354
Бақылау сұрақтары:
1. Астық массасының қандай физикалық қасиеттері бар?
2. Астық массасының сусымалылық қасиетін сипаттайтын
қандай көрсеткіштер бар жəне олардың дақылдар түріне
байланысты шамалары қандай?
3. Астықтың
өздігінен
сұрыпталуының
қандай
технологиялық маңызы бар?
4. Силостан астықты босату кезінде қандай ағымдардың
түрлері болады?
5. Сусымалы материалдардың үйкелістік, күштік жəне
құрылымдық-механикалық қасиеттері дегеніміз не?
6. Сусымалы материалдың физикалық моделі қандай
постулаттан тұрады?
7. Жай қойманың қабырғасына түсетін қысым қалай
есептелінеді?
8. Силос ішіндегі жазықтық жəне тік қысым дегеніміз не
жəне қалай есептелінеді?
9. Дақылдардың
сорбциялық
жəне
десорбциялық
қасиеттерінің маңызы жəне оларды сипаттайтын қандай өлшем
параметрлері бар?
10. Тепе-теңдік ылғалдылық, абсолюттік ылғалдылық жəне
қоршаған ортаның қатынасты ылғалдылығын қалай анықтаймыз?
11. Жылу физикалық қасиет қандай өлшем параметрлерімен
сипатталады?
12. Ұн жəне жарма өнімдерінің физикалық қасиеттерінің
өзгешеліктері жəне сақтау үдерісіне əсер беруі қалай болады?
13. Құрама жемнің қандай физикалық қасиеттері бар ?
14. Табиғи құлама бұрыш көрсеткішінің қандай практи-
калық маңызы бар?
15. Сусымалы материалдың ішкі үйкелу коэффициентіне
қандай факторлар əсер етеді?
16. Минералды шикізаттардың технологиялық қасиеттерін
келтіріңіз.
17. Мелассаның негізгі технологиялық қасиеті қандай?
Достарыңызбен бөлісу: