Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б



Pdf көрінісі
бет60/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   80
Байланысты:
1-Шнайдер-В.А.-2019-готовый-конвертирован

Сан есім мен сан есім. 
üčön (Алтай) отыз.= üčоп, törtön (Алтай) қырық tört+оп, аłtап 
(алпыс)  =  аłty+оп,  säksäп,  siksäп  (сексен)  =  sägiz+оп,  toksan 
(тоқсан) toγuz+оп tuksaп (Қазан). 
Зат есім мен зат есім. 
Веl-bäü (Қырғыз) bеl-bаи, tärs
ǟ
(Алтай) көртышқан = tärs-ajaq, 
qołonmoš (Алтай) ілгіш = qоłоń+bаš, раšqūп (Алтай) арғы күн = раš 
kу+kün,  bịlazik  (Қазан)  білезік  =  bịlak+j
ӫ
z
ӫ
k,  tońojoq  (Төлеуіт)  қaр 
аяқ киімі ton+ajaq» /11,38/. 
Зат есім мен етістік.  
раžуr (Алтай) раš+ur. Бұл " баспен жер ұру мағынасында" 
2)  Бірінші  сөздегі  дауысты  дыбыстар  екінші  сөздегі  дауысты 
дыбыстарға  бағынады.  Бұл  өзгерудегі  екінші  компонент 
дауыстылары  түбір  (негізгі)  дауысты  дыбыс  деп  есептеледі. 
Сондықтан  бұл  құбылыс  тек  егер  екінші  сөз,  күрделі  сөз  үшін 
маңызда болып табылғанда ғана іске асады. 
Есімдік және зат есім. 
рüγüп  (Алтай)  бүгін  =  ри-küп,  öγüп  (ол  күн)  (Қазан  татарлары 
тілінде бүрсүгіні мағынасын береді.) = оl+küп, bуjуl (Қазан) биыл 


88
 
= bи-jуl, bуłtur (былтыр) bịr+jуł+dyr. 
Есімдік пен етістік. 
паүуі (Қырғыз) не қыл = па +qуł. 
Етістік пен етістік. 
äkkäl  (Алтай)  әкел  =  äkраl  (Қырғыз)  =  аłур+käl,  türö-gäldǐ 
(түрегелді) = tura+ gäldǐ, türö-tüstǖ (тура түсті) tura-tüstü. 
Зат есім мен зат есім. 
Т
ǟ
пärtäп  (Қырғыз)  таңертең  =  tań+ärtäп,  qөпbаγуš  (Қазан) 
күнбағыс = kөп +bаγуš. 
3)  Екі  сөздің  де  дауысты  дыбыстары  өзгереді.  Бір  сөздің 
дауысты  дыбысы  жіңішке  дауыстыларды  айқындайды,  екіншісі 
лабиалдықты  айқындайды.  Осы  тұста  ескеретін  жай  қай  сөздің 
мағынасы  басым  болса,  сол  сөздің  дауысты  дыбыстары 
палатальдықты айқындайды. Мысалы, unčǔq (Алтай) = ün+ čyq «үн 
шығару».  Бұл жерде  екінші сөздің,  čyq  сөзінің жуан дауыстылары 
күрделі сөздің палаталдығын айқындаса, алғашқы сыңар ün сөзінің 
дауысты  дыбысы  сөздің  лабиалдығын  айқындайды.  Сол  сияқты 
күрделі  сөздердің  алғашқы  компонентіндегі  дауысты  дыбыстар 
келесі  сөздердің  де  лабиалитетін  айқындаған:  söitǖp,  büitǖp 
(Қырғыз)  сөздерінде  келесі  soł+etǐр,  bu+еtǐр  тәсілімен  жасалған. 
Күрделі  сөздердің  дауысты  дыбыстарының  палатализациялануы 
күрделі  сөз  мағынасына  маңызды  екінші  сөздің  дауысты 
дыбыстары арқылы, ал лабиализациялануы бірінші сөздің дауысты 
дыбыстарының әсерінен қалыптасады. 
«Якут тілінде күрделі сөздер түркі тіліне қарағанда сан жағынан 
көп емес. Бетлинг тек келесі сөздерді ғана келтірген: бÿгÿн (бүгін), 
біliгін  (қазір),  быjыл  (биыл),  äcǐl  (келесі  жыл),  öjÿн  (бүрсүгіні), 
бölÿн (өткен  түні). Мен өзімнің тарапымнан келесі сөздерді қоса 
аламын:  сарӹ  (май),  сары-jу  тіркесінен  жасалған.  Бірақ  бұл 
келтірілген  аздаған  мысалдардың  өзі  якут  тіліндегі  күрделі 
сөздердегі  дауысты  дыбыстар  түркі  тілдеріндегідей  тәсілдермен 
үндеседі» /11,39/. 
Тілдің  дамуы  барысында  кезінде  жай  сөз  тіркесі  деңгейінде 
болған  тіркес  жалпы  компоненттік  мағынасынан  айырылып,  бір 
ортақ  мағынаға  ие  болуы  нәтижесінде  бірігіп,  кейін  кіріккенде  ең 
алдымен  дауысты  және  дауыссыз  дыбыстардың  ықпалына 
ұшырайды.  Бірақ  басым  үлес  дауысты  дыбыстардың  әсеріне 
тигендіктен  ең  алдымен  олардың  орналасу  ерекшелігін  ескеріп 
В.В.  Радлов  тұжырымдарын  басшылыққа  алып,  сөздің  күрделенуі 


89
 
барысында  дауысты  дыбыстардың  үндестік  заңы  ықпалы 
нәтижесінде түрленуіне байланысты кіріккен сөздер құрамынан үш 
түрлі үндеспе ерекшеліктерді байқауға болады. Олар: 
1.  Екі сыңары да фонетикалық өзгеріске ұшыраған күрделі сөздер. 
Мысалы,  қайтып  (қалай  етіп),  түрегел  (тұра  кел),  кайнене 
(қайын ене), бүгін (бұл күн)
,
 қарлығаш (қара ала құс). 
2.  Алғашқы сыңарының дыбыстық құрамы фонетикалық өзгеріске 
ұшыраған  кіріккен  сөздер.  Мысалы,  көгал  (көк  ал),  бегзат  (бек 
зат). 
3.  Соңғы  компонентіндегі  дауысты  дыбыстары  фонетикалық 
өзгеріске ұшыраған кіріккен сөздер. Мысалы, белуар (бел буар), 
белбеу (белбау), 
Екі  компоненті  де  түрленген  кіріккен  сөздердегі  дауысты 
дыбыстардың  бейімдеу  үрдісін  екі  тұрғыдан  ажыратамыз.  Олар 
алғашқы  сыңардың  дауысты  дыбыстарының  екінші  сыңардағы 
дауыстыларға  әсер  ететін  (негізінен  лабиалдық  әсер  етуі)  және 
керісінше  соңғы  сыңардағы  дауысты  дыбыс  бірінші  сыңардағы 
дауысты  дыбысқа  әсер  ететін  (негізінен  палатальдық  әсер  етеді) 
кіріккен  сөздер.  Мысалы,  қазіргі  қазақ  тілінде  кездесетін  түрегел, 
әпер,  бүгін  деген  күрделі  сөздердің:  тұра  кел,  алып  бер,  бұл  күн 
деген тіркестерден қалыптасуы барысында соңғы компоненттердегі 
дауысты  дыбыстар  алғашқы  түбірдегі  дауысты  дыбыстарды 
бейімдеген.  В.В.  Радлов  тілімен  айтқанда  «бұл  сөздердің  соңғы 
сыңарларының  дауысты  дыбыстары  түбірдегі  дауысты  дыбыс 
қызметін  атқарып  алдындағы  сыңардағы  дауысты  дыбыстарды 
палатальдық  (тілдік)  тұрғыдан  өзіне  бағындырып  отыр».  Бұдан 
басқа бүгін, түрегел сөздерінде жіңішке дауыстылар к дыбысының 
аккомодациялық  заңға  сай  ұяң  г  дыбысына  ауысуына  септігін 
тигізсе,  алып  бер  тіркесінің  кірігуі  барысында  алғашқы  сыңардың 
соңғы  п  дыбысының  екінші  сыңардағы  алғашқы  б  дыбысына  әсер 
етіп  ассимиляциялық  заңдылыққа  бағынышты  еткенін  аңғару  да 
қиын емес. 
Сонымен  екі  компонентінің  де  өзгеріске  ұшырауында 
дауыстылардың үндестігі және дауысты мен дауыссыздың үндестігі 
тікелей  әсер  етіп  кіріккен  сөздерге  қазақ  тілінде  келесі  сөздер 
тобын  жатқызуға  болады.  Олар:  сексен  (сегіз  он),  тоқсан  (тоғыз 
он),  былтыр  (бір  йыл  дүр),  ағайын  (аға  және  іні  сөздері),  сөйт 
(солай  ет),  бүйт  (бұлай  ет),  сәйгүлік  (сай  көлік  (көлік  сөзі  көне 
түркі  тілінде  жануар  мағынасында  жұмсалған),  әттегенай  (айт 
деген  ай),  еңгезердей  (ені  кез  ер),  жәрмеңке  (немістің  «jahr»  – 


90
 
жыл, «Маrk» - сауда деген сөзі), моншақ (мойын жақ) т.б. 
Кейбір  жағдайда  кіріккен  сөздің  кейінгі  сыңары  басым  сыңар 
қызметінде  болып,  алғашқы  сыңарға  әсер  ету  нәтижесінде  оны 
фонетикалық  жағынан  өзіне  толық  бағындырады.  В.В.  Радлов 
бұндай  кірігудегі  жайды  екінші  сыңар  дауысты  дыбысының  түбір 
дауыстылардың  қызметін,  ал  бірінші  сыңардағы  дауыстылар 
қосымшадағы  дауыстылардың  қызметін  атқарады  деп  түсінген. 
Мысалы, ендігәрі (ендігі әрі), әжептәуір (ғажап тәуір), бәйшешек 
(бай шешек), әкет (алып кет), қайнаға (қайын аға) т.б. 
К.  Аханов  сөздердің  күрделенуінде  екпіннің  рөлі  айрықша 
екенін  айта  отырып,  былай  дейді:  «Алғашында  екі  түбірдің 
бірігуінен  жасалып,  тілдің  даму  барысында  сыңарлары  дыбыстық 
және  мағыналық  өзгерістерге  ұшырап,  соның  нәтижесінде  ол 
сыңарлардың бір-біріне әбден кірігіп сіңісуінен жасалған сөздер бір 
екпінге 
бағынады 
да, 
құрамындағы 
дауысты 
дыбыстар 
сингармонизм заңы бойынша не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке 
болып, барлық жағынан жалаң сөздерге тән қасиеттерге ие болады» 
/34,56/. 
Бұдан  басқа  қазақ  тілінде  екі  компоненттің  тек  соңғы  сыңары 
ғана  фонетикалық  жағынан  алғашқы  сыңарға  икемделуі 
салдарынан  қалыптасқан  кіріккен  сөздерде  кеңінен  қолданылады. 
Бұндай  сөздерде  реттегіш  қызметін  алғашқы  сыңар  құрамындағы 
дауыстылар өз мойнына алып, басым компонент қызметін атқарады 
да  кейінгі  сыңарға  ықпал  етеді.  Сол  сияқты  күрделі  кіріккен  бұл 
сөздер 
тобына 
ассимиляциялық 
заңдылықтың, 
яғни 
дауыссыздардың бір-біріне әсері салдарынан қалыптасқан сөздерді 
да  жатқызуға  болады.  Мысалы,  белбеу,  қолғанат,  жарғанат, 
Құрманғазы, Тоғжан, Амангелді, елгезек (елкезек), 
Жалпы 
қазіргі 
қазақ 
тілінде 
морфологиялық 
емес, 
орфографияның  басты  принципі  фонетикалық  принцип  болғанда 
кіріккен сөздер қатары әлі де ұлғая түсетіні айғақ. Мысалы, 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет