Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


  Астықты сақтаудың ұзақтылығы туралы түсініктеме



Pdf көрінісі
бет170/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

15.1  Астықты сақтаудың ұзақтылығы туралы түсініктеме 

 

Түрлі  дəнді  дақылдардың  дəндері  жəне  тұқымдарының 

көпшілігі  орып  жинау,  одан  əрі  тасымалдау  жəне  сақтау 

кездерінде тірі организмдер қатарына жатады. Тірі материя өмір 

сүру,  тіршілік  етудің  керекті  шарты  тұрақты  зат  алмасу  болса, 

осының  бəрі  астық  жиымында  орын  алады.  Тіршілік  əрекетінің 

негізгі  формасы  газ  алмасу  (тыныс  алу)  болып  табылады.  Одан 

басқа,  көп  астық  партияларының  дəндері  мен  тұқымдарында 

орақтан 

кейінгі 


пісіп 

жетілуі 


деп 

аталатын 

күрделі 

физиологиялық,  биохимиялық  үдерістер  жүріп  жатады.  Астық 

қорын  сақтауды  дұрыс  ұйымдастырмаудың  салдарынан  болатын 

өніп кету құбылысы орын алуы мүмкін. 

Астықты  сақтау  барысында  осы  үдерістердің  əдісін  тауып, 

белгілі бір жөнге салып отыру арқылы дəндер шығынын азайтып, 

тұқымдық  жəне  технологиялық  сапаларын  арттыра  түсуге 

болады.  Астықтың  əрбір  партиясын  сақтау  жəне  оны  халық 

шаруашылығында тиімді пайдалану тəжірибесінде əрбір дəндерді 

дақылдың  сақтау  ерекшеліктері  мен  сақтаудың  мүмкін  мерзімі 

туралы мəселенің елеулі мəні бар.  

Дəннің,  тұқымның  тұтынушылық  қасиеттерін  (тұқымдық, 

технологиялық,  азық-түліктік)  сақтай  алатын  мерзімді  ұзақ 



 

356


 

мерзімді  сақтауды  төзімділік  (ұзақ  тіршілік,  ұзақ  өмірлілік)  деп 

атайды. 

Тұқымдыққа  арналған  дəндердің  ұзаққа  төзімділігі,  оған 

тұқымдық 

тірілік 


қабілетінің 

толық 


сақталу 

талабы 


қойылатындықтан,  оның  технологиялық  төзімділігінен  көп  аз 

болады.  

Ұзаққа 

төзімділіктің 

үш 

түрі 


бар: 

биологиялық, 

шаруашылықтық жəне технологиялық.  

Биологиялық  төзімділік  деп  ең  болмаса,  бірлі – жарым 

тұқымдары  өсіп  өну  қабілетін  сақтаған  уақыт  аралығын  атайды. 

Іс  жүзінде,  шаруашылық  тəжірибесінде  шаруашылықтық 

төзімділіктің маңызы жоғары. 



Шаруашылықтық  төзімділік  дегеніміз  тұқымның  өнгіштігі 

мөлшері  бойынша  кондиция  шамасында  болып,  тұқымдық 

сапасы бойынша мемлекеттік талапқа сай бола алатын мерзімі.  

Технологиялық  төзімділік  деп  астық  партияларының 

азықтық,  жемдік  жəне  техникалық  мұқтаждыққа  пайдалануға 

жарайтын қасиеттерін жоя қоймаған мерзімді айтады. 

Дəндердің жəне тұқымның ұзаққа төзімділігі көп факторларға 

байланысты.  Олардың  негізгілері  ботаникалық  түрі,  өсу,  өсіру, 

пісу, өңдеу (тазарту, кептіру, дəрілеп улау жəне т.б) жəне сақтау 

жағдайлары. Қолайлы жағдайларда кейбір өсімдіктің тұқымдары 

өзінің тіршілікке қабілетін ондаған жылдар сақтай алса, ал басқа 

бір өсімдіктің тұқымдары бірнеше сағат қана өмір сүреді. 

Барлық  өсімдіктердің  тұқымдарын  олардың  биологиялық 

төзімділігі 

бойынша 


шартты 

түрде 


микробиотиктер, 

мезобиотиктер жəне макробиотиктер деп үш топқа бөледі. 

Бірінші топтағылар өнгіштігін бірнеше күннен 3 жылға дейін, 

екіншідегілер - 3 жылдан 15 жылға  дейін  жəне  үшіншідегілер - 

15-100 жылға жəне одан да көпке дейін сақтайды. 

Ауылшаруашылық  өсімдіктері  тұқымдарының  көпшілігі 

ыңғайлы  жағдайда 5-10 жыл  өнгіштігін  сақтайды  да, 

мезобиотиктер тобына жатады.  

Құрғақ  тұқымдарды  төмен  температура  жағдайында 

сақтағанда  олардың  биологиялық  төзімділігі  жоғары  болады, 

бірақ өнгіштік %-ының аздығынан шаруашылықтық мəні төмен. 

Тұқымдардың 

ұзаққа 

төзімділігінің 

жаңа 

жіктемесі 



ұсынылды (Н.Г.Хорошайлов, Н.В.Жукова): 


 

357


 

–  ұзаққа 

төзімділігі 

жоғарылар, 

яғни 

тұқымдары 



өміршеңдігін 25-27 жылда генетикалық бүтіндігімен (100-

80%)  сақтайтындар:  бұршақ  дақылдары,  сұлы,  арпа, 

жүгері, қонақжүгері, қырыққабат;  

–  ұзаққа  төзімділігі  орташалар,  яғни  тұқымдары  өміршең- 

дігін 25-27 жылда 80-40% деңгейде сақтайтындар: бидай, 

қара бидай, ат бұршақ;  

–  ұзаққа төзімділігі төмендер, яғни тұқымдары өміршеңдігін 

25-27  жылда 40% төмен  сақтайтындар:  қытай  бұршақ, 

қара сора. 

Биология  ғылымы  тұқымдардың  тіршілік  қабілетінің  ұзақ 

сақталғанда  жоғалту  себебіне  əлі  егжей-тегжейлі  түсініктеме 

бермей келеді.  

Ең  ықтимал  себебі  ретінде  дəндердің  ақуыздарының 

тозуынан деген қағидаға сүйенуге болады. Тұқымдардың тіршілік 

қабілетінің  жоғалуы  ақуыздың  коагуляциясымен  (ыдырауымен) 

қатар  жүретіндігі  байқалған.  Тұқымның  өнгіштігінің  жоғалуы 

түйіршік  ядросындағы  хроматиннің  біртіндеп  толуынан  деп 

жорамалдауға  болады.  Бұл  түйіршіктердің  бөлінуін  жəне  оның 

санының көбеюін реттейтін үдерістерді бұзуға əкеліп соғады. 

Ескі  ұзақ  сақталған  дəндердің  ұрығын  зерттеу  онда 

айтарлықтай  елеулі  өзгерістердің  болатындығын  көрсетіп  отыр. 

Мұндай тұқымды сепкенде жарамсыз, қисайған бүршіктер береді 

де, көбінесе, өнбей қалады. 

Тұқымдарды  ұзақ  уақыт  сақтағанда  тіршілік  қабілетін 

жоюының  табиғатын  ашу  жолында  əртүрлі  төзімділікпен 

сипатталуын  анықтау  үшін  ғылыми  тəжірибелер,  зерттеулер  кең 

түрде  жүргізілуде.  Мысалы,  Калифорния  технологиялық 

институтында 1948 жылы өсімдіктердің 100 түрінің тұқымдарын 

сақтау  тəжірибесі  қойылды.  Зерттеуді  арнаулы  жоспар бойынша 

2037 жылға дейін, яғни 90 жыл жүргізу көзделіп отыр.  

Қоймада 7-ден 10 жылға дейін сақталған бидайдың жəне қара 

бидайдың  партияларын  нан  пісіру  сапасы  бойынша  бағалаудың 

арқасында ұнның шығымы ұн тартқандағы энергия шығыны жəне 

пісірілген  нанның  сапалық  көрсеткіштері  аз  уақыт  сақталған 

астықты өңдегендегі көрсеткіштерінен көп айырмасы жоқ екенін 

көрсетті. 

Астықты  ұзақ  уақыт  сақтағанда  оның  ұны  мен  нанының 

сапасы  дəндердің  бастапқы  қасиеттері  мен  белгілеріне 




 

358


 

байланысты  екенін  дəлелденген  жайт  есебінде  қарауға  болады. 

Мəселен, шыны тəрізді жұмсақ бидайдың ұнды жұмсақ бидайдан 

беріктігі  артық.  Жақсы  пісіп  жетілген,  дүрыс  кептіріліп 

салқындатылған  астық  партияларының  нандық  сапасын 

төмендетпей, өзгеріссіз 10 жылдай сақтауға болады. 

Жарма  дақылдарының  сақтау  мерзімі  ұзарған  сайын  дəндері 

сынғыш,  морт  бола  бастайды  да  жоғары  сапалы  жарманың 

шығымы азая түседі. Майлы дақылдардың тұқымдарында майлар 

ыдырайды  жəне  тотығып  қышқылданады.  Мұндай  тұқымнан 

алынған  май  тамаққа,  тіпті,  кейбір  техникалық  мақсатқа  да 

пайдалануға жарамайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет