Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет173/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

97-сурет. Толық, шөпек жəне сынық  

дəндердің тыныс алу қарқыны 

 

Мұны дəндердің механикалық зақымдануымен бөлшектенген 



дəндердің  микроорганизмдерге  əсеріне  тез  де  көбірек 

шалдығуымен  жəне  ауа  алмасуының  үдеуімен  түсіндіруге  болар 

еді.  Астықты  бөлшектенген,  бүлінген  дəндерден  дер  кезінде 

ажыратып  тазарту  оның  сақтау  барысындағы  төзімділігін 

арттырады. 

 

 

 

 

 



 

368


 

15.3.  Астықтың орудан кейінгі пісіп жетілуі 

 

Жаңа  орылып  жиналған  астықтың  сапасы  дəндерді  өсіру, 

оның пісіп жетілу шарттарына жəне орақ кезіндегі жəне одан əрі 

сақтау  кезіндегі  ылғалдылығына  тығыз  байланысты.  Жаңа  орып 

жиналған, қабылдау кəсіпорнына келіп түскен астықтың бірқатар 

ерекшеліктері бар. Оның пісіп жетілу дəрежесі мен ылғалдылығы 

əркелкі, биохимиялық жəне микробиологиялық екпінді, өнгіштігі 

төмен, технологиялық сапасы əлі жетілмеген, нашарлау, сақтауға 

төзімсіз болады. Мысалы, астықтың ылғалдылығы орта есеппен, 

17,7%  бір  партиясына  талдау  жасағанда  оның  құрамындағы 

дəндердің  ылғалдылығы 14-тен 24%-ға  дейінгі  аралықта 

болғандығы тəжірибе жүзінде анықталған. 

Жаңа  жиналған  астықта  күрделі  биохимиялық  үдерістер 

орылғаннан кейінде біраз уақыт тоқтамай жүріп жатады. 

Бұл  кезде  астықтың  технологиялық  қасиеттері  жақсара 

бастайды. Мысалы, бидай дəндердің шикі желімшесінің мөлшері 

көбейіп,  сапасы  да  жақсарады,  майлы  дақылдар  тұқымында  май 

шығымы көбейеді. 

Астық  пен  тұқымды  сақтау  кезіндегі  олардың  егіндік  жəне 

технологиялық  сапасының  жақсаруын  қамтамасыз  ететін 

үдерістер  кешенін,  астықтың  орылғаннан  кейінгі  пісіп  жетілуі 

деп  атайды.  Профессор  Л.А.Трисвятский  бұны  өте  күрделі 

құбылыстардың бірі деп санаған.  

Əртүрлі  зерттеулердің нəтижелерін  қорытатын  болсақ, мына 

мəселелерді атап көрсетуге болады. Əртүрлі дақылдар дəндерінің 

орылғаннан  кейінгі  пісіп  жетілу  барысында  болатын  күрделі 

биохимиялық үдерістердің нəтижесінде дəндердің қасиеттері мен 

химиялық құрамы өзгереді, ферменттердің екпінділігі мен тыныс 

алуы төмендейді, төмен молекулалы қосылыстар күрделі заттарға 

айналады  (қанттан  крахмал,  аминқышқылдарынан  ақуыз,  май 

қышқылдары  мен  глицериннен  май  түзіледі),  сонымен  қатар 

дəндердің технологиялық жəне егіндік сапасы артады. 

Астықтың  орылғаннан  кейінгі  пісіп  жетілу  құбылысы  тек 

дəндердегі  күрделі  үдерістер  (синтез,  гидролиз)  басым  болған 

жағдайда  ғана  болады.  Дəндердің  ылғалдылығы  оның  сынақ 

ылғалдылығынан төмен болуы тиіс. Егер дəндердің ылғалдылығы 

сынақ  ылғалдылықтан  жоғары  болса,  оның  пісіп  жетілуі  дұрыс 




 

369


 

бағытта жүрмейді, сапасы жақсармай, қайта төмендеп кету қаупі 

туады. 

Астықтың  орылғаннан  кейінгі  пісіп  жетілуінің  ең  маңызды 

шартының бірі дəндердің температурасының 15-30

0

С аралығында 



болуы.  Салқындату  пісіп  жетілу  үдерісін  баяулатып,  тоқтатып 

қояды. Астықты салыстырмалы ылғалдылығы 30% шамасындағы 

жылы  ауаны  пайдаланып,  кептіру,  пісіп  жетілу  үдерісінің 

жеделдеуіне  ықпал  етеді.  Егер  дəндерді  оттекті  ауада  сақтаса, 

оның  пісіп  жетілуі  жылдамдайды,  ал  оттегі  жеткіліксіз  азотты 

ортада сақтаса, онда пісіп жетілу мерзімі ұзаққа созылады. 

Негізгі  дəнді  дақылдардың  орылғаннан  кейінгі  пісіп  жетілу 

мерзімі,  қолайлы  жағдайда  сақталса, 1,5-2 ай  шамасымен 

шектеледі.  Пісіп  жетілу  мерзімі  дəндерді  дақылдың  түріне, 

сұрыпына  жəне  егістікте  өсіп-жетілу  барысында  ауа  райының 

ерекшеліктеріне де байланысты. 

Еліміздің  əр  жерінде  ауа  райы  əртүрлі.  Ауа  райы  қолайсыз, 

орақ  кезінде  жауын-шашынды  болып  келетін  аудандарда 

дəндердің  пісіп  жетілуін  ойдағыдай  өткізу  өте  күрделі. 

Сондықтан,  дер  кезіндегі  астықты  кептіру,  желдету,  тазарту 

сияқты шараларды тиімді өткізуді көздеу керек. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет