Сейсембай Жұмамбаев
105
Үміткерлерді алдын ала іріктеу үшін қолданатын дəстүрлі
құжат – ол «қызметкерлерді есептеу жеке парағы». Əдетте бұл
құжатты барлық үміткерлерге бірдей толтырғанмен, ондағы
ақпарат жалпы сипаттама берумен тынады. Ал батыс елдерін-
дегі тəжірибеде осыған ұқсас құжат (Application Form) пайда-
ланылады, бірақ онда қойылатын сұрақтар нақты ұйымдағы
қызметтің ерекшелігін көрсетеді. Жалпы сұрақтармен қатар
«Ұйым стратегиясы туралы не білесіз?», «Осы бизнес сала-
сындағы кейбір істермен шұғылданасыз ба?», «Жұмысқа қанша
уақытты бөлетін ойыңыз бар?» жəне т.б. Толтыру нəтижесінде
ұйымдағы жұмысқа үміткерлерді іріктеуге қажет нақты ақпарат
алынады. Үміткерлерді алдын ала іріктеп алудың басқа түрлері
төменгі кестеде көрсетілген:
5.14-кесте
Достарыңызбен бөлісу: