Адам ресурстарын басқару
2. Нақты қазақстандық кəсіпорнында қолданатын еңбекақы төлеу формасы
мен жүйелерін келтіріңіз.
3. Ұйым ішіндегі өтемақылық саясаттың кемшіліктерінен туатын диспро-
порцияларды айқындаңыз.
4. Есеп. Кесімді жалақы алатын IV-ші разрядты жұмысшы (сағаттық та-
рифтік ставкасы 226 теңге) 8 сағаттық ауысымда 35 бұйым жасап шығарды,
бір бұйымға орнатылған уақыт нормасы – 15 мин. Жұмыс күрделілігі – V-ші
разряд (240 теңге). Норманың орындалу пайызын, кесімді жалақыны жəне
кесімді жалақының ішіндегі тарифтің үлес салмағын есептеңіз.
5. Есеп. Бір айдың ішінде V-ші разрядты жұмысшы 600 бұйым дайындады
(бір бұйымға орнатылған уақыт нормасы – 0,47 адам-сағат, жұмыс күрделілігі – V-
ші разряд). Жоспарды учаске 103% орындады, сыйақы 10% өлшемінде жоспар
орындалғаны үшін жəне өндіру нормасын орындалу шарты жағдайында 2%
өлшемінде жоспардың артық орындалуының əр пайызына төленеді.
6. Есеп. Жұмысшының еңбекақысы кесімдік-прогрессивтік жүйесімен тө-
ленеді. Прогрессивтік қосымша төлемдер өндіру нормасы 108% орындалған-
нан басталады: егер өнім өндіру осы межеден асса, əр бұйымға тиісті жалақы
мөлшері (сдельная расценка) екі есе өседі. Сағаттық тарифтік ставкасы – 226
теңге, бір айда 22 жұмыс күні, ауысу ұзақтығы – 8,2 сағат, орындалған жұмыс
көлемі 209,3 норма-сағат. Жұмысшының еңбекақысын есептеңіз.
7. Есеп. Кезекші слесарьдің еңбек ақысы кесімдік-жанама жүйесімен
төленеді. Ол əрқайсысының нормативтік өнімділігі 24 т төрт агрегатқа норма
бойынша қызмет жасайды. Ауысу ұзақтығы – 8 сағат, слесарьдің сағаттық
тарифтік ставкасы – 226 теңге. Слесарьдің əр бұйымға тиісті жалақы мөлшерін
(сдельная расценкасын) анықтаңыз.
8. Есеп. Жұмысшының еңбекақысы мерзімдік жүйесімен төленеді (ай-
лығы 40000 теңге). График бойынша 8 сағаттық 22 күн орнына ол 8 сағаттық
19 күн жұмыс істеді. Жоспар орындалғаны үшін оған жалақысының 10%
өлшемінде сыйақы төленді. Жұмысшының еңбекақысын есептеңіз.
9. Есеп. Қызметкерлерді басқару менеджерінің еңбекақысы айына 150 мың
теңге. Бір ай ішінде график бойынша 22 жұмыс күні бар, ол 20 күн жұмыс
істеді, 2 күн қызмет сапарында болды (өткен айдағы орташа күндік жалақысы
7812,50 теңгені құрады). Бұл айда сыйақы төлеу шарттары түгел орындалды,
барлық басшылық жасайтын қызметкерлерге сыйақы олардың лауазымдық
айлығының 30% өлшемінде төленеді. Менеджердің осы айдағы еңбекақысын
есептеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: