67
Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау.
Тыңдалым және айтылым.
1. Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Бөгде адам
Балалар жол бойымен жүріп келеді. Олардың алдында бір қарт әжей кетіп бара
жатты. Жолдың бетін мұз басқан, тайғанақ болатын. Бір кезде қарт әжей тайғанап кетіп,
құлап қалды. Ұл бала әжейге қарай тұра ұмтылды. Ол әжейді орнынан тұрғызып, жолдан
өтуіне көмектесті.
Қыз бала әрі қарай жүре берді. Ол досы өз әжесіне көмектесіп жатыр деп ойлады.
Бірақ
әжей мүлде бөгде адам еді.
1)Мәтіннің кейіпкерлері нешеу? (
санын саусақтары арқылы көрсетеді)
2)Әжей неліктен құлап қалды?
(«мұз» деген сөзді айтса жеткілікті)
3)Әжейге кім көмектесті? (
қолындағы ұл не қыздың суретін көтеріп көрсетеді)
4)Ұл баланың жанындағы кейіпкер кім? (
суретті көтеріп көрсетеді)
5)Саған қай кейіпкердің іс-әрекеті ұнады? (
суретті көтеріп көрсетеді)
Достарыңызбен бөлісу: