350
Құрама жем шикізаттарының технологиялық қасиет-
терін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге: бөлшектің ірілігі,
құрылымдық-механикалық ерекшеліктері, көлемдік салмағы,
бөтен қоспалармен ластануы, қуыстылығы, үйкелу жəне табиғи
құлама бұрыштары, аэродинамикалық қасиеттері, өздігінен
сұрыпталуы жатады.
Бөлшектің ірілігі. Əрбір сусымалы қоспа ірілігі жəне
бөлшегінің пішіні бойынша негізгі өнімнен айырмашылығы бар
əртүрлі қоспалардан тұрады.
Құрама жем өндірісінде сусымалы шикізатты қоспадан
бөлшегінің өлшемі бойынша тазалап, сұрыптайды. Бұл үдерісті
негізгі жұмыс органдары елек болып табылатын машинада
атқарады. Технолог негізгі өнімнің шығынын болдырмайтын,
қоспаларды мейлінше, бөліп алатын, елек саңылауының өлшемін
дұрыс таңдай білуі қажет. Шикізат неғұрлым ірілігі бойынша
біркелкі болса, соғұрлым шикізаттың əр бөлшегіне бірдей əсер
етуге көп мүмкіндік туып, ал ол үдерістің технологиялық
параметрлерін сақтауға ықпал етеді.
Дəндерді шикізаттың құрылымдық механикалық қасиет-
тері:эндоспермнің консистенциясы, дəндердің пішіні, қауыз-
дылығы, ылғалдылығы жəне микросызаттың болуы машинаның
өнімділігі мен ұнтақтау негізіндегі меншікті электр шығынына
көп əсер етеді.
Эндосперм консистенциясы беріктік дəрежесін, яғни
дəндердің ұнтақтауға қарсылығын сипаттайды. Бұл көрсеткішті
жаңадан пайда болған бірлік беттегі энергия шығынымен
анықтайды. Беріктікті бұзу күшінің шамасымен (беріктік деңгейі)
бағалайды. Ұсақ дəндердің беріктігі 30-60% іріге қарағанда,
жоғары. Бір дəндерді дақылдан алынған домалақ пішінді дəндер
сопақшаға қарағанда, берік болады.
Қабықтардың
тұтқырлығы
жоғары
болғандықтан,
эндоспермге қарағанда, ұнтақталуы қиын, соған байланысты
дəндерді ұнтақтағанда меншікті электр шығынын көп қажет
етеді.
Дəндердің беріктігін төмендететін маңызды факторға оның
ылғалдылығы жатады. Дəндерді ылғалдағанда оның беріктігі
төмендейді. Алайда көп ылғалдағанда ол серпімді – уатылғыш
351
күйден созылмалы – тұтқыр күйге өтеді, яғни ұсақ бөлшекке
ұнтақталу қасиетін жоғалтады.
Қабықтардың микросызаттары ұнтақтағанда дəндердің
беріктігі мен меншікті электр шығынын азайтады. Кейбір
дəндерді дақылды ұнтақтауға кететін меншікті электр
шығынының салыстырмалы қатынасы мына көрсеткіштермен
сипатталады (%): бидай – 100; қара бидай – 135; арпа – 175; сұлы
– 325.
Көлемдік
салмақ
сусымалы
шикізаттың
орналасу
тығыздығын
сипаттайды
жəне
оны
жайғастыруда
сыйымдылықты анықтау үшін қажетті физикалық көрсеткіш
болып табылады. Көлемдік салмақ сол қоспаны құрайтын
бөлшектердің пішіні, шамасы, тығыздығы жəне бөлшектің
бетінің сипатына байланысты.
Көлемдік мөлшерлеу тəсілінде мөлшерлегіштің жұмысын
реттеу үшін құрауыштардың көлемдік салмағын білу керек.
Ылғалдылық өскен сайын құрауыштардың көлемдік салмағы
төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: