165
Сыныптан тыс оқу сабақтарын өту әдістемесіне ерекше назар аудару керек. Оны
әдебиеттегі сабақтардан мүмкіндігіне қарай басқаша ойластырып өткізген жөн. Сабақ бойы
сұрақ беріп мазалау, талап ету сияқты таптаурын әдістерден қашқан жөн.
Әсіресе, 5-8-сыныптарға арналған сабақтан тыс оқу сабақтары қызықты,
оқушыларды тартатындай, жалықтырмайтындай болып жоспарлануы, өтуі керек. Бір ізбен
өтетін сабақтардан оқушылар жалығады, ал оның зияны ұшан-теңіз, себебі ондай
сабақтар баланың кітапқа деген қызығушылығын тежейді, жояды. 5 -8-
сыныптардағы сабақтан тыс оқудың ең басты мақсаты - оқушылардың кітапқа деген
ынтасы, қызығушылығын арттыру, оқырмандар әзірлеу. Концерт сабақ, әдеби ойын
сабақтары,
жарыс сабағы, жәрмеңке сабак, композициялық сабақ, инсценировкалық сабақ,
сабақ-викторина, саяхат сабағы, «Бізде ертегі кейіпкерлері қонақта» атты кездесу сабағы
немесе «Алақай, Тазша баланың ертегісін тыңдаймыз!» атты әңгіме сабақтары, т.б. сабақ
түрлері сабақты әрлендіріп, балаларды көңілдендіріп жіберетіні сөзсіз.
Неше түрлі безендірме суреттерге (әсіресе, ертегі, мысалдарды оқытқанда) орын
беру, музыкаға көңіл қою, түрлі бетперде, сұлбаны пайдаланудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: