Сейсембай Жұмамбаев
165
- бұлжымайтын, қатаң түрі;
- икемді түрі;
- аралас түрі.
Ұйымда қатаң формасы бойынша белгілі сомаға жеңілдіктер
жинағы бекітіледі. Жеңілдіктер қызметкерлердің нақты мұқтаж-
дығына қарамай, барлығына бірдей беріледі. Бұл жағдайда,
мысалы кейбір қызметкерлер медициналық қызметін пайдалан-
байды, əртүрлі себеппен ұйым есебінен берілетін тегін тамақ-
тануды елемеуі мүмкін.
Жеңілдіктерді икемді түрде (басқаша «кафетерий ұстанымы»
деп аталынады) бергенде, қызметкер осы кезде өзіне маңызды
жеңілдіктерді таңдап алады. Біреуі тиісті қаражатты оқуға, ал
екіншісі, отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсетуге
жұмсауы мүмкін. Жеңілдіктер берудің икемді түрі қызметкер-
лердің жеке қажеттілігін жəне оның уақыт бойы өзгеруін ескереді.
Бірақ бұл форманы іс жүзінде жүргізу күрделі болып келеді.
Əрине, жеңілдіктер тек адамның мүддесін ескермей, ұйым
мүдделерін қанағаттандыруға бағытталуын қадағалайды. Мысалы,
тегін тамақтану не жаңа жылды мерекелеу қызметкерлердің
денсаулығына қамқорлық жасауды, қызметкерлердің бірлікте
болуын көздейді. Ал күнделікті тəжірибеде ұйымдар жеңілдіктер
берудің аралас түрін жиі таңдайды. Бір адамға бөлінген соманың
бір бөлігі міндетті түрде белгіленген нақты уақытта жұмсалуы
керек (мысалы, медициналық сақтандыру; түстегі тегін тамақ жəне
с.с.), ал басқа бөлігін кəсіпорын əкімдігімен не бекітілген
жеңілдіктер тізіміне сай басқа қажеттіліктерге жұмсалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: