бәрі-бәрі  бала  бойындағы  «әлемді 
тануға»  құштарлығынан  болса  керек.  «Әлемді 
тануға»  құштарлықтан  туындаған  қылмыстың 
зардабының  байыбына  бармау-  тағы  да 
кәмелетке жасы толмағандарға тән қасиет десек, 
артық айтпаған болар едік.
Қалай  десек  те,  қазіргі  жасөспірімдердің 
белсенділігі  құптарлық  нәрсе,  десек  те,  сол 
белсенділіктің  жат  әрекеттерге  бағытталмауы 
ең 
басты 
тілектен 
туындаған 
талап. 
Жасөспірімдердің  өздерінің  істеп  жүрген 
істеріне, оқу мен еңбектеріне, кей кездері тұрып 
жатқан  үй-жайына,  өзінің  мүмкіндіктерін 
көрсете  алмағандығына  көңілі  толмауы  –  сол 
ең  басты  талапты  орындауға  кедергі  жасайды. 
Көңіл  толмаушылық  жасөспірімдердің  «зауқы» 
жоқтығымен емес, керісінше, кейбір обьективті 
жағдайлардың болуымен түсіндірілетін сияқты. 
Қалай десек те, болашақ тағдырын тізгіндейтін 
жеткіншектердің өз тағдырына талғампаздықпен 
қарауы  ересектерге  байланысты.  Ересектер 
тарапынан 
қадағалаудың 
басымдылығы 
олардың тарапынан істелетін жат әрекеттерді де 
азайтар еді. Ересектер тарапынан қадағалаудың 
басымдылығы кәмелетке толмағандардың құқық 
санасын да зерделеуге көп көмегін тигізеді. Ал, 
кәмелетке  толмағандардың  құқық  санасының 
жетілуі  қылмыстылықтың  да  азаюына  жол 
ашары, ықпал етері сөзсіз. Олай деуге толық негіз 
бар екендігіне күмән жоқ. Осы орайда, Қазақстан 
Республикасының 
Тұңғыш 
Президенті-
Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 
қаңтар  айындағы  (2014)  Қазақстан  халқына 
Жолдауындағы  «...ХХІ  ғасырдағы  дамыған  ел 
дегеніміз  –  белсенді,  білімді  және  денсаулығы 
мықты  азаматтар»  деген  сөзін  тағы  да 
қайталағымыз келеді. Дамығын мемлекетіміздің 
бүгінгі белсенді, білікті балаларының болашақта 
әлемдік  деңгейге  шығуы  көбейіп,  тұғырдан 
көрініп  жүргендердің  санын  көбейтетініне  әлі-
ақ  көз  жеткізетін  болармыз.  Оған  болашаққа 
деген  нық  сенімнен  туындаған  тұрақтылық, 
ордалы  ойларын  жүзеге  асырып,  тау 
бұздыратын  жеткіншектеріміздің  талпынысы 
мен  өнертапқыштығы,  ойлампаздығы  мен  алға 
жетелеген  армандарын  жүзеге  асыруы  куә 
еткендей.  Құқық  бұзушылық  пен  қылмыстық 
әрекетке  барған  жеткіншектеріміз  болашақта 
жақсыны  көріп  үйренсе,  жамандық  атаулыдан 
бойын  алшақ  салып,  жиренсе,  ертеңі  есіктен 
«қаққанда»,  «не  айтаммен»  емес,  керісінше, 
жетістіктің  жалауын  ту  етсе,  бүгінгі  күнді 
қылмыстылқтың  санын  көбейткен  сандық 
көрсеткіштің азаяры сөзсіз. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Сухомлинский В.А. Мектеп директорымен сырласу. - М., 1979. - 207 б.
2. Парнищев А.Ф. О характере групповых преступлений, совершаемых несовершеннолетними и 
вопросы уголовной ответственности соучастников преступления. - Преступления и ответственность. 
- Алма-Ата, 1971. – 135 с.
3. Белякова А.М., Карев Д.С., Орлов В.С. Правовая охрана детства.- М., 1968. – 172 с.
4. Якобсон Г.М. Эмоциональная жизнь школьника. - М., 1966. – 71 с.
5. Нарикбаев М.С. Подросток и закон. - Алма-Ата, 1981. – 96 с.
6. Вайсберг А., Тайбекова Ш. Алкоголизм и преступность несовершеннолетних. - В кн.: Вопросы 
борьбы с преступностью несовершеннолетних. - Алма-Ата, 1968. – 108 с.
7. Болдырев Е.В., Герцензон А.А. Алкоголизм - путь к престпулению. - М., 1966. – 96 с.
8. Дао Чи Ук. Борьба с преступностью несовершеннолетних в СРВ. - М., 1986. – 225 с.
9. Гилинский Я. И. Преступность несовершеннолетних: криминологический анализ.- М., 2006. 
– 136 с.
10.  Сыздық  Б.К.  Кәмелеттік  жасқа  толмағандардың  қылмыс  жасауына  қарсы  әрекет  етудің 
криминологиялық және виктимологиялық мәселелері. - Ювенология. - Астана, 2010. – 420 б.
Уголовное право и уголовный процесс

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
110
Мақалада  кәмелетке  жасы  толмағандардың  құқықтық  санасын  зерделеу  қарастырылды. 
Құқықтық санасын зерделеуге байланысты ескерту, алдын-алу шаралары жан-жақты қаралып, 
қылмыстылықпен күрес жүргізудің тиімділігі мәселелері сараланды. 
Түйін сөздер: құқық сана, зерделеу, алдын-алу, тиімділік.
В статье рассматриваются проблемы правовых знаний и их влияние на несовершеннолетних. 
Также рассматривается вопрос о предупреждении преступности среди несовершеннолетних. 
Ключевые слова: правосознание, формирование, предупреждение, эффективность.
The article considers the the problems of legal knowledge and its influence to the minors. Also examined 
the prevention of juvenile delinquency. 
Keywords: legal consciousness, formation, warning, efficiency.
Раиса Ануарқызы Орсаева,
С.  Аманжолов  атындағы  Шығыс  Қазақстан  Мемлекеттік  университеті  қылмыстық  құқық                      
және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының қауымдастырылған профессоры, з.ғ.к.
Жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастырсақ...
Орсаева Раиса Ануаровна,
ассоциированный  профессор  кафедры  уголовного  права  и  уголовного  процесса  Восточно-
Казахстанского государственного университета им. С. Аманжолова, к.ю.н.
Формировать правовое сознание у несовершеннолетних
Orsaeva Raisa Anuarovna,
assortment professor of chair of criminal law and criminal trial of the East Kazakhstan state university 
of S. Amanzholov, c.j.s.
To form legal consciousness among juveniles
● ● ● ● ●

111
 Рустемова Гаухар Рустембековна,
 профессор кафедры уголовного права 
и криминологии Алматинской академии МВД 
Республики Казахстан, 
доктор юридических наук, профессор
Насырова Эльмира Михтатовна,
докторант Алматинской академии МВД 
Республики Казахстан, 
магистр права, капитан полиции
О НЕОБХОДИМОСТИ УСИЛЕНИЯ ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ
НАПРАВЛЕННОСТИ В БОРЬБЕ С ПРЕСТУПНОСТЬЮ
НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИХ
Преступность  несовершеннолетних  во  всем 
мире  является  одной  из  самых  актуальных 
социальных  проблем.  Обследование  несовер-
шеннолетних  преступников  показало,  что 
большинство  лиц,  совершивших  наиболее 
серьезные  акты  насилия,  сами  подвергались 
жестокому обращению со стороны родителей и 
других людей.
В  настоящее  время,  когда  продолжаются 
масштабные  и  быстрые  процессы  социально-
экономических  и  политических  изменений 
в  обществе,  особенно  трудно  приходится 
несовершеннолетним с их еще не устоявшимся 
мировоззрением, системой ценностей.
По мнению известного ученого-криминолога 
А.И. Долговой содержательная сторона причин 
и  условий  преступности  характеризуется 
многообразием  их  проявлений  в  современной 
обстановке  организации  жизнедеятельности 
общества.
При  этом  причины  и  условия  преступности 
детерминируются  конкретными  условиями  и 
развитием таких сфер общественного развития, 
как:  экономика,  политика,  право,  философия, 
социальная  психология  и  др.  Каждая  из  них 
имеет свои криминогенные особенности [1].
Необходимость усиления профилактической 
направленности 
в 
деятельности 
право-
охранительных органов, особенно в отношении 
несовершеннолетних  правонарушителей  и 
преступников,  объясняется  происходящими 
в 
стране 
процессами 
демократических 
преобразований,  построения  цивилизованного 
правового  государства,  способного  обеспечить 
защиту  своих  наивысших  ценностей  от 
преступных посягательств.
В  Послании  Президента  Республики  Казах-
стан  Лидера  Нации  Н.А.  Назарбаева  народу 
Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050»: Новый 
политический курс состоявшегося государства» 
было  отмечено  важнейшей  составной  частью 
социальной  политики  –  защита  материнства  и 
детства,  а  также  необходимость  дальнейшей 
гуманизации 
уголовного 
законодательства 
Республики Казахстан [2]. 
Негативные 
тенденции 
и 
процессы, 
происходящие  в  структуре  современной 
преступности,  в  том  числе  и  преступности 
несовершеннолетних (общий рост совершенных 
преступлений,  особенно  наиболее  опасных 
ее  видов,  в  том  числе  организованных  форм, 
снижение раскрываемости преступлений и др.), 
свидетельствуют  об  имеющихся  нерешенных 
проблемах в вопросах правового регулирования 
борьбы  с  преступностью,  правоприменения, 
организационного обеспечения и требуют поиска 
новых путей противодействия преступности.
В Казахстане по решению данной проблемы 
были  приняты  ряд  организационно-правовых 
мер в масштабе страны. Так, в Указе Президента 
Республики  Казахстан  от  17  августа  2010 
года  «О  мерах  по  повышению  эффективнос-
ти  правоохранительной  деятельности  и 
судебной  системы  в  Республики  Казахстан» 
Уголовное право и уголовный процесс

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет