420
майдың қышқылдық саны артады). Бірақ нандық жəне жемдік
қасиеті сақталады. Ауасыз сақтаудан болатын бір жай –
дəндердің өнгіштігі жойылады. Сондықтан мұндай əдіс себуге
арналған дəндер үшін ұсынылмайды.
Ауасыз сақтау былайша жүзеге асырылады, өздігінен
консервілену (дəндердің тыныс алуынан табиғи жолмен көмір
қышқыл газының көбейіп, оттегінің азаюы), дəндер аралығына
ауаны ығыстырып шығаратын газ жіберу, ауаны сорып алу. Ең
оңай, арзан жəне кең тараған əдіс – дəндердің өздігінен
консервіленуі. Ауасыз сақтау үшін астық құбырларға
ылғалдылығы жоғары дəндер үстінен бос кеңістік қалдырылмай
толтыра салынады. Басқаша болған жағдайда көмірқышқыл газ
жиналу үдерісі баяулайды жəне дəндер сапасының нашарлауы да
мүмкін болады.
Ауасыз жағдай жасау үшін дəндер арасына əртүрлі газ –
инертті көмірқышқыл, бірқатар фумигант жіберу тəсілі де жиі
қолданылады. Дəндерді ауасыз сақтау үшін вакуум жасау кең
тарай қоймаған, өйткені бұл əдіс экономикалық жағынан тиімді
болмай шықты. Дəндерді ауасыз жағдайда сақтау үшін
сыйымдылығы əртүрлі металды құбырлар пайдаланылады.
Бұл мақсатқа қоймалар мен темір-бетон құбырлар
жарамайды, олардың техникалық деңгейі сай емес.
Достарыңызбен бөлісу: