Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б


Түркі тілдеріндегі дифтонг және трифтонг мәселесі



Pdf көрінісі
бет62/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80
Байланысты:
1-Шнайдер-В.А.-2019-готовый-конвертирован

 
Түркі тілдеріндегі дифтонг және трифтонг мәселесі 
 
Т.  Қордабаевтың  пікіріне  сүйенсек,  «дифтонг  дауысты  дыбыс 
жүйесіне  қатысты  айрықша  мәселе  болып  табылады.  Бұл  термин 
гректің  dis  –  екі  «қосарланған»  және  phtonos  –  «дауыс»,  «дыбыс» 
деген мағыналарды білдіретін сөздерінен жасалған лингвистикалық 
термин  /10,290/.  «Әрбір  дифтонг  дауысты  дыбыстан  басталып, 
дауысты  дыбысқа  аяқталады  да,  екі  дауыстының  қосындысы 
дифтонг құрайды» /17,51/. 
Бүгінгі таңда бұл мәселе төңірегінде қазақ тілі білімінде әр түрлі 
көзқарастар  мен  пікірлер  де  қалыптасып  жүр.  Көптеген 
түркітанушы  ғалымдар  түркі  тілдерінде  өз  алдына  дербес  фонема 
бола  аларлықтай  дифтонгтар  жоқ  деп  есептейді.  Бір  буынның 
көлемінде  айтылатын  дыбыстардың  тіркесін  жоғарыда  айтылған 
пікірді  қолдаушы  ғалымдар  жалған  немесе  «комбинаторлық 
дифтонг  деп  таниды»  /26,330/.  Осы  пікірді  кезінде  атақты 
түркітанушы  ғалым  А.Н.  Кононов  та  айтқан  болатын.  Бұл  пікір 
қазақ  тілінде,  қазақ  сөздерінің  ішінде  екі  дауысты  дыбыс  қатар 
айтылмайды  деген  пікірге  негізделсе  керек.  Екінші  жағынан  алып 
қарасақ  негізінде  дауыстылардың  дифтонгті  түрінің  қазақ  тілінен 
басқа  түркі  тілдерінде  бар  құбылыс  екенін  аңғару  да  қиын  емес. 
Дифтонг  мәселесін  тереңірек  зерттеген  қазақ  ғалымы,  тұңғыш 
профессорымыз  Қ.  Жұбановтың  өз  пікірлерін  дәлелдеуде 
мысалдардың  өзін,  негізінен,  өзге  түркі  және  басқа  халық 


92
 
тілдерінен  келтіруінің  өзі  бұл  құбылыстың  қазақ  тіліне  жат 
құбылыс  екенін  дәлелдей  түсетін  тәрізді.  Ол  «мысалы,  якут  тау 
дегенді тыа, қытай қылыш дегенді дао дейді» /34,51/. Сол сияқты 
К.  Ахановтың  мысалдары  тіпті  француз,  румын,  неміс  тілдерінен 
келтіруінің  өзі  тілімізде  дифтонг  мәселесінің  әлі  де  бір  шешімге 
келмегендігін көрсетеді. Дифтонг құбылысына тағы да мысалдарды 
келтіре  беруге  болады.  Мысалы,  «қазіргі  монғол  тілінен  баатыр 
(батыр),  будаа  (ботқа),  саах  (сауын),  тоосон  (тозаң),  башқұрт 
тілінен  тыу  (ту),  мөнйөу  (өзгелеу)»  /34,95/.  Сол  сияқты  орыс 
тіліндегі  распускает,  свое,  согласие,  неміс  тіліндегі  arbeit,  zeit, 
regierung,  deutsch,  ағылшын  тіліндегі  looked,  good,  year,  neat  тағы 
басқа сөздерін алуға болады.  
Дифтонг  мәселесі  тек  біздің  дәуірде  ғана  емес,  ХІХ  ғасырдың 
өзінде-ақ түркітанушы ғалымдардың зерттеулерінде кеңінен әңгіме 
болған  нысан  болса  керек.  Осы  мәселе  төңірегінде  алғашқы 
қомақты зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдардың бірі В.В. Радлов 
болды. Ол дифтонг мәселесі турасында былай деген болатын: «екі 
дауысты  дыбыстың  дифтонг  құрап  қосылуы  түркі  тілдерінде  әр 
түрлі болып келеді. Мен кездестірген дифтонгтарды үш топқа бөліп 
қарастырдым: 
а)  ашық  дифтонгтар  (бір  қысаң  және  ашық  дауысты  дыбыстың 
қосындысынан құралған). 
б)  лабиал  дифтонгтар  (бір  ашық  дауысты  дыбыс  пен  қысаң 
еріндік дауысты дыбыстың қосындысынан құралған). 
в)  Қысаң  немесе  І-дифтонгі  (еріндік  емес  дауысты  дыбыспен  ĭ  
дыбысының  қосындысынан  құрылған  дифтонг)»  /11,17/.  Біз  көріп 
отырғанымыздай 
ғалым 
түркі 
тілдеріндегі 
дифтонгтарды 
құрамындағы  дауысты  дыбыстардың  орналасу  тәртібі  мен 
акустика-артикуляциялық  ерекшеліктерін  ескеріп  жоғарыдағыдай 
топтарға  бөліп  қарастырған.  әр  дифтонг  түрлеріне  тоқталу 
барысында келесі мәліметтерді көрсеткен: 
«Ашық  дифтонгтар  қатаң  түрде  жалпы  санаулы  жағдайда  ғана 
қолданылады.  Ашық  дифтонгтарды  мен  тек  келесі  диалектілерден 
байқай алдым. 
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет