2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ПӘНДЕРІНІҢ БЖБ ЖӘНЕ ТЖБ САРАЛАНҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ МЕН ЖЕКЕ МҮМКІНДІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың қолданыстағы
нормативтік құқықтық базасы негізгі постулатқа негізделген – білім алушының
жеке ерекшеліктеріне және білім беру қажеттіліктеріне білім беру ортасын
бейімдеуді қамтамасыз ететін педагогикалық тәсілдемені ескере отырып,
олардың тұратын жері бойынша барлық білім алушылар үшін тең білім беру
мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
ҚР «Білім туралы» Заңында сапалы білім алу құқықтарының теңдігін
көздейтін білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні мен қағидаттары;
білім беру жүйесін дамытудың басымдылығы; әрбір адамның зияткерлік
дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып,
халыққа барлық деңгейдегі білімнің қолжетімділігі ашылған.
Мәселен, 1-бапта екі маңызды ұғымға анықтамалар берілген:
19-3)
ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе
уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу
бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет
ететін адамдар;
21-7) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері
мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін
білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;
8-бапта «Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып,
білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға
олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік
бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді» делінген. 56-бапта
«Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары инклюзивті білім беру
ескеріле отырып әзірленеді» делінген [15].
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы
18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес.