18.4. Ұнның басылып нығыздалуы мен жабысуы
Нығыздалу – ұн ыдыста (қапта) тұрса да, үйме күйінде жатса
да бола беретін құбылыс. Ұн өз салмағынан нығыздалады, бірақ,
сусымалылығын жоғалтпайды, аузы ағытылған қаптан оңай
аударылып алынады.
Қолайсыз жағдайда сақталған ұнның нығыздалуы оның
сусымалылығын күрт нашарлатады. Нығыздалған ұн кептеліп,
оны бұзу үшін күш жұмсау қажет болады.
Нығыздалу ұнды ұзақ уақыт бойы қаптап, қатарлап жинап
(штабельдерде) сақтағанда, əсіресе, оның төменгі қатарларында
байқалады.
Нығыздалуға ұн ылғалдылығының əсері үлкен. Ылғал-
дылығы 6-12% ұн дұрыс сақталған жағдайда 6-12 ай бойы
нығыздалмайды. Ал ылғалдылығы 14-15% болса, онда ұнның 3-4
айдан кейін-ақ басылып қалатыны байқалады. Жоғары сұрыпты
ұн кебекті ұнға қарағанда, тез нығыздалады.
410
Нығыздалудан ұнның сапасы төмендемейтініне қарамастан
оған жол беру қажетсіз, өйткені, ұнды қайта қопсыту үшін
қосымша шығындануға тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |