Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б



Pdf көрінісі
бет57/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80
Байланысты:
1-Шнайдер-В.А.-2019-готовый-конвертирован

u,  ал  ǖ,  ĭ  дыбыстары  ö  мен  ü-ден  кейін  тұрады.  Мысалы,  еtіmnĭń 
(атымның), tartĭp (тартып), kіšіdĭn, kälgändĭn, bolŭp, kopŭp, jürüp, 
jürǖp, jürĭp, turир, turйр. 
Бұл  ашық  және  қысаң  дауысты  дыбысты  аффикстерден  басқа 
әртүрлі  диалектілерде  кейбір  басқа  екі  буынды  аффикстер  де 
кездеседі.  Олардың  бір  буыны  қысаң  дауыстыдан,  екінші  буыны 
ашық  дауыстыдан  тұратын  буын  болып  келеді.  Мысалы,  қырғыз 
тілінде етістік  тудырушы  makšу  жұрнағы, келер  шақ  есімше  qynča 
және  qynа  жұрнақтары.  Бұл  аффикстерде  дауысты  дыбыстардың 
түрленуі  туралы  бұған  дейін  көрсетілген  заңдылықтарда  айтылып 
кеткен. 
Сонымен 
Қара-қырғыз 
және 
Алтай 
тілдерінде 
қосымшаларды  төрт  түрлі  дыбыстық  құрамды  байқауға  болады. 
Мысалы,  аt-таqčу,  bol-тоqčй,  kälтäkčĭ,  ötтökčǖ,  аsqупа,  köрküпö, 
jobošqŭna, äbäškinä» /11,33/. 
«Кейбір  аффикстер  көпшілік  диалектіде  ашық  дауысты  болып 
келеді,  ал  кейбіреуінде  қысаң  дауыстылармен  қолданылады. 
Мысалы,  шығыс  септігі:  tаń,  tоń,  täń  (Алтай),  tап,  täп  (Қырғыз) 
қосымшалары  Тараншы  және  Шағатай  диалектілерінде  tĭп 
тұлғасында  қолданылады.  Мысалы,  Төлеуіт  диалектісінде:  аt-tаń, 
кіžі-däń, оttоń, köldöп. Тараншы диалектісінде: аt-tĭn, кіšі-dĭn, öldǖn, 
öі-dĭп. 


81
 
Тек  қана  келер  шақ  есімше  аффиксі  ғана  Волга  диалектісінде, 
Осман  және  Қырым  диалектілерінде  ашық  дауыстылармен  және 
қысаң дауыстылармен де қатар қолданылады. Сол себепті де оның 
сегіз түрлі нұсқасы бар: Олар, аr, är, ąr, уr, ĭr, өr, 
ӫ
r, аr немесе аr, 
är, уr, иr, ür, іr» /11,34/. Бұл жағдайда ескеретін жай барлық нақты 
етістіктер  ашық  және  қысаң  дауысты  дыбыстан  тұратын 
қосымшаларды  қабылдай  алады.  Олар  дауыстылардың  ерін  және 
палаталь  атракциясы  нәтижесінде  жалғанады.  Мысалы,  bil-ĭr, kir  -
ir, tөr - өr, ğөr өr, kütär - ĭr, äiläп - ĭr, ğatkyz- уr, немесе at - аr, tab - 
аr, ğit – är, köl - аr, qип - аr, ğөt - ậr (Волга диалектісінде). 
Қазіргі  қазақ  тілінде  қолданылатын  қосымшаларды  да  дауысты 
дыбыстарының жақтың қатысына қарай орналасу тәртібін ескерген 
жағдайда келесі қосымшалар тобын анық байқауға болады: 
1)  Бірыңғай  ашық  дауысты  дыбыстан  тұратын  қосымшалар. 
Мысалы,  -са,  -се  шартты  рай  тұлғасы,  -нан,  -нен  шығыс 
септігінің жалғауы, -лар, -лер көптік жалғауы т.б. 
2)  Бірыңғай  қысаң  дауысты  дыбыстан  тұратын  қосымшалар. 
Мысалы,  -шылық,  -шілік,  -  ғы,  -гі,  -шы,  -ші  зат  есім  тудырушы 
жұрнақтары,  -нікі,  -дікі,  -тікі  тәуелдеу  категориясының 
қосымшасы. 
3)  Алғашқы  буыны  қысаң  дауыстыдан,  келесі  буыны  ашық 
дауыстыдан  тұратын  қосымша:  -күнем  жұрнағы.  Мысалы 
қаскүнем.  Сын  есім  шырай  категориясының  -ырақ,  -ірек 
жұрнағы,  -сыра  (-сіре)  есімнен  етістік  тудыратын  жұрнағы,  -
ырқан,  -іркен    есімдер  мен  етістіктерден  туынды  етістік 
жасайтын  жұрнақ,  -ыңқыра  (-іңкіре,  -ңқыра,  -ңкіре),  -ымсыра      
(-імсіре,  -мсыра,  -мсіре)  амалдың  өту  сипатын  білдіретін 
жұрнақтар. 
4)  Алғашқы  буыны  ашық  дауыстыдан,  келесі  буыны  қысаң 
дауыстыдан  тұратын  қосымша:  -ғалы,  -  гелі,  -қалы  есімшенің 
және  -келі, -атын, -етін, -итін, -йтін көсімшенің жұрнағы. 
Құрамында  ī  палато-индифферент  дауыстысы  бар  қосымшалар 
ешқандай  дауыстының  өзгеруіне  әкеліп  соқпайды.  Мысалы,  аt-tī 
(атты),  оt-tī  (отты),  раdуšапī  (патшаны).  Абақан  диалектісінде 
болымсыз етістік есімшесі: аl - bīп, tur - bīп, кеІ - bīп, tиr - böпkir - 
bīп, qorq - рīn» /11.34/. 
«Көптеген  солтүстік  диалектілерде,  мысалы,  Алтай,  Төлеуіт, 
Қара-қырғыз,  Қырғыз,  Бараба  диалектілерінде  және  Ертіс  пен 
Волга  диалектілерінде  кейбір  қосымшалар  созылыңқы  лабиал 


82
 
дауысты  дыбыспен  қолданылады,  олар  тек  екі  түрлі  дауыстының 
түрленуін ғана құрайды, нақты айтсақ,  ō  - ö және  ū ǖ  . Мен бұл 
қосымшаларды аффикс қатарына енгіздімөйткені бұл созылыңқы 
дауысты  дыбыс  сөз  ішінде  кейін  кездейсоқ  қалыптасқан,  яғни 
бұндағы  үндесу  заңынан  ауытқу  түбір  ерекшелігіне  тәуелді  емес. 
Мысалы, Алтай, Бараба және Қара-қырғыз диалектісіндегі сын есім 
тудырушы  -1ū,  -1ǖ  қосымшалары  (-łуq,  -lĭk,  -lĭg,  -łуg  -тан 
қалыптасқан),  аt-tū,  ät-tü  (атты,  етті),  оt-tū,  (отты),  qyłdū 
(қылды), är-lǖ (әрлі). Қырғыз тілінде бұл аффикс lу, eĭ, lū, lǖ түрінде 
көрінеді. Батыс диалектілерде атау тудырушы  ū, ǖ жұрнағы (Көне 
жазбалар  тіліндегі  -qи,  -kü  -мен  ұқсас)  =  ﻰﻨ  ,ﻖﻏ  .  Қырғыз  тілінде: 
bоł-у (болу), köru (көру), аl-у (алу), bär-ü (беру). Жинақтау сан есім 
тудырушы  ō,  ö  (Қырғыз  тілінде),  ǖ  (Алтай  тілінде),  '

ﻰﻨ  ,ﻰ . 
(Шағатай тілінде), аи, öü ( Волга диалектісінде) жұрнағы. Мысалы, 
bür-ö (Қ-қырғыз), ріr-ǖ (Алтай), ök- ö, äkkǖ, üč ö, üčǖ, beš- ö, раz-ǖ, 
аlt-ō, аkt - ū» /11,34-35/. 
Осы  тұжырымдарына  сүйеніп  ғалым  түркі  тілдерін  келесі 
топтарға бөлген: 
«а)  у,  і,  ü,  u  дауысты  дыбыстары  ашық  және  қысаң  дауысты 
дыбыстардан  кейін  тұратын  диалектілер.  Мысалы,  Қара-қырғыз 
тілінде: at-tuń, jäl-tĭń, at-ty, öt-töń. 
б)  у,  і,  ө,  ö  дауысты  дыбыстары  қысаң  дауысты  дыбыстардан 
кейін келетін диалектілер. Мысалы, Қазан диалектісі: ğyl-nyń, it-nĭń, 
өn-nө, 
ӫ
n-n
ӫ
ń. 
в) қысаң лабиалды u мен ü дауысты дыбыстарының қолданылуы 
тұрақсыз  диалектілер.  Алтай  және  кейбір  басқа  диалектілерде 
лабиалды  дауыстыдан  кейін  қолданылады,  ал  у  дыбысы  о-дан 
кейін, u-дан кейін көпшілік жағдайда u қолданылады. Мысалы, joŀ-
dyń, köl-düń»/11,36/
Бұл  топқа  енетін  қосымшалар  түбірге  толық  бағынатын,  ашық 
дауысты  дыбысты  және  қысаң  дауысты  дыбысты  болып  екіге 
бөлінінетін қосымшалар болып табылады. В. Радлов бойынша бұл 
қосымшалар  сөздің  түбіріне  жалғану  барысында  құрамындағы 
дауысты  дыбыстары  қатаң  түрде  түбірдегі  дауыстыға  бағынышты 
болып келеді. 
Түркі  тілдерінде  түбірге қосымша жалғану барысында  дауысты 
дыбыстың  ерекшелігі  ескеріліп,  келесі  заңдылықтар  басшылыққа 
алынады: 
1)  Егер  сөздің  түбірінде  ашық  палатальды  дауысты  дыбыс  болса, 


83
 
оған  жалғанатын  қосымшалар  құрамында  дауысты  дыбыс  не 
палатальды  ашық,  не  палатальды  қысаң  дауысты  дыбыс  болуы 
тиіс. Мысалы а дауыстысынан кейін қосымшада дауысты дыбыс 
не а, не болмаса у дыбыстарынан құралуы шарт; аt-tаr-γа аt-tу. 
2)  Егер  сөздің  түбірінде  дауысты  дыбыс  палатальды  жіңішке  ä 
дыбысы  болса,  оған  жалғанатын  қосымшалар  палатальды 
жіңішке ä, е ашық және жартылай ашық дыбыстардан, не қысаң 
і  дыбысынан  болуы  шарт;  säп-di,  et-kе,  (ғалымда  ät-kä)  еt-ǐ 
keigän. 
Бұл  езулік  жуан  және  жіңішке  дауыстылардың  түбір  мен 
қосымша  ішіндегі  арақатынас  заңдылығы  қазіргі  қазақ  тілінде  де 
толық күйін сақтап қалған Мысалы, бала-лар-ға, бала-ңыз-ды, кел-
ген-де,  кел-ді-ңіз,  т.б.  Ауытқу  тек  -нікі,  -дікі,  -тікі  иеленушілік 
мәнді, көмектес септігінің -мен, -бен, -пен жалғаулары және кейбір 
эмоциялық мәнді, сол сияқты кірме қосымшаларда сақталған. 
В.В. 
Радлов 
материалдарына 
сүйенсек 
бұл 
езулік 
дауыстылардың жалғану тәртібі барлық түркі тілдеріне қатаң түрде 
сақталмаған,  кейбір  тілдерде  бұдан  басқа  тыс  ауытқулар  да 
кездеседі.  Мысалы,  kälÿр  (Көне  түркі),  пälÿk  (Ұйғыр),  käптÿ 
(Төлеуіт),  kälтÿрÿn  (Шағатай),  käčÿlÿ  (Төлеуіт,  Алтай),  käzdÿr 
(Тараншы),  laryk  (Көне  түркі),  jandyr  (Тараншы),  jaraly  (Төлеуіт). 
Яғни,  езулік,  ашық  дауысты  дыбыстан  кейін  еріндік  ÿ  (ү)  не  у  (ұ
дауыстыларының 
қолданылуы 
мысалдардан 
байқап 
отырғанымыздай  бертін  қалыптасқан  құбылыс  емес,  сонау  көне 
түркі заманынан бері сақталып келген. 
3) Егер сөздің түбірі еріндік жуан u, о, ө, дауыстыларынан тұрса, 
оған  жалғанатын  қосымшалар  еріндік  u,  о,  ө  немесе  езулік  а 
дыбысты  болуы  тиіс.  Мысалы,  оt-tап,  оt-tоп,  bоl-γап,  qөrt-qа,          
өп-ө, т.б. 
Қазіргі қазақ тілі қосымшалары негізінен жазба тілді елемегенде 
бұл заңдылыққа толық бағынышты. Түбірде дауысты дыбыс еріндік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет