Методические рекомендации по составлению дифференцированных заданий сор и соч по учебным



Pdf көрінісі
бет8/257
Дата10.02.2022
өлшемі9,31 Mb.
#25207
түріМетодические рекомендации
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   257
Байланысты:
Соры и Сочи для инклюзии

ынталандырушы-себепшілік 
– 
оқытудың 
оң 
себептерін 
қалыптастырады; 
-  тәрбиелеушілік  –  жауапты және  шоғырланған  жұмыс істеу  дағдыларын 
қалыптастыруға,  бақылау  және  өзін-өзі  бақылау  әдістерін  қолдануға,  оқу  іс-
әрекетінің рефлексиясына ықпал етеді [12]. 
Оқушының  дамуына  бағаның  әсері  әртүрлі  болуы  мүмкін,  ол  көп 
функцияға ие болуы мүмкін. Баға келесідей болуы мүмкін: 
а) бағдар беруші – оқушының ақыл-ой жұмысына әсер етеді, ол белгілі бір 
жұмыс процесін түсінуге және өз білімін түсінуге ықпал етеді
б)  ынталандырушы  –  табысты  немесе  сәтсіздікті  сезіну,  шағымдар  мен 
ниеттерді,  әрекеттер  мен  қатынастарды  қалыптастыру  арқылы  оқушының 
тиімді ерікті саласына әсер етеді
в)  тәрбиелеуші,  мұнда  психикалық  жұмыс  қарқынының  «үдеуі  немесе 
баяулауы»,  сапалы  өзгерістер,  алдыңғы  тәжірибе  мен  адамның  көзқарастарын 
қоршаған  әлем  объектілерін  қабылдауға  әсер  ету  құрылымының  өзгеруі,  яғни 
интеллектуалды тетіктердің өзгеруі орын алады. 
Бағалау  оқушының  жеке  басына  тұтастай  әсер  етеді.  Педагогикалық 
бағалау  мектепте  сынып  пен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынас  пен  пікірдің 
өзгеруіне әсер етеді [12]. 
Педагогикалық саралауға сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар 
білім  алушыларды  оқытудағы  сараланған,  деңгейлік  тәсіл  білім  алушылардың 
жетістіктерін бағалау кезеңін қоса алғанда, тұтас білім беру процесінің барлық 
кезеңдерінде іске асырылуы тиіс. 


16 
 
Бағалау  жүйесін,  әсіресе  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  жұмысқа 
қабілетті  қылып,  мына  төмендегілерді  орындай  алатындай  етіп  жетілдіру 
қажет: 
-  оқушы  оқу  материалын  қаншалықты  табысты  игергенін  немесе 
практикалық дағдыны қалыптастырғанын анықтауға мүмкіндік беру; 
-  танымдық  қызметінің  әр  саласында  оқушының  табыстары  динамикасын 
көрсету; 
- мадақтаушы, дамытушы, оқушылардың өзін-өзі бағалауына ықпал ететін 
тетікті негізге алу; 

«мұғалім 
– 
оқушы», 
«ата-ана 
– 
сынып 
жетекшісі»,  
«әкімшілік – педагогикалық ұжым» байланысын көздеу. 
Бұл  оқу  үдерісінің  қалыптасуына  жүйелі  көзқарасты  қалыптастырады,  
яғни оның тұтастығын білдіреді. 
Ерекше  білім  берілуіне  қажеттіліктері  бар  оқушылар  үшін  оқу 
жетістіктерін  критериалды  бағалау  жүйесін  қалыптастыру  барысында  келесі 
ерекшеліктер: 
-  оқу  процесінің  тұтастығын  қамтамасыз  ету  (пәндік  бағалау,  пәнаралық 
және білім деңгейлеріне өту аралығындағы тұлғалық қалыптасуы); 
-  бағалау  критерийлерін  әзірлеуге  біртұтас  көзқарас,  яғни  жалпы  білім 
беру жүйесі мен түзете дамыту жұмыстарының үйлесімділігін сақтау; 
- бақылау және бағалау әрекетіне білім алушыларды белсенді қатыстыру; 
-  оқу  мазмұнын  игеру  процесінде  тәжірибелік  және  танымдық 
тапсырмаларды орындауда танытқан қабілеттерін жүйелі бағалау; 
- білім алуда арнайы қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерінің 
динамикасын бағалау; 
-  білім  сапасының  артуын  қамтамасыз  ету  мақсатында  ішкі  және  сыртқы 
бағалау тетіктерін үйлестіру; 
-  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  қорытынды  бағалау  мен 
аттестаттауда дербестікті сақтау және білім жүйесінің даму тендециялары мен 
білім  деңгейін  сараптауда,  басқа  да  аттестаттау  мақсаттарында  тәуелсіз 
бағалауды ұстану; 
-  жоспарланған  жұмыстардың  нәтижесін  қалыптастыруға  және  деректерді 
ұсыну барысына қажетті деңгейде көңіл бөлу
-  оқушылардың  жеке  оқу  жетістіктерінің  динамикасын  сипаттайтын 
жинақтаушы бағалау жүйесін (портфолио) қолдану; 
-  стандартты  жазбаша  немесе  ауызша  бағалау  әдістерімен  қатар, 
практикалық  жұмыс,  жобалау,  шығармашылық  жұмыс,  өзін-өзі  бағалау, 
бақылау және тағы басқа тәсілдерді қолдану ескерілуі тиіс [13]. 
Сондықтан ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар оқушылар мен білім 
алуда  жеке  қиындықтар  туындаған  оқушылар  үшін  оқу  жетістіктерін  бағалау 
тапсырмаларын бейімдеу келесі мәселелерді қамтуы қажет:  
-  тұжырымдар  мен  анықтамалардың  мазмұнын  және  грамматикасын 
жеңілдету; 


17 
 
-  көпбірлікті  нұсқаулықтарды  шағын  бірлікті  қадамдарға  бөлу  арқылы 
тапсырманың орындалуын жеңілдету; 
-  тапсырмаға  берілген  жазбаша  нұсқаулықтардан  бөлек,  қажеттілігіне 
қарай,  мұғалім  тапсырманы  қосымша  дауыстап,  мағынасын  келтіре  отырып, 
баяу оқып беру; 
-  тапсырманың  мәтінін  ерекше  білім  берілуіне  қажеттілігі  бар 
оқушылардың  жеке  ерекшеліктеріне  сәйкес  бейімдеу  (үлкейтілген  шрифт, 
тапсырмаларды бөліп беру және т.б.); 
-  қажеттілігіне  қарай  жеке  дара  көмек  көрсету:  ынталандыру  (мақұлдау, 
эмоциялық  қолдау),  ұйымдастырушылық  (назарын  қарата  білу,  зейінін 
жұмысқа аудару, өзін-өзі бағалау қажеттігін есіне салу), бағыттаушы (қайталау 
және тапсырмаға берілген нұсқаулықты түсіндіру); 
- тапсырманы орындауға берілген уақытты ұзарту
- сабақ барысында баланың шаршауы, жалығуы байқалған жағдайда, қысқа 
мерзімді (10-15 мин) сергіту сәттерін ұйымдастыру
-  педагог  тарапынан  теріс  көзқарастың  болуына  жол  берілмейді,  білім 
алушының эмоциялық күйзеліске түсуінің алдын алу қажет [14]. 
Бағалау  жүйесі  оқудағы  негізгі  мәселелерді  анықтаудың  және  кері 
байланысты  жүзеге  асырудың  негізгі  құралы  болып,  сонымен  қатар  тұтас 
алғанда білім беру процесінің негізіне салынған қағидаттарды анағұрлым анық 
бейнелейді.  Білім  алушылар  жетістіктерін  бағалауда  ең  маңызды  құрал  бола 
тұра,  бағалау  жүйесі  білім  беру  процесін  жетілдіруді  жалғастыру  үшін 
объективті және тиімді болуы тиіс. 
Мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  білімділік  жетістіктерін  бағалауда 
бағалау  жүйесі  осындай  балалардың  оқудағы  жетістіктерін  ғана  объективті 
көрсетіп  қоймай,  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  білім  беру  процесінде 
қолдау бойынша келесі әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс. 
Одан  басқа,  мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  оқу  жетістіктерін 
бағалауда  білім  алушылардың  психикасына  мейлінше  ұқыптылықпен  қарап, 
оларды  зақымдайтын  жағдайларға  жол  бермей,  мүмкіндіктері  шектеулі 
балалардың  психологиялық  даму  ерекшеліктерін  ескеру  қажет.  Жалпы  білім 
беретін ұйымдарда ағымдағы және қорытынды оқу жетістіктерін критериалды 
бағалау  жүйесі  оқушылардың  функционалдық  сауаттылықтарының  даму 
процесіне сәйкес болу қажет және оқу әрекетінің барлық түрлерінің нәтижесін, 
оқу материалын меңгерудің процессуалдық жағы мен оқушылардың жеке және 
тұлғалық сапаларының көрінуін ескеру қажет [14]. 


18 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет