- әріптерді білмейтін, сөйлеу дыбыстарын ажыратуда қиналатын;
- әріптерді білетін, буындау бойынша дұрыс оқитын;
- жақсы оқи алатын.
Оқу тобының балаларына әдетте сабақта ерекше көңіл бөлінеді. Олар
сөздер мен сөйлемдерді құрастыру және жазу үшін неғұрлым күрделі
тапсырмалар алады, оқу үшін неғұрлым қиын мәтіндер беріледі (кесте 1). Сабақ
кестесі мынадай: өткенмен байланыс; жаңаның фронтальды түсіндірмесі.
Кесте 1 – Оқу тобының балаларына берілетін салыстырмалы
тапсырмалар
«Күшті» білім алушыларға күрделі
тапсырмалар
«Әлсіз»
білім
алушы
үшін
материалды
қайта
түсіндіру
(«орташа» үшін – негізгі сұрақтар)
Бағдарлама
бойынша
көпшілікке
арналған тапсырмалар
Неғұрлым қиын сұрақтарды қайта
түсіндіру («Әлсіз» білім алушылар)
Барлық топтарға арналған тапсырманы
тексеру
Жекелік
тәсілдеменің
мақсаты
–
оқушылардың
білімдерінде
олқылықтардың пайда болуына жол бермеу. Оқушылардың ұжымдық жұмысын
ұйымдастыруға басты назар аударылады. Жекелеген оқушыларда пайда болуы
мүмкін қиындықтарды мұғалім алдын ала болжауы керек. Сондықтан ол
тапсырманы орындау кезінде қиындықтармен кездескен оқушыларға оқулықта
алдын ала оқыған материалды оқып, кестеге жүгінуді, осыған ұқсас
жаттығуларды тағы да орындауды ұсынады, жетекші сұрақтар қояды,
оқушының ойын бағыттайтын бірнеше сұрақтар түрінде жоспар береді.
Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды оқытуда жекелік
11
тәсілдеме әрбір пәннің ерекшелігін есепке алуды талап етеді. Мұғалім сыныпта
оқушыға кез келген уақытта сұрақ қоя алатындай жағдай жасауы қажет.
Жоспарлау кезінде үй тапсырмасы сабақтың жалғасы болып табылатынын есте
сақтау маңызды. Бұл ретте, мұғалім баланың жақыннан даму аймағын үнемі
қадағалап отыру керек.
Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу әдістерін меңгеру
олардың психикалық қызметінің ерекшелігін құрайтын көрсеткіштердің барлық
кешенін
зерттеудің
тереңдігіне
байланысты.
Әр
оқушының
жеке
ерекшеліктерін білу педагогке оған ең тиімді тәсілдемені табуға көмектеседі.
Жекелік тәсілдемені жүзеге асыру кезінде келесілерді ескеру қажет:
- баланың дене және психикалық дамуына әсер ететін бастапқы
ерекшеліктері;
- сөйлеу, интеллект, эмоционалды-ерік саласының жағдайы;
- балалардың жас және жеке ерекшеліктері;
- балалардың тілектерін, мүдделерін, бейімділігін, мүмкіндіктерін көрсету
және дамыту үшін жағдай жасау;
- психикалық процестердің ерекшеліктері (қабылдау, зейін, есте сақтау,
ойлау);
- темперамент түрі.
Жекелік тәсілдеме аталған ерекшеліктерді ескерумен қатар, әрбір баламен
жеке, жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Балалардың кейбір санаттары
үшін жеке сабақтар өткізу де дамытудың негізгі шарттарының бірі болып
табылады.
Білім беру процесінде критериалды бағалау жүйесін пайдалану бағалау
жүйесін жеке пәннің нысаналы қондырғыларымен, сондай-ақ ерекше білім беру
қажеттіліктері
бар
білім
алушылардың
әлеуметтік
құзыреттерін
қалыптастырумен байланыстыруға мүмкіндік беретін өлшемшарттар мен
дескрипторларды пайдалану арқылы білім алушылардың жетістіктерін
анықтауға және арттыруға мүмкіндік береді. Критериалды бағалау жүйесінің
көмегімен әрбір оқушының дайындық деңгейін, оқудағы жеке прогресті
анықтау білім алушылардың оқуға деген ынтасын ғана емес, мектептегі білім
беру процесінің сапасын да арттыруға ықпал етеді.
Білім жетістіктерін бағалау кезінде бағалау жүйесі ерекше қажеттіліктері
бар балаларды оқытудағы нәтижелерін объективті көрсетіп қана қоймай, білім
беру процесінде осындай білім алушыларды психологиялық-педагогикалық
қолдаудың одан әрі қадамдарын құруға негіз болып табылады.
Бағалау жүйесі білім беру үрдісінің сапасын анықтауға, оқытудың
стратегиясы мен тактикасы бойынша түбегейлі шешімдер қабылдауға, білім
беру мазмұнын да, күтілетін нәтижелерді бағалау нысандарын да жетілдіруге
мүмкіндік беретін инклюзия жағдайында оқу проблемаларын диагностикалау
мен жетістіктерді өлшеудің негізгі құралы болып табылады. Білім жетістіктерін
бағалау кезінде алған нәтижелердің және оқыту кезінде жоспарланған
мақсаттардың арақатынасының маңызы зор екенін ескеру қажет.
Инклюзивті ортада оқу жетістіктерін бағалау кезінде білім алушылардың
12
психикасына ұқыпты қарау, оған ауыр тиетін жағдайлардан аулақ болу, ерекше
білім берілуіне қажеттіліктері бар балалардың психофизиологиялық даму
ерекшеліктерін ескеру қажет.
Әр кезеңге мұғалім өз сыныптағы білім алушылармен жұмыс алгоритмін
дайындайды және өткен күннің рефлексиясын құрайды.
Осылайша, жекелік тәсілдеме және жеке ерекшеліктерді есепке алу
оқушының қоршаған ортаға барынша бейімделуінің шарты болып табылады.
Жеке-топтық және ұжымдық жұмыстың үйлесімі – күрделі міндет, өйткені
ол үшін әрбір оқушының қолжетімді қарқынмен жұмыс істеуін қамтамасыз ету
қажет. Күшті оқушылармен жұмыс істеу негізінде мазмұны бойынша үнемі
артып отыратын жүктеме болуы тиіс. Әлсіз оқушылармен жеке жұмысты
жүргізгенде бастан кешкен қиындықтарды жүйелі түрде зерделеуге негізделуі
тиіс. Ұжымдық жұмыс формаларын жеке тәсілмен біріктірудің бір тәсілі –
әртүрлі деңгейдегі сараланған тапсырмаларды қолдану. Тапсырмаларды 2
бөлікке бөлуге болады: міндетті және қажетті.
Бұл әлсіз оқушыларға асықпай, міндетті тапсырмаларды орындауға, ал
күшті оқушыларға қосымша тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
Педагог үшін дифференциалдық және жекелік тәсілдемелерді жүзеге
асыру кезінде шыдамдылық, табандылық, оқушыларға жақсы қарау, уақытында
көмек көрсету, ұжымдық жұмысқа белсенді тарту, табысты көтермелеу қажет
етіледі.
Үлгерімді бағалау жалпы бағалау нормаларына негізделе алмайды, ол
оқушының алға жылжу дәрежесін ескеруі, оның оқу процесін ынталандыруы
және тәрбие қызметін орындауы тиіс. Оқушының даму нәтижелерін басқа
балалардың табыстарымен емес, өзінің жетістіктерімен салыстырудың
тұлғаға бағдарланған тәсілдемесін жүзеге асыру кезінде өте маңызды.
Табысқа жетудің кез келген нәтижесі бағалануы тиіс, ол оқытудағы
мотивацияны арттырады және іс-әрекетте тұрақты, оң көзқарасты
қалыптастырады.
Бұл тәсілдемеде де мұғалім келесідей негізгі функцияларды атқарады:
- балаларға бейімделуге көмек;
- баланың белсенділігін (қозғалыс, зияткерлік, танымдық, әлеуметтік,
шығармашылық, мінез-құлық) көрсету үшін мектепте білім беру процесіне
қажетті жағдай жасау;
- білім алушының өзін-өзі бағалау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі реттеу
бойынша күш-жігерін ынталандыру;
- баланың жеке тұлғасын қалыптастыру процесі жүріп жатқан шарттар мен
қатынастарға үнемі көңіл бөлу;
- жалпы мектептегі балалардың қарым-қатынасын реттеу және тәртіптеу
(топаралық, тұлғааралық қарым-қатынас);
- туындаған жанжалдардың алдын алу және оларды шешуге көмек көрсету;
- мектепте және мектептен тыс жерлерде баланың педагогтер және
ересектермен қарым-қатынасын реттеу;
- тұрмыстық шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру негізінде балаларды
13
өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына мақсатты және дәйекті үйрету;
- зиянды әдеттердің алдын алу бойынша балалармен жұмыс жүргізу.
Инклюзивті білім беру процесінде бағалау пәні қол жеткізілген білім беру
нәтижелері, сондай-ақ оларға қол жеткізу процесі болып табылады. Ағымдағы
бағалау нысанын таңдау жалпы және арнайы оқыту мақсаттарымен, нақты оқу
міндеттерімен, ақпарат алу мақсатымен анықталады. «Педагог-психологпен
бірге мұғалім барлық сынып бойынша жұмыс стратегиясын ойлайды, онда
балалар тек нәтиже ғана емес, оқу-жаттығу өнімінің сапасы, яғни процесті, яғни
қосымша күш-жігер деңгейін, белсенділікті, топтық жұмысқа қатысу
шараларын бағалауды үйренеді» [6].
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттіліктері
бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау маңызды рөл атқарады.
Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың жүйелі ұйымдасқан,
бір тұтас әрекеттерінің барысында әрбір баланың білім беру-тәрбие үдерісінде
өз мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін
қажетті әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қолдау балаға көмек
(немесе қолдау) көрсетудің ерекше түрі ретінде қарастырылады [7].
Достарыңызбен бөлісу: |