68
қалған қосымшалар. Бұл қосымшаларды ғалым
«аппозита» деген
терминмен атап, негізінен кірме сөздермен байланыстыра қарайды.
2) Біршама түбір әуеніне көндігіп, өзінің дербестігін жоғалтқан,
бірақ түбірге толық сіңбей, ажыратуға келетін қосымшалар.
Бұл қосымшаларды ғалым
«энклитика», яғни
«сүйенбелі»
қосымшалар деп атаған. Мысал ретінде:
аlγап-оq, t
ӫ
škäп-ük, torgап-
üq, pirgän-ők тәрізді сөздерді келтіріп,
-оq, -ük, -иq, -ők тұлғалары
түбірдегі дауысты дыбыстың ерекшелігіне байланысты бейімделіп
төрт вариантты болып келуімен қатар, толық үндестіктің жоқтығын
да байқата алады. Ғалымның пайымдауынша, көрсетілген төрт
нұсқа таза палатальды үндесу, ал лабиалдық үндесуі жағынан
ауытқу бар. Атап айтсақ, түбірлердің соңғы дыбысы езулік
болғанына қарамастан қосымшалар дербес еріндік қалпын сақтаған.
Қорыта айтқанда,
энклитика деп тіл үндесуі жағынан үйлесіп
келетін, бірақ еріндік жағынан езулік-еріндік болып келіп, түбірмен
үйлеспей, жартылай дербестігін сақтаған қосымшаларды айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: