409
бактериялар. Осылардың тіршілігінің нəтижесінде ащы дəм жəне
иіс пайда болады, титрленетін қышқыл айтарлықтай артады.
Елеген кезде қышқылдың бір бөлігі ұшып қоршаған орта
кеңістігіне тарап кетеді де, жағымсыз иіс біршама азаяды.
Сонымен сақтау ережесінің бұзылуы бүкіл ұнның ашуына əкеп
соқтырады.
Ұнның өздігінен қызуы. Бұл дəндердегі секілді күрделі
құбылыс. Ол ұн бөлшектері түйіршіктері мен ауа арасындағы газ
алмасу
реакциясы,
микроорганизмдердің,
кенелер
мен
жəндіктердің (егер ұн зиянкестермен зақымдалған болса,) тыныс
алуы салдарынан пайда болады. Əйтсе де, ұнның қызу үдерісін
микробтар күшейтеді.
Ұнның қызуына жол беруге болмайды. Ол жылудың əсерінен
бұзылады, шіріген, ащы иіс шығады, нандық қасиеті нашарлап,
сусымалылығы кемиді.
Ұнның қызуы ылғалдылық жоғары (15,5-16,0%) ұн
қабатында ылғал біркелкі тарамаған кезде жəне жаңа тартылған
ұн салынған қапшықтарды алдын ала салқындатып алмай тұрып,
қалап қойған жағдайда орын алады. Ұнның қызуына оны
сақтауды дұрыс ұйымдастыру ғана тосқауыл болады.
Достарыңызбен бөлісу: