Адам ресурстарын басқару
28
2.2. АРБ стратегиясы жəне оны құру үдерісі
АРБ стратегиясының мақсаты – кəсіпорын/бизнес стратегия-
ларын адам ресурстарын қалыптастыруға, оларды сақтау жəне
пайдалану бойынша нақты шешімдер мен іс-əрекеттері түр-
леріне айналдыру. Бұл жерде адам ресурстарының екі жақтылық
сипатын айта кету керек: бір жағынан, ол кəсіпорын/бизнес
стратегиясына мүмкіншілік туғызады, екінші жағынан, сонымен
қатар оған шектеу болып келуі де мүмкін. Адам ресурстары
сандық, сапалық жəне уақыттық тұрғыдан басқа функционалдық
стратегияларды іс жүзіне асырудың қажетті алғы шарты болып
келеді. Мысалы, өндіріс шығындарын төмендету стратегиясы
осы уақытқа дейін ірі сериялық жəне жаппай өндірістегі көп-
теген кəсіпорындарына тəн. Шығындарды азайту құралдары:
өндірістік қуатты жоғарғы дəрежеде жүктеу, материалдық
шығындарды төмендету, еңбек өнімділігін максимизациялау
болып келеді. Ал оларға жету үшін еңбекті ғылыми басқару
ұстанымдарына негіздеп бөлу жəне мамандандыру керек.
Осыған байланысты АРБ стратегиясы қызметкердің атқаратын
функциясының аясы тар, бір қалыпты конвейерлік жұмысқа
итереді. Оның артықшылығы ретінде жұмысты игеру жəне оған
үйренуге кететін қысқа уақытты, төмен біліктілікті, осы себепті
қызметкерлерді оңай ауыстыра салуды айтуға болады. Қарама-
қарсы мысал ретінде Lean Production концепциясын келтіруге
болады. Топтық (бригадалық) жұмысты ұйымдастыру арқасында
адам ресурстарын сандық жəне сапалық жағынан оптималды
пайдалануға болады. Біліктілігі жоғары қызметкерлердің ойлары
мен шығармашылығы, көбінесе, шығындарды үнемдеуге мүм-
кіндік туғызады.
Сонымен, АРБ стратегиясы кəсіпорынның бəсекелестік
стратегиясына елеулі үлес қосады. Адам ресурстары кəсіпорын
дамуының қиын-қыстау айнымалысы болып келеді жəне осы
сапада өзінің стратегия құрушылық маңыздылығын көрсетеді.
АРБ стратегия түрлерін əр автор өзінше береді. Мысалы, ашық
не жабық кадрлық стратегиялары деп ажыратады [6, 38-б.].
Кəсіпорын/бизнес стратегиясымен байланысу дəрежесіне қарай
АРБ стратегиясының үш түрін ажыратуға болады [4, 25-27-б.]:
Сейсембай Жұмамбаев
29
1. Жеке (дара) АРБ стратегиясы: ол кəсіпорын/бизнес
стратегиясымен бірдей қарастырылады, бірақ соңғыдан туын-
дамайды. Бұл стратегия түрі өзіне бейімделген, қоршаған
ортадағы бəсекелестік немесе қоғам өзгерістері АРБ стратегия-
сына ықпал жасамайды. Кəсіпорынның стратегиялық шешімдері
мен кадр шешімдері арасындағы байланыс жоққа тəн.
2. Кəсіпорын/бизнес стратегиясынан туындайтын АРБ
стратегиясы: бұл жерде АРБ стратегиясының мақсаттары
кəсіпорын стратегиясының мақсаттарынан шығады да, соларға
жету құралы ретінде қарастырылады. АРБ стратегиясы бəсеке-
лестік жəне қоғам дамуын ескеріп, кəсіпорын/бизнес стратегия-
сын белгілегеннен кейін анықталады, сол себепті туынды
(дериватты) сипатқа ие болады. Бұл жерде кадр бөлімі кəсіпорын/
бизнес стратегиясының қалыптасуына қатыспайтыны анық.
Аталған стратегияны кейде өз жағынан екі түрге – инвестицияға
бейімделген АРБ стратегиясы жəне құндылықтарға бейімделген
АРБ стратегиясы деп бөлуге болады.
3. Ресурсқа бейімделген АРБ стратегиясы: бұл қолдағы бар
жəне дамытылып жатқан адам ресурстары кəсіпорын/бизнес
стратегиясының мазмұнымен үйлестіріледі.
Қызметкерлермен жұмыс істеу қажеттілігі кəсіпорын/бизнес
стратегиясын ойлағанда жəне ол қабылданғанда белсене
ескерілуі керек. Бизнесті басқарарда қызметкерлер туралы
ақпарат толық болу керек жəне де қолдағы бар қадрлық əлеует
негізінде кəсіпорын/бизнес стратегиясының қайсысын іске
асыруға болатынын анықтайды.
Егер бұрын сұрақ «Кəсіпорын/бизнес стратегиясы қандай
қызметкерлерге мұқтаж болады?» деп қойылса, ал қазір ол басқа
сұраққа «Қызметкерлердің əлеуетті біліктілігі арқасында қандай
рыноктарды ашуға болады?» дегенге ауыстырылады.
АРБ стратегиясы мен кəсіпорын/бизнес стратегиясын тығыз
байланыстыру негізінде кешенді көзқарас қамтамасыз етіледі.
Ұйым стратегиясы – тілекке сəйкес нəтижеге жету құралы.
Стратегия ұйымды басқару моделін нақтылы түрде көрсетеді
деуге болады, сондықтан, ол қызметкерлердің ойлау бейнесін
қалыптастырады. Стратегияны жасарда мақсатты сауатты
белгілеуге зор мəн берген дұрыс. Оқулық пен ғылыми
Адам ресурстарын басқару
30
əдебиеттерінде АРБ мақсаттарын əртүрлі жіктейді. Мысалы,
жалпы жəне ерекше (спецификалық) мақсаттар деп бөлуге
болады (2.3-кестені қараңыз).
2.3-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |