Аралас
дифференциация
технологиясы
(жиынтық
топтар
моделі) – қызығушылықтары бойынша және даму деңгейі бойынша оқытуды
саралаудың екі түрінің біріккен нысаны. Оқу пәндерін оқу үшін барлық сынып
параллель қайта топтастырылады. Үш жиынтық топ құрылады. Осы оқу пәніне
(мысалы, математикаға) қызығушылық танытқан және осы бағытта
айтарлықтай жоғары көрсеткіштері бар балалар озық деңгейдегі бір жиынтық
топқа (уақытша гомогенді класс) біріктіріледі. Деңгейлік дифференциация
принципі бойынша параллельдің қалған оқушыларынан (базалық стандарт тобы
және күшейтілген педагогикалық қолдау тобы) тағы екінші жиынтық топ
құрылады. Параллель үшін оқу бағдарламасының үш нұсқасы әзірленеді.
Біріншісі қызығушылық бойынша топ шеңберінде жұмыс істейді және алдыңғы
қатарлы деңгейге ие; екінші және үшінші нұсқалар бұл пән «қызықты»
таңдалмаған және басты мақсаты – оқытудың міндетті нәтижелеріне қол
жеткізу болып табылатын топтарда іске асырылады.
Инклюзивті тәсілде жетістіктерді бағалау технологиялары
Бағалау пәні қол жеткізілетін білім беру нәтижелері, сондай-ақ оларға қол
жеткізу процесі, сондай-ақ әрбір білім алушының өзінің оқыту процесінің
ерекшеліктерін ұғыну шарасы болып табылады. Бұл ретте интегралды
бағалаумен
қатар
(жалпы,
мысалы,
портфолио,
презентациялар,
көрмелер және т.б. түрінде жүргізілетін барлық жұмыс үшін) сараланған
бағалау (жекелеген аспектілердің жұмысында ажырату, мысалы, есептеу
біліктерінің қалыптасуы, оқудың мәнерлілігі, жолдастарды тыңдау, сұрақтар
32
мен т.б. тұжырымдау және қою), сондай-ақ білім алушылардың өзін-өзі
бағалауы және өзіндік талдау қолданылады.
Ағымдағы бағалау нысанын таңдау оқыту кезеңімен, оқытудың жалпы
және жеке мақсаттарымен, нақты оқу міндеттерімен, ақпарат алу мақсатымен
анықталады.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандарымен бірге
мұғалім барлық сыныптармен жұмыс істеу стратегиясын ойластырады, онда
балалар тек қана нәтижені, оқу – жаттығу өнімінің сапасын ғана емес, сонымен
қатар процесс қосымша күш-жігер деңгейін, белсенділікті, топтық жұмысқа
қатысу шараларын, «өзінің» өсуін бағалайды.
Ерекше қажеттіліктері бар білім алушының қызмет нәтижелерін оқыту
және бағалау жағдайында мұғалім баланың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін,
оның физикалық және психикалық денсаулығын, эмоциялық тепе-теңдікті
сақтау үшін шарт болып табылатын формалар мен тәсілдерді пайдалануы
қажет. Осылайша, оқытуда сараланған және жеке тәсілдер іске асырылатын
болады.
Мұғалім тапсырмаларды қиындық дәрежелерін ескере отырып бөлуі
мүмкін, бірақ тапсырмаларды білім алушылар жеке, өз күштерімен таңдап алуы
үшін жасауға болады. Бұл жағдайда дифференциацияны мұғалім емес, білім
алушылар әртүрлі күрделілік деңгейіндегі тапсырмаларды өз бетінше таңдау
арқылы жүзеге асырады. Мұндай саралауды сұрау кезінде де, білімді меңгеру
және бекіту кезінде де жүзеге асыруға болады. Инклюзивті сыныптағы білім
алушылар қызметінің нәтижелерін бағалау технологиясының бірі өзін-өзі
бағалау технологиясы болып табылады.
Сыныпта 2 стенд: біреуі тапсырмалармен, екіншісі жауаптармен
орналастырылады. Тапсырмалар арнайы стендте орналастырылады, қатарлар
бойынша бөлінеді және қалташаларға салынады. Бірінші қатар сұрақтары оңай.
Екіншісі – қиын, үшіншісі – одан да қиын. Ең күрделі қатар – төртінші. Бұл
қағидат бойынша кез келген пән бойынша тапсырмалар жасауға болады.
Бірінші қатардың ұяшықтарына тапсырмалар орналастырылады. Әдетте бұл –
терминнің анықтамасы. Бұл терминді атау қажет. Бұл тапсырманың жауабы
негізінен тануға арналған. Екінші қатардың тапсырмалары материалды
шығаруға арналған. Мысалы, қандай да бір ұғымға анықтама беру. Үшінші
қатарда тапсырмалар, мысалы, қандай да бір құбылыстар арасындағы
қатынасты табу ұсынылады. Төртінші қатар проблемалық сипаттағы
тапсырмалар негізінде берілген.
Бірінші және екінші қатардың тапсырмалары негізінен есте сақтау
жұмысына, үшінші және төртінші – ойлау жұмысына, талқылау, ұқсастықтар
мен айырмашылықтарды табуға есептелген.
Әр тапсырма үшін білім алушылардың жауабы балмен бағаланады.
Төменгі қатардың кез келген тапсырмасына жауап бір балмен, екінші – екі,
үшінші – үш, төртінші – төрт балмен бағаланады. Білім алушылар өздері жауап
бергісі келетін санға өз бетінше тапсырмалар алуға құқылы. Әдетте барлығы
5 ұпайға жауап бергісі келеді. Демек, тапсырмаларды 5 ұпайға алу керек.
33
Тапсырмаларды кез келген қатардан және кез келген комбинацияда алуға
болады. Мысалы, бірінші қатардан бес тапсырма алуға болады, бұл 5 ұпай
береді, жоғарғы және төменгі қатардан бір тапсырма алуға болады — бұл да 5
ұпай береді. Комбинация білім алушылардың қалауы бойынша, олардың
мүмкіндіктері бойынша кез келген болуы мүмкін.
Егер білім алушы тапсырманы орындай алмаса, онда ол оны төменде
тұрған қатардың жеңіл тапсырмаларына ауыстыра алады. Бұл тапсырмалар өз
жиынтығында шешілмеген тапсырмаға сәйкес ұпай санын беруі тиіс.
Жауаптардың дұрыстығын білім алушылар өзін-өзі бақылау тақтасында
салыстырады, онда қалташаларда осындай нөмірлермен тапсырмаларға
жауаптар берілген. Егер жауап дұрыс болса, білім алушы тапсырманы
орындаған парақшаға тиісті балл санын қояды, егер жоқ болса – жеңіл
тапсырмаларға көбейтеді. Осы уақытта мұғалім білімді өзектендірудің басқа
түрлерін жүзеге асыра алады.
Бір мезгілде өз-өзіне жауап алу стендінде кез келген адам жұмыс істей
алады. Тапсырмалар нақты тұлға үшін емес, жалпы білім алушылар үшін
дайындалған. Тапсырмаларды саралауды білім алушылар өздері жүзеге
асырады. Жеке тәсіл білім алушының өзі үшін білінбей жүзеге асырылады.
Соңғы уақытта балалардың көптеген білім алу қажеттіліктерін, олардың
мүмкіндіктері мен мүдделерін ескеретін оқытудың әртүрлі жағдайларын
жасауға бағытталған технологиялардың өсуі байқалатынын атап өту қажет [18].
Бастауыш мектеп білім алушыларының мектепке келген кезінде белгілі бір
білім қоры болады, оның негізінде олар математикалық ұғымдарды
қалыптастырудың негізі болып табылатын бірқатар дағдыларды меңгере алады.
Алайда, әдетте, балада бар білім жеткіліксіз, жүйесіз болып табылады және
толықтыруды, тереңдетуді, түзетуді талап етеді, өйткені олардың қалыптасуы
тұрмыстық деңгейде болды. Бұл жағдай ұғымдарды одан әрі заңсыз теңестіруге
немесе бір ұғымды басқаға ауыстыруға себепші болуы мүмкін, соның
нәтижесінде білім алушылардың білімдерінде олқылықтар пайда болады,
бағдарламада айқындалған дағдылар мен біліктердің қалыптаспауы байқалады.
Баланың математикадан оқу материалын меңгеруге дайындығы
(математикалық дайындық) бірнеше бағыттардан тұрады, олардың базалық
бағыттары мыналар болып табылады:
1) сандық, уақытша, кеңістіктік, геометриялық көріністердің тиісті
ұғымдарды зерделеу үшін жеткілікті деңгейде қалыптасуы;
2) кейбір ойлау операцияларын меңгеру дәрежесі (талдау, синтез,
салыстыру, аналогия, жалпылау, жіктеу);
3) қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
4) баланың жүйелі сөйлеу дамуының белгілі бір деңгейіне қол жеткізуі
[15].
Бірінші бағыт балалардың математиканың бастауыш курсының негізгі
ұғымдарын – натурал сан мен шаманың ұғымдарын меңгеру қабілетін
сипаттайды. Бірінші сыныпта даму деңгейі бойынша әртүрлі балалар білім
алатынын атап өту қажет. Олардың ішінде даму деңгейі оларға материалды
34
сапалы меңгеруге мүмкіндік беретін білім алушылар тобы ерекшеленуі мүмкін,
өйткені олар жүйелі сөйлеуді меңгерген, мұғалімнің жетекшілік етуімен немесе
өз бетінше қорытынды жасай алатын (индуктивті қорытындылар), белгілі бір
дербестік
дәрежесімен
себеп-салдарлық
байланысты,
заңдылықтарды
анықтауға қабілетті.
Екінші топтың білім алушылары жоғарыда аталған жұмысты тек оқу
жұмысының барлық кезеңдерінде көрнекілік құралдарын пайдалана отырып
орындауға қабілетті, бұл ретте оларға ересектер тарапынан елеулі көмек
көрсету қажет.
Үшінші топ – жаңа жағдайларды қарастыру үшін өзінің өткен тәжірибесін
пайдалана алмайтын, қоршаған болмысы туралы жинақталған мәліметтер
математика бойынша оқылатын оқу материалына қиын келтірілетін пәндік
іс-әрекеттерге сандық баға беру және қайта жаңғырту қиын болатын
жалпылама түсініктемелері жоқ балалар. Мұның бәрі білім алуда
проблемалардың туындауына себепші болады, ал оларға негізделген біліктер
мен дағдылар жеткілікті түрде баяу қалыптасады.
Балалардың екінші және үшінші топтарын математиканы меңгеруге
жеткіліксіз дайындығымен сипатталады. Біріншіден, баланың математикалық
түсініктерді меңгеру сапасы сандық түсініктердің, есеп дағдыларының
қалыптасуымен сипатталады, себебі математиканың бастапқы курсында нақты
сан деп есеп нәтижесі түсініледі. Осылайша, әдістемеде екі түсінік
бар – «механикалық шот» және «саналы шот» [19].
Психикалық дамуы тежелген балалар «механикалық шотты» меңгереді,
басқа сөзбен айтқанда, олар бірден онға дейінгі, ал кейде одан кейінгі натурал
қатардағы сандардың кезектілігін біледі, бірақ заттарды есептеу кезінде оның
ережелерін бұзады – есептеу кезінде бір затты бірнеше рет санайды, кейбірін
санауға ұмытып кетеді, бұл сөз бен іс-әрекет арасындағы үйлесімділіктің
бұзылуымен («саналы шотты» меңгермеуіне) байланысты.
Келесі күрделі мәселе балалардың берілген саннан сандық аралықты атай
алмауы, үлкен саннан кіші санға дейінгі сандардың «кері» кезектілігін атай
алмауы болып табылады. Бұл натурал сандармен есептеулерді орындаудың
негізі болып табылатын натурал қатардың қасиеттерін түсінуде қиындықтарға
алып келеді.
Бастауыш сыныптың білім алушылармен жұмыс істей жүріп, мұғалім
келесіні байқай алады: есепті орындағаннан кейін бала нәтижені заттардың
жалпы санымен байланыстырмайды, тек соңғы санмен байланыстырады немесе
есептеп болған соң «қанша?» сқрағына жауап бере алмай, есептеуді қайтадан
бастайды. Саналған заттардың орналасуын өзгертсе, қайта сол операцияны
бастайды. Басқа сөзбен айтқанда, білім алушылар шот нәтижелелігі
операциясын меңгермеген.
Ескере кететін жайт, үшінші топтың білім алушылары әдетте сандардың
кезектілігін
білмейді,
есептеу
білмейді,
«саналы
шот»
кезінде
заттық-практикалық іс-әрекет тәсілдерін меңгермеген, цифрлардың атауларын
білмейді, жазу білмейді [19].
35
Жаңартылған
оқу
бағдарламаларының
мазмұндық
ерекшеліктері
инклюзивті білім беруді іске асыру үшін бейімді екенін атап өту қажет, оларға:
- пәннің мазмұнын жобалау кезінде спиральдік принципі, яғни білім мен
іскерлікті біртіндеп тігінен де, көлденеңінен де арттыру (тақырыптар мен
сыныптар бойынша дағдыларды қиындату);
- таным заңдылықтарына негізделген және пәндік операциялардың аса
маңызды түрлері бойынша жіктелетін Блум таксономиясы бойынша оқыту
мақсаттарының иерархиясы;
- білім беру деңгейлері бойынша және барлық оқыту курсы бойынша
педагогикалық мақсат қою, бұл пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге
мүмкіндік береді;
- бір білім беру саласының ішінде пәндер арасында, сондай-ақ пәнаралық
байланыстарды жүзеге асыруда «өтпелі тақырыптардың» болуы;
- бөлімдер мазмұнының және ұсынылған тақырыптардың уақыт
сұраныстарына сәйкестігі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға баса назар
аудару;
- оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар
түрінде технологияландыру.
Оқытудың күтілетін нәтижелері оқытудың ұзақ мерзімді және орта
мерзімді мақсаттары жүйесін құра отырып, әрбір бөлім бойынша нақты оқу
пәнін оқыту мақсатында нақтыланады. Оқу бағдарламаларына қоса берілетін
пәндер бойынша оқу жоспарлары ұсынымдық сипатқа ие, демек, мұғалімнің
алдында сыныпта барлық білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып,
оқу мақсаттарын іске асыру үшін барлық мүмкіндіктер ашық.
Білім беру мазмұнын жаңарту мұғалімнен сыныптағы қызметті
ұйымдастыруды талап етеді, ол іс-әрекет технологияларын енгізу, балаларға
адамгершілік көзқарас қағидатын іске асыру арқылы әрбір білім алушының
өміріне жеке қабілеттерін және шығармашылық көзқарасын дамытуды
қамтамасыз етеді.
Жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламаларының тағы бір
артықшылығы «оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері»
бөлімін қосу болып табылады, онда мұғалімге оқу мақсаттарына табысты қол
жеткізу үшін түрлі әдістерді, технологиялар мен стратегияларды пайдалану
бойынша ұсыныстар ұсынылады.
Мектепте оқыту процесінің тиімділігінің қажетті шарты, кез келген саналы
және мақсатты іс-әрекет сияқты, егер ол күрделі және ұзақ болса, жоспарлау
болып табылады.
Оқу процесін саралауды орта мерзімді жоспарлаудан бастау ұсынылады,
оны оқу бағдарламасын сабақтардың дәйекті сериясына құрылымдайтын
мұғалімдер тобы немесе жеке мұғалім жүзеге асыра алады. Орта мерзімді
жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттерді тұжырымдайды,
әр тоқсан немесе бөлімге арналған оқу тақырыбын көрсетеді. Әрбір мұғалім өз
қалауы бойынша сынып жетістіктерінің жалпы деңгейіне, сондай-ақ жекелеген
36
білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктеріне сүйене
отырып, бөлімдердің ішінде сағаттардың бөлінуін өзгерте алады.
Инклюзивті ортада қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспары сынып
білім алушыларының ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін және олардың
жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, мектепті психологиялық-педагогикалық
қолдау қызметінің ұсынымдары негізінде жасалады.
Жаңартылған білім беру жүйесінде критериалды бағалау білім алушыларда
өзінің нақты мүмкіндіктерін бағалау дағдысын қалыптастырады. Бұл ретте бала
басқа балалармен бәсекелесе алатындай жағдай туғызуы тиіс педагогтің рөлі
маңызды. Мәселен, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар өздерін
өмірге дайындайды, ал мектеп, қоғам, мемлекет оларға көмектесуі тиіс.
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-да әзірленген «Ерекше білім берілуіне
қажеттілігі бар балалар үшін жаңартылған оқу бағдарламаларын жүзеге асыру
бойынша әдістемелік ұсынымдарда» жалпы білім беретін мектептің инклюзивті
ортасында саралау және дараландыру принциптерін іске асыру бойынша
қазақстандық мектеп мұғалімдерінің тәжірибесі келтірілген.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін ел мектептерінің
инклюзивті ортасында жұмыс істейтін мұғалімдер іс-әрекет түрінде
сипатталған барлық көрсеткіштер үшін қолжетімді және түсінікті өлшемдер
бойынша орнатылатын критерийлерді пайдаланады, сондай-ақ баланың жеке
оқу қызметін қадамдық сипаттау үшін етістіктерді пайдалана отырып
дескрипторларды құрастыруды жүргізеді.
Қорытынды жұмыстарды құру кезінде бастауыш сынып мұғалімдері
бағалау барысында балалардың мүмкіндіктеріне бейімделген, бірақ міндетті
түрде оқу мақсаттарына сәйкес келетін әртүрлі деңгейдегі және типтегі
тапсырмаларды пайдаланады. Мұндай тапсырмаларды таңдау білім алушының
өз «жақын даму аймағында» мүмкіндіктерімен анықталады. Сонымен қатар
мұғалімнің тапсырманы орындау жолдарын, тәсілдерін, тәсілдемелерін өзгерту
мүмкіндігі бар.
Қазақстандық мектеп мұғалімдерінің тәжірибесін зерделеу келесі маңызды
қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
- бір тапсырма негізінде, оны орындаудың педагогикалық тәсілдерін
өзгерте отырып, сыныптағы әр білім алушының немесе ең болмағанда жеке
фокус-топтар құрамындағы білім алушылардың білім алу қажеттілігін
қамтамасыз етуге болады;
- білім берудің жаңартылған мазмұнындағы БЖБ мен ТЖБ сараланған
тапсырмаларын әзірлеу барысында мұғалімге инклюзивті білім беру ортасын
құру үшін сарқылмас мүмкіндіктер береді.
Осы әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу кезінде Қазақстанның барлық
өңірлерінен бастауыш сынып мұғалімдерінің құрамынан бастауыш мектеп
пәндері бойынша жұмыс топтары құрылды. Өңірлердің білім беру
басқармалары еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде инклюзивті
тәжірибені дамыту тәжірибесі бар мұғалімдердің тізімін ұсынды.
37
Осы оқу құралының қосымшасында бастауыш мектеп пәндері бөлінісінде
жұмыс топтары қатысушыларының әдістемелік жинағынан алынған
материалдар, білім алушылардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін ескере
отырып
әзірленген
БЖБ
және
ТЖБ
сараланған
тапсырмалары
орналастырылған.
Мұғалімдер өз тәжірибесін сипаттау үшін олар үшін келесі сұрақтар
ұсынды:
1. Аты-жөніңіз, еңбек өтіліңіз, санат, өңір, мектеп атауы.
2. Білім алушының аты-жөні (кез келген лақап ат), сыныбы.
3. Білім алушының ерекше қажеттіліктерінің қысқаша сипаттамасы,
«күшті» және «әлсіз» тұстары.
4. Осы баланың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақта
қандай тәсілдерді қолданасыз?
5. Өз пәніңіз бойынша БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу кезінде
мұны қалай ескересіз?
6. Бұл жұмысыңызда қандай әдістер мен тәсілдер тиімді болды? Қай тұста
әлі де шыңдалу қажет деп ойлайсыз?
7. Өзіңіз әзірлеген және сабақтарыңызда пайдаланған БЖБ және ТЖБ
сараланған тапсырмаларына мысалдар (тапсырмалар саны өз еркіңіз бойынша
1-5 аралығында) келтіріңіз, мұндайда сынып, пән, бөлім, тоқсанды белгілеңіз.
Елде орнаған төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту кезеңінде
жұмыстың қауырт болғанына қарамастан осы жұмысқа қатысқан барлық
әріптестерімізге
алғысымызды
білдіреміз.
Осы
жұмыс
барысында
мұғалімдердің танытқан белсенділігі мен іскерлігі, әрбір мұғалімнің үлесі біздің
елімізде инклюзивті қоғам құрудың бір бөлшегіне айналатынын сеніммен
айтуға мүмкіндік береді.
|