Қоршаған ортаны талдау: бұл талдау арқасында бəсекелес-
тер қолында қандай адам ресурстары қазір бар жəне болашақта
ие болмақ.
Талдау мақсаты – қызметкерлердің кəсіпорын алдындағы
өздерінің тартымдылық дəрежесін анықтау. Талдау үшін пішін-
дік (профильный) деп аталатын əдісті қолдануға болады:
кəсіпорынды, болашақ жұмыс істейтін орын ретінде таңдаған
кезде, қандай факторлары тартымды болып келеді, жəне осы
кəсіпорынның адам ресурстарын болашақта қандай мүмкін-
діктер мен тəуелділіктер күтіп тұр. Қоршаған ортаны талдауды
өте мұқият жүргізу керек, өйткені ол келесі кадр шешімдерін
қабылдауда бастапқы пункт болып келеді.