Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б


Лабиал-индифферентті дауысты дыбыс



Pdf көрінісі
бет49/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80
Байланысты:
1-Шнайдер-В.А.-2019-готовый-конвертирован

Лабиал-индифферентті дауысты дыбыс деп біз өзінен кейінгі 
дауыстыларға лабиалдық атракция әсерін жүргізе алмайтын барлық 
дауысты 
дыбыстарды 
түсінуіміз 
керек. 
Мысалы, 
Волга 
диалектісінде  түбір  буында  кездесетін  (о  және  ö  дыбыстарынан 
қалыптасқан) uü дауысты дыбыстары сөзге жалғанған қосымшада 
ū,  ǖ  дауыстыларына  ауысады.  Айтылу  ұзақтығы  жағынан  Қара-
қырғыз    тіліндегі  ашық,  созылыңқы    ō    дыбысына  ұқсас  болып 
келеді.  мысалы, jōγa  (жауға) . tōłаr (таулар)» /11,27/. 
Қазіргі  қырғыз  тілінде  сингармонизмнің  ішінде  ерін  үндестігі 
толық сақталып келгендігі біздің ойымызша, басқа түркі тілдерінде 
кейінгі  кезеңде  бұл  заңның  әлсірей  бастауымен  салыстырыла 
айтылған  пікір  емес,  жалпы  қырғыз  тілінде  ерін  және  тіл 
гармониясы 
өткен 
дәуірлерде 
де 
басқа 
түркі 
тілімен 
салыстырылғанда бір саты жоғары болса керек. Оған дәлел ретінде 
жоғарыда  келтірілген  XIX  ғасыр  ғалымдарының  үндестік  заңына 
қатысты дәйекті мысалдары мен П.М. Мелиоранскийдің: «В кара-
киргизком наречии сингармонизм замечается в самом полном виде. 
Фонетическая  явления,  обусловливаемые  им  в  этом  наречий 
сводится к следуюшим законам. 
1)...В одном и том же слове могут стоят или все гортанные или 
все небные гласные, т. д. е или а, ы, о, у или ä, е, і, ö, ÿ
2)...После широкого гортанного звука может стоять или тот же 
самый  звук,  или  узкий  гортанный  наиболее  близкие  к  нему  по 
лабиальности.  Тоже  касательно  небных  гласных»  /19,18/  –  деп 
келтірген пікірі дәлел бола алады. 


66
 
В.В. Радлов еңбегінде түркі тілдеріндегі үндестік заңы мәселесі 
жеке  тақырып  болып  тек  дауысты  дыбыстардың  үндестігіне 
арналған. 
Ал дауыссыз 
дыбыстардың 
үндесуі 
мәселесі 
қозғалмайды  десек  болады.  Тек  сөз  ішіндегі  қос  дауыссыздар 
тіркесімін  әңгімелеуде  ғалым  бірді-екілі  ассимиляциялық 
құбылысқа  қатысты  үндесулерге  жеке  тоқталып  қана  көрсетеді. 
Дауысты дыбыстардың ғана емес, сонымен қатар дауыссыздардың 
да үндесуі түркі тілінде кеңінен кездесетіндігі жайында М. Рясянен 
былай  деген  еді:  «Кроме  гармонии  гласных,  можно  говорить 
о наличии  в  тюркских  языках  и  гармонии  согласных,  посколько 
артикуляция  согласных  сдвигается  здесь  вперед  или  назад 
в зависимости от соседних с ними гласных» /31,119/. 
Үндестік заңының келесі бір келелі мәселесі, түбір мен қосымша 
ішіндегі  дауысты  дыбыстардың  үндесіп  үйлесіп  келуі  болып 
табылады. 
«Біз  бұл  жерге  дейін  дауыстылар  үндесуінің  әр  түрлі  түркі 
диалектілерінде қолданылуын, палаталь атракцияның өзіндік түбір 
буыннан  кейін  келетін  дауыстыларды  қамтуын,  алшақ  орналасқан 
дауысты  дыбыстарға  лабиалды  атракцияның  әсерінің  бастапқыдай 
болмайтындығын  бақылап  көрдік.  «Біз  бұл  құбылыстың  бәрін 
фонетикалық  құбылыс  ретінде  қарастырдық.  Енді  бұны  басқа 
сөзжасамға  әсер  ететін  түркі  тілдерінің  механизмі  ретінде 
қарастырғанымыз  жөн.  Біз  дауысты  дыбыстар  үндесуін  толық 
сипаттай алу мүмкіндігіне сөзжасамдағы түркі тілі дауысты дыбыс 
жүйесінің  қолдану  ерекшелігін  алып  түсіндіргенде  ғана  ие 
боламыз.  Осы  тұрғыда  біз  түсіну  үшін  түрлі  бағытта  бақылау 
жүргізуіміз 
қажет. 
1) 
кейбір 
сөздердің 
грамматикалық 
сөзжасалымындағы  дауыстылардың  үндесу  жайы.  2)  күрделі 
сөздердегі  дауысты  дыбыстардың  үндесуі.  3)  кірме  сөздер 
құрамындағы дауысты дыбыстар үндесуінің жай-күйі" /11,48/. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет