Ресурстарын


 Адам ресурстарын басқару аудиті



Pdf көрінісі
бет98/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   142
Байланысты:
Адам ресурстарын басқару

8.2. Адам ресурстарын басқару аудиті 
 
Адам  ресурстарын  басқару  жəне  оның  жұмысының  тиім-
ділігін  сипаттау  үшін  аудиттің  əр  түрі  жүргізіледі [8.28-суретті 
қараңыз]: 
 
 
 
 
 
 
 
8.28-сурет. Ұйымның кадрлық жұмысына аудит жүргізу 
түрлері [2, 226-б.] 
 
Қызметкерлерді  басқару  аудитінің  маңызы  кейінгі  уақытта 
артуда. Бұл келесідей объективті себептермен түсіндіріледі: 
Ұйымның кадрлық қызметінің жұмысына аудит
 
жүргізу 
Сыртқы аудит 
Ішкі аудит 
Өзіндік аудиті 


Сейсембай Жұмамбаев  
 
201
 
 
-  ұйымның  стратегиялық  мақсаттары  мен  міндеттерін  жү-
зеге асырарда кадр қызметінің рөлі арта түсуде; 
-  адам  ресурстарына  салымдар  көбеюде,  сондықтан  олар-
дың ақталу мəселелерінің маңыздылығы туындайды;  
-  жоғары  бəсекелестік  жағдайында  тауарларды  өткізудің 
жаңа нарығын иемдену күресі күшеюде.  
АРБ  аудиті – ол  кəсіпорынның  адам  ресурстарын  басқару 
қызметін кеңес беріп қолдау, аналитикалық бағалау жəне тəуел-
сіз сарапқа салу жүйесі. 
Ол  қаржылық-шаруашылық  аудитімен  қатар  жүргізіліп,  ке-
лесілерді анықтауға мүмкіндік береді: 
-  ұйымның кадрлық потенциалы оның мақсаттары мен даму 
стратегиясына сəйкестігін; 
-  қызметкерлер  жұмысы  мен  ұйымның  басқару  құрылы-
мының нормативтік-құқықтық негізге сəйкестігін; 
-  АРБ  қызметінің  тиімділігін,  қаншалықты  ол  қызметкер, 
бөлімше  жəне  басшылар  алдына  қойылған  міндеттер  тиімді 
орындалғанын; 
-  ұйымда əлеуметтік мəселелердің туу себептері жəне оның 
шешу жолдарын. 
АРБ  аудитінің  басты  мақсаты – қызметкерлердің  жұмысы-
ның  тиімділігіне  жасайтын  ықпалы,  ал  ең  ақырында,  ұйым 
пайдалылығын  қамтамасыз  ететін  маңызды  фактор  болып 
келетінін анықтау. 
Осыған  сүйеніп,  АРБ  аудитінің  келесі  негізгі  міндеттерін 
келтіруге болады: 
-  əлеуметтік еңбек аясындағы мəселелерді табу; 
-  АРБ  стратегиясы  мен  саясатының  ұйым  мақсатына  сəй-
кестігін қамтамасыз ету; 
-  АРБ  тиімді  əдістерін  қалыптастырып,  оларды  іс  жүзінде 
қолдану; 
-  АРБ  стратегиялық,  линиялық  пен  функционалдық  дең-
гейінде салынатын күштерді бір-біріне сəйкес келтіру; 
-  заңдар талабына сəйкестікті орнату; 
-  АРБ-ға кететін шығындарды қысқарту; 
-  АРБ қызметінің тиімділігін бағалау; 
-  АРБ қызметінің атын, атағын (имиджін) жақсарту. 


Адам ресурстарын басқару 
 
202
 
 
Қаржылық жəне бухгалтерлік аудиті сияқты АРБ аудиті, бір 
жағынан,  бақылау  жолы,  тəсілі,  ал  екінші  жағынан,  басқару 
құралы болып келеді. 
Ұйым  қызметін  жетілдіруге  бағытталған  АРБ  аудиті  белгі-
ленген  аудиторлық  стандарттарға  сүйену  керек.  Аудиттің  келесі 
жалпы  ұстанымдарын – өзін-өзі  ұстау  этикасы,  тəуелсіздік, 
кəсібилік – сақтау, бұл жұмыстың тиімді болуын қамтамасыз етеді.  
АРБ  аудиті  алдына  қойылған  мақсаттар  мен  оны  жүргізу 
деңгейіне қатысты келесі аудит стратегияларын атауға болады: 
-  салыстыру  көзқарасы.  Салыстыру  аудиттің  ең  қарапайым 
стратегиясы – басқа ұйымды үлгі ретінде қолдану; 
-  сыртқы сарапшыларды тарту. Сыртқы сарапшыларды тарту 
– кеңес берушілер ұсынылған не жарияланған зерттеу стандарт-
тарын аудит жүргізгенде нормативтік база ретінде қолдану; 
-  статистикалық  көзқарас.  Статистикалық  көзқарас  ұйым-
дағы қолдағы бар ақпарат жүйесіне негізделеді; 
-  сəйкестік көзқарасы. Сəйкестік көзқарас ұйым қызметінің 
нəтижесі заңға, ішкі нормативтік құжаттарға сəйкес келетіндігін 
бағалайды; 
-  МВО тұрғысынан көзқарас. МВО-көзқарасы көбінесе бас-
шылар  мен  мамандардың  алдына  қойылған  мақсаттар  мен 
жауаптылығын реттейді, ол мақсаттардың нақтылы орындалуын 
өлшейді. 
Аудиторлық тексеруді екі бағытта жүргізу керек: 
-  ұйымның  еңбек  потенциалын  бағалау,  қызметкерлерге 
сандық жəне сапалық сипаттама беру; 
-  кадрлық  үдерістер  мен  АРБ  функцияларына  диагноз 
қойып, оның тиімділігін бағалау. 
Еңбек  потенциалының  аудитінің  мақсаты – ұйым  өзінің 
қызметін  жүргізу  жəне  одан  əрі  дамыту  үшін  қажетті  адам 
ресурстарымен  қамтылғанын,  қызметкерлердің  нақты  құрамын, 
қызметкерлердің  ерекшеліктерін,  олардың  бойындағы  кəсіби 
маңызды қасиеттерін бағалау.  
Сонымен  қатар  ұйым  мүдделерін  қамтамыз  ететін  АРБ  функ-
циялары  мен  барлық  кадрлық  басқару  процедуралары  зерттеліну 
қажет. 
Аудитті  өткізіп,  тиімді  шешімдерді  қабылдауда  əлеуметтік-


Сейсембай Жұмамбаев  
 
203
 
 
еңбек аясында мониторинг ұйымдастырған жөн, оның барысында 
кадрлық  ақпаратты  жинап,  талдап,  ұйым  басшыларына  страте-
гиялық жəне тактикалық шешімдерді қабылдауға тиісті мəліметтер 
беріледі.  
Аудитті жүргізу бірнеше кезеңнен тұрады: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
8.29-сурет. Аудит жүргізу кезеңдері [17, 560-б.] 
 
Дайындалу  кезеңінде  ұйым  туралы  жан-жақты  ақпаратпен 
танысады, алдын ала диагноз қойылуы мүмкін, аудиторлық тек-
серу  мақсаттары  мен  бағыттары  белгіленеді, аудитті  жүргізетін 
мамандарды,  фирма  бойынша  қажетті  құжаттарды  белгілейді. 
Осы  кезеңде  зерттеу  жүргізудің  стратегиясын  таңдайды  жəне 
талданатын ақпаратты жинау жоспары бекітіледі. 
Ақпаратты  жинау  кезеңінде  құжаттар  мен  есептерді  тек-
серу,  бақылау,  сауалнама,  қызметкерлермен  əңгіме  жүргізіледі, 
статистикалық  мəліметтерді  алдын  ала  өңдейді,  бухгалтерлік 
ақпаратты өңдеуге дайындайды.  
Аудитті  жүргізу  барысында  ақпаратты  жинауға  қолданатын 
негізгі əдістер: 
Дайындалу кезеңі (мəселені 
қою кезеңі) 
Мəліметтерді жинау кезеңі 
Ақпаратты бағалау жəне 
талдау кезеңі 
Қорытындылау жəне 
бағалау нəтижелерін, 
ұсыныстар беру 


Адам ресурстарын басқару 
 
204
 
 
-  бақылау; 
-  арнайы жазулар; 
-  арнайы есептер; 
-  сұхбат; 
-  сауалнама; 
-  қатынастарға шолу жасау; 
-  мəліметтерді жинауға арналған кездесулер; 
-  аудиторлық эксперимент. 
Үшінші кезеңде ақпаратты бағалайды жəне талдайды да, оны 
кесте,  схема,  диаграмма,  график  жəне  тағы  басқа  түрде  көрсе-
теді. Осы кезеңде берілген алгоритм бойынша қызметкерлердің 
жұмысы  туралы  мəліметтер  өңделінеді.  Аудиторлық  ақпаратты 
талдаудың негізгі əдістері: 
-  топтастыру; 
-  элиминирлеу; 
-  мəліметтерді жинақтау; 
-  нақтылау; 
-  сарапшылар бағалауы; 
-  экономикалық талдаудың статистикалық əдістері; 
-  модельдеу; 
-  функциональдық-құндық талдау. 
Қорытынды  кезеңінде  аудиторлық  тексерудің  нəтижелерін 
көрсететін  қорытынды  материал  (аудиторлық  қорытынды) 
дайындалады.  Аудиторлық  қорытындының  негізгі  мақсаты – 
АРБ  жұмысындағы  күшті  жəне  əлсіз  жақтарын,  қауіп  пен  оны 
болдыртпау мүмкіндіктерін анықтау. Бұл есепте АРБ жетілдіру 
жолдарын қарастырады. 
Ұйым  басшыларына  арналған  бөлігінде  кадрлық  жұмыс-
тарды жақсартуға қажет бүкіл ақпарат беріледі, оның ішінде: 
-  АРБ  қызметінің  жағдайы  туралы  қызметкерлер  мен  бас-
шылардың пікірлері; 
-  ұйым  стратегиясына  сəйкес  АРБ  қызметінің  мақсаты  мен 
міндеттерін түзету қажеттілігі; 
-  əлеуметтік-еңбек  аясындағы  мəселелер  жəне  олардың 
маңыздылығы; 
-  қажетті өзгерістерді енгізу туралы ұсыныстар. 
Берілген соңғы кезеңде АРБ аудитін жүргізу жəне ұйымның 


Сейсембай Жұмамбаев  
 
205
 
 
кадрлық  қызметінің  жетілдіру  нəтижесінің  тиімділігі  көрсеті-
леді.  АРБ  аудитін  жүргізгенде  кадрлық  қызметінің  бюджеті 
бүтіндей  жəне  жеке  бағыттарда  қалай  пайдаланғанына  көңіл 
бөлу керек. Аудит пен бюджетті байланыстыру үшін келесі көр-
сеткіштерді қолдануға болады: 
-  АРБ бір маманына ұйымның қанша қызметкерлері келеді; 
-  АРБ бір маманына кететін шығын; 
-  оқытылған  бір  қызметкерге  кететін  оқытуға  арналған 
шығын; 
-  жұмысқа  қабылданған  қызметкерді  іріктеп  алуға  кеткен 
шығын; 
-  бос орынды толтыруға кеткен уақыт жəне т.б. 
Аталған  кезеңдер  саны  мен  оның  мазмұндары  аудит  объек-
тісінің ерекшеліктеріне сай өзгеріледі, мысалы қызметкерлердің 
құзыреттеріне  аудит  жүргізу  өзіне  тəн  ерекшеліктерімен  алты 
кезеңнен тұруы мүмкін [29]. 
Аудитті  жүргізу,  əдетте  əртүрлі  мамандар,  қызметкерлер, 
кəсіподақ өкілдері тартылады [8.37-кестені қараңыз]. Неғұрлым 
құзыретті  жəне  қызығушылық  танытатын  адамдар  АРБ  қызме-
тіне аудит жүргізуге тартылса, соғұрлым оның жұмысына жан-
жақты жəне объективтік баға беріледі. 
 
8.37-кесте 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет