Методические рекомендации по составлению дифференцированных заданий сор и соч по учебным



Pdf көрінісі
бет6/257
Дата10.02.2022
өлшемі9,31 Mb.
#25207
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   257
Байланысты:
Соры и Сочи для инклюзии

әрекетке негізделген тәсіл
- білім беру қызметін бағалау жағдайында қолайлы, жайлы психологиялық 
жағдай  жасау  арқылы  ерекше  білім  берілуіне  қажеттіліктері  бар  балалардың 
әлеуметтік-психологиялық  денсаулығын  сақтау  және  нығайту  міндеттерін 
шешуді қамтамасыз ететін денсаулық сақтау тәсілі [9]. 
Аталған тәсілдемелерді іске асыратын педагогикалық шарттар келесі 
аспектілерден тұрады: 
- оқу жетістіктерін бағалауда қызметтік формада сипатталған, оқушыларға 
қолжетімді  әрі  түсінікті  көрсеткіштер  бойынша  анықталған,  оқушы  үшін 
шынайы және тұлғалық маңызды критерилерді қолдану
-  бағалау  процесінде  көрсетілген  көрсеткіштерге  сәйкес  келетін  түрлі 
деңгейдегі және үлгідегі тапсырмаларды қолдану; 
-  оқушылардың  өз  жеке  оқу  жетістіктерін  шынайы  таңдауын  қамтамасыз 
ету және осы таңдауына қолдау көрсету. 
Бағалау  кезінде  аталған  жағдайларды  іске  асыру  білім  алушының 
ашылуына,  оның  танымдық  белсенділігінің  деңгейін,  оқу  мотивациясын 
арттыруға, эмоционалды тепе-теңдікті сақтауға және өз мүмкіндіктеріне деген 
сенімділікке ықпал етеді. 
Міндетті  түрде  критериалдық  бағалау  жүйесі  ерекше  білім  берілуіне 
қажеттіліктері  бар  балалардың  мүмкіндіктеріне  бейімделуі  тиіс,  олардың 
ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктерін ескере отыра дайындалуы қажет. 
Критериалды  бағалау  тұтас  педагогикалық  процестің  құрамдасы  болып 
табылады  және  оны  тек  осындай  тұжырымдамада  қарастыру  қажет.  Баға 
оқушылармен оқу процесінің сапасын арттыру мақсатымен анағұрлым ұтымды 
әдістерді таңдау үшін қажетті кері байланысты қамтамасыз етеді. 
Баға  оқушыларды  «сұрыптау»  құралы  емес,  бейімделген  болуы  тиіс. 
Инклюзивті  мектепте  баға  шынайылық,  ақпараттылық,  кері  байланысты 
қамтамасыз ету сияқты критерилерге сәйкес болуы тиіс. 
Бағалаудың кез келген әдістері мен технологиялары оқушы мүгедектігінің 
нақты  түрін  немесе  мәселесін  ескеруі  тиіс.  Бұл  бейімдей  оқытуды  да: 
инклюзивті  оқыту  педагогтен  оқыту  стратегиясының  үлкен  жинағы  мен 
әдістерін  меңгеруді  талап  етеді.  Бұл  көпшілік  мектепке  ғана  емес,  сонымен 
қатар  дамуында  мүмкіндіктері  шектеулі  және  ерекше  білім  берілуіне 
қажеттіліктері  бар  балаларды  оқытудың  арнайы  әдістерін  білдіреді.  Ерекше 
білім  берілуіне  қажеттілігі  бар  оқушылардың  оқу  нәтижелері  мектептік  білім 


15 
 
берудің барлық кезеңдерінде білім, білік және дағдылармен шектеле алмайды, 
оқыту  мақсаты  тұлғаның  білімі,  тәжірибесі  мен  құндылығына  негізделген 
жалпы қабілет сияқты құзыреттіліктің қалыптасуы болуы тиіс [10]. 
Құзыреттіліктер білім, білік, дағдыларға қайшы келмейді, құзыреттіліктер 
бұларды  саналы  пайдалануды  көздейді.  Құзыреттілік  тәсілдемесін  ескере 
отырып  білім  беру  процесін  жетілдіру,  оқушыларды  алған  білімдері  мен 
біліктерін нақты оқу және өмірлік жағдайларда қолдануға үйрету. 
Құзыреттілік  оқушының  жеке  оқуының  кіріктірілген  нәтижесі  ретінде 
олардың  мағыналық,  іс  жүргізу  және  дәлелдемелік  компоненттерді  меңгеруі 
негізінде қалыптасады, оның деңгейі бағалау процесінде көрсетіледі [11].  
Білім алушылардың білімдерін бағалаудың негізгі функциялары: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет